Жалпы педагогика


  Қазіргі педагогиканың негізгі əдіснамалық  жағдайы. Философиялық



Pdf көрінісі
бет2/12
Дата27.11.2019
өлшемі0,67 Mb.
#52450
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
posobie zhalpy pedagogika
b77ade1b-644c-11e4-afee-f6d299da70eeУМКД 01

 1.4  Қазіргі педагогиканың негізгі əдіснамалық  жағдайы. Философиялық 

заңдылықтар. Таным теориясы 

    Педагогиканың  адамдар  туралы  ғылымдар  жүйесіндегі  орны  оның  басқа 

ғылымдармен 

байланысын 

ашқанда 

көрінеді. 

Педагогиканың 

басқа 


ғылымдармен байланысының 4 деңгейін атап өтуге болады. 

Бірінші  деңгейі  педагогиканың  философиямен  байланысы.  Философия 

педагогикаға  қатысты  əдіснамалық  функция  атқарады.  Педагогиканы 

зерттеушілердің ізденіс бағыттары олардың  қандай философиялық көзқарастар 

жүйесін  ұстануынан  тəуелді  (мысалы,  материалистік,  экзистенциалистік, 

неопозитивистік,  прагматикалық  жəне  т.б.).  Сонымен  қатар  философияның 

əдіснамалық    функциясы  оны  ғылыми  танудың  жалпы  принциптері  мен 

əдістерін жасауынан да байқалады. 

Педагогиканың  басқа  ғылымдармен  байланысының  екінші  деңгейі - оның 

басқа  ғылымдардың  зерттеу  нəтижелерін  пайдалануы.  Оған  педагогиканың 

психологиямен,  əлеуметтанумен,  биологиямен,  физиологиямен  жəне  тағы  да 

басқа ғылымдармен байланысы жатады. 

Педагогиканың  психологиямен  байланысы  дəстүрлі  болып  есептеледі. 

Тұлғаны  дамыту,  тəрбиелеу  жəне  оқыту  оның  психикалық  ерекшеліктерін, 

психикалық процестердің механизмдерін білмей тиімді іске асыру мүмкін емес. 

Педагогиканың  əлеуметтанумен  байланысын  екі  ғылымның  зерттеу 

пəндерінен  байқауға  болады.  Адам  тəрбиесін  қоғамнан  тыс,  əлеуметтік 

топтардың ықпалынсыз қарастыруға болмайды. 

Педагогиканың  басқа  ғылымдармен  байланысының  үшінші  деңгейі – 

педагогика  басқа  ғылымдардың  зерттеу  əдістерін  пайдаланады  (əлеуметтану, 

математикалық-статистикалық əдістер). 

Педагогиканың  басқа  ғылымдармен  байланысының  төртінші  деңгейі  – 

педагогика басқа ғылымдармен бірге адамды кешенді зерттеуге қатысады. 

Сонымен, педагогиканың ең ұзақ жəне жемісті байланыста болған ғылымы 

– 

философия. 



Философиялық 

идеялар 


негізінде 

педагогикалық 

тұжырымдамалар, теориялар тұжырымдалды, яғни олар əдіснамалық тұрғыдан 

негізделді.  Педагогикалық  білімдер  алу  философия  зерттейтін  ғылыми 

танымның  жалпы  заңдарына  бағынады.  Демек,  философия  педагогикалық 

тəжірибелерді  саналы  меңгерудің  жəне  педагогикалық  тұжырымдамалар 

жасаудың теориялық базасы болып табылады. Тəрбие мақсаты мен міндеттерін 

философиялық  білімдерсіз,  қоғам  дамуы  тенденцияларын  талдаусыз  анықтау 

мүмкін  емес.  Философиялық  таным  теориясы  заңдары  жалпылығына 

байланысты  оқу-танымдық  іс-əрекет  заңдылықтарын  анықтай  алады.  Демек, 

философияны педагогиканың əдіснамалық негізі деп қарастыруға болады.  

Əдіснаманың барлық деңгейлері өзара байланысты күрделі жүйені құрайды. 

Бірақ  философиялық  деңгей  кез  келген  əдіснамалық  білімдердің  мазмұндық 

негізі болып табылады жəне таным үдерісіне, шындықты түрлендіруге қатысты 

дүниетанымдық негізді құрайды. Сондықтан педагогтің кəсіби дайындығының 

жоғары көрсеткіші оның əдіснамалық мəдениетінің болуы деп түсінуге болады.  

Əдіснаманы меңгеру арқылы мұғалім оның принциптеріне сүйене отырып, 

ойлауға  үйренеді.  Бұл  оған  педагогикалық  үдерістің  заңдылықтары  мен 



 

12

мақсаттарының,  принциптері  мен  ережелерінің  күрделі  сипатын  түсінуге 



мүмкіндік  береді.  Ең  бастысы,  əдіснаманы  тек  ғылыми    зерттеулерге  қатысты 

жүйе  ретінде  ғана  қарамай,  оның  күнделікті  оқыту,  тəрбиелеу  жəне  дамыту 

практикасындағы,  тұтас  білім  беру  үдерісін  жетілдірудегі  мəнін  жете  түсіне 

білу қажет.  



Таным теориясы. 

Оқудың  теориялық-əдіснамалық  негізі – материалистік  таным  теориясы 

(гносеология).  Таным – бұл  қоршаған  болмыстың,  оның  элементтерінің 

белсенді  ақыл-ой  жəне  көңіл-күй  іс-əрекеттері  мен  олардың  нəтижесі,  яғни 

білім; жалпыланған теория, заңдар мен ғылыми ұғымдардың санада бейнеленуі.  

Тікелей  байқау  процесінде,  яғни  түйсік,  қабылдау,  шынайы  болмысты 

белсенді  зерттеу  арқасында  қандай  да  құбылыс  не  заттар  жөнінде  түсініктер 

пайда болады. Осы түсініктер негізінде қорытындылар жасалады.  

Таным  теориясы  оқу  танымына  тікелей  қатысты.  Білім  игеру  əрқашан 

таныммен байланысты келеді. Оқудың міндеті – табиғат, қоғам жəне адамның 

психикалық процестерінің даму заңдылықтарын оқушы санасына өткізу.  

Таным мен оқу арасында жалпы ортақтастық көп. Оқушы қоршаған дүниені 

тану  арқылы  дамиды,  кемелденеді.  Оқу  жұмысын  таным  істерінің  өзінше  бір 

формасы ретінде қарастыруға болады.  

 

2-тарау.  Жеке тұлғаны дамытудың, тəрбиелеудің, қалыптастырудың 

өзара байланысы жəне сипаты 

 

2.1  Тұлға  дамуының  педагогикалық  мəні.  Тұлға  туралы  ұғым. «Адам», 



«индивид», «дара», «тұлға» 

Педагогика  теориясы  мен  практикасының  ең  күрделі,  ең  өзекті 

мəселелерінің  бірі – тұлға  жəне  оның  арнайы  ұйымдастырылған  жағдайдағы 

дамуы.  Бұл  проблема  көп  аспектілі,  сондықтан  оны  əртүрлі  ғылымдар 

зерттейді.  

Педагогика оқыту мен тəрбие процесінде тұлғаның жан-жақты, гармониялы 

дамуының тиімді жағдайларын анықтайды жəне зерттейді.  

Тұлға  дамуының  педагогикалық  мəнін  анықтау  үшін  бірінші  кезекте 

«тұлға»  түсінігінің  мəнін,  оның  «адам»,  «индивид»  жəне  «даралық» 

түсініктерімен  ара-қатынасын,  байланысын    ашуымыз  керек.  Адам  дамуында 

əрқашан бір-бірімен байланысты екі бағыт бар: биологиялық жəне əлеуметтік.  

«Адам»    түсінігі  биологиялық  мəнді  білдіреді.  Оған  берілген  анықтамалар 

өте көп. 

1) 

Адам (биологиялық түсінік ретінде) - тіршілік иесі, өкілі, фило- жəне 



онтогенетикалық даму өнімі. 

2) 


 Адам – адамзат  қауымдастығының  бір  өкілі,  құралдар  мен  белгілер 

пайдаланатын  жəне  солар  арқылы  өзінің  жүріс-тұрысын,  мінез-құлқын  жəне 

психикалық процестерін меңгеретін,  табиғи шектеушілік шекарасынан шыққан 

əлеуметтік тіршілік иесі. 

Күнделікті  тұрмыста    индивид    деп  оның  өзіне  тиесілі  ерекшеліктері  бар 

нақты  бір  адамды  айтамыз.  Индивидтің  ең  жалпылама  сипаттамалары  ретінде 



 

13

психофизиологиялық  ұйымдасуының  тұтастығы  мен  өзіндік  ерекшелігін, 



қоршаған ортамен өзара əрекеттегі тұрақтылығын, белсенділігін айтуға болады. 

Əр адам – индивид. 



Даралық,  қысқаша  айтқанда,  бір  адамды  екінші  адамнан  айыратын 

ерекшелік.  Даралық  мінез  жəне  темперамент,  шығармашылық  іс-əрекет  жəне 

қабілеттер ерекшелігімен көрінеді. Абсолютті бірдей екі адам болмайды. Яғни, 

əр  адамды  өзіндік  ерекшеліктері  (психикалық,  əлеуметтік)  даралық  ретінде 

қарауымыз керек. 

Педагогикада  жəне  психологияда  тұлға  жəне  оның  дамуы  проблемасы 

бойынша үш бағыт болды: биологиялық, əлеуметтік жəне биоəлеуметтік. 

Биологиялық  (преформистер)  бағыт  өкілдері  тұлғаны  тек  қана  табиғи  өнім 

ретінде  қарастыра  отырып  адамның  мінез-құлқын,  жүріс-тұрысын  туа  біткен 

қажеттіліктер,  инстинктер    ықпалы  деп  түсіндіреді  (З.Фрейд).  Адам  қоғам 

талаптарына  бағынуға  жəне  соның  барысында  өзінің  табиғи  қажеттіліктерін 

үнемі басып отыруға мəжбүр. Ол өзімен өзінің осы күресін жасыру үшін «маска 

киеді» немесе қанағаттандырылмаған табиғи қажеттіліктерін басқа бір іс-əрекет 

түрімен  алмастырады  дейді.  З.Фрейд  адамның  жүріс-тұрысы  толығымен 

жыныстық инстинктен (либидо) тəуелді деп есептеді.  



Əлеуметтік бағыт өкілдері адам биологиялық тіршілік иесі бола тұра өмір 

сүру  барысында  өзі  қарым-қатынасқа  түскен  əлеуметтік  топтардың  ықпалы 

арқылы  біртіндеп  əлеуметтенеді  деп  есептейді.  Тұлғаның  даму  деңгейі 

неғұрлым  төмен  болса,  соғұрлым  онда  биологиялық  ерекшеліктері  анық 

көрінеді,  бірінші  кезекте  иемдену,  бұзу,  қирату,  жыныстық  жəне  т.б. 

инстинктер. 



Биоəлеуметтік  бағыт  өкілдері  психикалық  процестер  (түйсік,  қабылдау, 

ойлау  жəне  т.б.)  биологиялық  негізде,  ал  тұлғаның  бағыттылығы, 

қызығушылықтары,  қабілеттері  əлеуметтік  құбылыс  ретінде  қалыптасады  деп 

түсіндіреді. 

Қазіргі заманғы педагогика ғылымы тұлғаны биологиялықты əлеуметтіктен 

бөлуге  болмайтын  біртұтас  ретінде  қарастырады.  Тұлға  бойындағы 

биологиялық өзгерістер оның іс-əрекетіне ғана емес, өмір сүру образына əсерін 

тигізеді.  Дегенмен,  шешуші  рольді  əлеуметтік  өмір  нəтижелері:  мотивтер, 

қызығушылықтар, мақсаты атқарады. Олар тұлғаның бейнесін анықтай отырып 

дене  (физикалық)  кемшіліктері  мен  мінез  ерекшеліктерін  (қызуқандылық, 

ұялшақтық жəне т.б.) жеңуге мүмкіндік береді. 

Тұлға қоғамдық өмірдің өнімі бола тұра сонымен қатар тірі организм. Тұлға 

қалыптасуында  биологиялық  пен  əлеуметтіктің  қатынасы  өте  күрделі  жəне 

адам  дамуының  əр  кезеңіндегі,  əртүрлі  жағдайларындағы  ықпалдары  біркелкі 

емес. 

  Л.И. Божович тұлға деп психикалық дамуында белгілі бір деңгейге жеткен 



адамды  айтады.  Бұл  деңгей  адам  өзін-өзі  тану  процесінде  өзін  басқалардан 

бөлек деп қараумен жəне «Мен» деген түсінікпен сипатталады. Сонымен қатар, 

психикалық  дамудың  бұл  деңгейі  адамның  өзінің  көзқарастарына  сəйкес 

келмейтін 

қоршаған 

ортаның 


ықпалдарынан 

тəуелсіздігімен 

жəне 


 

14

салыстырмалы  түрде  оны  тұрақты  ететін  өзіндік  көзқарастары,  моральдік 



талаптары жəне бағалары болуымен сипатталады. 

Л.С. Выготскийдің анықтамасы бойынша тұлға – белгілі бір функцияларды 

атқару  үшін  пайда  болатын  психикалық  жүйе.  Тұлғаның  негізгі  функциясы – 

қоғамдық тəжірибені шығармашылықпен игеру жəне адамды қоғамдық қарым-

қатынастар  жүйесіне  енгізу.  Тұлға  тек  іс-əрекетте,  қарым-қатынаста 

қалыптасады, өмір сүреді жəне өзін-өзі көрсетеді. Адамзат баласы адам болып 

туса, тұлға болып қалыптасады. 

 Тұлғаның мəнді сипаттамалары: 

1) 

дүниетанымының мазмұны, психологиялық мəні; 



2) 

дүниетанымының, сенімдерінің тұтастығы; 

3) 

қоғамдағы өз орнын сезіну деңгейі; 



4) 

қажеттіліктер мен қызығушылықтар сипаты жəне мазмұны; 

5) 

əртүрлі 


тұлғалық 

қасиеттерінің 

көрінуі 

мен 


қатынасының 

ерекшеліктері. 

Тұлға  дамуын  түсіндіруде  де  əртүрлі  көзқарастар  бар.  Метафизиктер 

дамуды  зерттеліп  отырған  құбылыстың  азаюы  немесе  көбеюі,  қарапайым 

қайталау, сандық жинақталу процесі деп түсіндіреді.  

Табиғи жағдайлармен адам дамуы формаларының байланысын Э.Геккелмен 

Ф.Мюллер  ашқан  биогенетикалық  заң  көрсетеді.  Бұл  заң  бойынша  онтогения 

(жеке  даму)  дегеніміз  филогенияның  (түрдің  дамуы)  қысқа  жəне  тез 

қайталануы.  Шынында,  адам  өзінің  жеке  дамуында  адамзаттың  дамуын 

қайталатыны  туралы  фактілер  бар.  Бірақ,  бұл  осындай  қысқа  мерзім  ішінде 

түрдің  дамуын  қайталау  барлық  организм  белгілеріне  тəн  дегенді  білдірмейді 

(өмір  жағдайына  бейімделу  барысында  пайда  болған  белгілер  де  бар).  Адам 

дамуы бұдан күрделірек. 

Диалектикалық  материализм  өкілдері  дамуды  табиғаттың,  қоғамның  жəне 

ойлаудың  бөлінбейтін  қасиеті,  төменнен  жоғарыға  қозғалыс,  жаңаның  пайда 

болуы  жəне  ескінің  жойылуы  немесе  қайта  құрылуы  деп  түсіндіреді.  Осы 

тұрғыдан  қарастырсақ  тұлға  дамуы  тек  сандық  өзгерістер  ғана  емес,  сонымен 

қатар  сапалық  өзгерістер  жүретін  біртұтас  биоəлеуметтік  процесс.  Оқыту  мен 

тəрбие  барысында  туындайтын  ескі  мен  жаңаның  арасындағы  қарама-

қайшылық  тұлға  дамуының  қозғаушы  күші  болып  табылады.  Ол  қарама-

қайшылықтар: 

іс-əрекет  барысында  туындайтын  жаңа  қажеттіліктер  мен  оларды 



қанағаттандыру арасындағы қарама-қайшылық; 

баланың  өскен  дене  жəне  рухани  мүмкіндіктері  мен  ертерек 



қалыптасқан  өзара  қарым-қатынас  формалары  жəне  іс-əрекет  түрлері 

арасындағы қарама-қайшылық; 

қоғам  талаптары  мен  тұлға  дамуының  деңгейі  арасындағы  қарама-



қайшылық. 

Оқушы  тұлғасының  дамуы  бір-бірімен  тығыз  байланысқан  үш  бағыт 

бойынша  жүреді:  биологиялық,  психологиялық  жəне  əлеуметтік.  Əр  бағыт 

бойынша  қайтымсыз  өзгерістер – оқушы  тұлғасының  жаңа  сапалық  жағдайы 

пайда болады.  


 

15

2.2 Тұлғаны қалыптастыруға жəне дамытуға əсер етуші негізгі факторлар 



(тұқымқуалаушылық, орта, тəрбие

Тұлға  дамуы,  процесс  ретінде,  индивидтің  психофизиологиялық 

ерекшеліктерімен, оның өзінің белсенділігімен, ішкі қарама-қайшылықтарымен 

жəне  сыртқы  əлеуметтік  жағдайлармен  шартталады.  Оны  Л.И.  Божович  «ішкі 

даму  процестері  мен  сыртқы  жағдайлардың  өзінше  үйлесімі»  деп  атап 

көрсетеді.  

Б.Г. Ананьевтің тұжырымдауынша адам даму көптеген факторлардың өзара 

əрекетімен  шартталады:  тұқымқуалаушылық,  қоршаған  орта  (əлеуметтік, 

табиғи), тəрбие жəне оның өзінің іс-əрекеті.   

Тұқымқуалаушылық,  қоршаған  орта  жəне  тəрбиенің  өзара  қатынасын  

Й.Шванцараның  схемасынан  көруге  болады.  Бұл  схемада  аталған  үш 

факторлардың  өзара  əрекеті  көрсетілген.  АВС  үшбұрышы  (теңқабырғалы 

үшбұрыш)  дамудың  оптимальді  екендігін  көрсетеді.  Егер  бір  фактордың  ролі 

асыра  бағаланып  кетсе  үйлесімсіз  дамуды  көреміз.  Осы  схемадан  бірде-бір 

фактор  жеке  ықпал  етпейтіндігін,  даму  олардың  келісілген    ықпалдарынан 

тəуелді екендігін көреміз. 

                                   С1                   С                  С2   

2-схема                          

 

 

  



                                                             

 

 



 

 

Тұқым қуалайды: орталық нерв жүйесі қасиеттері (күш, жылдамды жəне т.б.), 



бет  əлпеті,  түсі,  ауру  түрлері  жəне  т.б.  кейбір  мінез  сипаттарының 

(экстраверсия,  интроверсия,  агрессивтілігі  т.с.с.)  тұқым  қуалауы  туралы  бір 

жақты пікір жоқ.   

Тұлға  дамуын  зерттеудегі  педагогика  үшін  ең  маңызды  мəселелер – 

интеллектуалдық,  арнайы  қабілеттердің  жəне  моралдік  қасиеттердің  тұқым 

қуалауы. 

Интеллектуалдық қабілеттердің тұқымқуалауы немесе тұқымқуаламауы өте 

маңызды  сұрақ.  Балалар  ата-анасынан  дайын  қабілеттерді  алады  ма,  əлде  тек 

қана нышан тұқым қуалайды ма? 

Қабілетті  тұлғаның  жеке-психологиялық  ерекшелігі,  белгілі  бір  іс-əрекетті 

нəтижелі  орындау  шарты  десек,  нышанды  қабілетті  дамытуға  қажетті 

потенциалдық  мүмкіндіктер  деуге  болады.  Эксперименталдық  зерттеу 

нəтижелері  қабілет  емес,  тек  нышандар  тұқым  қуалайды  деген  тұжырымды 

дəлелдейді. 

 Интеллектуалдық қабілеттердің тұқымқуалауы туралы мəселе көп сұрақтар 

туғызады.  Көптеген  ғалымдар  адамның  интеллект  деңгейі  оның  шыққан 

тегінен  тəуелді  емес  дейді.  Дегенмен  тұқымқуалаушылықтың  адамның 

интеллектуалдық дамуына кері əсерін тигізуі мүмкін екендігін мойындау қажет. 

 


 

16

Мысалы,  нашақорлардың,  маскүнемдердің    миларындағы  өзгерістер,  тұқым 



қуалайтын кейбір  психикалық аурулар баланың интеллектуалдық дамуына кері 

əсерлерін тигізеді.  

Арнайы нышандардың тұқым қуалайтыны бүгінгі күні күмəн келтірмейтін 

мəселе.  Арнайы  нышандарға  жататындар:  математикалық,  музыкалық, 

спорттық жəне т.б. 

Тұлғаның əлеуметтік қасиеттері (моральдік) тұқым қуаламайды. 



Тұлға жəне қоршаған орта.  

Адамның  қоршаған  ортамен  өзара  əрекеті  «əлеуметтену»  түсінігі  арқылы 

ашылады. «Əлеуметтену»  ғылымаралық  түсінік  жəне  педагогикада  кең 

қолданылады. 

Америка 

əлеуметтанушылары 

 

Т.Парсонс, 



Р.Мертон 

əлеуметтенуді    тұлғаның  əлеуметтік  жүйемен  толық  интеграциялану  процесі 

барысындағы  бейімделуі  деп  түсіндіреді.  Олар  əлеуметтенуді  «адаптация» 

түсінігі арқылы ашады.  

«Адаптация»  түсінігі  биологиядағы  негізгі  түсініктердің  бірі  ретінде  тірі 

организмнің қоршаған табиғи орта жағдайына бейімделуін білдіреді.  

Адаптация  түсінігі  арқылы  əлеуметтену  адамның  əлеуметтік  ортаға  ену 

процесі жəне оның мəдени, психологиялық, əлеуметтік факторларға бейімделуі 

деп қарастырылады. 

Гуманистік психология өкілдері А.Маслоу, К.Роджерс, Г. Олпорт жəне  т.б. 

əлеуметтену  мəнін  басқаша  түсіндіреді.  Олардың  пікірінше,  əлеуметтену 

адамдардың    «Мен-Концепциясын»  өздері  жаңғырту,  потенциалдары  мен 

шығармашылық қабілеттерін өздері іске  асыру процесі, оның өзіндік дамуына 

кедергі жасайтын ортаның негативті ықпалдарынан өту процесі. 

Бұл    көзқарастар  əлеуметтенудің  екі  жақтылық  сипатын  көрсете  отырып 

бір-біріне қарама-қарсы келмейді. 

Сонымен,  əлеуметтенуді  индивидтің  əлеуметтік  тəжірибені  меңгеру 

процесімен  нəтижесі  жəне оны белсенді түрде қайта өндіруі, өңдеуі деп айтуға 

болады. Бұл тəжірибені меңгеру əрқашан субъективті сипатта болады. Əртүрлі 

адамдар бірдей жағдайдан əртүрлі тəжірибе алуы мүмкін. Бұдан біз екі қарама-

қарсы  процестердің - əлеуметтенудің  жəне  дараланудың  (индивидуализация) 

бірлігін көреміз.  

Əлеуметтену – үздіксіз өмір бойы жүретін процесс.  

Əлеуметтену факторлары: (А.В. Мудрик бойынша) 

макрофактор: мемлекет, ел, қоғам, мəдениет; 



мезофактор:  этнос,  тұратын  аймағы,  тұратын  жерінің  түрі  (тип 

поселения), бұқаралық қарым-қатынас құралдары; 

микрофактор:  отбасы,  микросоциуам  (жақын  қоршаған  орта),  тəрбие 



институттары, діни ұйымдар. 

      Тəрбие жəне тұлғаның дамуы.  

Тұлға дамуындағы тəрбие ролі əртүрлі бағаланады. Біреулер қолайсыз орта 

мен  жаман  шыққан  тегі  жағдайында  тəрбиенің  ешқандай  нəтижесі  болмайды 

десе,  екіншілер  адам  табиғатын  өзгертудің  бірден-бір  жолы  тəрбие  деп 

түсіндіреді.  Шын  мəнінде  тəрбие  арқылы  көп  нəрсеге  қол  жеткізуге  болады, 

бірақ адамды толық өзгерту мүмкін емес.  



 

17

Тəрбиені  мақсатты  бағытталған  жəне  саналы  бақыланатын  əлеуметтену 



процесі  деп  айтуға  болады.  Тəрбие  əлеуметтену  процесін  басқару  механизмі 

болып  табылады.  Осыған  байланысты  тəрбиенің  екі  негізгі  функцияларын 

атауға болады: 

1) 


тұлғаға  əсер  ететін  əлеуметтік,  психологиялық  жəне  тағы  басқа  

ықпалдарды реттеу, 

2) 

тұлғаны  дамыту  мақсатымен  əлеуметтену  процесін  жеделдетуге 



жағдай жасау.  

Тұлға  дамуында  оқытудың  мəні  зор.  Л.С.  Выготский  тұлға  дамуындағы 

оқытудың  жетекші  ролі  туралы  тезисті  нақтылады.  Осыған  байланысты  Л.С. 

Выготский  баланың  ақыл-ой  дамуының  екі  деңгейін  көрсетті:  дамудың 

актуалды (өзекті, көкейтесті) деңгейі жəне дамудың жақын зонасы. 

Дамудың  актуалды  (өзекті,  көкейтесті)  деңгейі  оқушының  сол  кезеңдегі 

дайындық  деңгейін  көрсетеді.  Дұл  деңгей  ешкімнің  көмегінсіз  оқушының  өзі 

шеше алатын тапсырмалармен сипатталады. 

Ал  дамудың  жақын  зонасы  оқу  тапсырмаларын  оқушы  үлкендердің, 

мұғалімнің аздаған көмегі арқылы шеше алатын жағдайда құрылады. 



2.3 Тұлға дамуындағы іс-əрекеттің ролі 

Тұлға  дамуына  əсер  ететін  тағы  бір  фактор – түлғаның  өзінің  белсенді  іс-

əрекеті.  Іс-əрекет  барысында  адамның  жан-жақты  дамуы  жүреді,  қоршаған 

əлемге деген қатынасы қалыптасады. Іс-əрекет алдын-ала жобаланған нəтижеге 

əкелу  үшін  оны  ұйымдастыру  қажет.  Тəрбие  практикасының  ең  күрделілігі 

осында. 


Іс-əрекет – адам мен қоршаған ортаның өзара əрекеті, соның барысында ол 

əлемді  жəне  өзін  саналы  жəне  мақсатты  түрде  өзгертеді.  Іс-əрекеттің  негізгі 

ерекшелігі- оның түрлендіруші жəне мақсатты бағытталған сипаты.  

Іс-əрекет төмендегі белгілер бойынша жіктеледі: 

психикалық процестер бойынша: сенсорлық, жігерлі, ойлау жəне т.б.; 



құрылымы бойынша: іс-əрекет - əрекет –операция – қозғалыс; 

түрлері  бойынша:  танымдық,  құндылық-бағыттылық,  түрлендіру, 



қарым-қатынас, эстетикалық жəне дене. 

Сонымен қатар іс-əрекеттің негізгі түрлері деп ойын, оқу жəне еңбекті айту 

қажет.  Бағыттылығына  байланысты  танымдық,  қоғамдық,  спорттық, 

техникалық жəне т.б. түрлерін атауға болады. 

 Іс-əрекеттің  процессуалдық  компоненттері:  қажеттілік,  мотив,  мақсат, 

əдістер, құралдар, нəтиже жəне бақылау, өзін-өзі бақылау. 

 

3-схема  

 

                                                                          əдістер 



Қажеттілік           мотив           мақсат                                     нəтиже  

                                                                          құралдар       

                                                                                                   бақылау  

                                                                                                       жəне 

                                                                                                   өзін-өзі 

                                                                                                   бақылау     



 

18

3-тарау.  Балалардың жас жəне дара ерекшеліктері, оларды  оқу-тəрбие 



процесінде есепке алу 

 

3.1 Оқушылардың жеке жас тұлғалық дамуының жас ерекшелік кезеңдері, 



оларға сипаттама 

Оқушылардың  жеке  ерекшелігі – денсаулығы,  ақыл-ойы,  адамгершілік 

қалыптасуы,  сыртқы  əсерлерге  жауабы,  қабылдауы  т.б.  біреулері  өзінің 

байсалдылығымен  ескертулерді  дұрыс  қабылдаса,  кейбіреулеріне  керісінше 

əсер  етуі  мүмкін,  сондықтан  оқушылардың  тəрбиелік  дəрежесін  дер  кезінде 

анықтап отыру қажет. Тəрбие жұмысының барлығы білім мен сенімнің, сөз бен 

істің үздіксіздігі негізінде құрылады. 

Бала – педагогикалық  қамқорлықтың  ең  жоғары  мақсаты.  Баланың  ішкі 

мүмкіндіктерінің  ашылуы  адамдардың  сүйіспеншілік  сезімі  мен  қарым-

қатынасына байланысты. Баланы тең адам санап, оған еркіндік бергенде ғана ол 

өз пікірін ашық айта алады, үлкендердің балаға деген құрметі олардың сенімін 

арттырады. 

Бастауыш  сынып  оқушыларының  өзіндік  санасы  жаңа  қалыптасып  келе 

жатқандықтан,  олар  негізінен  мұғалімнің  ықпалында  болады.  Жасөспірімдер 

жедел  дамып  келе  жатқандықтан  тəрбиесі  бірқалыпты  жағдайға  ауысып,  өзін-

өзі тəрбиелеуге қажеттілігі артады. 

 Дене,  сол  сияқты  ақыл-ойдың  дамуы  жас  ерекшеліктерімен  тығыз 

байланысты екенін адамдар ерте кезден-ақ білген. Жас ұлғайған сайын даналық 

келеді, ақыл-ой толысады, тəжірибе жинақталады, білімдер молаяды. Əр жасқа 

сəйкес  дене,  психологиялық  жəне  əлеуметтік  даму  деңгейі  сəйкес  келеді. 

Дегенмен  жеке  адамның  дамуында  жалпыға  қарағанда  өзгерістер  болуы 

мүмкін. 

Даму  процестерін  дұрыс  басқару  мақсатында  педагог  ғалымдар  адам 

өмірінің кезеңдерін жіктеді (Коменский, Штрац, Бюллер, Горлок, т.б.). 

Кезеңдерге бөлу белгілі бір жас ерекшеліктерін бөліп көрсетуге негізделеді. 



Жас  ерекшеліктері  деп  белгілі  бір  өмір  кезеңіне  сəйкес  анатомиялық-

физиологиялық  жəне  психикалық  сапаларды  айтамыз.  Жас  ерекшеліктерінің 

мəні  адамның  физикалық  дамуы  мысалында  айқын  көрінеді.  Бойдың, 

салмақтың  өсуі,  тістердің  пайда  болуы,  жыныстық  жетілу,  т.б.  биологиялық 

процестер  сəл  ауытқушылықпен  белгілі  жас  кезеңдерінде  жүзеге  асады.  Сол 

сияқты  əлеуметтік  жетілу  (биологиялық  тəрізді  қатаң  тəртіпте  болмаса  да), 

тұлғаның  рухани  дамуының  жастық  динамикасы  жүреді.  Бұл  адам  дамуының 

кезеңдерін бөлуге негіз болады. 

Қазіргі  ғылымда  оқушылардың  жас  ерекшеліктерін  кезеңдеудің  төмендегі 

түрі қолданылады (И.П. Подласый): 

 

 

 



 

 

 



 

19



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет