«Ат шауып келеді». - Ат қандай тамаша,
Мінемін мен атқа
Мінемін мен атқа
Шапшаң шабады шабандоз
Шабандозға ат дос.
Сипаттама: тілді таңдайға жабыстырып баяу, жылдам қағу керек. Тіл асты желбезегін созу.
Бекіту:
Ойын: «Қателеспей қайтала».
Шарты: Логопедпен бірге тыныс алу және артикуляциялық жаттығуларын
қайталап көрсету. [7 ]
Көңілді дем алу жаттығулары
Дайындаған: Логопед- мұғалім Тортбаева
Шакарбану Айдарбековна
Мақсаты: Дыбыстарды әдемі айтуға, тілдік, артикуляциялық жаттығулар жасату, арқылы сөздерді анық айтуға, дем алу жаттығуларын дұрыс жасауға қалыптастыру.
Әдіс-тәсілі: түсіндіру – көрсету, әңгімелесу.
Көрнекіліктер: кітапшалар, суреттер, ойыншықтар т.б.
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Психогимнастика:
Зоопаркте «піл мен бақа» кездесіп қалады.
«Піл» өзінің досы бақаға ренжіп қалады
Ернімізді алға созу, ренжіген киіп көрсету
Ал, бақа болса, көңілді болып жүр
Күліп, тісімізді көрсетеміз
«Бақа мен Піл», «Піл мен Бақа».
Жаңа тақырып
Балалар, мынау дыбысты үй.
Бұл дыбысты үйде
Ақ түсті аңдар бар
Бұл ақ түсті аңдар
Тәтті-тәтті кәмпиттер
Жегенді ұнатады
(Тілімізді қозғалтып үстіңгі-астыңғы ерінді жалау арқылы жаттығу жасау).
Енді, мына суреттегі «сағат» бейнесін көріп тұрсыңдар?
Енді «сағат» қалай дыбыстайды?
«Сағат» бізге не үшін қажет?
Тик-так, тик-так
Басымызды оңға-солға бұру
Мына, кәмпиттің дәмі қандай екен?
«Тәтті» екен
Енді, тіліміздің ұшымен үстіңгі-астыңғы ернімізді жалаймыз. 4-5 рет қайталау.
Достарыңызбен бөлісу: |