Грптпйтикйсы а л ғ ы с ө З


бет16/212
Дата20.12.2023
өлшемі
#197951
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   212
Байланысты:
Kazak tilinin tarihy grammatikasy Tomanov

Р
— 
тобы,
бүлғар немесе чуваш тобы, негізгі айырмашылығы: 
]) тыхыр (тогыз), 2) ура (айақ, р >з >й,у >а), 3) пул (бол,
етістік), 
4) тау//ту
(аг-у), 5) сары (г-о), 6) қалан//йулна
(есімше қосымшасы 
г
дыбысынсыз 
айтылады).
II. 
Д — тобы,
үйғыр немесе Солтүстік шығыс тобы, негізгі айырым 
белгілері: 1) тоқуз, 
2) адақ//азақ, 3) пол, 4) таг, 5) сарыг, 6) қалган
(негізгі белгілері жағынан бүл топты алдыңғы топқа қарама-қарсы 
деуге болады). Бүған Орхон-Енисей жазбалары тілі, көне үйғыр тілі, 
қарағас, салар, тува, сары үйғыр, шор, хақас тілдері жатады.
III. 
Тау тобы,
қы пш ақ немесе солтүстік батыс тобы, негізгі 
айырым белгілері: 
1) тогыз, 2) айақ, 3) бол//бул, 4) тау, 5) сары,
6) қалган.
Бүған алтай, қырғыз, қүм ы қ, қараш ай-балқар, қарайым, 
татар, башқүрт, қазақ, ноғай тілдері жатады.
IV. 
Тагылық тобы,
шагатай, оңтүстік-шығыс тобы. Негізгі айырым 
белгілері: 
1) тоқүз, 2) айақ, 3) бол, 4) таг, 5) сарық, 6) қалган.
Бүған 
көне шағатай, Қытай Түркістаны тілдері, өзбек, қара татарлар 
(Сібірлік) тілдері жатқызылады.
V. 
Таглы тобы,
қы пш ақ-түрікм ен немесе орта топ, айырым 
белгілері: 
1) тоқуз, 2) айақ, 3) бол, 4) таг, 5) сары, 6) қалган.
Өзбек 
тілінің хорезм говоры жатады.
37


VI. 
Ол тобы,
түрікмен немесе оңтүстік-батыс тобы. Айырым 
белгілері: 
1) доқуз, 2) айақ, 3) ол —, 4) даг, 5) сары, 6) қалан.
Бүл 
топқа түрікмен, азербайжан, түрік тілдері жатқызылады.
Бүл классификация бойынша қазақ тілі территориялық жағынан 
(географиялық белгі) Солтүстік-батысқа, этникалық негізі бойынша 
қы пш ақ тобына жататын, фонетикалық белгісі бойынша соз ортасы 
мен соңында 
г, г
дыбыстарының орнына 
у
жартылай дауыстысын, 
морфологиялық белгісі бойынш а откен ш ақ есімшені 
-ган,
яғни, 
г
дыбысын түсірмей қолданатын тілдердің бірі болып табылады. 
Сөйтіп бүл классификация қ азақ тілінің негізгі айырым белгілерін 
түгелге жақын ескереді. Бүл классификация түркі тілдерін тарихи- 
салыстырмалы түрғыдан кейінгі зерттеулерге негіз болды.
Тек қана тарихи принципке негізделіп, тілдердің “жас молшерін” 
анықтауға қүрылған классификация С. Е. Маловтың топтастыруы 
еді. С. Е. М алов мы надай айы ры м белгілер үсынады: 1) соз 
соңындағы, соз ортасындағы 
г, г
дауыссыздарының дауыстыға 
жартылай дауыстыға, созылыңқы дауыстыларға ауысуы не ауыспай 
қалуы, 2) түпкі (алғашқы) созылыңқылардың болу, болмауы 3) жаңа 
тілдерде үяң дауыссыздардың сан жағынан коп болуы, көне тілдерде 
қатаң дауыссыздардың көп болуы, 4) екі буынды түбірлер қүрамында 
рт, лт, нт
тәрізді коне дыбыс тіркестерінің сақталуы. Осы белгілер 
бойынша С. Е. Малов түркі тілдерін ең коне (древнейшие), ескі 
(древние), жаңа (новые), ең жаңа (новейшие) топтарға жіктейді. 
Қ а зақ тілі бүл к л асси ф и к ац и я бойы нш а ж аңа тілдер тобы на 
жатқызылады. Өйткені “ж аңалықтың” белгілері: соз соңындағы, соз 
ортасындағы 
г, г
дауыссыздарының жартылай дауыстыға айналуы, 
түпкі (алғашқы) созылыңқылардың болмауы тәрізді белгілер қазақ 
тіліне тән. Э рин е, соны м ен қатар, қ а за қ тілінде үяңдар мен 
қатаңдардың арақатынасы да шамалас, 
рт, лт, нт
тәрізді коне дыбыс 
тіркестері де екі буынды создер (кобіне есімдер) қүрамында сақталған. 
Бірақ бүл соңғы ерекшеліктер қазақ тілінің де пәлендей “ж аңа” 
емес, оның қалыптаса бастауы да сол коне доуірлерде болғандығының 
дәлелі болса керек.
Алайда бүл келтірілген классификациялардың қайсысында да 
бір негізгі моселе ескеріле бермеген. Ол — халықтардың тарихы, 
тілдердің қалыптасу, даму тарихы. Қандай бір тілдің қалыптасуы 
мен дамуы сол халықтың қалыптасуы мен даму тарихынан келіп 
шығады. Ол моселе ескерілмесе, тілдің қалыптасу, дамуын ескермеді, 
оны назардан тыс қалдырды деген соз. Өйткені ғылыми класси­
фикация тілдердің ара жақындығы мен айырмашылықтарын ғана
38


корсетіп қоймай, олардың (жақындығының да, айырмаш ылық- 
тарының да) себептерін де белгілеуі керек. Ал осы соңғы айтылған- 
дарды анықтау үшін тілдердің классификациясы әр дәуірлерде болған 
рулық, тайпалық бірлестіктер, олардың қүрамдарына енген рулар 
мен тайпалар жайлы моліметтерді, рулық, тайпалық одақтардың 
ьідырауы, олардан кейін пайда болған бірлестіктер тарихын ескеру 
керек. Ойткені рулар мен тайпалар одақтарының қүрылуы, олардың 
ыдырап, жаңа бірлестіктердің пайда болуы, со н д ай -ақ рулық, 
тайпалық одақтардың басқа тайпалармен, халықтармен байланысы, 
айналып келгенде, халықтардың қалыптасуы, халық тілінің қалыпта- 
сып, дамуы болып табылады. Сонымен қатар, этногенезистік процесс 
ерекшелігі, екінші жағынан, тілдің даму ерекшелігін де айқындайды.
Қазіргі түркология қолданып жүрген Н. А. Баскаков классифи­
кациясы тілдердің этнологиясы мен грамматикалық ортақ зандылық- 
тарын ғана қарастырып қоймайды, олардың қалыптасу, даму тарихын 
да тілдің қалыптасуы мен даму зандылығын айқындайтын факторлар- 
дың бірі дейтін принципті жолбасшылыққа алады.
Тарихи деректер мен тілдік материалдар түркі халықтары екі 
үлкен топқа жіктелетіндігін дәлелдейді. Мүндай жіктеліс екі рет 
болған. Алғаш рет біздің заманымыздың алғашқы ғасырында Хун 
империясының екіге болінуі; Батыс Хун империясы және Шығыс 
Хун империясы болу арқы лы іске асса, 7—8-ғасырларда Түркі 
қағанаты да екіге: батыс және шығыс ордаларға бөлінді. Сойтіп түркі 
тілдерінің батыс жоне шығыс топтарға жіктелуі біздің заманымыздың 
алғашқы жылдарында басталып, 7—8-ғасырларда әбден бекіді деп 
есептеуге болады. Бүгінгі түркі халықтары мен түркі тілдері осы 
батыс және шығыс топтарының қүрамында қалыптасты. Батыс 
хундар, тарихи этногенездік мәліметтер бойынша, үлкен 4 түрлі 
тайпалар одақтарына біріксе керек. Олар: бүлғар одағы, оғыз одағы, 
қы пш ақ одағы ж әне қ ар л ү қ одағы. Екінш і сөзбен, бүлғарлар 
айналасына топтасқан тайпалар, оғыздар айналасына топтасқан 
тайпалар, қ ы п ш ақ тар ай н ал асы н а то п та с қ ан тай п алар ж әне 
қарлүқтар айналасына топтасқан тайпалар одақтары келіп шықты.
Қыпшақ тайпалар одағы дегенде тарихи деректер Дешті-Қыпшақ 
мемлекетін, Жошы үлысының орнына келетін Көк Орда (тарихи 
жазбаларда, әсіресе орыс жазбаларында Золотая Орда) Алтын Орда, 
Кок Орда ыдырап, болінген дәуірде пайда болатын Ақ Орда, Ноғай 
Ордасы, со н д ай -ақ озбек хандығы (Ә білқайы р хандығы) еске 
алынады. Осындай замандар бойы бірінің орнына бірі келіп, тарих 
сахнасынан откен мемлекеттік одақтар қүрамында қазір “қыпш ақ
39


тілдері” деп аталатын тілдер қалыптасты. Дегенмен, қыпш ақ тобына 
жататын тілдердің қалыптасу уақыты мен территориялары бірдей 
емес. Сондай ерекшеліктеріне қарай қы пш ақ тілдері үш топқа: 
қ ы п ш а қ -п о л о в е ц , қ ы п ш ақ -б ү л ғар , қ ы п ш а қ -н о ға й топтары на 
жіктеледі. Деш ті-Қ ы пш ақтың негізгі елі — қыпш ақтардың Шығыс 
Европаны мекендеген бөлігі — половецтер, тарихи деректер бойынша, 
өз қүрамына оғыз тектес тайпаларды да алса керек. Сол тілде, половец 
тілінде (немесе куман, коман) жазылған ескерткіштер бар. Сол тілдің 
(немесе тілдердің) негізінде Қырым татарлары тілі, қарашай-балқар 
тілі, қүмық, қарайым тілдері қалыптасты деп қаралады.
Қыпшақ тілдерінің Көне Бүлгар мемлекеті түрғындарының тілімен 
жанасуынан қыпшақ-бүлгар негізді татар, башқүрт тілдері қалыптасты.
Алтын орда, одан бөлініп қазіргі Қазақстан территориясының 
көпшілігін мекен еткен Ақ Орда, Ақ Орда қүлағаннан кейін пайда 
б о л а т ы н Н о ға й о р д а с ы , Ә б іл қ а й ы р х а н д ы ғ ы , М о ғ ү л с т а н
территорияларын мекен еткен рулар мен тайпалар қазақтар мен 
қарақалпақтардың, ноғайлардың негізін салды.
Сонымен, қы пш ақ тобының ішінде қы пш ақ-ноғай тобы деп 
қаралатын қазақ, қарақалпақ, ноғай тілдері осы тәрізді қалыптасу 
жолдарын өтті. Қ ы п ш ақ -н о ғай тобы на ж ататын халы қтарды ң 
этногенездік бірлігі олардың қүрам ы на енген рулар арқылы да 
дәлелденеді: қазақтарды ң қүрам ы на енген рулардың көпшілігі 
қарақалпақтардың да қүрамында бар, сол сияқты қарақалпақ рулары 
ноғайлардың қүрамынан үшырасады, т.б. Дегенмен, тілдік жагынан 
қазақ тілі оқшау түрады да, қарақалпақ, ноғай тілдері бірыңғай болып 
келеді. Бүл екі топ арасындағы ерекшелік фузияға байланысты: қазақ 
тілінде фузияда 

жүктеу/скачать

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   212




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет