Әдебиеттер
Назарбаев Н.Ә. Қазақстан -2030: Барлық қазақстандықтардың өсіп өркендеуі, қауіпсіздігі және әл ауқатының артуы; Ел президентінің Қазақстан халқына жолдауы.-Алматы: « Білім». – 1998. -96 бет
Сомжүрек Б.Ж. Геополитическая концентрация Казахстана в теллурократическом пространстве // Вестник Евразийского национального университета им. Л. Гумилева.- 2002. -№3
С. Ибраһимов. Қазақстан- Ресей қарым қатынастары.Ақиқат, 2006, -№11
Б. Сембинов. Қауіпсіздік шартының тарихи тамыры. Ақиқат, 2004, -№10
Мансұров Т.А. Қазақстан және Ресей: егемендену, кірігу, стратегиялық әріптестік тәжірибесі.Алматы, «Қазақстан», 1999. - 344 бет
Ядролық қарусыз әлем жөніндегі Деклорация. Ақиқат, №11
Аннотация
В статье рассматривается важность межгосударственных связей Казахстана на современном этапе в рамках коллективной безопасности. С новой точки зрения рассматривается военное и политическое положение казахстанско-российских отношений. Подробно обсуждается прошлый и нынешний высокий уровень взаимно доверительного и стратегического партнерства двух стран.
Ключевые слова: национальная безопасность; военная безопасность; коллективная безопасность; военное сотрудничество
Abstract
The article considers the importance of interstate communications of Kazakhstan at the present stage within collective security. Military and political position of the Kazakhstan-Russian relations is considered from the new point of view. The present and past high level of mutually confidential and strategic partnership of Kazakhstan and Russia is discussed in detail.
Keywords: national security, military security, collective security, military cooperation
Смаилбекова Ш.Д.,
ст.преподаватель кафедры иностранных языков,
факультет международных отношений,
ЕНУ им. Л.Н. Гумилева
Стратегическое партнерство России и Казахстана в 21 веке
Аннотация
Статья отражает стратегическое и геополитическое партнерство между Россией и Казахстаном, которое насчитывает века и только усиливается со временем.
Ключевые слова: геополитическое партнерство, Российская Федерация, Республика Казахстан, Алтайский край, Павлодар
Россия и Казахстан показывают СНГ и всему миру, как должны строиться отношения между соседями. Об этом на встрече с председателем правительства РФ Дмитрием Медведевым, прибывшим в Казахстан с рабочим визитом, заявил глава республики Нурсултан Назарбаев 29 мая в Астане. В ходе встречи стороны обсудили широкий спектр вопросов двусторонних взаимоотношений, а также актуальные темы регионального сотрудничества.
"Мы за 20 лет выстроили абсолютно равноправные, добрососедские и союзнические взаимоотношения. Я должен сказать, что за время вашего президентства мы решили очень много важных исторических вопросов, — отметил Назарбаев. — Приняли единые таможенные тарифы, создали Таможенный союз, Единое экономическое пространство, приняли другие необходимые решения и документы. На региональных встречах мы решали конкретные вопросы". Я надеюсь, солидный опыт и знания позволят вам очень эффективно работать на этом важнейшем посту — высшего руководителя правительства и, конечно, продолжать развивать традиционно добрые отношения между нашими странами. Я вас также поздравляю с избранием на пост председателя партии "Единая Россия". Желаю вам крепкого здоровья и успехов", — отметил Назарбаев.
Со своей стороны Медведев отметил: "С Казахстаном у нас не просто добрые отношения, а особое стратегическое партнерство. Я вижу в этом символ тех преобразований, которые мы с вами проводили в последние годы. Считаю, что мы существенным образом продвинули наше двустороннее сотрудничество и создали очень мощное интеграционное объединение".
"То, о чем вы в 90-е годы так активно говорили, в конечном счете было реализовано, и я рад, что мы с вами к этому причастны. Я сделаю все, чтобы наши двусторонние отношения развивались по восходящей, были мощными, сильными и являлись фактором развития двух экономик, а также способствовали общему улучшению климата в Центральной Азии", – подчеркнул премьер-министр РФ.
Товарооборот между Казахстаном и Россией по итогам 2011 года составил $23,9 млрд. Экспорт из Казахстана составил $7,7 млрд, а импорт в Казахстан – $16,2 млрд. За первый квартал 2012 года товарооборот составил $5 млрд, что на 1,3% больше аналогичного показателя 2011 года.
Как отметил Владимир Владимирович Путин в телеграмме Главе нашего Государства 16 декабря 2011 года: «Позитивные преобразования дружественного Казахстана являются важным фактором высокой динамики отношений между нашими странами. Постоянно наращивается договорно-правовая база нашего взаимодействия. Реализуются совместные проекты в самых разных областях. Широкие перспективы открываются в научно-технической кооперации, более эффективном использовании комплекса «Байконур», сотрудничестве в сфере ТЭК, совместном освоении ресурсов Каспия, атомной энергетике. Казахстан - наш надежный союзник и в решении актуальных международных проблем, последовательный сторонник углубления интеграционных процессов на евразийском пространстве. Ваш инициативный подход к решению задачи реформирования СНГ способствовал конструктивной работе в ходе саммита Содружества в Минске. Убежден, что стратегическое партнерство России и Казахстана, сложение солидного потенциала двух стран будут и в дальнейшем служить интересам мира, способствовать повышению благосостояния наших народов».
05.10.2011 в Павлодаре прошла международная выставка «Казахстан-Сибирь – 2011». По форме это было совпадение, а по содержанию – закономерность регионального партнерства и сближения интересов: в Астане Глава государства Нурсултан Назарбаев принимал специального представителя Президента Российской Федерации в Таможенном союзе Виктора Христенко, а в Павлодаре в это время начинала работу международная выставка «Казахстан – Сибирь-2011».
Эти два события объединяло то, что и на высоком уровне в Акорде, и у экспозиций выставки велось обсуждение двустороннего сотрудничест¬ва. Причем конкретного и с перспективой. Что можно было проследить и по уровню представительства на выставке в Павлодаре, и по ее экспонатам. Ее посетили более 500 представителей государственных органов и предприятий России и Казахстана, а свою продукцию и услуги продемонстрировали свыше 150 казахстанских и россий¬ских экспонентов.
Выставка «Казахстан – Сибирь-2011» в областном центре проводится в шестой раз. Был момент в период кризиса, когда о ней забыли. Но сегодня она возродилась на новом качественном уровне. И здесь важно отметить такой момент. Если на первых выставках павлодарцы и другие участники нашей республики выглядели, скажу так, «бледненько» со своей продукцией «местного потребления» на фоне российских производств, то ныне представители сопредельных регионов не только признают индустриальный и экономический рывок казахстанцев, но и по широкому ряду позиций паритет и даже превосходство продукции, изготовленной в нашей стране. Так как она имеет экспортный уровень.
Но говоря об индустриальной и инновационной сути выставки «Казахстан – Сибирь-2011», проведенной акиматом Павлодарской области при поддержке Министерства индустрии и новых технологий РК, следует сказать и о ее международном значении. Открывая эту межрегиональную экспозицию, заместитель Премьер-Министра – министр индустрии и новых технологий РК Асет Исекешев подчеркнул, что Казахстан и Россия – стратегические партнеры. И отношения между нами, основанные на торгово-экономическом сотрудничестве, укрепляются из года в год. А глава области Бакытжан Сагинтаев сказал, что выставка должна стать подготовительным этапом к Форуму межграничного сотрудничества Казахстана и России с участием глав двух государств, который в 2012 году пройдет в Павлодаре. И участникам выставки будет о чем им доложить.
Историческую и географическую концепцию партнерства России и Казахстана отметил и старший советник посольства РФ в нашей республике Сергей Анненков, сказав, что Россия имеет с Казахстаном самую протяженную в мире границу. Из сопредельных 12 субъектов РФ свою продукцию на выставке представили пять. А в целом все регионы России на регулярной основе поддерживают торгово-экономические связи с казахстанскими партнерами. На межрегиональное и приграничное сотрудничество приходится половина товарооборота между нашими странами, подчеркнул старший советник посольства.
То есть партнерство между Казахстаном и Россией крепнет, наполняется конкретным содержанием. И здесь, на выставке, было заключено несколько десятков контрактов и протоколов намерений об обоюдной поставке продукции. Начало этому положила договоренность представителей Алтайского края с экибастузским ТОО «Богатырь Комир» о поставке в их регион казахстанского угля.
Источники
http://www.russianskz.info/politics/3256-osoboe-strategicheskoe-partnerstvo-medvedev-i-nazarbaev-dogovorilis-ob-ukreplenii-svyazey-rf-i-kazahstana.html
http://www.zakon.kz/60214-strategicheskoe-partnerstvo-rossii-i.html
http://www.kazpravda.kz/c/1317770684
http://www.rosbalt.ru/exussr/2012/05/29/986216.html
Abstract
The articles narrates on strategic geopolitical partnership between Russia and Kazakhstan which counts ages and is only getting stronger with a time.
Кey words: geo-political partnership, the Russian Federation, Kazakhstan, the Altai Territory, Pavlodar
Әметбек Д.Б.
Орта Шығыс техникалық университетінің
(Orta Doğu Teknik Üniversitesi) PhD докторанты
(Түркия, Анкара қ.)
Қазақстан мен Ресейдің ынтымақтастығына Түркияның ұстанымы
Түйін
Мақалада Қазақстанның Ресеймен ынтымақтастығына Анкараның ұстанымы қарастырылады. Көп векторлы Қазақстан сыртқы саясатының Ресей бағыты әрқашан басты бағыттардың бірі болған. Бұл Қазақстан-Ресей қатынасының «тұрақтылық өзегі» болып сипатталады. Қазақстанның сыртқы саясатында бұл «тұрақтылық өзегінен» басқа бағыттардың дамуына мән беруі Қазақстанды аймақтағы салмақты акторға айналдырды. Осы тұрғыдан, Түркияның Қазақстан-Ресей қатынасына деген ұстанымы өзекті мәселе. Мақалада автор Түркияның Орта Азия саясатына тоқтала отырып, бүгінгі таңдағы жағдайға сараптама жасайды.
Кілтті сөздер: Қазақстан-Ресей қатынасы, Түркияның сыртқы саясаты, тұрақтылық өзегі.
Қазақстанның Ресеймен қарым-қатынасы Қазақстан сыртқы саясатының ең негізгі бағыты екені айқын. Саяси ынтымақтастықтан экономикалық интеграцияға, әскери қауіпсіздіктен ғылым саласындағы ықпалдастыққа дейін барлық салада тығыс қатынас орнатылған. Жиырма жылдың ішінде Қазақстан Ресейдің Орта Азия аймағындағы ең тұрақты және ең сенімді серіктесіне айналып отыр. Сондықтан Қазақстан-Ресей қатынасын тұрақтылық өзегі деп атасақ болады. Ал Қазақстанның басқа бағыттардағы ынтымақтастықтары бұл тұрақтылық өзегіне көлеңке түсірмек емес. Керісінше, басқа бағыттардағы ықпалдастықтың артуы «тұрақтылық өзегін» күшейте түседі. Осы жерде, Қазақстанның Түркиямен барған сайын нығайып келе жатқан қарым-қатынасы қалай әсер ететіндігі және жалпы Түркия тұрғысынан Қазақстанның Ресеймен ынтымақтастығы қалай бағаланатындығы өзекті мәселе. Осы мақалада Түркияның ресми және бейресми орталарының Қазақстанның Ресеймен жақын ынтымақтастығы турасындағы пікірлері қарастырылады.
Түркия соңғы он жылда экономикасының қарыштап дамуымен (әлемнің 15-экономикасы), ішкі саясатының тұрақтылығымен және белсенді сыртқы саясатымен халықаралық қауымдастықтың назарын өзіне аударуда. Шығыс пен Батыстың ортасындағы стратегиялық жерде орналасқан Түркияның ықпал ету аумағы дәл сондай стратегиялық орынға ие Қазақстан мен Ресейдің Еуразия аймағындағы ықпал кеңістігімен сәйкеседі. Түркия бір жағынан Түркі тектес ел ретінде Қазақстанды өзіне жақын тартатын мемлекет. Енді бір жағынан Ресеймен сан ғасырдан бері жалғасып келе жатқан бақталастығы бар аймақтық күш. Жиырма жылдық қарым-қатынастарға сараптама жасасақ, Түркияның Қазақстанмен қатынасы албырт басталып, сосын сабасына түсіп, соңында тұрақты түрде дами бастады. Ал Түркия мен Ресей болса, күмәнді бақталастар ретінде қарым-қатынас бастап, ақырында бір бірінің мүддесіне құрметпен қарайтын серіктестерге айналды. Осыған сүйенсек, Анкараның Қазақстанмен Ресейдің ынтымақтастығына деген ұстанымы біркелкі болмағаны және өзгеру үдерісінде болатыны айқын көрінеді.
«Кеңес Одағының ыдырауы Түрік саясатшылары мен дипломаттары үшін әскери жақтан маңызды бір дұшпанның жойылуы дегенді білдірді» [1, 190]. Түркия бірінші кезекте тәуелсіздіктерін алған түркі тектес елдер Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекістан және Түркіменстанмен тығыз қарым-қатынас орнатуға кірісті. Осы республикалардың және осылардың ішінде әрине Қазақстанның тәуелсіздігін алғаш болып мойындаған Түркия болатын. Жалпы түрік қоғамының Кеңес одағындағы түркі тектес халықтарға деген ұстанымы әр қашан бауырмашылдық сезімге толы болатын. Түркиядағы түркішіл орталар темір перденің арғы жағындағы туысқандарын «тұтқын түріктер» деп атайтын. Сондықтан Кеңес одағының ыдырауы Түркияның назарында «қандастарымен табысу, бірге болу, бір болу кезеңі» туғандығын білдірді. Қырғи-қабақ соғысының аяқталуы Түркияға зор мүмкіншіліктер берді. Сол мүмкіншіліктердің бірі, Ресейден босаған күш кеңістікті толтыру болып есептелді. Бір сөзбен айтқанда Түркия Кеңес Одағы қол астынан шыққан жас республикаларға Ресейге қарсы бір «балама» ұсынды. Бұл ұсыныс Шығыс блогы күйрегеннен кейін әлемдегі жалғыз алып елге айналған АҚШ-қа да тиімді болды. Сол себептен Түркияны қолдады. Өйткені бір жағынан АҚШ Орта Азиядағы мұсылман елдердің Иран секілді діни билікке өтуінен қорықты және Иранға қарсы балама ретінде зайырлылық, демократия секілді Батыс құндылықтарын қабылдаған «Түркия моделін» қолдауға мүдделі болды. Ал екінші жағынан, ескі қарсыласынан бөлініп шыққан жас мемлекетердің тәуелсіздіктерінің нығаюуы, Ресейдің ықпал аймағының тарайып, әлсіреуі дегенді білдіретін еді. Бұл іске АҚШ-тың өзінің араласуы енді бітіскен Ресейдің ызасын келтіретіні анық еді. Сондықтан АҚШ тілі мен діні, тарихы мен мәдениеті жақын Түркияны қолдауды артық көрді.
Түркияның сол кездегі басшылары Тұрғұт Озал мен Сүлейман Демирел түркі тілдес мемлекет басшыларының басқосуларын ұйымдастыруды дәстүрге айналдыра бастады. Тұрғұт Озал, Байкалдан Жерорта теңізі мен Дунайға дейін созылып жатқан түркі әлемінің басын қосатын Ұлы Түрік Елін құруды армандайтынын жасырмайтын. Тұрғұт Озал XXI ғасыр түріктердің («Түрік» сөзі Қазақстанда Түркияның азаматын білдіреді. Түркі тектес дегенді білдіру үшін «Түркі» деген сөз қолданылып жүр. Ал Түркияда Түркияның азаматы дегенді де, түркі тектес адам дегенді де «Түрк» деген сөзбен айтады. Ал екеуін айыру үшін «Түркия түркі», «Қазақ түркі», «Өзбек түркі» деп айтады. Тіпті түркі тілдерін білдіру үшін де «Ыстанбұл түрікшесі», «Қазақ түрікшесі», «Ұйғыр түрікшесі» деп қолданады) ғасыры болады деп сенді. Сүлейман Демирел де Адриат теңізінен Қытай қорғанына дейін ұласып жатқан Түркі әлемі туралы жиі-жиі сөз ететін [2, 619 б.]. Түркия осындай ниетпен жас мемлекеттерге құшақ жайғанда, олар да құшақ жаяды деп есептеді. Алайда алғашқы пікір алмасулардан кейін бұрынғы кеңес республикаларының, әсіресе араларында 7200 шақырым шекарасы бар Қазақстанның Ресеймен қатынасын үзіп, Түркиямен жақындасуының мүмкін еместігі белгілі болды.
Қазақстан әу бастан-ақ Кеңес одағы кезінде қалыптасқан байланыстардың үзілуіне қарсы саясат жүргізген еді. Қазақстан тәуелсіздігін ең соңғы болып жариялауы және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Алматыда құрылуы Астананың ұстанымын анық көрсетеді. Алайда Қазақстан бұл жерде Кеңес одағының қайта құрылуын емес, тең дәрежелі серіктестер ретінде экономикалық интеграцияны қалыптастыруды ұсынды. Ресей саясатшылары Орта Азия елдерін Ресейдің экономикасына масыл, жүк деп есептеп, транс атлантикалық байланыстармен мүшкіл болып жатқанда, Қазақстан Президенті Назарбаевтың 29 наурыз 1994 жылы М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекетік университетінде «Еуразия Одағын» құру жобасы туралы баяндама жасауы Қазақстанның Ресей бағытына қаншалықты мән беретіндігінің айқын көрінісі.
«Түркия тұрғысынан қарағанда, бұл посткеңестік кеңістіктегі интеграцияға бағытталған қандай да бастама болмасын Ресейдің мүддесіне қызмет етеді және Түркияның мүддесіне қайшы келеді. Сондықтан Ресей аймақтағы қандай да шетелдік бастамаға бөгет жасау және аймақ елдерінің өз шеңберінен шығып қарсыға өтіп кетуінің алдын алу үшін қолындағы барша күші мен құралын ең ыңғайлы және ең әсерлі тұрде қолдану ниетінде» [3, 5 б.]. Бұлай болғанда посткеңестік аумақтағы интеграциялық бастамалар Кеңес империясының мұрагері Ресей тапарынан ғана ұсынылады. «Ресейдің бұрынғы Кеңес аумағында ықпал етуін жалғастыруға бағытталған алғашқы механизм 8 желтоқсан 1991 жылы Минск және 21 желтоқсан 1991 жылы Алматы келісімшартымен құрылған Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы болып табылады» [4, 44 б.]. Ал «Қазақстан Ресеймен байланысының ерекшелігі мен маңыздылығына қарай аймақта Ресейдің басшылығындағы қандай да бір бастама болмасын қолдап келеді» [5, 14 б.]. Яғни Түркия тұрғысынан қарағанда, тәуелсіздіктерін жаңа алған кеңестік республикалардың бет-бетімен ыдырап, жылдар бойы қалыптасқан байланыстардың үзіліп, экономикаларының одан әрі нашарлауына аз да болса септігін тигізген және болашақтағы интеграциялық жобалардың алғы шарты болып табылатын ТМД-ның құрылуы Қазақстанның дипломатиялық жетістігі емес, Ресейдің империялық ниетінің жүзеге асуы болып көрінеді.
Десе де, 2000-жылдарға қарай Түркия Ресейдің мүддесіне қайшы еш нәрсе жасай алмайтынына көзі жетті. Оның үстіне Түркияның экономикалық әлеуетінің мұндай жобаға күші жетпейтіндігі айқындалды. Оған қоса, Түркияның 1990 жылдардан 2002 жылға дейін коалициялық үкіметтермен басқарылуы ұзақ мерзімді сыртқы саясат жүргізуіне мүмкіншілік бермеді. Сонымен қатар, Түркияның жақын одақтасы АҚШ Орта Азия елдерінің діни билікке өтуі мүмкін еместігін түсінді және Түркияның дәнекерлігінсіз де Орта Азия елдерімен тығыз қарым-қатынас орната алатынын түсінді. Бір ауыз сөзбен айтқанда, Түркияның сыртқы саясаты албырттықтан шыншылдыққа қарай ауды. Қазақстанның бұрынғы Сыртқы істер министрі Қ. Тоқаевтың айтуынша: «Осы уақыттарда екі тараптың да Қазақстан мен Түркияның ынтымақтастығының мүмкіншілігі мен болашағына қатысты прагматикалық ұстаным басым бола бастады. Түркия Қазақстанның Ресей бағытындағы немесе басқа бағыттардағы өз мүдделерін құрбандыққа шалмайтындығын түсіне бастады, ал екі елмен, халықтардың «бауырластығы» сөздері саясат аясынан шықса да, негізінен бұл гуманитарлық және мәдени байланыстарды дамытуға деген тілекті ғана білдіреді. Мәдениет, тіл мен рухани құндылықтардың ортақ болуы Қазақстан тарапынан және басқа түркі тектес елдер тарапынан да Түркиямен саяси және экономикалық салада сөзсіз интеграция жасауға жеткілікті негіз ретінде қарастырылмады. Түркия да өз жағынан АҚШ-пен және Еуропамен қатынасына түркі тектес бауырларымен достықты нығайтуға қарағанда әлде қайда көбірек назар аударатынын байқатты» [6, 512 б.].
Түрік мамандар да Түркияның тоқсаныншы жылдардағы саясатын әсірешіл албырт деп бағалайды. «Сол жылдардағы Түркияның бұл елдерге реалисттік саясат жүргізе алмауына ең негізгі кедергі Түркия қоғамының ресми және бейресми алаңдарда Кафказ және Орта Азия елдерінің жағдайы туралы онша мәліметтің болмауы еді» [7, 444 б.]. Саяси интеграцияға түркі тектес елдердің саяси ерік-жігері жетпеді. Экономикалық инеграцияға Түркияның әлеуеті жетпеді. Тоқсаныншы жалдардағы қайта қауышу кезеңінің ең табысты жемісі мәдени және оқу ағарту саласындағы ынтымақтастық болды. Бұл ынтымақтастықтың айқын көрінісі, 12 шілде 1993 жылында құрылған Түріксой (Түрік мәдениет пен өнер ортақ басқармасы – Türk Kültür ve Sanatları Ortak Yönetimi (TÜRKSOY)), Түркияда жүздеген қазақ жастарының білім алуына мүмкіншілік берген «Ұлы оқушы жобасы», Түркістан қаласында ашылған Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті және мемлекеттік емес ұйымдардың бастамасымен ашылған екі жоғарғы оқу орны мен отызға жуық орта мектептер.
Түркияның мәдени және оқу ағарту саласындағы ынтымақтастыққа басымдылық беруінің себебі, біріншіден, мүмкіншілігіне байланысты болса, екіншіден, екі елдің арасында ортақ құндылықтарды қалыптастыруға бағытталды. Өйткені екі елдің тегі бір, тілі бір, тарихы бір дегенімізбен, негізінде, екі елдің адамдарының арасында ортақ әлемге тиесілілік арада өткен жүздеген жылдардың нәтижесінде өте әлсіреген еді. Тіпті түрік мамандардың пікірінше, Осман империясының қас дұшпаны болған Патшалық Ресей мен Кеңестік дәуірдегі ресми идеологияның яғни «Түрік – дұшпан, қанышер, надан, кері қалып кеткен» түсініктерінің нәтижесінде Қазақстанда Түркия туралы теріс пікірлер қалыптасқан [8, 44 б.]. Қорыта айтқанда «Қазақстанның түркілік болмысына қарағанда Ресейлік болмысы басым болып тұр» [9]. Басқаша айтқанда, Қазақстанға Түркі мәдениетінен көрі бұрынғы кеңестік мәдениет жақын. Бұл жағдай Қазақстан сыртқы саясатында көрініс тапты.
Бұған қоса Түрік мамандардың пікірінше, Түркияның демократиялық ел ретінде оппозициялық күштерді қолдауы түркі тектес елдердің, соның ішінде Қазақстанның да, Ресеймен жақындасуына себеп болды. «Өйткені билік басындағы басшылар оппозицияның Түркиядан келетін көмекпен күшейіп билікке қауіп төндіреді, тіпті биліктен айрылып қаламыз деп қорықты. Түркияның Әзірбайжанда Елшібейді қолдауы және Өзбекстанның оппозициясына саяси пана беруі Түркияның түркі тектес елдерге бағытталған саясатына зиян тигізді» [10, 375 б.]. Қазақстанның 20 жылдың ішінде Ресеймен де, Түркиямен де елеулі мәселелерінің туындамауы, және қарым-қатынастардың дами түсуі Қазақстан сыртқы саясатының ең негізгі табыстарының бірі.
2000 жылдарға келгенде Түркия Ресейдің мүддесімен есептесуді үйрене бастады. Бұған түрткі болған бір жағынан Ресейдің бұрынғы қалпына келе бастауы және аймақтағы салмағының арта бастауы, екінші жағынан Түркия мен Ресей арасындағы сауда экономикалық қатынастардың дамуы ( Ресй Түркияның бірінші кезектегі сауда серіктесі), үшіншіден 2002 жылы билікке діндар болмысымен танымал Әділет және Даму Партиясының билікке келуі болды.
Ресейдің 1993 жылдан бастап «жақын шетел» саясатын жүргізе бастауы және бұны АҚШ-тың да мақұлдауы, оған қоса, Қазақстан және басқа түркі тектес елдердің Түркиядан көрі Ресейге басымдылық беруі Түркияны Ресеймен есептесуіне итермеледі. Түркия Ресеймен текетірескеннен көрі ынтымақтасса көбірек ұтатынын түсіне бастады. Екі жақты сауда экономикалық қатынастар халықаралық жүйерің шарттарына сай дамыды. Орыс кәсіпкерлер Ыстанбұлмен көп байланыс жасай бастады. Ресейдің Түркияға тасымалдайтын газ үлесі де арта бастады. Түрік кәсіпкерлері де Ресеймен тығыз қарым-қатынас орнатты. Түрік тауарлары Ресейде сапалы деп танылды. «Осы жағдайларға ризашылық білдірген Түрік саясатшылары Ресейді қауіп ретінде көруден бас тартты. Тіпті Түрік саяси қайраткерлері аймақтың геостратегиялық және геосаяси маңызды екі елінің өзара қатынастарының дамуы және екі елдің арасындағы бағыныштылықтың артуының арқасында Қара теңіз, Кафказ, Каспи теңізі және Орта Азия аймағында бейбітшілік, тыныштық және тұрақтылық орнайды деп ойлай бастады» [11, 344 б.].
Әділет және Даму Партиясының билікке келуімен де Ресеймен Түркияның қатынасы жақсара бастады. Бұл партия өзінен бұрынғы билікте болған партияларға қарағанда, әсіресе ұлтшыл түрікшіл Ұлттық қозғалыс партиясына қарағанда, Түркі бірлігі түсінігін абайлап қолдана бастады. Негізі Әділет және Даму Партиясының болмысы түрікшіл емес, исламшыл болып білінеді. Осы болмысқа сәйкес сыртқы саясатындағы белсенділік аумағы Мұсылман әлемі, яғни Таяу Шығыс аймағы болып саналады. Ал «Орта Азия мен Кафказда Ресеймен бақталастық емес ынтымақтастық негізінде дос қарым қатынас орнатуды жоспарлады» [11, 353 б.]. Оның үстіне Режеп Таип Ердоған үкіметінің парламентте көпшілік дауысқа ие болуы және 2007 және 2011 жылғы сайлауларда одан да күшеюі ұзақ мерзімді сыртқы саясат жүргізуге мүмкіншілік берді. Түркия өзінің стратегиялық орналасуы мен шынайы күшіне негізделген реалисттік сыртқы саясат жүргізе бастады. Түркия да Қазақстан мен Ресей секілді көп векторлы саясат жүргізе бастады. Бұл үш елдің ортақ аймағы Еуразия аймағына бағытталған сыртқы саясаттарының қиылысқан жерінде ынтымақтастық пайда болды.
«Әділет және Даму Партиясының үкіметі «Ұлы Тұран» идеясын ресми түрде жоққа шығарса да, шын мәнінде дәл осы партия түркі елдерінің бірлігін құруға бағытталған саясат жүргізіп отыр» [12, 125 б.]. ТҮРКСОЙ-дың жандануы, Түркі елдерінің парламент мүшелерінің ассамблеясы ТүркПА-ның, Түрк кеңесінің, Түркі академиясының құрылуы яғни түркі тектес елдердің байланыстарының институциялануы осы уақытқа сәйкеседі. Жалпы Түркияда Орта Азияны Ресейге беріп қойдық деген түсінік басым. Алайда бұл пікірмен келіспейтіндігін білдірген Түркі кеңесінің Бас хатшысы Халил Акынжы «Ұзақ уақыт бөлек қалдық. Енді біртіндеп жақындасып келеміз. Қазір жасап жатқандарымыздан дабыр шығарудың қажеті жоқ. Саммиттерде алынған шешімдер әрбір елдің үкімет жарлығына айналып жатыр, бірлесу жүзеге асып жатыр» [13]. «Түркі кеңесі Еуразиядағы өзгертетін стратегиялық құрылым» [14].
Алайда, кейбір Түрік мамандарының пікіріне қарағанда, Орта Азия мен Кафказда Ресейдің де, Түркияның да үстемдік құруы мүмкін емес. Өйткені аймақтағы елдер 70 жыл бойы идеологиялық үлкен аға болған Ресейдің, сондай-ақ мәдени байланыстарын пайдаланып Қырғи-қабақ соғыстан кейінгі кезеңде Ресейдің тарихи рөлін ойнағысы келген Түркияның да қол астына кіргісі келмейді [11, 362 б.]. Осы жерде, әсіресе, Қазақстанның көп жақты сыртқы саясаты көзге түседі. Қазақстан сыртқы саясатының Ресейден басқа бағыттарының да дамуы Қазақстанды өзіне сенімді акторға айналдырды. «Владимир Путинның билігінің алғашқы жылдарында Ресейдің Орта Азияда басымдылықты Өзбекстанға бере бастауының маңызды себептерінің бірі Қазақстанның Батыспен қарым-қатынасының нығаюы» [15, 33 б.].
Мақаламыздың қорытындысында Түркияның қазіргі Сыртқы істер министрі және соңғы он жылдағы Түрік сыртқы саясатының архитекторы болып есептелетін Ахмет Дауітоғлұның алғашқы баспасы 2001 жылы шыққан Стратегиялық тереңдік: Түркияның халықаралық орны атты кітабынан пікірлерін ұсынамыз.
Географияның ұсынған қарапайым бір шындығы бар. Орта Азиямен құрлық арқылы байланыс құрғысы келетін Түркияның Ресеймен және Иранмен бір уақытта қақтығысқа түсуі де, бұл екі елдің бірімен үнемі текетіресуі де дұрыс емес. Жасалуға тиісті жайт, осы секілді динамикалық шарттарда әрекет алаңын тарайтатын емес кеңейтетін дипломатия қолданылу керек [16, 498 б.]. Яғни Түркия Ресеймен текетіресу арқылы емес ынтымақтасу арқылы өзінің Орта Азиядағы әсіресе Қазақстанрдағы мүдделерін қорғауды таңдады. «Аймаққа бағытталған Түрік сыртқы саясаты бүгінгі таңда көбірек реалисттік бола бастады. Осылай болуға тиісті де еді». [2, 619 б.]. 1990 жылдардың басындағы албырт саясаттың орнын бүкіл Еуразия аймағының тынысын ескеретін прагматикалық саясат ауыстырды. Осы жерде Түркиямен де, Ресеймен де тығыз қарым-қатынас орнатқан Қазақстанның ерекше орнын атап өту керек. 2012 жылда Астана қаласының Түркі әлемінің, сонымен қатар ТМД-ның мәдениет астанасы болып аталып өтілуі тепе-теңдікке құрылған Қазақстан сыртқы саясатының жарқын көрінісі. Қазақстан қолданыстағы саясатымен екі аймақтық алып елдің арасындағы ғасырлар бойы қалыптасқан теріс ұғымдарды жоюға ат салысуда. Жалпы Еуразиялық пікірлерді бөлісетін үш ел ретінде Қазақстан-Ресей-Түркия [17, 6 б.] тізбегі өздерінің тарихи тәжірибесі мен стратегиялық орнын қолдана отырып, араларындағы ынтымақтастықты нығайта түссе, осы үш мемлекет бүкіл Еуразия құрлығында «тұрақтылық өзегіне» айналады деп ойлаймын.
Достарыңызбен бөлісу: |