Жалпы педагогика



Pdf көрінісі
бет6/12
Дата27.11.2019
өлшемі0,67 Mb.
#52450
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
posobie zhalpy pedagogika


Адам    мұраты  жете  түсінудің  жоғары  кемелі,  адам  баласының  жоғары 

мұрат-мақсаттары, өмірлік ұмтылысы.  



 

 

42

8.3 Оқушылардың дүниетанымын  қалыптастыру жолдары 

Дүниетанымның  қалыптасуы  ұзақ  жəне  күрделі  процесс,  оның  барысында 

жеке көзқарастар жəне сенім жүйесі дамиды, қалыптасады, олар жеке адамның 

əрекет  жасауына  басшылық  болады.  Егер  адамның  көзқарастар  жүйесі  оның 

санасының,  сезімдерінің  бірлігіне  сүйенсе,  тек  сол  жағдайда  ғана  онда  əлем 

туралы  тұтас  түсінік  қалыптасады.  Сондықтан  дүниетаным  қалыптастыру 

тұлғаның белсенді іс-əрекетінен, оның интеллектісіне, жігеріне, эмоцияларына 

ықпал  етуден  тікелей  тəуелді.  Дүниетаным  процесіне  əр  түрлі  факторлар, 

мəселен  əлеуметтік  жəне  микроорта,  оқыту  жəне  тəрбие,  жаппай  ақпарат 

құралдары жəне т.б əсер етеді. Олардың əрқайсысы əр түрлі ықпал жасайды. 

Дүниетанымның  интеллектуалдық  компоненті  шындықты  тікелей  сезімдік 

қабылдаудан  абстрактілік  ойлауға  көшуді  талап  етеді.  Одан  нақты  ойлауға 

көшеді. Абстрактіліктен нақты ойлауға көшу барысында əлем құбылыстарының 

мəнін, себеп-салдар байланыстарын түсіну жүреді. 

Аналитикалық-синтетикалық  іс-əрекеттің  кез-келген  нəтижесінде  білім  де, 

іс-əрекет  əдісі  де  болады.  Олар  тану  процесінің  əр  түрлі  жақтары.  Бірақ  бұл 

процесте  жетекші  рольді  білім  атқарады.  Осылардың  барлығы  оқушыларды 

біліммен ойлау жəне əрекет етудің бірлігі негізінде дамытуды талап етеді. 

 Дүниетаным  жеке-жеке  білімдерден  емес,  оның  жүйесінен  тұрады.  Ол 

білімдер  əдіснамалық  теориялар,  концепциялар,  идеялар  негізінде  ұйымдаса 

отырып,  мүмкіндігінше  қазіргі  заманғы  ғылыми  білімдердің  құрылымын 

көрсетеді.  

Білімдер    сенімдерге  айналуы,  тұлғаның  басымды  қажеттіліктеріне, 

əлеуметтік  күтулері  мен  құндылық  бағыттылықтарына,  жалпы  көзқарастар 

жүйесіне  енуі  үшін  сезімдеріне  əсер  етуі  керек.  Оқушылардың  оң 



эмоционалдық  жағдайы  оларды  өз  тəжірибелеріне,  ұлы  ғалымдардың  жəне 

қоғам қайраткерлерінің өмірі мен іс-əрекетіне назар аудартады. 

Ғылыми 

дүниетанымды 



қалыптастыруда 

интеллектуалдық 

жəне 

эмоционалдық-жігерлік 



компонентпен 

қатар 


практикалық-əрекеттік 

компоненттің де маңызы зор. Сондықтан оқушыларды практикалық əрекеттер 

жүйесіне,  əлеуметтік  қарым-қатынастарға    тарту    олардың  жан-жақты 

ақпараттарды, қарым-қатынас тəжірибесін меңгеруіне жағдайлар жасайды. 

Оқушыларда  ғылыми  дүниетанымды  қалыптастырудың  тұтас  процесі 

оқытудағы  сабақтастықпен,  оқу  пəндерінің  бір-бірінің  байланысымен 

қамтамасыз етіледі. Пəнаралық байланыстарды іске асыру бір құбылысты жан-

жағынан көруге, ол туралы тұтас түсінік алуға мүмкіндік береді. 

Педагогтің  əлеуметтік  жəне  кəсіби  позициясы  оқушының  ғылыми 

дүниетанымын  қалыптастырудың  бір  жолы.  Оқушылардың  ғылыми 

дүниетанымын  қалыптастырудағы  жетістік  көп  жағдайда  оқушылардың 

мұғалімге  деген  сеніміне  байланысты.  Сондықтан,  ғылымның  мəнін,  жетекші 

идеяларды  толық  түсінген,  қабылдаған,  шығармашыл  тұлға  ретінде 

қалыптасқан мұғалім ғана жастардың рухани жетекшісі бола алады. 

 

 

 



 

43

9-тарау.  Педагогикалық  процестегі  мұғалім  мен  оқушының  өзара 



əрекетінің мазмұны 

 

9.1 Тəрбие жұмысының диалектикасы мен ерекшеліктері жəне олардың 

өзара байланысы 

Тəрбие 


процесінің 

диалектикалылығы 

оның 

үздіксіз 



дамуынан, 

динамикалылығынан, 

үнемі 

қозғалыста 



болатындығынан, 

өзгеріске 

түсетіндігінен  көрінеді.  Тəрбие  процесі  онда  орын  алып  отырған  себептерге 

байланысты  дамиды.  Ол  балалардың  жас  ерекшеліктеріне,  əртүрлі  жағдайлар 

мен нақты ситуацияларға байланысты өзгеріске түседі.  

Тəрбие процесінің диалектикасы оның ішкі жəне сыртқы қайшылықтарына 

байланысты ашылады. Тұлға қалыптасуының барлық сатыларында туындайтын 

ішкі  қайшылықтың  негізгісі – тұлғаның  жаңа  қажеттіліктері  мен  оны 

қанағаттандыру мүмкіндіктері арасындағы қайшылық. Осы жерде туындайтын 

қайшылық  адамды  белсенді  түрде  тəжірибе  игеруге,  толықтыруға,  жаңа 

білімдер мен мінез-құлық нормаларын алуға итермелейді.  

Тəрбие  процесінің  бағыттылығы  мен  нəтижесіне  сол  сияқты  сыртқы 

қайшылықтар да күшті əсер етеді. Мектеп пен отбасы арасындағы қайшылық, 

ата-аналар  мен  педагогтардың  кейбір  талаптарына  теріс  көзқараста  болуы 

тəрбиелеуде  кері  əсер  береді.  Кейінгі  кезде  күшейіп  отырған  тарихи,  əдеби, 

саяси  ақпарат  мазмұнындағы  қайшылықтар  да  жеткіншектерде  негативті  əсер 

тудырады.  Сөз  бен  істің  қайшылығы  тəрбиеде  қиындықтар  тудырады. 

Педагогтардың  аса  мəн  беретін  қайшылықтарының  бірі – сыртқы  əсерлер  мен 

тəрбиеленушінің  ішкі  ұмтылыстарындағы  қарама-қайшылықтар.  Баланың  ішкі 

жан  дүниесінің  қажеттіліктерін  есепке  алмай  жүргізілген  тəрбие  процесі 

сəтсіздікке ұшырайды. 

Педагог-ғалымдар  тəрбие  процесінің  бірнеше  ерекшеліктерін  бөліп 

көрсетеді: 

Бірінші  ерекшелігі -  тəрбиенің  көп  қырлы  факторлы  процесс  екендігі. 

Тəрбие мақсат, міндет, мазмұн, идеологиялық бағыт беру, отбасы, мектеп, орта, 

жұртшылық сияқты əлеуметтік күштердің тəрбие мен  талап қоюдағы бірлігін 

сақтау, тəрбие əдістерін  дұрыс талдап, тиімді пайдаланудың басты ерекшелігі. 



Екінші  ерекшелігі – тəрбиенің    ұзақ    процесс  екендігі.  Адам  өмір  бойы 

тəрбиеленеді.  Тəрбие  ұзақ  уақытты,  шыдамдылықпен  тəрбие  жұмысын 

жүргізуді қажет  ететіндігімен ерекшеленеді. 

Үшінші ерекшелігі  - тəрбиенің  сатылы  сипатта болатындығы. 

1-сатыда:  отбасында,  балабақшада,  бастауыш    мектепте  тəртіп 

ережелерінің  бастапқы  ұғымдарын    игеру.  Сезімдер  мен  мінез-құлықтың 

алғашқы дағдылары бойға қалыптасады. 

2-сатыда:    этикалық  түсініктерді  меңгеріп,  күрделі  сезімдері  дұрыс  дами 

бастайды. Қоғамда тəртіп ережелерін  сақтау, орындау дағдысы қалыптасады. 



3-сатыда: дүниені  тереңірек тану арқылы көзқарастың қалыптасуы. 

Төртінші  ерекшелігі – тəрбие  жұмысы  бір  орталыққа  жинақталып  жас 

шамасына, тəрбие деңгейіне қарай күрделенуі; 



 

44

Бесінші  ерекшелігі – тəрбие  ісінің    екі  жақты  белсенді  процесс  екендігі.  

Жетекшінің  тəрбиелік    ықпалы    тəрбиеленушілердің  ішкі  ойымен,  ниетімен, 

өзін-өзі  тəрбиеленуімен  ұштасып  жұмыстың  нəтижелі  болуын    қамтамасыз 

етеді. 

Алтыншы 

ерекшелігі – тəрбие 

ісінде 


педагогтар 

ұжымының 

ұйымдастырушылық 

қабілетінің 

күшті 

болуының 



 

мəні 


зор.  

А.С.  Макаренко  «Тəрбие  беру  жұмысы  ең  алдымен,  ұйымдастырушының 

жұмысы» деп бекер айтпаған. 

Жетінші  ерекшелігі -  тəрбие  нəтижесін    тез  арада    анықтау,  тексеру, 

бағалау  өте  қиын  процесс.  Оқушылардың  қаншалықты  тəрбиелі,  иманды  

екенін анықтау өте қиын. 

Сегізінші  ерекшелігі – тəрбие  болашаққа  ұмтылған  іс-əрекет,  бүгін  мен 

ертеңі  келешек өмірдің ұштасуы. 

А)  Тəрбие  жұмысын    ұйымдастыру  едəуір  қиындық  тудырады.  Жетекші 

оқушының бос уақытын есепке алып өзі белгілейді. 

Б)  Тəрбие  жұмысының  жалпы  мазмұнына  ыңғайлап,  сынып  жетекшісі 

тақырыптарды  өзі  таңдап,  тəрбие    материалдарын  өзі  сұрыптап  алып 

инсцировка    жоспар  жасайды.  Аталған  ерекшеліктер  мен  қиындықтар    сынып 

жетекшісінен  сан-саналы  білім  мен  іскерлікті,  шеберлік  пен  дағдыны, 

педагогикалық іскерлікті, тəжірибені қажет етеді. 

9.2 Оқыту процесіндегі мұғалім мен оқушының өзара əрекетінің мазмұны 

      Тұтас  педагогикалық  процесті  құраушы  екі  басты  процестің  бірі – оқыту 

процесі  (оқу  процесі)  болып  табылады.  Оқыту  процесі күрделі  процесс  болып 

табылатындықтан оның анықтамалары да əртүрлі. 

Ерте дəуірдегі жəне ортағасырлық ойшылдар еңбектерінде «оқыту», «оқыту 

процесі»  ұғымдары  «білім  беру»  деген  мағына  береді.  Өткен  ғасырдан  бастап 

оқыту  ұғымына  білім  беру  жəне  оқу  компоненттері  енгізіле  бастады.  Мұнда 

білім беру – мұғалімнің оқу материалын меңгертуге бағытталған іс-əрекеті, оқу 

–  оқушының  ұсынылған  білімдерді  меңгеруге  бағытталған  іс-əрекеті  ретінде 

көрінеді.  Кейінірек  оқыту  түсінігі  сол  сияқты  мұғалімнің  оқушылардың 

танымдық  іс-əрекетінің  тəсілдерін  қалыптастыруды  басқару  іс-əрекеті  жəне 

мұғалім мен оқушының біріккен іс-əрекетін де қамтиды. 

Қазіргі түсінікте оқытудың мынадай белгілері бар: 

1) екіжақты сипат; 

2) мұғалімдер мен оқушылардың өзара іс-əрекеті;  

3) мұғалім тарапынан басшылық;  

4) арнайы жоспарланған ұйымдастыру жəне басқару; 

5) тұтастық жəне бірлік;  

6) оқушылардың жас ерекшеліктеріне сəйкестік; 

7) оқушылардың дамуы мен тəрбиесін басқару. 



 

45

 



Педагог іс-əрекеті 

Оқушы іс-əрекеті 

1. 

Оқушыларға оқытудың мақсаты мен 



міндеттерін түсіндіру 

2. 


Оқушыларды  жаңа  білімдермен 

(құбылыстармен, 

оқиғалармен, 

заттармен, заңдармен) таныстыру 

3. 

Білім,  біліктер  алу  жəне  санадан 



өткізу процесін басқару 

4. 


Ғылыми заңдар мен заңдылықтарды 

тану процесін басқару 

5. 

Теориядан  практикаға  өту  процесін 



басқару 

6. 


Эвристикалық жəне зерттеушілік іс-

əрекеттерді ұйымдастыру 

7. 

Оқушылардың 



білімі 

мен 


дамуындағы 

өзгерістерді 

тексеру, 

бағалау 


1. 

Оқудың 


оң 

мотивациясын 

жасаудағы өзіндік іс-əрекет 

2. 


Жаңа 

білімдер, 

біліктерді 

қабылдау 

3. 

Талдау, 


синтез, 

салыстыру, 

жүйелеу 

4. 


Заңдылықтар  мен  заңдарды  тану, 

себеп-салдарлық байланыстарды түсіну 

5. 

Біліктер мен дағдылар алу, оларды 



жүйелеу 

6. 


Туындайтын 

проблемаларды 

шешудегі практикалық іс-əрекет 

7. 


Өзіндік  бақылау,  жетістіктерді 

өзіндік диагностикалау 

 

 

9.3 Тəлім-тəрбие жұмысының бағыттары мен мазмұны 



а) Дене тəрбиесі 

        Жеке тұлғаны жан-жақты дамытуда дене тəрбиесі мен жан тəрбиесі ерекше 

орын  алады.  Олай  дейтін    себебі:  адамзат  қоғамы  сан  ғасырлардан  бері 

жинақталған  рухани  жəне  материалдық  байлықты  игеру,  жаны  таза,  дені  сау 

азаматтың  қолынан  ғана  келеді.  Дене  тəрбиесінің  негізгі  мақсат-міндеттері – 

жас  ұрпақтың  денсаулығын  сақтау,  нығайтуға  қамқорлық  жасау,  өмір 

тіршілігіне қажетті икемді қимыл-əрекетке  жаттықтыру, күш-қуатын  молайту 

жəне  мəдени-тазалық дағдыларына баулу болып табылады. 

        Дене  тəрбиесі  бүкіл  организмнің  қызметін    дамыту  үшін  ғана  қолайлы 

жағдай  жасап  қоймайды,  денсаулығы  мықты,  төзімді,  жүйкесі  берік  болып 

жетілуіне  дене  еңбегі  мен  ақыл-ой    еңбегіне  бейім  болып  қалыптасуына 

мүмкіндік тудырады.  

        Дене тəрбиесі өзге тəрбие бағыттарымен  əсіресе, еңбек тəрбиесімен тығыз 

байланыста, жүйелі, бірін-бірі толықтыра  отырып жүргізіледі. 

        Адамның адам болып қалыптасуының құралы – еңбек.  Еңбектің нəтижесі  

əрбір адамға, оның  еңбекке саналы шығармашылық көзқарасына байланысты. 

Баланың  жеке  басының  еңбекке  бейім  болып  өсуі  оны  еңбек  тəрбиесіне  

баулуға тікелей байланысты. 



ə) Ақыл – ой тəрбиесі 

        Бала  күнделікті  өмірде  айналадағы  құбылыс,  қоршаған    орта  туралы    сан 

түрлі мағлұматтар мен дағды, білім игереді.  К.Д. Ушинский айтқандай: «Ақыл-

ой»  дегеннің    өзі  жақсы  ұйымдастырылған  білім  жүйесі  екенін  ескерсек, 

баланың  өз  тəжірибесі  қаншалықты  бай,  сан-алуан  дегенмен,  ақыл-ой 

дамуының  қайнар көзі бола алмайды. Ақыл-ой  тəрбиесі  тек ойдың ғана дамуы 

емес, оның дамуы ойлау  процесінің құбылыстарымен де сипатталады.  Ақыл – 

ойдың дамуы дегеніміз – оқушының  жасына байланысты білім мен   тəрбиенің  

əсерінен, тəжірибе жинақтауынан  оның ақыл-ой  əрекетінде болатын сандық-


 

46

сапалық    өзгерістердің    жиынтығы.  Ақыл-ойды  дамытудың  шарты - 



 

жастардың  сан  қилы  іс-əрекетінің    тиімді  ұйымдастырылуы,  əлеуметтік 

ортаның əсері, тілді меңгеру, қабылдауы мен түсінуі,  берілетін  ғылым, білім 

сапасы.  Жас  ұрпақтың  ақыл-ойының  дамуы  еңбек  пен    ғылым  білімнің 

ұштасуына  байланысты.  Халықтық    педагогикада  «Оқусыз  білім  жоқ,  білімсіз 

күнің жоқ», «Оқу – білім шырағы, білім – өмір шырағы», «Ақыл азбайды,  білім 

тозбайды»  деген  өмір  тəжірибесінен    туындаған  қағидаларда  жас  ұрпақтың 

ақыл-ойын тəрбиелеу үшін пайдаланған. 



б) Адамгершілік тəрбиесі 

         Адамгершілік тəрбиесі моральдық жағынан кіршіксіз таза, қоғам  мүддесі 

үшін  еңбек  ететін,  жан-жақты    жетілген    адам    даярлау – тəрбиенің  басты 

мақсатын  айқындайды.  Барлық  уақытқа  бірдей,  барлық  халықтарға  ортақ 

ереже болмаса да, жалпыға бірдей қарапайым қағидалар бар. Мысалы, барлық 

заманда  табиғат  апаты  кезінде  зардап  шеккендерге  көмек  көрсетіп  моральдық 

борыш  деп  есептелген.  Өз  балаларының  алдында  əкелік  жəне  аналық  

борышын  орындамаған  ата-аналарды,  ата-анасы    алдындағы  борышын  

ұмытқан  балаларды мораль атауының бəрі де  айыптаған. Қоғамдық орындарда 

ең  қарапайым  тəртіп  сақтау,  үлкенді  сыйлау  ережелері  барлық  уақытта  да 

болған.  Адамгершілік тəрбиесінің мазмұнына ең алдымен  отбасынан, Отанға, 

елге  деген  сүйіспеншілік,  борыш  сезімін  тəрбиелеу,  жолдастық,  достық, 

жанашырлыққа баулу жатады. 

в) Эстетикалық тəрбие 

 

Педагогикада эстетикалық тəрбие – кең ұғым. Ол əсемдікті  сезе  білуге 

тəрбиелейді.  Эстетикалық    тəрбие    көркемөнер  құралдары  арқылы  ғана  емес, 

қоғамдық  өмірдің,  оқудың,  еңбектің,  табиғаттың  əсемдігін  тану  кезінде, 

адамдармен қарым-қатынас үстінде тəрбиеленеді. 

г) Экологиялық тəрбие 

Табиғат пен адам  арасындағы өмірлік  қатынас,  адамның рухани дамуы, 

денінің  саулығы,  күннің  нұры  мен    шуағына,  Ай  сəулесіне,  бұлт  пен    нөсерлі 

жаңбырға,  ауа-райын  т.б.  жаратылыс  əлемінің    өзгерістеріне    байланысты 

болған.  

Экологиялық тəрбие жұмысын ұйымдастыру: 

1.Табиғи  ортаны  сақтау:  жануарларға,  құстарға,  балықтарға  қамқорлық  жасау, 

қоректендіру, ұялар жасау; 

2.Табиғи  ортаны  жақсарту:  алаңды  көгалдандыру,  бұлақ  көздерін  ашу, 

айналаға ағаш егу, айналаны көгалдандыру; 

3.Эстетикалық бағалы өңірлерді сақтау; 

4.Экологияны зертеген ғалымдардың еңбектерін оқу; 

5.Экология тақырыбына кездесулер ұйымдастыру; 

6.Табиғатқа экскурсиялар ұйымдастыру; 

7.«Семей-Невада қозғалысы» туралы тəрбие шараларын  ұйымдастыру; 

д) Құқықтық тəрбие. 

Қазақстан Республикасы  Конституциясына  сəйкес азаматтардың құқығы 

мен  талап-тілегін,  мұқтаждарын    қорғап,  оларды  қамқорлығына  алады.  Əрбір 


 

47

азамат  өз    мемлекетінің  Заңына  жауапкершілікпен  қарап,  оны  орындауды  өз 



міндеті деп  есептейді. 

10-тарау.  Тұтас педагогикалық процестегі тəрбие əдістерінің формасы мен 

құралдарының жүйесі 

 

10.1  Құралдар,  формалар,  əдістер  педагогикалық  процестің  қозғаушы 



тетіктері ретінде, олардың өзара байланысы 

Педагогикалық  процесті  сауатты  ұйымдастыру  үшін  педагог  оның 

теориялық  негіздерін  түсініп,  оның  мақсатын,  міндеттерін,  мазмұнын, 

формаларын,  əдістерін  жəне  құралдарын  ажырата  алуы  керек.  Формалар  мен 

əдістер педагогикалық процеске қатысушылардың іс-əрекетінің қозғаушы күші 

болып табылады, соның арқасында жеке тұлғаның қалыптасуы жүзеге асады. 

Тəрбие əдістеріне педагогикалық əдебиетте бірнеше анықтама берілген: Т.Е 

.Конникованың анықтамасы бойынша – бұл педагогикалық жұмыстың тəсілдері 

мен жолдары арқылы тəрбие мақсатына жету. И.С. Марьенко бойынша тəрбие 

əдісі – жеке адамға тікелей жəне жанама ықпал жасау. В.А. Сластенин тəрбие 

əдісін  тəрбиешілер  мен  тəрбиеленушілердің  іс-əрекетінің  өзара  байланыс 

тəсілдері деп тұжырымдайды. 

Тəрбие  жұмыстарының  əдістері  тəрбиенің  мақсатына,  принциптеріне  жəне 

мазмұнына, балалардың жас жəне дербес ерекшеліктеріне, олардың тəрбиелілік 

дəрежесіне  байланысты  таңдалады  жəне  тəрбие  жұмыстарының  мақсаттары 

мен мазмұнымен анықталады. 

Тəрбие  əдісінің  көмегімен  оқушылардың  əр  түрлі  іс-əрекеттері 

ұйымдастырылады,  мақсатқа  сəйкес  бағытталады,  олардың  адамгершілік 

тəжірибесі дамиды, тəрбие əдісінің көмегімен оқушылардың дүниеге көзқарасы 

қалыптасады,  олар  қоғамдық  өмірге  қатысады,  тəрбиенің  əлеуметтік  мақсаты 

іске  асырылады.  Барлық  тəрбие  əдістері  бір-бірін  толықтырады.  Əдістердің 

бірлігі  тəрбие  жұмысына  игі  əсер  етеді,  балалардың  білімін,  іскерлігін  жəне 

дағдысын  тереңдетеді,  қоғамдық  өмірге,  еңбекке  баулиды,  адамгершілік 

тəжірибесін байытады, жалпы мəдениетін, ой-өрісін кеңейтеді. 

Тəрбие  формасы – бұл  тəрбие  процесінің  сыртқы  түрі.  Форма  мен  мазмұн 

бір-бірімен  өзара  байланысты,  себебі,  мазмұн  қалыптасады,  ал  форма 

мазмұнмен толтырылады. 

И.П.Пидкасистый  тəрбие  формаларын  сандық  критерийге  негіздеп 

жіктейді. Бұл критерий бойынша тəрбие формалары жекелеме, шағын топтық, 

топтық  (ұжымдық)  жəне  жалпы  болып  бөлінеді.  Тəрбие  процесінің  тиімділігі 

оны  ұйымдастыру  формасына  тəуелді.  Сонымен  қатар  мектептен  тыс  тəрбие 

жұмысы,  тəрбиелік  əсер  ету  əдістеріне  байланысты  сөздік,  көрнекі, 

практикалық формалары да белгілі. 

1. Тəрбие  құралдарына  іс-əрекеттің  түрлері,  көрнекі  құралдар,  көптеген 

комммуникациялық құралдар, педагогикалық ықпал жасау құралдары (мұғалім, 

ата-ана,  ересек  адамдардың  сөзі,  олардың  өнегесі)  жатады.  Педагогикалық 

əдебиетте  оған  тар  мағынада  сөздерді,  кітаптарды,  кинофильмдерді,  өнер 

туындыларын,  т.б.  тəрбие  мақсаттарына  қажетті  нəрселерді  жатқызады.  Кең 



 

48

мағынасында  іс-əрекет  түрлерін:  оқу,  қоғамдық-пайдалы  еңбек,  спорттық 



ойындар, үйірме жұмыстарын жатқызады. 

 Оқушы  тұлғасы  қалыптасуының  басқарылуын  қамтамасыз  ету – тəрбие 

құралдарын  толық  жəне  тиімді  пайдалана  білу.  Тəрбие  мақсаты  толық 

орындалуы  үшін  тəрбие  əдістерін,  формаларын,  құралдарын  тиімді  пайдалану 

қажет. 

10.2 Тəрбие əдістерін  топтастыру жəне жіктеу 

Тəрбие  əдісін  жіктеудің    көптеген  түрлері  бар.  Соның  ішінде    Т.Е 

Конникова, Г. Щукина тəрбие əдістерін 3 топқа бөледі. 

Т.Е .Конникова, Г.И. Щукина жүйесі бойынша тəрбие əдістерін жіктеу 

Тəрбие əдістері 

Тəрбиеленушілердің іс-

əрекетіндегі, қарым-

қатынасындағы, мінез-

құлқындағы жағымды 

тəжірибені қалыптастыру 

əдістері: 

Жеке адамның санасын 

қалыптастыру əдістері 

Мадақтау жəне жазалау 

əдістері 

  қоғамдық пікір; 

  үйрету; 

  бақылау; 

  жаттығу; 

  педагогикалық талап; 

  арнайы 

тəрбиелік 

ситуациялар құру. 

  саяси, 

этикалық 

əңгіме; 

  əңгімелесу; 

  диспуттар; 

  лекциялар; 

  түсіндіру; 

  өнеге. 

 

  Мадақтау;  



  Жазалау. 

Жоғарыда көрсетілген тəрбие əдістерінің жіктеуінде баланың адамгершілік 

санасы мен мінезі туралы анықтамалар берілген. 

Мектеп 


өмірінде 

В.А.Сластенин 

жасаған 

тəрбие 


əдістерінің 

классификациясы  ойдағыдай  қолданылуда.  Бұл  жіктеуде  тəрбие  əдістері 4-

топқа бөліп қарастырылады. 

В.А. Сластенин жүйесі бойынша тəрбие əдістерін жіктеу 

Тəрбие əдістері 

Жеке 

адамның 


санасын 

қалыптастыру 

əдістері 

Қоғамдық мінез-

құлық тəжірибесін 

қалыптастыру жəне іс-

əрекетін ұйымдастыру 

əдістері: 

Іс-əрекет пен 

мінез-құлықты 

ынталандыру 

əдістері 

Бақылау, өзін-өзі 

бақылау жəне өз-өзіне баға 

беру əдістері 

  əңгіме; 

  лекция; 

  диспут; 

  өнеге. 

  педагогикалық 

талап; 

  қоғамдық пікір; 



  тапсырма; 

  жаттығу; 

  тəрбиелеуші 

ситуация. 

 

  мадақтау; 



  жазалау; 

 

  педагогикалық 



бақылау; 

  əңгіме; 

  сұрау 

(анкета, 

ауызша); 

  қоғамдық  пайдалы 

іс-əрекеттерінің 

нəтижелерін талдау; 

  балалар 

ұйымдарының 

тапсырмаларын орындау      


 

49

Қазіргі кезде тəрбие əдістерін жіктеудің 11-ден астам түрі бар. Əрбір тəрбие 



əдістерінің  мақсаты  оқушыларды  адамгершілік  көзқарастарға  сендіре  білуге, 

жеке жəне қоғамдық өмірдегі мінез-құлық нормаларын меңгеруге үйретеді. 

Тəрбие  əдістерін  жіктеудің  бірыңғай  болмауының  негізгі  себебі – тəрбие 

өте  күрделі  процесс  болғандықтан,  əр  түрлі  əдістердің  өткізілетін  тəрбие 

шараларының мақсаты мен міндеттеріне сəйкес келуін талап етеді. 

10.3 Тəрбие  əдістеріне сипаттама 

      Тəрбиеленушілердің 

іс-əрекетіндегі, 

қарым-қатынасындағы, 

мінез-

құлқындағы жағымды тəжірибені қалыптастыру əдістері: 

Педагогикалық  талап – мінез-құлық  нормасының  көрінісі,  балаларды 

əлеуметтік  тəжірибеге  қатыстыру.  Талаптың  ынталандыру  жəне  тежеу 

функциялары бар.  

Қоғамдық пікір – бұл ұжымдық талаптың бейнеленуі.  

Жаттығу  -  мінез-құлық  нормасына  сəйкес  оқушыларды  қажетті  дағдыға, 

əдетке  төселдіру.  Жаттығу  түрлерінің  бірі – үйрету,  дағдыландыру.  Олар 

белгілі бір əдетті тез жəне жоғары деңгейде қалыптастыру үшін қолданады. 

Үйрету,  жаттықтыру – бұл  мінез-құлық  нормасына  сəйкес  оқушыларды 

қажетті  дағдыға,  əдетке  төселдіру.  Үйрету  əдісі  баланың  орындағыштық, 

мұқияттылық,  табандылық  сияқты  қасиеттерін  қалыптастырады.  Жаттықтыру 

əдісі - əртүрлі ситуацияда оқушылардың моральдық тапсырмаларды орындауы.  

Үйрету,  жаттықтыру  əдістерінің  тəсілдері:  нұсқау  беру,  машықтандыру, 

тапсырма. 



Арнайы тəрбиелік ситуациялар құру – жеке адамның жағымды əрекеттерін 

қалыптастыруға ықпал етеді. Сынып, мектеп біріншілігіне жарыс ұйымдастыру 

топқа,  ұжымға,  оқушыға  тапсырма  беру  тəрбиелеуші  ситуацияда  іске 

асырылады. 



Жеке адамның санасын қалыптастыру əдістері: 

Этикалық  əңгімені  төменгі  жəне  орта  сыныптарда  қолданады.  Этикалық 

əңгіменің нəтижелілігі келесілерге байланысты: 

  əңгіме  мазмұнының  оқушылардың  жас  ерекшеліктері  мен  əлеуметтік 

тəжірибесіне сəйкес болуы; 

  əңгіменің қызықты, əсерлі болуы, жарқын мысалдар келтірілуі; 

  оқушыларды əңгімеге тарту, олардың өз ойларын білдіре алулары; 

  əңгіме барысында көрнекіліктер қолдану; 

  мазмұндау тілінің əдеби сауатты болуы. 



Пікірталас  –  бұл  тəрбиеленушілердің  пайымдауын,  баға  беруін,  сенімін 

қалыптастыру əдісі. Пікірталаста оқушы тақырып бойынша өзінің көзқарасын, 

ойын дəлелдейді. Сонымен бірге басқаның пікірін тыңдай білуге үйретеді. 

Пікірталас  оқушыларды  қателіктер  мен  жалған  көзқарастармен  күресуге 

үйретеді. Пікірталастың құндылығы – ол оқушылардың ойлану сезімін оятады, 

талаптандырады,  ал  бұл  дұрыс  идеяларды  ұстауға,  қателіктерден  бас  тартуға 

мүмкіншілік береді.  

Іс-əрекет пен мінез-құлықты ынталандыру əдістері: 


 

50

Жарыс  –  балалардың  іс-əрекетін  ұйымдастыру  жəне  ынталандыру  əдісі. 

Жарыс  оқушылардың,  əсіресе  енжар  оқушылардың  белсенділігін  арттырады, 

жауапкершілігін, ұжымшылдығын дамытады. 



Мадақтау  оқушылардың  жағымды  əрекеттерін  қолдау  үшін  қолданады. 

Егер  бала  өзінің  жетістігін  жəне  ұжым  алдындағы  жауапкершілігін  сезе  білсе, 

онда  мадақтаудың  құндылығы  арта  түседі,  орынсыз  мадақтаудан  балада 

менмендік, тəкаппарлық, дандайсушылық туады. 



Жазалау  –  жағымсыз  əрекеттердің  алдын  алу,  оларды  тежеу,  өзінің, 

жолдастары  мен  басқа  адамдардың  алдындағы  кінəсін  түсіну  үшін 

қолданылады. Жазалау үшін оның шындығын толық білу қажет. 

Бақылау, өзін-өзі бақылау жəне өз-өзіне баға беру əдістері: 

Педагогикалық  бақылаудың  бірнеше  түрі  бар:  тікелей  бақылау,  ашық 

бақылау,  жасырын  бақылау,  қысқа  мерзімді  бақылау,  т.б.  жеке  адамның 

тəрбиелілігін  зерттеуде  бақылау  əдісін  қолдану  үшін  нақты  бағдарлама 

жасалады. 



Психологиялық  сұрақтар  ұжым  мүшелері  арасындағы  қатынастарды, 

жолдастық  құштарлықты  немесе  теріс  қатынастарды  анықтайды.  Мұндай 

сұрақтар  дер  кезінде  қайшылықты  анықтауға,  оны  іскерлікпен  шешуге 

мүмкіндік береді. 

Тəрбие  əдістерін  анықтауда  мынадай  көрсеткіштер  есте  ұсталынуы  тиіс: 

оқушылардың  моральдық  норманы  игеруі;  мемлекет  заңдарын  білу  жəне 

сақтау; сынып пен мектептің қоғамдық өміріне қатысуы; біздің еліміздегі жəне 

шетелдердегі жағдайларды бағалай білу. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет