Глоссарий (анықтама, сөздік)



бет9/11
Дата01.11.2022
өлшемі234,5 Kb.
#156093
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
ЛЕКЦИИ МАМАНДЫККА НОВЫЕ

Тақырып 8. Тақырып атауы: Ерте аутизмі бар балалардың психо-педагогикалық сипаттамалары.
Дәріс мақсаты: Ерте аутизмі бар балалардың психо-педагогикалық сипаттамаларын беру; мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балаларға арнай көмек жүйесімен таныстыру.
Тақырып бойынша сұрақтар:

  1. ЕБА синдромының мазмұны неде?

  2. ЕБА мектепке дейінгі балалардың психологиялық ерекшеліктерін сипаттаңыз.

  1. Как организуется помощь детям с РДА за рубе­жом? Как организуется помощь детям с РДА в России? Казахстане? ЕБА балаларға шет елдерде көмек қалай ұйымдастырылады? Ресейде? Қазахстанда?

Түсініктер: "ерте балалар аутизімі", «эмоционалды-еріктік сфера бұзылыстары». ЕБА туындау себептері. ЕБА балалардың психо-педагогикалық сипаттамалары. ЕБА балаларды түзету жұмыстарының ерекшеліктері.
Ерте балалар аутизімі (ЕБА) психикалық дамудың күрделі бұзылыстарының бірі және первазивті бұзылыстар қатарына жатқызылады. Бұл синдром толық күйінде 2,5-3 жас кезінде қалыптасады.
Көптеген авторлар синдромның клиникалық суреттемесін полиморфты түрде сипаттайды (К.С. Лебединская, 1987, 1988; О.С. Никольская, Е.Р. Баенская, М.М. Либлинг и др., 2003),
Сипаттамалары келесілермен анықталады:

  • Әлеуметтік дамудың терең бұзылыстары, басқа адамдармен және заттық әлеммен қарым-қатынас жасау қиындықтары түрінде көрінеді;

  • Өзін-өзі ұстаудағы стереотиптілік;

  • Тілдік дамудың мүлдем өзгеше бұзылыстары (мутизм, эхолалии, тілдік штамптар, стереотипті мо­нология, және т.б..), мәні коммуникация мақсатында тілді қолдану мүмкіндіктерінің бұзылыстары;

  • Сенсорлы әсерлерге жоғары сезімталдылық.

Қазіргі уақытта мамандардың көпшілігі аутизм синдромының даму себебі ретінде патологиялық факторлар әсерінен туындайтын баланың биологиялық жетіспеушілігін санайды. Генетикалық факторлардың да орны зор. Көпшілік балаларда ЕБА ОЖЖ-нің органикалық зақымданулары түрінде көрінеді. С.А.Морозов пікірі бойынша психогнді фактордың да белгілі бір орны бар. КС. Лебединская, И.Д. Лукашева и С.В. Немировская (1981) бойынша синдром балалар шизофрениясы негізінде де , басқа аурулар – заталмасулық, хромосомдық, инфекциялық негізінде де туындауы мүмкін. В.В.Башин (1999) көпжылдық зерттеу мәліметтерін жинақтай отырып келесі түрлерді ажыратады: эндогенді балалар аутизімі, аутизмдік синдром, психогенді парааутизм.
ЕБА психикалық дамудың сипатты белгісі қарамақайшылық, көріністерінің біркелкі еместігі. Аутизмді бала өзін ақыл-ойы кем, жоғары интеллектуалды түрде көрсетуі мүмкін, бірақ қарапайым тұрмыстық және әлеуметтік дағдыларды білмеуі; сол бала бір жағдайда ебедейсіз болса, енді бірде қозғалыс икемділігін көрсетеді. ЕБА бар балаларға келесі ерекшеліктер тән:
Өзін-өзі сақтау сезімінің бұзылысы. Бұл белгі бір жылға дейін анықталады. Ол өте жоғары сақтылық немесе қорқыныш сезімінің болмауы жағдайларымен көрінеді
Қоршаған ортамен аффективті қарым-қатынас бұзылыстары.
Бұл аутизмнің негізгі симптома және аутизмдік дизонтогенездің өте ерте этаптарында көрініс береді.
Аутизмдік даму көріністерінде көздік контакт бұзылыстары айқын көрінеді.
Алғашқы күлудің көріну мерзімдері көпшілік аутизмдік балаларда қалыптыға сәйкес. Алайда ол белгілі бір адамға бағытталмайды, сенсорлы түрткіге жауап ретінде туындайды (киімдегі жылтыр ою). Тірілу комплексінің кешігуі, ол аяқ астынан туындайды
Аутизмді бала жақын адамына бауыр басып қалғанын көрсетуде оң эмоционалды реакцияларды қолданбайды.

  • Коммуникативті бұзылыстар

  • Тілдік даму.

Әдебиет : негізгі:1,2,3.
Қосымша : 6,7,10,15




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет