сингармонизмнің шығуын сөздің мағыналық түтастығын белгілеуден
туған деп қарайды. Егер сөз қүрам ы ндағы буындардың озара
ыңғайласып, бір фонетикалық комплекске бірігуінің белгісі — сингар
монизм қүбылысы десек, онда бүл пікір қарсы лы қ тудырмайды.
Сингармонизм. Дауыстылар гармониясы зандылығы екі түрлі
ыңғайда корінеді: 1) палатальдық гармония
немесе дауыстылардың
жуан және жіңішке жағынан үндесуі. Коне түркі тілінде дауьгс-
тылардың жуан-жіңішке үндесуі создің басынан аяғына дейін сақта-
лады; 2) лабиалдық гармония немесе дауыстылардың еріндік үңдесуі.
Қазіргі түркі тілдерінде лабиалдық гармония заңдылығының
таралуы бір қалыпты емес. Түркі тілдерінің копшілігінде-ақ дауысты-
лардың еріндік үндесуі жүйелі түрде сақталмайды. Мысалы,
қазақ
тілінде еріндік үндесу екінші буыннан аспайды, кейінгі буындарда
еріндік мәнер әбден комескіленген, сондықтан жазуда ескерілмейді.
Ал түркі ескерткіштері тілінде сөз қүрамында еріндік үндесудің
біркелкі келетін жүйесі сақталмаған. Ол тілде бір соз қүрамында
бірінші буындағы ерін дауыстысының
кейінгі буындағы дауыстыға
ықпалы болса, екінші бір созде ондай ықпал байқалмайды:
буңсуз,
буңсыз.
Онан соң, кейінгі буындардағы дауыстыларға бірінші буындағы
ерін дауыстысының ықпалы да алдыңғы дауыстылардың сапасына
қарай болып отыратыны байқалады. Енисей ескерткіштерінде кейінгі
буындағы
ы, і
дауыстылары басқы буындағы еріндік дауыстының
ы қпалымен еріндікке айналады. Б ірақ
осы позициядағы аш ы қ
дауыстылардың еріндік ықпалға үшырауы кездеспейді. Алайда қысаң
дауыстылардың басқа түрлерінің осындай позицияда лабиализацияға
үшырауы жүйелі түрде байқалмайды.2 Қазіргі түркі тілдерінің ішінде
ерін үндестігі жүйелі сақталатыны — қырғыз тілі ғана. Басқа түркі
тілдері жартылай сақтайды (мыс., қазақ тілі) немесе атымен жоқ.
Қыргыз тілінде лабиализация зандылығының кең таралатындығы
соншалық, кейінгі буындағы ашық дауыстылар да алдыңғы еріндіктің
әсерімен еріндік мәнер алады. Қ азақ тілінде лабиализацияның бүл
түрі тек диалектілік ерекшелік ретінде ғана үшырасады. Бүған қарап,
қазақ тіліндегі кейінгі буынның делабиализациясы кейінгі процесс
деп қарауға болар еді. Бірақ диалектілік
ерекш елік атаулының
барлығы байыргылықтың белгісі емес екендігі де айқын.
1
жүктеу/скачать
Достарыңызбен бөлісу: