Глоссарий (анықтама, сөздік)



бет3/11
Дата01.11.2022
өлшемі234,5 Kb.
#156093
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
ЛЕКЦИИ МАМАНДЫККА НОВЫЕ

Тақырып 3. Тақырып атауы: Интеллектуальды жетіспеушілігі бар балалардың психологиялық-педагогикалық сипаттамасы.
Дәріс мақсаты: Интеллектуальды жетіспеушілігі бар балалардың психологиялық-педагогикалық сипаттамасын беру; мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балаларға арнайы көмек жүйесімен танысу.
Тақырып бойынша сұрақтар:
1. «Ақыл-ой кемдігі» ұғымы нені қамтиды, ақыл-ой кемдігінің әртүрлі деңгейлеріне сипаттама беріңіз.
2. Ақыл-ой кемдігі кезінде ақау құрылымында интеллектуальды және сөздік бұзылыстар иерархиясы қандай?
3. Ақыл-ойы кем балаларға көмек жүйесі туралы айтыңыз.
Тақырыптың қысқаша мазмұны (тезистер);
Олигофренопедагогика пәні және тапсырмалары. «Интеллектуальды кемістік» анықтамасы. Интеллектің төмендеу себептері. Ақыл-ойы дамуы бұзылыстары бар тұлғалардың психологиялық-педагогикалық сипаттамасы. Интеллект төмендеуінің айқындалу деңгейлері.
Ақыл-ой кемдігі - бас миының терең органикалық зақымдануының нәтижесінде жоғары психикалық қызметтердің (талдағыштық қабылдау, туынды ес, сөздік-логикалық ойлау, сөйлеу және т.б.) толық дамымай қалуымен көрінетін жағдай.
Ақыл-ойы кем адамдарға тән эмоциясындағы патологиялық көріністер: жоғары қозғыштық немесе керісінше; қызығушылықтарын және әлеуметтік мотивацияны қалыптастыру қиындықтары.
Көптеген ақыл-ойы кем балаларда физикалық дамуында бұзылыстар бақыланады: дисплазия, бас сүйек формасының және аяқ-қол ұзындықтарының деформациясы, жалпы, ұсақ және артикуляциялық маториканың бұзылыстары, қозғалыстық автоматизімдерді қалыптастыру қиындықтары.
Ақыл-ой кемдігі ұғымы психологиялық-педагогикалық, дәстүрлі тұрғыдан олигофрения және деменция тәрізді бұзылыстардың клиникалық формаларын қамтиды.
Олигофрения (от греч.olygos— кіші, рhrеп — ақыл) — психикалық жетіспеушіліктің ерекше формасы, әртүрлі себептерден қалыптасады: патологиялық тұқым қуалау, хромосомды аберрация, босану кезіндегі патология, құрсақ ішілік даму кезіндегі ОЖЖ-нің органикалық зақымдалуы немесе ерте постнатальды даму кезіндегі зақымдалу (2-2,5 жасқа дейін).
Олигофренияда мидың органикалық жетіспеушілігі прогрессирлемеуші сипатта болады. Зиянды факторлар әсері аяқталғанда бала ары қарай дамуға қабілетті, ол психика қалыптасуынығ жалпы заңдылықтарына бағынады, бірақ ОЖЖ-нің сипатты бұзылыстарымен және олардың нәтижелерімен негізделген ерекшеліктері бар.
Деменция (от лат. dementiaессіздік, ақылсыздық) — танымдық қызметтің тұрақты әлсіреуі, ол сыншылдықтың төмендеуіне, есте сақтаудың әлсіреуіне, эмоцияның жоғалуына әкеледі. Деменция резидуальды-органикалық (бастан кешкен жарақаттар, нейроинфекциялар нәтижесіндегі қалдықты көріністер) немесе прогредиентті сипатта болуы мүмкін, яғни интеллектуальды қызметтің ағымды аурулар негізінде төмендеуі (гидроцефалия, ОЖЖ-нің ревматикалық аурулары, шизофрения, эпилепсия, ОЖЖ-нің мерездік зақымдалуы).
Оныншы қаралымдағы аурулардың халықаралық жіктемесі (МКБ-10) бойынша жеңіл, орташа, ауыр және терең ақыл-ой кемдігін ажыратады.
Олигофрения кезінде бұзылыстың психо-патологиялық құрылымы психика мен интеллектің толық дамымауының тұтастығымен және иерархиялығымен сипатталады. Клиникалық суреттемесі бойынша (М.С. Певзнер) олигофренияның асқынбаған және асқынған формаларын ажыратады.
Олигофренияның асқынған формалары мидың дамымай қалуының оның зақымдануларымен байланысына негізделеді. Бұл жағдайларда интеллектуалды ақау нейродинамикалық және энцефалопатиялық бұзылыстармен бірге жүреді. Толық жетілмеудің айқын дәрежелері де орын алуы мүмкін немесе локальды қыртыстық қызметтердің бұзылуы, мысалы сөйлеу, гнозис, праксис, кеңістіктік қабылдау, есептеу дағдылары, оқу, жазудың. Осындай формалар церебральды параличті, гидроцефалиялы балаларда орын алуы мүмкін.
Елімізің психиатриясында ақыл-ойы кемділігінің этиологиялық факторларының 3 тобын бөледі (по Сухаревой, 1956).
Бірінші топ — ата-анасының генеративті жасушаларының толықсыздығы, тұқым қуалайтын аурулар, эмбриогенез патологиясы
Екінші топ — құрсақ ішілік даму патологиясы ( инфекциялар, интоксикациялар, жарақаттар әсері).
Үшінші топ — босану жарақаттары және ОЖЖ-нің постнатальды зақымданулары..
Ақыл-ойы кемділіктің 3 диагностикалық критерилері: клиникалық (бас миының органикалық зақымданулары); психологиялық (танымдық әрекеттердің тұрақты бұзылыстары); педагогикалық (білім алу қабілетінің төмендігі).
Ақыл-ойы кем балалардың психологиялық ерекшеліктері келесі авторлар еңбектерінде қарастырылады: И.Л. Баскаковой, И.М. Бгажноковой, И.В. Беляковой, Т.Н. Головиной, Л.В, Занкова, А.Р. Лурия, В.И. Лубовского, Н.Г. Морозовой, В.Г. Петровой, Б.И. Пинского, С.Я. Рубин­штейн, И.М. Соловьева, В.А. Сумароковой, Ж.И. Шиф және басқалары.
Интеллектінің бұзылыстары бар балаларды тәрбиелеу, оқыту және реабилитация жүйесі
Арнайы мектепке дейінгі тәрбие берудің практикалық жүзеге асырылуы вариативтілік және жүйелілік принциптері негізіндегі тәрбиеге деген отбасы-қоғамның қатынасқа байланысты.
Вариативтілік ақыл-ойы кем балалардың ата-аналарына, тәрбиешілеріне әртүрлі көмек формаларын ұйымдастыруды, аумақтық және әлеуметтік жағдайларды қарастырады. Ата-аналар нақты түзетушілік-педагогикалық көмекті аралас түрлі мектепке дейінгі мекемелер жүйесінен алулары қажет.
Балаға және ата-аналарына психологиялық-педагогикалық көмек көрсету интеллект бұзылыстары бар балаларды тәрбиелеу және оқыту үрдістеріне қойылатын ұстанымдар бірлігіне негізделеді, ол дамудың жеке түзетушілік бағдарламасында көрініс беруі қажет. Жүйелілік ұстанымы түзетушілік жұмыста баланың психикалық дамуындағы бұзылыстар себептерін жоюды немесе азайтуды қамтамасыз етеді. Түзетудің бұл жолының табыстылығы диагностикалық тексерулер нәтижелеріне негізделеді, оның нәтижесі себеп-салдарлық байланыстар жүйесін, симптомдар және олардың себептері арасындағы иерархия болып табылады. Түзетуде біріншілік мақсаттарды таңдауда бағыттаушысы бұзылыс құрылымы, сондай-ақ бала дамуының әлеуметтік жағдайларын талдау нәтижелері болуы қажет.
Әдебиет: негізгі: 1,2,3.
Қосымша : 7,11, 13,14




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет