Глоссарий (анықтама, сөздік)



бет4/11
Дата01.11.2022
өлшемі234,5 Kb.
#156093
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
ЛЕКЦИИ МАМАНДЫККА НОВЫЕ

Тақырып 4. Тақырып атауы: Көру жүйесінде бұзылыстары бар балалардың психологиялық-педагогикалық сипаттамалары.
Дәріс мақсаты: Көру қабілеті бұзылған балаларға психо-педагогикалық сипаттама беру; мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балаларға арнай көмек жүйесімен таныстыру.
Тақырып бойынша сұрақтар:

  1. Көру қабілетінің бұзылысы баланың психикалық дамуына қалай әсер етеді?

  2. Қылилық және амблиопиялы балаларға бала бақшаларда түзетулік-педагогикалық үрдістер қалай ұйымдастырылады?

  3. Көру қабілеті бұзылған балалар оқитын мектептерде білім беру мазмұны қандай?



Тақырыптың қысқаша мазмұны (тезистер)

Типлопедагогика пәні және тапсырмалары. Типлопедагогика түсінігі, көру талдағышы, көру өткірлігі, соқырлық, нашар көрушілік, амблиопия, қылилық, типлотехника.


Көру бұзылыстарының негізгі клиникалық формалары және себептері, оларды компенсирлеу әдістері.
Көру бұзылыстары балалардың психологиялық-педагогикалық сипаттамалары.
Көру бұзылыстары бар балалардың психикалық дамуының негіздері.
Көру бұзылыстары бар балаларды оқыту және тәрбиелеу негіздері.
Соқырлық - көру қабілетінің толығымен болмауы, жарықты сезіну немесе қалдықты көру (0,04 дейін ең жақсы көретін көзде көзілдірікпен түзетуде) болады, сондай-ақ прогредиентті аурулары бар және көру нөлінің 10-15 градусқа дейін тарылуы, көру өткірлігі 0,08 дейін.
Көру бұзылысының деңгейіне байланысты көру қабілеті толығымен жоғалатын екі көздегі абсолютті соқырлық немесе жарықты сезіну және қалдықты көруі бар, жарықты, түсті, заттар контурын қабылдауға мүмкіндік беретін практикалық соқырлықты ажыратады.
Нашар көретіндер – көру өткірлігі ең жақсы көретін көзінде көзілдірікпен түзетуде 0,05-тен 0,2-ге дейінгі көру қабілетінің бұзылыстары бар адамдар категориясы.
Сақталу деңгейіне байланысты қалдықты көруді ажыратады:

  • Абсолютті соқырлық екі көзде де көру қабілеті толық өшірілген;

  • Прақтикалық соқырлық қалдықты көру сақталады, мұнда жарықты сезіну немесе формалық елестеулер болады (кескіндерді, бейнелерді, бетке жақын саусақтарды қабылдау мүмкіндігі).

Қалдықты көру сипатталады: әртүрлі көру қызметтерінің өзара теңсіздігі және олардың өлшемдерінің сай еместігі;
көру мүмкіндіктерінің тұрақсыздығы және ақпаратты өңдеудің жылдамдығы мен сапасының төмендеуі;
көрудің қызметтік мүмкіндіктерінің төмендеуіне байланысты жылдам шаршау.
Көру бұзылыстары балаларда туа біткен және жүре пайда болған болады.
Көрудің туа біткен патологиясының себебі катаракта, глаукома, торлы қабық патологиясы, көру жүйкесінің атрофиясын, жақыннан көргіштікті және т.б.негіздейтін тұқым қуалаушылық фактор болуы мүмкін.
Көру мүшесі дамуындағы туа бітетін аурулардың және ақаулардың себебі анасының жүктілік кезіндегі әртүрлі аурулары болуы мүмкін (тұмау, басқа вирусты аурулар, созылмалы аурулардың асқынуы), кейде көру қабілетін төмендететін факторлар бірнешеу болуы мүмкін.
Көру жүйесінің жүре пайда болған бұзылыстарының себептері ретінде көру мүшелерінің аурулары, ОЖЖ-нің аурулары (менингит, ми өспесі, менингоэнцефалит), ағзаның жалпы ауруларынан кейінгі асқыну (қызылша, тұмау, скарлатина), мидың немесе көздің жарақаттық зақымданулары.
Көру бұзылыстары прогрессирлеуші (патологиялық үрдіс әсерімен біртіндеп көру қызметтерінің төмендеуі) немесе прогрессирлемеуші (көру талдағышының туа біткен ақаулары: астигматизм – көздің жақындату қабілетінің жетіспеушілігі, катаракта – көз бұршағының қараюы) сипатта болуы мүмкін. Көру қызметтерінің бұзылыстарының себептері жиі ағзаның жалпы аурулары фонындағы көз аурулары, жиі миопия, алыстанкөргіштік, астигматизм және т.б.
Балаларда көру ақауларының негізгі клиникалық формаларының ішінде әкетуші жүйке жолдарының және көру талдағышының қыртыстық аймақтарының зақымдалуы басым, сондай-ақ көз бұршағының зақымданулары (катаракта). Әртүрлі формаларының арасында тұқым қуалау, ұрықтың жатырішілік инфекцияларымен негізделген туа біткен катаракталар басым. Катаракта хромосомдық аурулармен зардап шегетін балаларда болады, мысалы Даун ауруы. Соқырлық және нашар көрушілік жиі көру жүйкесінің әртүрлі аурулары мен ақауларында дамиды.
Көру талдағышының зақымдалу уақытына байланысты көрмейтін балалардың бірнеше категориясын ажыратады: туа біткен соқырлық, ерте соқырлық, 3 жастан кейін көру қабілетінен айырылу.
Нашар көрушілікте көру қабілеті нақты еместілікпен, фрагменттілікпен, баяулылықпен сипатталады. Нашар көрушіліктің қалдықты көруден айырмашылығы көру талдағышын әлемді танудың негізі ретінде қолдану мүмкіндігі жоғары.
Көбінесе нашар көретін балаларда қылилық және амблиопия анықталады. Қылилық бинокулярлы көру бұзылыстарымен көрініс береді. Біржақты және екіжақты болады.
Қылилықтың себептері рефракция бұзылыстары (көз бұршағының шағылыстыру қасиеті), аккомодация бұзылыстары (әртүрлі қашықтықтағы заттарды көрудегі көздің бейімделуі), конвергенция (жақын қашықтықтағы заттарды көрудегі көз осінің мәліметтері) бұзылыстары.
Амблиопия — көрнекті анатомиялық немесе рефракционды негізі жоқ көру қабілетінің зақымдалу формасы, жиі себебі – қылилық. Амблиопияны түзету түзету және компенсациялаудың әртүрлі арнайы оптикалық және техникалық құралдарын қолданып дұрыс ұйымдастырылған түзетушілік-педагогикалық жұмыстарда мүмкін, сондай-ақ көру өткірлігін жоғарылату үшін көздің торлы қабатының қызметін стимулирлеуші жаттығулар және дидактикалық тапсырмалар да тиімді.
Көру өткірлігінің төмендеуіне әкелетін рефракция ақауларының ең таралған формасы миопия (жақыннан көргіштік), жиі гиперметропия (алыстан көргіштік) және астигматизм.
Астигматизм — көздің шағылыстыру қабілетінің ақауы, бұл кезде бір көзде рефракцияның әртүрінің араласуы байқалады. Астигматизм көзілдірікпен үнемі түзеуге келе бермейді, сондықтан балаларда объектінің көлемін, тереңдітін, ұзындығын көру қиындықтары туындайды.
Нашар көргіштіктің себептері жиі торлы қабықтың, көру жүйкесінің атрофиясы, нистагм және көздің басқа да аурулары. Балада көз патологиясы болған жағдайда торлы қабықтың қоректендірілуін жақсартуға және қызметін нығайтуға бағытталған комплексті медикаментозды емдеу жүргізіледі. Витаминдер жиынтығы, АТФ, алоэ, тамыркеңейтуші және басқа да препараттар қолданылады.
Көрмейтін және нашар көретін балалардың психикалық дамуы жағынан артта қалуының айқындылық деңгейі көру бұзылысының қалыптасу уақыты мен ауырлығына, түзетушілік жұмыстардың жүргізіле бастауына байланысты. Соқырлықтың салдарлары:

  • қозғалыс аймағының шектелуі;

  • әлеуметтік тәжірибе мазмұнының толымсыздығы;

  • эмоционалды-еріктік, мінез, сезімдік тәжірибе аймағының біркелкілігі;

  • ойын, оқу және мамандық қызметтерінде қиындықтардың туындауы;

  • сенімсіздік, енжарлық, өзін-өзі шектеуге бейімділік;

  • жоғары қозғыштық, тітіркенгіштік, агрессивтілік және т.б. .

Көрмей қалған балалар сақталған көру жадына ие болады, оны үнемі жетілдіріп отыру қажет.
Айқын көру ақаулары бар балалардың ақыл-ойы дамуының ерекшеліктері қоршаған орта туралы білімі мен түсініктерінің шектеулілігі – жалпы, нақты емес білімнің басым болуымен; формальды сөздік қоры жеткілікті болғанда да (вербализм) – заттар мен сөздердің жеткіліксіз сәйкестілігі. Көру ақаулары жиі қозғалыс дағдыларының дамуын тежейді және баланың шағын маторлы белсенділігін айқындайды, жалпы баяулылық. Осындай жағдайларда балаларда стереотивті қозғалыстар қалыптасады. Көрк ақаулары бар балаларға баяулылық, шағын психикалық белсенділік, жүдеулілік тән. Бұл бұзылыстар жүйке жүйесі органикалық зақымдалған балаларда айқынырақ көрінеді.
Әдебиет: негізгі: 1,2,3.
Қосымша : 6,8,15,20




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет