Глоссарий (анықтама, сөздік)



бет10/11
Дата01.11.2022
өлшемі234,5 Kb.
#156093
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
ЛЕКЦИИ МАМАНДЫККА НОВЫЕ

Тақырып 9. Тақырып атауы: Күрделі даму бұзылыстары бар балалардың психо-педагогикалық сипаттамалары.
Цель лекции: Күрделі даму бұзылыстары бар балалардың психо-педагогикалық сипаттамасын беру; мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балаларға арнай көмек жүйесімен таныстыру.


Тақырып бойынша сұрақтар:
1. «Күрделі даму бұзылыстары», «дамудың көптеген бұзылыстары», «асқынған даму бұзылыстары» түсініктерінің мазмұнын ашу.

  1. Соқыр-керең балаларға арналған түзетушілі-педагогикалық көмек мазмұны қандай?

  2. Күрделі даму бұзылыстары бар балалар психо-педагогикалық көмекті қайдан ала алады?



Түсініктер: " күрделі ақау", " аралас бұзылыстар". Тифлосурдопедагогика пәні, тапсырмалары. Бір адамда екі не бірнеше біріншілік ақау қалыптасуын негіздейтін себептер. Күрделі бұзылыстары бар адамдардың ( Назарова Н.М бойынша.), есту және көру бқзылыстары бар адамдардың жіктемесі. Күрделі ақаулары бар адамдарға түзетушілік-педагогикалық көмектің ұйымдастырылуы.
Балалардағы күрделі даму бұзылыстары туралы қазіргі ғылыми көзқарастар
Соңғы жылдарда күрделі даму бұзылыстары бар балалар саны өскендігі көрсетілген.
Дамудың күрделі бұзылыстары көлемді әртүрлілігімен ерекшеленеді. Олар сенсорлы, интеллектуалды, сөздік және эмоционалды бұзылыстардың жиынтығын қамтуы мүмкін. Мысалы: көру және есту бұзылыстарының қатар жүруі, көру және сойлеудің жүйелі бұзылыстары, көру және ақыл-ой кемділігі, көру және қозғалыс қызметтері.
Арнайы педагогикада күрделі даму бұзылыстарын анықтайтын терминология нақты көрсетілмеген. М.В. Жигоревтің (2006) ғылыми зерттеулерін талдау негізінде келесі анықтама берілген: «күрделі бұзылыстарға біріншілік бұзылыстар түрінде айқындалатын, әрқайсысы жеке ақаулы даму құрылымын сипаттайды. Барлық ақаулар бір-біріне әсер етеді. Нәтижесінде жеке ақаумен салыстырғанда олардың жиынтығы сапалық және сандық жағынан да ауыр болады».
Кейбір жағдайларда асқынған бұзылыстар жайлы айтуга болады: отмечает Е.М. Мастюков түртіп көрсеткендей, негізгі ақауды және оны асқындырған бұзылыстарды анықтап алу қажет. Мысалы: ақыл-ой кемділігі, ДЦП көру, есту, сөйлеу бұзылыстарымен, сондай-ақ неврологиялық және патопсихологиялық синдромдармен асқынулары мүмкін.
Көптеген бұзылыстарға бір баладағы бірқатар әртүрлі айқындылықтағы теріс әсерлі бұзылыстардың жинақталуымен сипатталады. Мысалы, балада қозғалыс, көру және есту бұзылыстары шамалы, ал сөйлеу бұзылыстары өте айқын.
В.Н. Чулков күрделі бұзылыстары бар балалардың негізгі 3 тобын бөледі:

  • Екі психофизикалық бұзылыстары бар балалар, олардың әрқайсысы даму ақауына әкелуі мүмкін;

  • Соқыркереңтілсіз балалар;

  • Ақыл-ойы кем есту қабілеті төмендеген;

• психикалық дамуы тежелген нашар еститіндер;

  • Бір негізгі психофизикалық бұзылысы және әлсіз деігейде көрінетін басқа тіркескен бұзылысы бар балалар;

•көптеген бұзылыстары бар балалар : ақыл-ойы кем нашар көретін нашар еститін балалар;
Жоғарыда көрсетілгендей бұзылыстары бар балалар арнайы білім беру мекемелерінің 40 %-ын құрайды. Күрделі бұзылыстары бар балаларды тәрбиелеу және оқыту – арнайы педагогиканың аз зерттелген проблемасы.
Қазіргі уақытта соқыркерең балаларды оқыту және тәрбиелеу мәселесі жақсы өңделген. Олар көру, естудің тереі бұзылыстарынан зардап шегуде. Егер есту қабілетінен 5 жасқа дейін айырылған болса арнайы сабақтар жүргізілмесе баланың тілі қалыптаспайды.
Соқыркерең балалар адамдармен қарапайым қарым-өатынас жасау мүмкіндігінен айырылған, олардың қорша,ан ортамен байланысы шектеулі ғана, сондықтан олардың дамуы қалыпты балалардан, басқа категориядағы ақаулы балалардан да ерекшеленеді.
Күрделі ақаудың ерте диагностикасы – арнайы педагогиканың біріншілік міндеті.
Ерте диагностикалауда объективті зерттеудің нейрофизиологиялық әдістерінің маңызы жоғарылайды.
Медико-генетикалық зерттеулердің де маңызы зор, себебі көптеген күрделі бұзылыстар генетикалық факторлар әсерімен байланысты.
Бірнеше біріншілік бұзылыстардың болуы – жеке функциялардың жетілмеуінің, психикалық дамудың жалпы тежелуінің себебі. Қүрделі ақауларды компенсациялау бағыттары, бала әрекеттерінің даму жолдарын анықтап алу, баланы қоршаған ортадан оқшаулану жағдайынан алып шығу қажет. Маңыз мәселе интеллектуалды дамудың сақталу негізі.
Бұзылыстың қалыптасу уақытына байланысты балаларды күрделі бұзылыстары бір уақытта және әртүрлі уақытта қалыптасқан деп бөлуге болады. Күрделі бұзылыстар көрініс берген баланың жасы бойынша 3 топқа бөуге болады: туа пайда болған ақаулы балалар; бұзылыстар кіші жасында қалыптасқан балалар; бұзылыстары мектепке дейінгі уақытта қалыптасқан балалар.
Интеллект жағдайына байланысты балалардың негізгі категорияларын бөледі: дамуының потенциалды мүмкіндіктері сақталған балалар және ақыл-ойы кем балалар, белсенді саналы әрекеттерге қабілетті балалар және үнемі қамқорлықты, қызмет көрсетуді қажет ететін балалар.
Қазіргі уақытта күрделі бұзылыстары бар балаларды бірнеше топқа бөледі: қатарлас сенсорлы бұзылыстары бар балалар; сенсорлы және қозғалыс бұзылыстары қатарлас балалар; сенсорлы және интеллектуалды бұзылыстары қатар балалар; сенсорлы, қозғалыстық, интеллектуалды бұзылыстары қатар балалар.
Сенсорлы бұзылыстарының қатарласуының айқындылығына байланысты балаларды келесідей бөлуге болады:

  1. тотальды немесе практическалық көрмейтін-естімейтіндер;

  2. көрмейтін нашар еститіндер;

  3. нашар көретін естімейтіндер;

  4. нашар көретін нашар еститіндер.

Әдебиет: негізгі: 1,2,3.
Қосымша : 6,11, 20, 25.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет