Тақырып 7. Тақырып атауы: Тірек-қимыл аппараты бұзылыстары бар балалардың психологиялық-педагогикалық сипаттамалары.
Дәріс мақсаты: Тірек-қимыл аппараты бұзылыстары бар балалардың психологиялық-педагогикалық сипаттамаларын беру; мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балаларға арнай көмек жүйесімен таныстыру.
Тақырып бойынша сұрақтар: ДЦП клиникалық формаларын сипаттаңыз.
ДЦП кезіндегі қозғалыстық бұзылыстар сипатын ашыңыз.
ДЦП балалардың психологиялық ерекшеліктері қандай?
ДЦП балаларға арналған арнайы мектептердегі педагогикалық үрдіс ерекшеліктерін сипаттаңыз.
«ТҚА бұзылыстары» түсінігі. ТҚА бұзылыстарының түрлері: жүйке жүйесінің аурулары (ДЦП,полиомелит), ТҚА туа біткен патологиялары, жүре пайда болған аурулар және ТҚА зақымдары. ТҚА бұзылыстарын негіздейтін себептер. ДЦП-мен бірге жүретін бұзылыстар. «Синкенезии», «гиперкинез» ұғымдары. ТҚА бұзылыстары бар балалардың психо-педагогикалық сипаттамалары. ТҚА бұзылыстары бар балаларда түзетушілік жұмыстар ерекшеліктері.
ТҚА бұзылыстары туа біткен, жүре пайда болған сипаттарда кездеседі. Балаларда 5-7% жағдайда бақыланады. ТҚА патологиясы бар балалардың даму ауытқулары полиморфты және әртүрлі ақаулардың айқындылық деңгейінің диссоциациасы. ТҚА бұзылыстары әртүрлі аурулар нәтижесінде қалыптасады.
Жүйке жүйесінің аурулары: ДЦП, полиомиелит (инфекциялық ауру) мозга, приводящим к параличам).
ТҚА туа біткен патологиясы: жамбас шығуы, қисықмойын, қисықтабан т.б., омыртқа дамуының аномалиялары (сколиоз), аяқ-қолдың толық дамымауы және ақаулары, саусақ буыны дамуының ақаулары, артрогрипоз.
ТҚА зақымдалулары және жүре пайда болған ақаулары: жұлынның, бас миының және аяқ-қолдың жарақаттары, полиартрит, қаңқа аурулары (туберкулез, сүйек өспелері, остеомиелит), қаңқаның жүйелік аурулары: хондродистрофия, рахит.
Көрсетілген аурулардың негізгі клиникалық суреттемесі қимылдық ақау: қозғалыстық қызметтерін жоғалту, қалыптасуының тежелуі, шала жетілу.
Балалардың орталық параличі (ДЦП) — бұл мидың полиэтиологиялы ауру, құрсақішілік дамуда, босану кезінде, бала өмірінің бірінші жылында қатерлі экзогенді немесе эндогенді факторлар әсерінен туындайды.Жиі ДЦП жағдайлары құрсақ ішінде және босану кезінде мидың зақымдануларымен байланысты. Онтогенздің ерте этаптарында мидың зақымдануларында «жас» бөлімдері – үлкен жарты шарлар зардап шегеді, олар туынды қозғалыстарды, сөйлеуді және басқа қыртыстық қызметтерді реттейді.
ДЦП кезінде қозғалыс, танымдық, тілдік қызметтер зақымданады.
ДЦП кезінде қозғалыс бұзылыстары күрделі құрылымға ие болады және келесі компоненттерді қамтиды: Бұлшықет тонусының бұзылуы. Гипотония жағдайында аяқ-қол, кеуде бұлшықеттері бос, салбыраған, әлсіз, енжар қозғалыстар қалыптымен салыстырғанда көп. Бұлшықет тонусының төмендеуі мишық және вестибулярлы аппарат қызметтерінің жеткіліксіздігімен байланысты.
Дистопия — бұлшықет тонусының өзгеріп орыруымен сипатталады. Тыныштықта бұлшықеттер босаңсыған, қозғалуға бағытталған кезде тонус бірден жоғарылайды.
Жиі ДЦП жағдайында бұлшықет тонусының жоғарылауы бақыланады. Бұл жағдайда бұлшықеттерге қысым түседі. Бұлшықет тонусының жедел жоғарылауында жазылмалы және бүгілмелі контрактуралар бақыланады, сондай-ақ аяқ-қолдың әртүрлі деформациялары.
Ригидтілік кезінде бұлшықеттер күштенеді, тетанус (бұлшықет тонусының максималды жоғарылауы) жағдайында болады.
ДЦП- ның асқынған формаларында бұлшықет тонусы бұзылыстарының әртүрлі варианттары араласуы мүмкін.
Туынды қозғалыстардың шектелуі немесе мүмкін болмауы (парездер және параличтер). Орталық паралич — туынды қозғалыстардың толығымен болмауы, бас миы қыртысының қозғалыс аймақтарының және пирамидалық жүйе зақымдануларымен негізделеді. Орталық парез — бұлшықет күші төмендеуімен жүретін қозғалыстар көлемінің шектелуі. Бала қолын жоғары көтеруге, алдына, жан-жағына созуға, бүгуге, жазуға қиналады.
Күштемелі қозғалыстардың болуы. Гиперкинездер – бұлшықет тонусының өзгеріп отыруымен жүретін еріксіз қозғалыстар. Еріксіз қозғалыстар артикуляциялық аппарат, мойын, бас, аяқ-қолдың әртүрлі бөлімдері бұлшықеттерінде көрінуі мүмкін.
Тремор — аяқ-қолдың дірілдеуі.
Тепе-теңдік және қозғалыс координациясы бұзылыстары(атаксия) отырған, тұрған, жүрген кездерде тұрақсыздық түрінде көрінеді. Ауыр жағдайларда бала көмексіз отыра немесе тұра алмайды. Координация бұзылыстары қозғалыстардың нақты еместігімен көрінеді (еі алдымен қолдың қозғалыстарының).
Қозғалысты сезіні бұзылыстары (кинестезиялар). ДЦП балаларда қалып сезімі біршама әлсіреген; кейбірлерінде қозғалыс бағытын қабылдау бұзылған, ол улкен және кіші координациялық қозғалыстар дамуын тежейді.
Статокинетикалық рефлекстердің жеткілікті дамымауы, олар бала денесінің вертикальды қалпының және туынды маторикасының қалыптасуын қамтамасыз етеді .
Синкинезиялар — белсенді қозғалыстармен бірге жүретін еріксіз қалтырамалы қозғалыстар.
Патологиялық тоникалық рефлекстердің болуы (лабиринтті тоникалық рефлекс, симметриялы мойындық тоникалық рефлекс, асимметриялы мойындық тоникалық рефлекс). Патологиялық күшейген позотоникалық рефлекстер сырқаттың ауырлығын көрсетеді, олар қозғалыс қызметтері дамуының реттілігін бұзады, патологиялық қалыптардың, қозғалыстардың, контрактуралар мен аяқ-қол деформацияларынының қалыптасуының бірден бір себебі.
ДЦПкезінде психикалық даму бұзылыстары ДЦП жағдайындағы психикалық даму бұзылыстары және оларды түзету келесі авторлар еңбектерінде қарастырылады Л.А. Даниловой, Э.С. Калижнюк, Г.В. Кузнецовой, И.Ю.Левченко, Е.М. Мастюковой, О.Г. Приходько, К.А. Семеновой.
Кәсіби білім алу үшін кәсіби-техникалық училищаларға, техникумдерға, жоғары оқу орындарына түсуге жеңілдіктер беріледі.
Инвалидтарды қызметке орналастыруда дәрігерлік-еңбектік экспертті комиссиясы ұстанымдарына сүйенеді, еңбеккеқабілеттілігінің экспертизасы жүргізіледі.
Әдебиет: негізгі: 1,2,3.
Қосымша: 6, 15, 20, 23.