3-жаттығу. Берілген сөйлемдерге синтаксистік талдау жасаңыз. М.Әуезов жиырма жасында «Еңлік-Кебек» трагедиясын жазды. Жүсіпбек Аймауытов – қазақ романдарының негізін салушылардың бірі. Мұстафа Шоқай- Ақмешіттің перзенті. Атасы Темір қайтыс болғаннан кейін Ұлықбек 15 жасында әмірші болады. Кигіз үйдің іші төртке бөлінеді.
119-жаттығу. Салалас құрмалас сөйлемдерді түрлеріне қарай ажыратыңыздар.
1. Мейрам көмір құдығының түбіне жеткенде, басқа бір дүниеге жеткендей болды. (Ғ.М.). 2. Күн кешкірді де, қара көлеңке тартты. (Ғ.С.). З. Ауылға көзін аларта алмай уәкілдер келеді,- ақ үйден аттанарда жымия күледі. (Ғ.Мұст.). 4. Мал етінің асылдануы сондай - майы аузыңа салдырмайды. 5. Ешкім үндемеді, өйткені бұндағы кісілердің бәрі де қарт әйелдің дауысын білетін (Ә.Н.). 6. Құлыншақ - бірде көл кісі, бірде шөл кісі (Р.Р.). 7. Жүріп келе жатып сөйлеу қиын ғой, сондықтан бұлар үндемей қалды. 8. Кешке мейрамға арналған жиналыс болатыны белгілі еді, жігіттердің қырынып алуға көңілдері кетті (Ғ.М.)
120-жаттығу. Салалас құрамалас сөйлемдерге талдау жасаңыздар.
1.Ойын осыған әкеліп берік тіреді де, сол кезде өзі не халде боларын да үлкен бір түйткілмен ойланды... (Ғ.М.). 2. Қазақ халқы - ел сұлуының бірі, қазақ жері - жер сұлуының бірі (І.Е.). 3. ... әр адамның бағасына бір ғана өлшеуіш бар: ол - өнімді адал еңбек (С.М.). 4. Ректорат мынаны еске салады: студенттерді ерте бастан ғылыми еңбек жазуға төселдіру (С.Шайм.). 5. Олардың сөздерінде бояу аз болады, бірақ тыңдаушыны еріксіз ерте жөнеледі (Қ.Жарм.). 6. Жүргіншілер кейде екіден, үштен қатарласады да, кейде жол тараған уақытта жалғыз-жалғыз шұбап кетеді (М.Ә.)
121-жаттығу.Жалғаулықсыз салалас сөйлемдерге талдау жасаңыз.
1.Бас болмақ оңай - бастамақ қиын (Мақал). 2. Біздің пойыз Қазан вокзалына келіп тоқтауы мұң-ақ екен, солдаттар қаптады да кетті (Ш.М.). З. Бұдан бірнеше күн бұрын жұрттың қозғалысында бір асығыстық бар еді, қазір ол жоқ (Ғ.М.). 4. Амантайдың дауысын естіп Асқар құшағын жазайын деп еді, Ботагөз босатпады С.М.) 5. Мына шодыр қазір кедей емес, орташа: екі пар аты, екі бричкасы, екі бұзаулы сиыры бар (Ғ.Мұст.). 6. Артында құйрық тістесе келе жатқан салт аттыға Амантай көз қырын салып еді: Темірбек екен (С.М.) 7. Біздің заманымызда не көп, сан түрлі таңғажайып мамандық көп (І.Е.).
122-жаттығу. Берілген жалғаулықты салалас сөйлемдерді түріне қарап ажыратыңыз.
1. Тоқсан - кішкене денелі адам екен, ал Ізбасты - ірі денелі кісі екен (С.М.). 2. Жай өзінен-өзі танылды да, бұдан басқа сұраулар берілген жоқ (Ғ.М.). З. Қазір ол сақалын да қырған, киімін де өзгерткен, сондықтан кескін кейпі де өзгерген (С.М.). 4. Тілеуімбеттің менсінбегені Мүсірепке де батып кеткен екен, сол себепті ол сөз аяғында бидің өзін де түйрей кетті (Ғ.М.). 5.Аса бір қысылған, басына сын түскен кезде әкесі, қалайда не түсіне кіреді, не көз алдына оқыстан елестеп, осылайша көлбеңдей береді (Ш.М.). 6. Сенде қыранның жүрегіндей жүрек бар, бірақ әлі жассың (А.Б.). 7. Аттардың дүсірлері біресе оң жағына ойысқандай болып отырды, біресе сол жағына ойысқандай болып отырады (С.С.).