Глоссарий (анықтама, сөздік)



бет6/11
Дата01.11.2022
өлшемі234,5 Kb.
#156093
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
ЛЕКЦИИ МАМАНДЫККА НОВЫЕ

Тақырып 6. Тақырып атауы: Есту қабілеттері бұзылған балаларға психологиялық-педагогикалық сипаттама.
Дәріс мақсаты: Есту қабілеттері бұзылған балаларға психологиялық-педагогикалық сипаттама беру; мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балаларға арнай көмек жүйесімен таныстыру.
Тақырып бойынша сұрақтар:
1. «Керең», «нашар естушілік», «кеш естімейқалушылық» ұғымдарына анықтама беру.

  1. Есту бұзылыстары бар балаларға арналған білім беретін мекемелер түрін анықтауда қандай факторлар ескерілуі қажет?

  1. Балалармен жүргізілетін түзетушілік-педагогикалық жұмыстарда қандай оқыту құралдары қолданылады?

  1. Есту бұзылыстары бар адамдардың кәсіби білім алуларының, әлеуметтік бейімделулерінің мүмкіндіктері қандай?

Сурдопедагогика пәні, мақсаттары және тапсырмалары. Есту бұзылыстарының себептері, олардың диагностикасы. «Кереңдік», «нашар естушілік», «кеш естімей қалушылық», «сурдотехника», «ымдап сөйлеу», «дактильді сөйлеу» ұғымдары. Кереңдіктің дәрежелері. Есту бұзылыстары кезіндегі екіншілік ақаулар. Есту бұзылыстары бар балалармен түзетушілік жұмыс жүргізу ерекшеліктері. Есту бұзылыстарын ескертуге арналған профилактикалық жұмыстар.
Есту қабілеті баланың интеллектуалды және тілдік дамуында маңызды орын алады. Есту қабілеті жақсы бала ересектердің әңгімесін тыңдайды, оларға еліктейді және өз бетінше сөйлеп үйренеді. Ересектердің түсіндіруін тыңдай отырып сәби қоршаған ортамен танысады, шындықпен танысады, көптеген сөздердің мазмұнын ұғынады. Ол есту арқылы өз сөздерін бақылай алады және басқалардың сөздерімен салыстырады – ол осылайша дұрыс дыбысталуды, тілдің лексико-грамматикалық құралдарын меңгереді. Болашақта сақталған физикалық есту қабілеті оқу мен жазуды меңгерудегі қажетті негізгі шарт болып келеді.
Есту бұзылыстарының себептерін медициналық зерттеу инфекциялық ауруларға, токсикалық зақымдануларға, тамырлық бұзылыстарға, механикалық, акустикалық және контузионды жарақаттарға көрсетеді. Кереңдік тұқым қуалайтын, туа біткен және жүре пайда болған болады.
Қазіргі уақытта есту қызметінің жағдайын ерте даму этаптарында анықтауға болады. Есту зақымының орыны және дәрежесі аудиометрия (тональды – аппарат қолданумен, тілдік – естуді біріншілік тексеру үшін) көмегімен анықталады.
Біздің елімізде Л. В. Нейман бойынша балалардағы есту бұзылыстарының жіктемесі кең таралған. «Кереңдік» диагнозы есту қабілеті 75-80 децибеллге дейін төмендегенде қойылады.
Л.В. Нейман (1961) жіктемесі бойынша:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет