Глоссарий (анықтама, сөздік)



бет1/11
Дата01.11.2022
өлшемі234,5 Kb.
#156093
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
ЛЕКЦИИ МАМАНДЫККА НОВЫЕ


ДӘРІСТІК КОМПЛЕКС
Глоссарий (анықтама, сөздік);
Дефектология; сурдопедагогика; олигофренопедагогика; тифлопедагогика; логопедия; компенсация; коррекция (түзету); әлеуметтік реабилитация; әлеуметтік адаптация (бейімделу); бұзылыстары бар балалардың дамуы, білім беру, тәрбиелеу; физикалық жетіспеушілік; психикалық жетіспеушілік.


Тақырып 1. Дефектологияның ғылым ретінде қалыптасу және даму тарихы.


Дәріс мақсаты: Дефектологияның дамуының негізгі этаптарымен таныстыру; дефектологияның басқа ғылымдармен байланысын ашу.
Тақырыпқа сұрақтар:
1. Дефектологияның педагогикалық ғылым ретінде негізгі мақсаттары мен тапсырмаларын ашу.
2. Дефектология қандай қатарлас ғылымдармен байланысты?
3. «Әлеуметтік бейімделу және мүмкіндігі шектеулі балалардың реабилитациясы», «ақаулы дамуды компенсирлеу және түзету» ұғымдарының мәнін ашыңыз.

Тақырыптың қысқаша мазмұны (тезистер);


Даму бұзылыстары бар балаларды оқыту және тәрбиелеу проблемалары туралы ғылымның қалыптасуы, дамуымен ретроспективті тарихи таныстыру. Алғашқы арнайы мекеме Ресейде 1806 жылы Павловск қаласында ашылды. Осы балаларға көмек жағдайы, ізденістер, қателіктер және осы жолдағы жаңа ашылымдар. Арнайы педагогикада арнайы оқытуды қажет ететін балаларға арналған мекемелер жүйесінің қалыптасуы және дамуының 3 периоды анықталған.


Дефектологияның қазіргі проблемаларын бағалау. Дефектология курсының пәні және тапсырмалары. Дефектологияның негізгі түсініктері. Дефектологиядағы Л. С. Выготскийдің қосқан үлесі. Дефектологияның салалас ғылымдармен байланысы. Дефектология білім саласы ретінде жеке тармақтарының дамуы мен интеграциясы нәтижесінде қалыптасты: сурдопедагогика, тифлопедагогика, олигофренопедагогика, логопедия, арнайы психологияның. Дефектологияға жиынтықты, мультидисциплинарлы қатынас: медициналық ғылымдармен байланысы: невропатология, генетика, патофизиология, психиатрия, офтальмология, оториноларингология және т.б.; педагогикалық дисциплиналар: педагогика, әртүрлі дисциплиналардан сабақ беру әдістемесі, лингвистика және т.б.; психология - патопсихология, нейропсихология, педагогикалық психология және т.б.


Өзін-өзі бақылау тапсырмалары;
Әдебиет : негізгі: 1,2,3.
Қосымша : 11, 21, 25.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет