Жалпы педагогика


  Педагогикалық зерттеуді жүргізу əдістемесі



Pdf көрінісі
бет4/12
Дата27.11.2019
өлшемі0,67 Mb.
#52450
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
posobie zhalpy pedagogika


4.3  Педагогикалық зерттеуді жүргізу əдістемесі 

Зерттеу  əрқашан  мақсат  қоюдан  басталады.  Одан  кейін  нақты  нəтиже  алу 

үшін зерттеу құралдарын таңдайды.  Педагогикалық зерттеу логикасын зерттеу 

кезеңдері арқылы көрсетелік (№1-сурет).  



1)  Эмпириялық  суреттеу  барысында  фактілер  жиналады.  Ол  фактілер  оқыту 

мен  тəрбие  əдістерінің  тиімділігі  немесе  тиімсіздігі,  оқушылардың  белгілі 

бір оқу материалдарын меңгерудегі қиындықтары жəне т.с.с. болуы мүмкін. 

2)  Философиялық,  педагогикалық,  психологиялық  жəне  т.б.  ғылымдарға 

сүйене отырып зерттеу пəні туралы жалпы теориялық түсінік аламыз. Ол I-



ші теориялық модель. 

3)  Келесі кезеңде қосымша фактілер, мəліметтер арқылы объект туралы нақты 

теориялық түсінік аламыз. Ол II-ші теориялық модель. 

 

27

4)  Келесі  кезең  нормативтік  модельдер  құру.  Өңделген  зерттеу  объектісі 

қандай болуы керек жəне оны жетілдіру үшін не істеу қажет екендігі туралы 

білімдер.Ондай модельдер бірнеше болуы мүмкін.  



5)  Зерттеу  қорытындысы  болашақ  педагогикалық  іс-əрекеттің  проектісін 

жасау. 


4.4  Ғылыми-педагогикалық зерттеу əдістері, оларға сипаттама 

Зерттеу  əдістері  деп  ғылыми-зерттеушілік  міндеттерді  шешу  жолдарын 

айтуға болады. Олар ғалымның зерттеу объектісі туралы білімдерді алу құралы. 

Педагогика  ғылымының  зерттеу  əдістерін  сипаттаудан  бұрын  нақты 

зерттеушілік  міндеттерді  шешу  үшін  оларды  таңдау  ережелеріне  тоқталайық. 

Біріншіден,  кез  келген  ғылыми  проблеманы  шешу  үшін  бір  емес,  бірнеше 

əдістер  қолданылады  жəне  зерттеуші  оларды    зерттеп  отырған  құбылыстың 

табиғатына  сəйкестендіреді.  Екіншіден,  зерттеу  əдісі  зерттеу  пəні  мен  зерттеу 

барысында алынатын өнімге адекватты болуы қажет. 

Зерттеу  əдістері  эмпириялық  (тікелей  аудармасы  сезім  органдарымен 

қабылдау) жəне теориялық болып бөлінеді. Эмпириялық зерттеу əдістерін В.И. 

Загвязинский екі топқа бөледі: 



1.  Жеке  (частные)  əдістер.  Оларға  жататындар:  əдебиеттерді,  құжаттарды 

жəне  іс-əрекет  нəтижелерін  зерттеу,  бақылау,  сауал-сұрақ  (əңгімелесу, 

интервью алу, сауалнама), эксперттік бағалау əдісі, тестілеу.  

2.  Бір  немесе  бірнеше  жеке  əдістерді  қолдану  негізіндегі  кешенді  əдістер: 

мониторинг, педагогикалық тəжірибені зерттеу жəне қорыту, педагогикалық 

эксперимент. 

Зерттеудің теориялық əдістері: теориялық анализ жəне синтез, абстрактілеу 

жəне  нақтылау,  аналогия,  модельдеу.  Зерттеудің  əр  əдісіне  жеке  сипаттама 

берелік.  Педагогика  жиі  қолданылатын  зерттеу  əдістерінің  бірі  бақылау. 

Бақылау – зерттелетін  педагогикалық  құбылысты  мақсатты  түрде  қабылдау 

арқылы нақты фактілер жинау.  

Ғылыми педагогикалық бақылауға қойылатын талаптар

1.  Бақылау алдын-ала белгіленген нақты мақсат бойынша жүргізіледі. 

2.  Бақылау  алдын-ала  ойластырылған  жəне  жазылған  жоспар  бойынша 

жүргізіледі. 

3.  Зерттелетін  белгілер  саны  минимум  болуы  керек  жəне  оларды  нақты 

анықтау қажет. 

4.  Бақылаушы қателіктердің пайда болу мүмкіндігін жəне оларды болдырмау 

жолдарын алдын-ала ойластыруы керек. 

Педагогикалық бақылауды дайындаудың жəне жүргізудің келесі кезеңдерін 

көрсетуге болады: 

1)  бақылау объектісін таңдау, мақсатын анықтау; 

2) 


бақылау  жоспарын  құру,  құжаттарды  дайындау  (бақылау  хаттамасы 

бланктерін, бақылаушыға нұсқаулар, құрал-жабдықтар жəне т.б.); 

3)  бақылау мəліметтерін жинау (жазбалар, хаттамалар, кестелер жəне т.б.); 

4)  бақылау нəтижелерін өңдеу жəне рəсімдеу; 

5)  бақылау нəтижелерін талдау жəне қорытынды жасау. 


 

28

Бақылау түрлері: іштей (бақылаушы бақыланатын топ мүшесі болады) жəне 



сырттай; тұтас жəне таңдаулы. 

Сауал-сұрақ əдістері - əңгімелесу, интервью алу, сауалнама жүргізу.  

Əңгімелесу – қажетті ақпаратты алу мақсатымен қолданылатын зерттеудің  

жеке  немесе  қосымша  əдісі.  Əңгімелесу  алдын-ала  жасалған  жоспар  бойынша 

анықтауды  қажет  ететін  белгіленген  сұрақтар      бойынша  жүргізіледі. 

Əңгімелесу  еркін  формада  өткізіледі.  Сауал-сұрақ  əдістерінің  бірі  интервью 

алу.  Интервью  алу  барысында  зерттеуші  жоспарланған  сұрақтар  алдын-ала 

белгіленген қатаң бір ретпен қойылады.  

Сұрақтар құрастыру барысында төмендегі талаптар сақталуы керек:  

1)   сұрау  кездейсоқтық  сипатта  емес,  жоспарлы  болуы  керек;  алғашында  

оңай, соңына қарай қиын сұрақтар қойылады; 

2)  əр сұрақты өзгертусіз қағаздан оқу қажет; 

3)  сұрақтар міндетті түрде рет-ретімен қойылуы қажет; 

4)  интервью қысқа уақытты болуы керек (оқушылармен – 15-20 минуттан, 

ал үлкендермен 30 минуттан аспауы керек); 

5)  интервью алушы жауап берушіге əртүрлі жолдармен ықпал етпеуі керек 

(бас шұлғу немесе келіспегенін білдіріп басын шайқау жəне т.б.); 

6)  қажет  болған  жағдайда  интервью  алушы  қосымша    тек  бейтарап 

сұрақтар  қоя  алады  (мысалы, «Онымен  не  айтқыңыз  келеді?», «Осы 

туралы толығырақ түсінік берсеңіз»);  

7)  егер  жауап  беруші  сұрақты  түсінбесе  оны  қайта  оқу  керек;  жауап 

берушіге сұрақты, сұрақта кездесетін түсініктерді түсіндіруге болмайды 

жəне  сұрақ  қайта  оқылғаннан  кейін  де  түсініксіз  болса  «Сұрақ 

түсініксіз» деп жазып қою керек; 

8)  жауаптар тек интервью алу кезінде жазылады. 



 Сауалнама алу – зерттеудің мəліметтерді жаппай жинау əдісі. Сауалнама 

алуға қойылатын талаптар: 

1)  оның қолданылуының мақсаттылығы; 

2)  қажетті ақпаратты алуға мүмкіндік беруі; 

3)  сұрақтардың түсінікті болуы жəне бір-біріне қарама-қайшы келмеуі; 

4)  сауалнама сұрақтары жауап берушіде теріс эмоция туғызбауы; 

5)  жауап берушінің дайындық деңгейін ескеру. 

Сауалнама түрлері: ашық, жабық жəне аралас. 

Ашық сауалнамада сұрақтарға жауаптарды жауап берушінің өзі құрастырса,  

жабық  сауалнамада  дайын  жауаптардың  біреуін  таңдайды.   Педагогикалық 



эксперимент  –  қатаң  бақыланатын  жəне  басқарылатын  жағдайда 

педагогикалық құбылыстар мен процестерді зерттеу. Кез келген экспериментті 

жүргізудегі негізгі принцип – зерттеу барысында зерттелетін құбылысқа бір-ақ 

жаңа фактор енгізу, қалғандары өзгеріссіз жəне қатаң бақылауда болуы керек. 

Ол экспериментальдық фактор немесе тəуелсіз айнымалы деп аталады. Тəуелсіз 

айнымалы  ықпалы  арқылы  өзгеретіндер  тəуелді  айнымалылар  деп  аталады. 

Эксперимент  түрлері:  табиғи  жəне  лабораториялық,  стендтік  жəне  ойша, 

айқындаушы жəне түрлендіруші.   

 


 

29

2-БӨЛІМ.  ТҰТАС  ПЕДАГОГИКАЛЫҚ  ПРОЦЕСТІҢ  ТЕОРИЯСЫ  МЕН 



ПРАКТИКАСЫ 

 

5-тарау.  Тұтас  педагогикалық  процесс – педагогика  пəні  мен  мұғалім 

қызметінің объектісі.  

       

5.1 Тұтас педагогикалық процесс ұғымының қалыптасу тарихы 

Қойылған мақсатқа жету үшін тұлға дамуын ұйымдасқан түрде жүргізу  

қажет. Басқаша айтқанда, белгілі бір нəтижеге жету үшін тəрбиеге мұғалімдер 

мен  оқушылардың  өзара  əсерлесуі  біріктірілген,  басқарылатын  үдеріс  пішінін 

беру  керек.  Мұндай  үдерісті  оқу-тəрбие  немесе  педагогикалық  процесс  деп 

атайды.  Бұл  үдеріс  алдын  ала  анықталған  мақсатқа  қол  жеткізуге  жəне  алдын 

ала  белгіленген  өзгерістерге,  тəрбиеленуші  қасиеттері  мен  белгілерін 

түрлендіруге алып келеді. Педагогикалық процесс – тəрбиешілердің əлеуметтік 

тəжірибесі тəрбиеленуші тұлғасының қасиеттеріне айналатын өзара əсерлесуі. 

     Педагогикалық процестің ең басты ерекшелігі – оның тұтастығы. 

     Пайда  бола  бастаған  кезден  тəрбие  тұтас  үдеріс  ретінде  қалыптасты. 

Алғашқы  кездегі  тəрбие  формаларының  өзінде-ақ – салт,  ритуал,  ойындар 

барысында  аға  ұрпақ  білімдері  мен  іс-əрекет  тəжірибелерін  беруге  ғана  емес, 

мінез-құлықты қалыптастыруға да мəн беріп отырған. 

     Келесі кезеңдерде тəрбие оқытудың құрамды бөлігі ретінде қарастырылды. 

     Қоғамдағы  еңбектің  əрі  қарай  бөлінуі  оқыту  мен  тəрбиелеудің  жіктелуіне 

алып келді. ХІХ ғасырдың өзінде-ақ оқыту мен тəрбиелеу бірлігін дəлелдейтін 

фактілер  пайда  бола  бастады.  Олар  И.Ф.  Гербарт,  К.Д.  Ушинский,  Н.Ф. 

Бунаков,  В.П.  Вахтеров  т.б.  еңбектерінде  талдана  бастады.  Педагогикалық 

үдеріс  тұтастығын  дамытуға  Н.К.  Крупская,  С.Т.  Шацкий,  А.С.  Макаренко, 

А.П.  Пинкевич  көп  үлес  қосты.  Бірақ 30-жылдары  оқыту  мен  тəрбиелеу 

ерекшеліктерін  тереңдете  зерттеу  үшін  оларды  бөліп  қарастыру  көзқарасы 

басым болды. 

       Тұтас  педагогикалық  процесс  мəселесіне 70-80-ші  жылдар  аралығында 

Ю.К.  Бабанский,  М.А.  Данилов,  В.С.  Ильин,  В.В.  Краевский,  Б.Т.  Лихачев  

жəне т.б. көңіл бөле бастады.  

       Ғалымдар  мен  педагогтер  тұлғаны  дамытуға  жан-жақты  амал  жасау  тек 

педагогикалық  процесс  тұтастығы  негізінде  жүзеге  асырылатындығын  баса 

көрсетті.  

       Қазақстанда  тұтас  педагогикалық  процесті  дамыту  мəселесін  кеңінен 

қарастырған ғалым-педагог Н.Д. Хмель жəне оның шəкірттері болып табылады. 

      Жоғарыда  аталған  ғалым-педагогтер  еңбектерінде  тұтас  педагогикалық 

процестің барлық мүмкіндіктері зерттелді. 

5.2 Педагогикалық процестің мəні, оның құрылымдылық компоненттері 

       Қазіргі  қайта  құру  кезеңінде  тұтас  педагогикалық  процестің  мəні  өте  зор, 

өйткені  осы  кездегі  қоғамдық-өндірістік  қатынастың  дамуы  оқыту  мен  тəрбие 

бірлестігі принципінің толық іске асуын талап етеді. 

 Орта, жоғары оқу орындары мен мектептен тыс мекемелер жүйесінде білім 

беру жəне тəрбие мақсатын жүзеге асыру процесін тұтас педагогикалық процесі 


 

30

деп атайды. Білім беру мен тəрбие міндеттерін толық шешу үшін сабақ үстінде 



əрбір  тақырып  бойынша  оқуды  тəрбиемен  үйлестіріп  өткізу – оқу-тəрбие 

процесінің басты шарты. 

 Педагогикалық  процесті  ұйымдастыру  барысында  оқушы  жəне  оқушылар 

коллективі  бір  жағынан  тəрбие  обьектісі,  екінші  жағынан  тəрбие  субъектісі 

болады.  Осыған  орай,  оқу  тəрбие  процесінде  мұғалімдер  мен  балалар 

ынтымақтастығы, олардың творчестволық еңбек етулеріне зор сүйеніш болады. 

Тəрбиенің  субьектілері  мен  обьектілері  арасында  əр  түрлі  байланыстар  пайда 

болады.  Мысалы,  тəрбиешілер  мен  оқушылар  арасындағы  қарым-қатынас 

арқылы  ақпарат  алмасуы,  ынтымақтастық  немесе  бірлестік  іс-əрекеті  т.б. 

Мұндай байланыстар педагогикалық процестің табысты болуына игі əсер етеді. 

 Тұтас  педагогикалық  процестің  өзіне  тəн  компоненттері  бар.  Олар  оқыту 

мен  тəрбиенің  мақсаты,  мазмұны,  формалары  мен  əдістері,  сонымен  қатар 

нəтижесі.  Бұл  компоненттер  бір-бірімен  тікелей  байланысты  түрде  іске 

асырылады, демек, педагогикалық процесс сонда ғана оң нəтиже береді. 

Тəрбие мен оқыту процестері бірте-бірте өзін-өзі тəрбиелеу жəне өз бетімен 

білім  алу  процестеріне  ұласады.  Сондықтан  тұтас  педагогикалық  процесті 

оқыту,  тəрбие,  білім  беру  жəне  даму  процестерінің  табиғи  бірлігі  деп 

қарастырған жөн. 



Оқушы – педагогикалық процестің субъектісі. Педагогикалық процестің негізгі 

белгілері.                                                                                                                  

Педагогикалық процесте педагог – объект жəне субъект.  

Объект ретінде – тəрбиелік əсерлерге түседі жəне өзін жетілдіріп отырады.  

Бұл  үшін  оған  өзінің  диалектикалық  ойлауын  дамыту,  өзіне  жəне 

тəрбиеленушілерге  эмоционалдық  қатынас  жасай  білу  қабілеттілігі,  өз  іс-

əрекетіне сынай қарай білу қабілеттілігі қалыптасуы керек. 

     Субъект  ретінде – арнайы  педагогикалық  білім  алады,  адам  тəрбиесіне 

қатысты жауапкершілікті мойнына ала алады, дүниетанымы, рухани-құлықтық 

белсенді қарым-қатынасқа түсу қабілеттілігін дамытады. 

     Оқушы да педагогикалық процесте – объект жəне субъект.  

     Объект  ретінде – педагогикалық  мақсаттарға  сəйкес  түрленетін  дербестігі 

бар. 


     Субъект  ретінде – табиғи  қажеттіліктері,  нышандары,  өз  қажеттіліктерін, 

қабілеттіліктерін,  қызығушылықтарын,  ұмтылуларын  түрлендіруге,  өзгертуге 

педагогикалық  əсерлерді  белсенді  меңгеруге  немесе  қарсы  тұруға  мүмкіндігі 

бар.  


     Бұл жерде ескеретін нəрсе, оқу-тəрбие үдерісінің негізі ретінде оқытуда да, 

тəрбиелеуде  де  тұлғаның  дамуы  жүзеге  асырылуы  қажет.  Демек, 

педагогикалық    процесс  оқыту    тəрбиелеу  тұтастығы  негізінде  тұлғаның  

дамуын жүзеге асыру болып табылады.  

Педагогикалық процестің құбылыс ретіндегі бірқатар маңызды белгілері  

бар. Педагогикалық процестің негізгі белгілері:  

1)  қос жақты іс-əрекет; 

2)  өзара байланысты жүреді; 

3)  мақсатты, мазмұнды ұйымдасқан түрде жүреді; 


 

31

4)  мақсатқа қол жеткізу формалары мен əдістері арқылы сипатталады.  



Қосжақтылық белгісі бойынша:  

1-  жағы:  арнайы  дайындалған  маман  жүргізетін  мақсатты  педагогикалық  іс-

əрекет; 

2-  жағы: тəрбиеленушінің дамуын, өзгеруін негіздейтін белсенді іс-əрекет, яғни 

оқу немесе оқу-танымдық іс-əрекет.  

5.3 Педагогикалық процестің қозғаушы күштері 

Педагогикалық  процестің  нəтижелі  болуы  оның  ішкі  қозғаушы  күштеріне 

байланысты.  Қозғаушы  күш  деп  қойылатын  талаптар  мен  оларды  орындауда 

оқушылардың мүмкіншілігі арасындағы қайшылықты айтады. Егер қойылатын 

талап  оқушылардың  мүмкіншілігіне,  яғни  даму  дəрежесіне  сай  келсе,  онда 

қайшылық даму процесінің көзіне айналады. 

   Оқыту  мен  тəрбие  процестерін  бір-бірінен  ажыратуға  болмайды,  бірақ 

бұлардың  əрқайсысының  өзіне  тəн  ерекшеліктері  бар.  Тəрбие  процесі – бұл 

күрделі  диалектикалық  процесс.  Оған  əлеуметтік  ортаның,  үй  жағдайының, 

түрлі  адамдардың  ықпалы  ерекше  əсер  етеді.  Сондықтан  тəрбие  процесін, 

оқыту  процесі  сияқты  тез  іске  асыру,  тексеру  жəне  нəтижесін  анықтау  өте 

қиын.  Мысалы,  оқушылардың  мінез-құлқындағы  адамгершілік  сезім    мен 

сенімнің жəне дағдының бірлігін тексеруге бола ма? Əрине, тексеру өте қиын, 

өйткені мұндай қасиеттер балада жастайынан, бүкіл өмірі бойы қалыптасады. 

   Тəрбие  процесі  əр  уақытта  динамикалы  (қозғалысты),  жылжымалы 

болады.  Сондықтан,  педагогикалық  ықпал  бір  балаға  жағымды,  ал  екінші 

балаға теріс əсер етеді. Осыған байланысты тəрбие процесінде баланың көңіл-

күйін, психикалық жағдайын, тұрған орнын еске алған жөн. Сонымен қатар əр 

түрлі сыртқы жəне ішкі факторлар балаға өте күшті немесе өте əлсіз əсер етуі 

мүмкін.  Бұл  жағдайды  да  мұғалім  оқу-тəрбие  процесінде  естен  шығармауы 

қажет. 

   Оқыту  процесі  тəрбие  процесіне  қарағанда  анағұрлым  оңай 



басқарылатын,  тез  іске  асырылатын,  нəтижесі  тез  тексерілетін  процесс. 

Мысалы,  əрбір  сабақ  үстінде  бақылау,  жаттығу  жұмыстары  жəне  сұрақ-жауап 

арқылы  оқушылардың  білімін,  іскерлігін,  дағдысын  тексеріп,  тез  қорытынды 

шығаруға болады. 

   Сыныптағы  оқыту  процесіне,  мұғалім  мен  шəкірттердің  іс-əрекеттеріне 

сыртқы  факторлар  əсер  етпейді.  Мысалы,  металл  тотығының  гидраты  мен 

қышқыл  арасындағы  бейтарап  реакцияны  оқушыларға  басқаша  дəлелдеп, 

түсіндіруге  болар  ма  екен?  Əрине,  басқа  анықтама  беруге  болмайды,  өйткені, 

бұл  реакцияның  нəтижесінде  тек  қана  тұз  бен  су  пайда  болады.  Мұндай 

реакцияны бейтарап реакция деп атайды. 

    Оқыту  мен  тəрбие  процестері – оқытудың  даму  функциясын  жүзеге 

асырудың  негізі.  Бұл  екі  процесс  жеке  адамды  жан-жақты  дамытып, 

қалыптастырудың үстем функциясы болады. 

 

 



   

 


 

32

6-тарау. Тұтас педагогикалық процестің заңдылықтары 



 

6.1 Педагогикалық процестің негізгі заңдылықтары, оларға сипаттама 

       Педагогикада  диалектиканың  барлық  заңдары  көрсетілген.  Сондықтан 

педагогиканы А.С. Макаренко диалектикалық ғылым деп санайды. Оқыту жəне 

тəрбие процесінің диалектикасы оның өзара байланысында, үздіксіз дамуында, 

жылжымалылығында жəне қарама-қайшылығында ашылады. 

  Педагогикалық  процестің  заңдылықтары  Ю.К.  Бабанскийдің,  И.Я. 

Ленердің, И.Ф. Харламовтың еңбектерінде кең көлемде баяндалған. 

   Құбылыстар  мен  процестер  арасындағы  дамуды  сипаттайтын  мəнді 

байланыс  философияда  заңдылық  деп  аталады.  Педагогикалық  процестің 

заңдылықтары оның тұтастығын дəлелдейді. Мұндай заңдылықтардың бірнеше 

түрлерін атауға болады: 

 1.  Оқыту  мен  тəрбие  қоғамның  мұқтаждығына  жəне  жағдайына 

байланысты.  Орта  мектепте  бұл  заңдылықты  іске  асыру  елдің  əлеуметтік-

экономикалық дамуына байланысты болды. Неғұрлым қоғамның экономикалық 

мүмкіншілігі  ғылыми-техникалық  прогреске  сəйкес  дамып  отырса,  соғұрлым 

мектептің оқу-материалдық жағдайы жақсарады, педагогикалық процесс тиімді 

ұйымдастырылып, жеке адамның дамуына игі əсер етеді. 

   2.  Тəрбиенің,  оқытудың,  білім  берудің  жəне  дамудың  өзара  байланыс 

заңдылығы.  Оқыту  процесі  білім  беру,  тəрбие  жəне  даму  процестерімен 

байланысты.  Сондықтан  оқыту  жеке  адамның  жан-жақты  дамуына  көмектесе 

отырып,  білім  беру  тəрбие  жəне  даму  функцияларының  бірлікте  іске  асуына 

мүмкіндік туғызды. Л.С. Выгодскийдің айтуы бойынша оқыту дамудың алдына 

шығып  отырса,  ал  бала  дамуының  «ең  таяу  даму  аймағын»  жасайды,  баланы 

ізденуге  талаптандырады  жəне  дамудың  бірнеше  ішкі  процестерін  қозғалысқа 

келтіреді. «Ең  таяу  даму  аймағы»,  одан  əрі  «актуалды  даму  аймағына»  көшуі 

тиіс, яғни бұл аймақта оқушы тиісті тапсырмаларды өз бетімен орындайды. 

   Оқытусыз  тəрбиені  іске  асыруға  болмайды,  себебі  адам  баласы  белгілі 

заңдылықтарды,  білімді  меңгеру  негізінде  ғана  өмірге  игі  əсер  етеді.  Егер 

оқушы оқуды өзімнің міндетім деп санамаса, өзінің жауапкершілігін сезінбесе, 

онда оқытуды да жақсы ұйымдастыруға болмайды.  

   3. Тəрбие мен өзін-өзі тəрбиелеудің бірлігі. 

   Жеке  адамның  дамуы  мен  қалыптасуына  белсенділіктін  ролі  өте  зор.  Іс-

əрекеттің  барысында  белсенділіктің  бірнеше  түрлерін  байқауға  болады.  Олар: 

қарым-қатынас  белсенділігі,  таным  белсенділігі  жəне  өзін-өзі  тəрбиелеу 

белсенділігі.  

   Қарым-қатынас  белсенділігі  арқылы  бала  жолдастарымен,  кейбір 

адамдармен қарым-қатынас жасайды, өзіне дос іздестіреді,    тілектес дос табуға 

тырысады. Қарым-қатынас белсенділігінің нəтижесінде жеке адамның бойында 

адамгершілік 

қасиеттері 

(қамқорлық, 

қайырымдылық, 

ілтипаттылық, 

жауапкершілік сезімі т.б.) қалыптасады. 

   Тəрбие  жəне  оқыту  процесінде  баланың  таным  белсенділігі  кеңейеді, 

тереңдейді.  Мысалы,  оқыту  процесінде  баланың  ақыл-ой  қабілеті,  білімді  өз 


 

33

бетімен меңгеру белсенділігі дамиды, заттың мəнін, ғылыми ұғымдарды терең 



түсінеді, іздену нəтижесінде пайда болған сұрақтардың жауаптарын табады. 

   Жеке  адамның  даму  процесінде  өзін-өзі  тəрбиелеу  белсенділігі  сапа 

жағынан  жаңа  факторға  айналады.  Оқушы  үлгі  аларлық  сөздермен, 

ережелермен толтырылған сауат емес, ол шырақ, оны өзін-өзі тəрбиелеудің аса 

мейірімділік  ынтымақтығымен  тұтандыру  керек.  Демек,  жеткіншектер  тек 

айналадағы дүниені танып қана қоймай, олар өзіне жəне өзінің ішкі дүниесіне 

үңіле қарай білулері қажет, яғни оқушы бір жағынан тəрбие объектісі, ал екінші 

жағынан тəрбие субъектісі болады. 

         1.  Тəрбие  мен  оқыту  іс-əрекетінің  жəне  қарым-қатынастың  шешуші  рөлі 

тəрбие,  оқыту  жəне  білім  беру  іс-əрекетіне  байланысты.  Іс-əрекеттің  бірнеше 

түрлері  бар.  Оларға  ойын,  оқу,  спорт,  еңбек,  көркемдік,  қоғамдық-саяси  іс-

əрекеттері  т.б.  жатады.  Осы  іс-əрекеттердің  нəтижесінде  баланың  ақыл-ойы, 

дүниеге  көзқарасы  дамиді,  эстетикалық  қасиеттері  қалыптасады,  еңбек  етуде 

жауапкершілік сезімі артады. 

   Іс-əрекеттің процесінде қарым-қатынас іске асырылады. Қарым-қатынас – 

бұл  адамдардың  өзара  əрекеттесіп,  əр  түрлі  коммуникациялық  құралдардың 

көмегімен бір-бірімен пікір алысуы. Қарым-қатынас əлеуметтік өмір құбылысы, 

ол информациялық, нормативтік жəне таным процесі ретінде сипатталады. 

  Қарым-қатынас  оқушыларды  адамдардың  мінез-құлқы,  іс-əрекеттері, 

білім, əдебиет, өнер, айналадағы орта туралы мол информациялармен байытып, 

ой-өрісін дамытады. 

   Қарым-қатынасты  нормативтік  процесс  тұрғысынан  қарастырсақ, 

оқушылардың  қарым-қатынасы  белгілі  нормалар  жинағымен  реттеледі.  Ол 

нормаларды қоғам реттейді. Қоғамдық номалардың көзі – идеология, қоғамның 

əлеуметтік-саяси жəне экономикалық практикасы. 

   Қарым-қатынас – таным  процесі.  Таным  жəне  қарым-қатынас  өзара 

байланысты, мұны оқушылардың іс-əрекетінен көруге болады. 

           2.  Педагогикалық  процесте  оқушылардың  жас  жəне  дербес 

ерекшеліктерін есепке алу. 

     Жас ерекшеліктері мынадай жағдайда еске алынады: 

     а)  оқу  жоспарланып,  оқу  бағдарламаларын,  оқулықтарды,  оқу 

құралдарын т.б. жасағанда; 

     ə) организмнің дене жəне психикалық дамуы барысында; 

     б) оқу, тəрбие жəне қоғамдық пайдалы жұмыстардың процесінде; 

    Жеке адамның дербес ерекшеліктері: 

    а)  темперамент,  оның  типтері  (сангвиник,  флегматик,  холерик, 

меланхолик) 

    ə) мінез жеке адамның өзіне, өмір сүрген ортасына қатынасын білдіретін 

негізгі психикалық сипатта; 

    б)  қабілет,  оның  түрлері:  жалпы  жəне  арнайы  қабілеттер.  Қабілет – 

адамның түрлі іс-əрекеттеріндегі мүмкіншілігі. 

   Білім  беру  жəне  тəрбие  жұмыстары  жеке  адамның  жас  жəне  дербес 

ерекшеліктеріне сəйкес ұйымдастырылады. 


 

34

   Педагогикалық  процесте  коллектив  пен  жеке  адамның  өзара  байланысы. 



Жеке  адамды  қалыптастырудың  негізгі  көзі  коллектив  болады.  Коллективсіз 

жеке адам дамымайды, азғындайды, кері кетеді. 

  Совет  ғалымдары  Н.К.  Крупская,  А.С.  Макаренко,  В.А.  Сухомлинский 

коллективті  қатынастарды  қалыптастырудың  теориялық  негіздерін  жасайды. 

Балалар  мен  тəрбиешілер  арасындағы  қарым-қатынас – коллективтің  даму 

процесі. Педагогикалық процесте коллективтің басты борышы - əрбір адамның 

түлеп өсуіне қамқоршы болу. Тəрбиенің ерекшелігі, оның коллективті бағытта 

іске асырылуында, өйткені тəрбие екі жақты, бір текті процесс. 

   Міне, осы тұрғыдан жаңашыл мұғалімдердің тəрбиешілер мен балалардың 

бірлесу  іс-əрекетінің  идеясы  творчестволық  ынтымақтастықтың  шешуші 

шарттарының бірі болады. 

3.Педагогикалық  процесс  міндеттерінің,  мазмұнының,  формаларының  жəне 

əдістерінің өзара байланыс заңдылықтары. 

  Педагогикалық процестің барлық элементтерінің мақсаттары жəне міндеттері, 

яғни олар мұғалімнің,тəрбиешінің жəне тəрбиеленушілердің 

жұмыстарының мазмұнын, формаларын жəне əдістерін анықтайды. 

    Бұл заңдылықтар: 

    а)  оқыту  мен  тəрбиенің  мазмұны  қоғамның  мақсаттарын  жəне 

қажеттілігін бейнелейтін міндеттерге байланысты; 

    ə)  оқыту  мен  тəрбиенің  формалары,  оларды  ұйымдастырып  өткізудің 

міндеттеріне, мазмұнына жəне əдістеріне байланысты; 

    б) оқыту мен тəрбиенің əдістері олардың мақсаттарымен анықталады. 

    Егер педагогикалық процестің міндеттері, мазмұны, формалары, əдістері 

тұтас  логикалық  тізбек  құрса,  онда  қарастырылып  отырған  байланыс 

заңдылығы ақырғы нəтижені қамтамасыз етеді. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет