Ы семей мемлекеттік



бет75/95
Дата05.02.2022
өлшемі1,43 Mb.
#2938
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   95
2.Жаттығумен жұмыс
1-жаттығу. Берілген сөйлемдерді сөйлем мүшелеріне талдаңдар.
Таң ата жау шабуылға шықты. Шабуыл тағы тойтарылып тасталды.
Түс кезінде батальон командирі Гундилович бізге байланысты - сын жіберді. Ол комаңдирдің бұйрығын жеткізді. Бұл ұрыста Төлеген ерекше ерлік көрсетті. Күн кешкірген кезде "Бородиноға" генерал Чистяков пен полковник Капров келді. Оларға Гундилович болған жағдайды баяңдады.



  1. Салалас құрмалас сөйлемдерге бірнеше мысал келтіре отырып, анықтамасын айту.

  2. Жалғаулықсыз салалас құрмалас сөйлемге анықтама беріңіз.

Себеп-салдар салалас. Талғаулы салалас. Кезектес салалас құрмалас сөйлемдер туралы жалпы түсінік.

  1. Жаттығумен жұмыс

  2. Мәтінмен жұмыс

Халықтың уақытты анықтау белгілері


Ұлан байтақ кең далада мал бағып, ұзақ күндерді кең табиғат құшағында, мал өрісінде, түндерді жұлдызды аспан астындағы мал күзетінде өткізген қазақ халқы табиғат құбылыстарын бақылаудан туған көп жылдық тәжірибелерін қорытып, жұлдызды аспан туралы астрономиялық түсініктер мен ілім жасаған.
Табиғат құбылыстарының айналып келіп отыруын – күн мен түннің, жыл мезгілдерінің, ай жаңалауының алмасып отыруын мұқият бақылап, есептеп ұғынудың қазақ халқының шаруашылық өмірі үшін орасан зор тәжірибелік маңызы болған.
Қазақ халқы уақытты анықтауда өзіндік бай тәжірибе жинақтап, оны қолданудың сәті мен жолдарын, оған лайықты сөз өрнектерін таба білді. Жылды, тоқсанды, аптаны, тәулікті бөлудің шаруашылыққа сай ретімен ыңғайын ойластыра келтірді. Мерзім, мезгіл өлшемдеріне қатысты халық өлшемі мен атауы өте бай. Ұлттық ұғымда мерзім – уақыттың, мезгілдің шамасы мен ұзақтығын білдіреді (мысалы: бие сауым, күн, ай, тоқсан). Мезгіл сол уақыттың бір сәтін айқындайды ( мысалы: түс, кеш, түн ортасы). Қыс, көктем, жаз, күз мезгіл өлшемдеріне жатады. Мезгіл өлшемдері: бір сәт, қасқағым, ә дегенше ( 1 секунд), сүт пісірім ( 5-10 минут), бие сауым (1,5 сағат), ет пісірім ( 2,5-3 сағат), жарты күн, тәулік – бір күн, бір түн немесе 24 сағат, апта ( 7 күн), ай ( 30-31 күн), тоқсан (3 ай), жыл (365 күн немесе 12 ай...), ғасыр ( 100 жыл). Адам өмірі де жас ( 1 жыл), мүшелмен ( 12 жас) есептеліп, бір мүшел ( 13 жас), екі мүшел (25 жас), үш мүшел (37 жас), төрт мүшел (49 жас), тағы сол сияқты бөліне береді. Мерзім өлшеміне күн, ай аттары да жатады. Уақыт мезгілдерін анықтауда және оның жиіліктерін жіктеп, айыруда халық теңеулері мен өлшемдері әрі қызық, әрі анық, әр түрлі және өте бай (мысалы: елең- алаң, таң сәрі т.б). Уақыт шамасын анықтау арқылы халқымыз таным-түсінік, ой, әр істің байыбына терең бойлау, бағдарлау қасиетін, тіл қабілетінің жоғары тұрғанын да дәлелдеп береді. Қазақ халқы бір кезде уақытты Күннің, Айдың, Жұлдыздың қозғалысы мен тууына қарай болжап белгілеген, қажетті жағдайда оған табынған. Олар мезгілді күндіз көлеңкеге, түнде жұлдызға қарап анықтаған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   95




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет