6.2 Педагогикалық процестің принциптері мен басты міндеттері.
Педагогикалық процесс белгілі бір заңдылықтар мен принциптер
негізінде сипатталады.
Педагогикалық процестің заңдылықтары – педагогикалық процесс
құбылыстары мен аспектілері арасында объективті өмір сүретін, қайталанып
тұратын, тұрақты, мəнді байланыстар.
Заңдылықтар: ішкі жəне сыртқы болып бөлінеді.
Педагогикалық процестің жалпы заңдылықтары:
1. Тəрбие мен əлеуметтік жүйе байланысы.
2. Оқыту мен тəрбие байланысы.
3. Тəрбие мен іс-əрекет байланысы.
4. Тəрбие мен тұлға белсенділігі байланысы.
5. Тəрбие мен қарым-қатынас байланысы.
Байланыстар негізінде принциптер анықталады:
Педагогикалық принциптер – қойылған мақсатқа қол жеткізуге мүмкіндік
беретін негізгі идеялар, ережелер.
Принциптердің атқаратын қызметтері:
1.Олардың көмегімен мақсат анық, дəл тұжырымдалады.
35
2.Педагогикалық процестің мазмұнын, əдісін, құралдарын, формаларын
анықтау үшін қолданылады.
3.Тəрбиелік қатынастардың тиімділігін анықтауға мүмкіндік береді.
4.Педагогикалық процесті дамыту заңдылықтары ретінде қолданылады.
Педагогикалық процесс принциптері:
1. Табиғатпен үйлестіру.
2. Ізгілік əрекет ұйымдастыру.
3. Тұтастықты жүзеге асыру.
4. Демократиялық негізде ұйымдастыру.
5. Мəдениетпен үйлестіру.
6. Кəсіптік мақсаттылықты жүзеге асыру.
7. Политехнизм принципі.
Педагогикалық процестің технологиялық жүйесі:
1.педагог нақты мақсатты шешу қажеттілігі мен маңыздылығына
тəрбиеленушінің көзін жеткізуге тырысады; мақсатқа сəйкес білімдерді алу
жолдарын меңгертеді;
2.қойылған мақсатқа сəйкес білімдерді алу жолдарын меңгертеді;
3.бұл білім алу жолдарын іс-жүзіне асыруды ұйымдастырады;
4.барлық кезеңдерде тұрақты ынталандыру жұмысын жүзеге асырады;
5.жұмыс нəтижесін бақылап, бағалайды.
Педагогикалық процестің басты міндеттері:
1.Оқу процесіндегі белсенді іс-əрекет негізінде оқушыларды танымдық
əдістермен қаруландыру;
2.Тұлға ретінде өзін жəне оқу процесі заңдылықтарын түсіне отырып,
танымдық іс-əрекеттерін ұйымдастыруға үйрету;
3.Педагогикалық өзара əсерлесу негізінде мақсатты іс-əрекет жасай білудің
жолдарын меңгерту.
6.3Тұтас
педагогикалық
процестегі
танымдық
іс-əрекетінің
психологиялық-педагогикалық негіздері.
Оқу – оқыту процесіндегі оқушылардың іс-əрекеті. Оқыту процесінің
логикасы оның құрылымын анықтайды, ал құрылымына оқыту процесінің
звенолары – танымдық іс-əрекетінің кезеңдері кіреді:
-
таным міндеттерін жете түсіну;
-
жаңа материалды қабылдау;
-
ұғыну – жаңа оқу материалдарын түсініп жинақтау процесі;
-
білімді, іскерлікті жəне дағдыны бекіту жəне жетілдіру;
-
білімді, іскерлікті жəне дағдыны практикада қолдана білу;
-
оқушылардың жетістіктерін талдау, білімін, іскерлігін жəне дағдысын
тексеру, бағалау.
Таным міндеті түсінікті болса, оны оқушылар өз бетімен ізденіп шешуге
тырысады. Оқыту процесінің əрбір звеносына жеке-жеке дайындалады.
Қабылдау – адамға тікелей əсер ететін заттардың немесе құбылыстардың
адам санасында бейнелену процесі. Сабақ үстінде оқушылардың жаңа
материалмен танысуы түйсіктен жəне қабылдаудан басталады. Ал түйсік
36
сананың сыртқы əлеміне байланысты. Сезім мүшелерімізге əсер етіп, оның
миымызда бейнеленуін түйсік деп атайды.
Оқушыларды жаңа материалдармен таныстыру, бақылау, эксперимент,
практикалық жұмыстар процесінде тікелей қабылдау арқылы немесе жанама
түрде мұғалімнің сөзі, эвристикалық əңгіме, оқулық арқылы іске асырылады.
Ұғыну – бұл саналы түрде ғылыми білімді, заңдылықтарды ұғу, фактілерді
жинақтау процесі, қорытынды шығару. Ұғыну процесінде оқылатын материал
терең ойластырылады, дəлелденеді жəне бекітіледі.
Бекіту – бұл оқушылардың білімді берік ұғынуының тиімді тəсілі.
Педагогикалық процесте жаңа материалды алғашқы бекіту қолданылады.
Өйткені оқу материалын еске түсіру үшін мұғалім күнделікті қайталауды
жүргізіп отырады.
Оқу бағдарламасы бойынша нақты тарауларды, оқу курсын толық
бітіргеннен кейін жинақтап, қайталау басталады. Мұндай қайталау
оқушылардың білімін бекіту жəне жүйеге келтіру үшін жүргізіледі.
Білімді, іскерлікті жəне дағдыны практикада қолдану оқушылардың өзіндік
қасиетін дамытады. Оқушылардың өз бетімен дамуына лабораториялық
жұмыстар, практикалық жəне семинар сабақтар, үйрету машиналары, ауызша
жəне жазбаша жаттығу жұмыстары мүмкіндік туғызады.
Білім алушылардың жетістіктерін талдау, білімін, іскерлігін жəне дағдысын
тексеру, бағалау бұл оқытудың кері байланыс процесі.
Таным іс-əрекетінің бұл кезеңінде оқушылардың педагогикалық процесс
барысында белгілі сұрақ бойынша білімін тексеріп бағалаумен шектелуге
болмайды. Сондықтан оқушылардың барлық жетістіктерін – білім сапасын,
пайымдау сауаттылығын, жалпы ой-өрісінің даму дəрежесін ескеріп, талдау
жасап отырған жөн.
Оқыту процесінің звеноларын таным процесінің формуласына сүйеніп,
салыстыру ретінде логикалық бірізділікпен былай жазуға болады. Нақты аңғару
– түйсік, қабылдау. Абстракт ойлау – ұғыну, мəнін түсіну.
Танымдық мотивтер:
1.Оқушылардың жаңа білімді игеруге жəне ұғу тəсілдеріне бағыттау
мотивтері.
2.Өз бетімен білім алу, оны іс-əрекетінде қолдана білу мотивтері.
Ойдың талаптандыру мотивтері таным іс-əрекеті процесімен байланысты.
Іс-əрекеттің барысында сұраққа немесе проблемаға оқушы өз бетінше жауап
беруге тілек білдіреді, тырысады, тапсырманы табысты орындағаны үшін
қанағат сезіміне бөлінеді, тапсырманың практикалық мəніне түсінеді.
Жалпы педагогикалық процесс оқу процесінің функциялары арқылы жүзеге
асырылады. Білім беру, дамытушылық жəне тəрбиелік функциялары оқушының
танымдық қасиетімен байланысты. Танымдық қабілеті ең алдымен
мотивтермен ынталандырылады. Мұғалім жаңа тақырыпты түсіндіруде
оқушыны қызықтыра алатын болса, яғни мотивтерін көрсете білсе, оның
танымдылық деңгейінің жоғарғы екенін көруге болады.
37
7-тарау. Тəрбиенің мақсаты, əлеуметтік келісім
7.1 Педагогикалық процестің негізгі компоненті мен тірегі – тəрбие
мақсаты. Тəрбие мақсатының түсінігі
Адамзат тарихының қай кезеңінде болмасын, тəрбиенің тиімділігін
жетілдіру ісі жүзеге асырылып келеді. Бұл істі жүзеге асыру процесі əрбір
қоғамдағы мемлекет қажеттіліктеріне бағындырылады.
Тəрбие мақсаты – нақты тəрбие міндеттерінің жүйесі, ол педагогикалық
процесс пен қоғам қажеттілігіне қарай өзгеріп отырады. Тəрбие мақсаты
қоғамның əлеуметтік сұранысына байланысты жəне оның табысты орындалуы
ұстаздың кəсіби даярлығына байланысты, мұраттарға қол жеткізуге
бағытталған. Тəрбие мақсаты – педагогиканың ең маңызды мəселесі.
Мақсат – тəрбиенің жалпы мақсаттылығынан, тəрбие жүйесінің сипатын
айқындаушы ретінде көрінеді. Мақсат пен міндет бүтін жəне бөлшек ретіндегі
арақатынаста, жүйе мен оның компоненттеріне тəуелді болады.
Тəрбие мақсаты жалпы жəне жеке болып келеді. Біріншісінде барлық
азаматтардың сапалық құндылықтары қарастырылса, екіншісінде жеке
тұлғаның қалыптасуы көзделеді. Тəрбие мақсатын тұжырымдауда табиғат,
адам, қоғамның объективті даму заңдылықтары міндетті түрде есепке алынады.
Тəрбие мақсатын анықтауда маңызды себептердің қатарына жататындар –
мақсатты құрастыру, оны белгілі бір заңдылыққа негіздеуді есепке алу. Тəрбие
мақсатының ең алғашқы əлеуметтік негізі - əрбір даралықтың дамуы
табиғаттың адамға генетикалық тұрғыдан берген мүмкіндіктерін дамыту, сол
арқылы оның тұлғасын қалыптастыру. Өйткені тұлғаның дамуы белгілі бір
əлеуметтік жағдайға байланысты жүзеге асады. Адам мен қоғамның өзара
тəуелділігі тəрбие мақсатының екінші негізі болып табылады.
Тəрбие
мақсатының
негізгі
компоненттерін
философиялық
категориялардың тізбегімен сипаттауға болады: мотив – қажеттілік –
қызығушылық – мақсат.
Сонымен, мақсат – іс-əрекет нəтижесін күні бұрын ой-тұжырым арқылы
болжау болып табылады.
Жалпыадамзаттық тұрғыдан қарағанда тəрбие мақсаты – тұлғаны жан-
жақты жəне жарасымды, үйлесімді етіп тəрбиелеу. Тəрбие мақсатына
байланысты балаларға білім мен тəрбие берудің негізгі жолдары белгіленеді,
тəрбиелік іс-əрекеттердің мазмұны анықталады, білім беру мен тəрбиелеудің
нақты əдістері қарастырылады.
Педагогика ғылымы тəрбиенің мақсаты жеке адамды жан-жақты дамыту,
əділетті қоғамды өз қолымен құратын жəне оны қорғай алатын етіп тəрбиелеу
деп қарастырады. Тұлғаны жан-жақты жетілдіріп, дамыту деген ұғымды оқу
мен жастардың практикалық еңбегінің тікелей байланысы, дененің жəне ақыл-
ой дамуының біртұтастығы ретінде түсіну керек.
Адам баласының жарқын болашағы толығымен жас ұрпақты тəрбиелеу
ісіне тəуелді. Мектептегі тəрбиенің басты мндеттері – теориялық білімді
еңбекпен, өмірмен байланыстыра жүргізу, оларды политехникалық,
экономикалық, экологиялық білімдермен қаруландыру, кəсіптік бағдар беру.
38
Сондықтан əрбір азамат, тəрбиеге қатысы бар адамдар, ұйымдар мен мекемелер
тəрбиенің мəнін, мақсаты мен міндеттерін жете түсінуі қажет. Осыған орай
тəрбиенің негізгі мақсаттары: а) жастардың дүниеге көзқарасын қалыптастыру;
ə) тұлғаның рухани жəне дене қабілеттерін жан-жақты дамытып, эстетикалық
талғамдары мен сезімдерін қоғамның талаптарына сай тəрбиелеу.
Тəрбиенің жалпы мақсатын жүзеге асыру ең алдымен тəрбие бөліктерін
байланыстырып шешуді талап етеді. Тəрбиенің құрамдас бөліктері: ақыл-ой
тəрбиесі, құқықтық тəрбие, эстетикалық, экономикалық тəрбие, дене тəрбиесі,
т.б.
Тəрбиенің құрамдас бөліктерінің бірлігі мен өзара байланысының нəтижелі
болуы ең алдымен мұғалімнің шеберлігіне, жалпы дайындығына байланысты.
Сондықтан ол өзін-өзі дамытып, барлық іскерліктері мен білімін баланың
бойына қоғамда өмір сүру үшін жəне оның істерін басқару үшін қажетті
адамгершілік қасиеттерді тəрбиелеуге жəне қалыптастыруға əрқашан дайын
болуы керек.
7.2
Педагогикалық
ой-пікір
тарихындағы
тəрбие
мақсатының
проблемасы
Адам іс-əрекеті, сезімі мен ойлау ерекшеліктері оның өмір сүріп отырған
қоғамдық-тарихи жағдайларына тəуелді болады. Қоғам дамуының белгілі
сатысында педагогикалық, философиялық ой-пікірлер пайда болып, қалыптаса
бастады. Тəрбие беру мақсатын анықтау ең басты мəселеге айналды. Осыған
орай балаларға білім мен тəрбие берудің негізгі жолдары белгіленеді, тəрбиелік
іс-əрекеттердің
мазмұны
анықталады,
білім
беру
мен
тəрбиені
ұйымдастырудың нақты мəселелері мен əдістері қарастырылады.
Тəрбие мақсаты төңірегіндегі пікірталас ежелгі дəуірден-ақ басталған.
Ежелгі ойшылдар тəрбиенің мақсаты – ізгі рақымшыл азаматтарды тəрбиелеу
деп түсінді. Тəрбие мақсатының уақыт өте келе өзгеруі төмендегі кестеде
көрсетілген:
Сократ
Өзіңді-өзің тану, аса құлықтылықты жетілдіру
Рақым
Платон
Ақыл-ой, ерік жəне сезімді тəрбиелеу
Аристотель
Ақыл-ес пен ерік-жігерді дамыту
Я.А. Коменский
Өзіңді, қоршаған ортаны тану, құдайға сиыну
Дж.Локк
Азаматты қалыптастыру («өз істерін ақылмен жəне
байыппен жүргізетін адам»)
Ж.Ж. Руссо
Қоғамдық құндылықтарды қалыптастыру
Пестолоцци
Адамның табиғи күш-қуаты мен қабілетін жан-жақты,
үйлесімді дамытуға негіздеу
И.Гербарт
Қалыптасқан
қарым-қатынастарға
бейімделе
алатын,
қоғамдағы белгіленген тəртіпті сыйлайтын, оған бой
ұсынатын рақымды адамды қалыптастыру
А.Дистервег
Ақиқат, сұлулық жəне мейірімділікке өз ынтасымен қызмет
ету
В.Г .Белинский
Күрескер тəрбиелеу
А.И. Герцен
Қоғамдағы
əділетсіздікпен
күресетін
еркін
ойлы,
адамгершілігі мол, қайраткер, жан-жақты тұлғаны дайындау
39
Көп уақытқа дейін тəрбие мақсаты идеалды адам мұратына, жан-жақты,
үйлесімді дамыған, рухани байлығы мол, моральдық қылықтары таза жəне дене
күші дамыған тұлға тəрбиелу ретінде түсіндірілді, бұл позиция – тəрбиенің
негізгі мақсаты.
Егер тəрбие мақсатының қалай өзгеріп отырғанына көз жіберсек, тəрбие
мақсатын белгілеудің қаншалықты маңызды екенін анық байқауға болады.
Тəрбие қоғамның пайда болуымен бірге пайда болады, онсыз қоғам жоқ, ол
өмір сүруін тоқтатады, ілгері дамымайды. Философия, социология, этика
ілімдерімен қаруланған педагогика ғылымы адамды барлық жағынан дамытып,
жарасымды етіп тəрбиелеуді өз алдына айқын мақсат етіп қойды.
7.3 Тəрбиелік кеңістіктегі жалпыадамзаттық мəдениет
Жалпыадамзаттық мəдениет (адамзат жинақтаған мəдениет мұрасы) –
адамдардың іс-əрекетін үйлестірудегі жəне интеграциялаудағы үлкен маңызды
шара, сонымен қатар тəрбие мақсатын анықтаушы болып табылады. Э.С.
Маркарянның айтуынша əр адам философияда дəлелденген мəдениеттің үш
түрін – материалдық, рухани жəне социо-нормативті немесе адамгершілік
мəдениетін меңгеруі тиіс. «Мəдениет» сөзі латын тілінен аударғанда өңдеу,
баптау деген ұғымды білдіреді. Оның екінші мағынасы – рухты дəріптеп,
көтеру. Рим шешені Цицерон өзінің «Тускулан диспуттары» еңбегінде ең алғаш
рет «мəдениет» сөзін теориялық тұрғыда термин ретінде қолданған (б.з.б. 45
жылы). Э.Тайлер мəдениетті барлық білімнің жиынтығы ретінде, яғни адамның
тарихи дамуындағы заң, дəстүр, көркем өнер, əдет-ғұрып, дін деңгейінде
зерделейді.
С.Б. Малиновский мəдениет теориясы адам табиғатының биологиялық жəне
əлеуметтендіру жағын да қарастыруы керек деп тұжырымдайды. Оның ойынша
мəдениет – құндылықтар, құқықтар, идея, нанымдар мен сенімдер,
дəстүрлерден тұратын тұтас құбылыс.
Кребер мен Клакхон «Мəдениет» ұғымының тарихына арналған арнайы
еңбекте мəдениет табиғатын талдайды, оны құрайтын элементтер мен қасиеттер
мен психология, тіл, қоғаммен қарым-қатынасын көрсете келе, мəдениетті
адамның табиғатпен қарым-қатынасы, құндылықтар мен басқа адамдармен
пікірлесу аясында үш қырынан қарастырады.
Кювильге мəдениетке бұдан да кеңірек анықтама береді, оған жоғарыда
айтылғандармен қатар өндіріс өнімдерін, яғни материалдық əлем заттарын жəне
білім, қатынас, құндылық сияқты мінез-құлық пен психологиялық
құбылыстарды жатқызады. А.К.Уледов мəдениетті «қоғамның рухани
қазынасы» деп бағалайды. Бұл жағдайда қоғам мен мəдениет ұғымдарының
ара-қатынасын бүтін мен бөлшектің арасындағы қатынас ретінде түсіну керек.
Мəдениет əрқашан шығармашылық еңбекпен тығыз байланыста болады.
Мəдениетті рухани жəне материалдық құндылықтардың жиынтығы ретінде
қарастыру бірден-бір дұрыс жол болып табылады. М.С. Каган мəдениетті
биологиялық тұрғыдан тек адамға тəн іс-əрекеттің тəсілі ретінде қарастырып
қоймай, оның «техникалық-логикалық жəне заттық-өнімдік» шектерін анықтап,
материалдық, рухани жəне көркем мəдениет сияқты үш мəнін айқындады.
40
Материалдық мəдениетке адам қолымен жасалған материалдық құндылық
заттардың жиынтығы, материалдар (машина, құрал-жабдық, техника, т.б.)
жатады. Мəдениеттің бұл саласы адамдардың тума шеберлігіне байланысты
еместігі ескеріледі. Рухани мəдениетті кейде интеллектуалдық мəдениет деп те
атайды, ол адамдардың табиғат пен əлеуметтік ортаны қабылдау мен
бейнелеудің белгілі бір ғылым мен өнерде айқындалған болмысы ретінде
қабылданады. Социо-нормативтік мəдениет қоғамдық өмірді ұйымдастырудың
тума қасиеттерге, мінез-құлықтарға тəуелді еместігімен ерекшеленеді.
Жалпыадамзаттық мəдениеттің өзіне тəн ерекшелігі – тұлғаның жан-жақты
дамуының басты шарты – адамгершілік мəдениеттің барлық мұратын игеру
болып табылады. Екіншіден, мəдениеттің мақсаты – əрбір адамды тəрбиелеу,
үшінші ерекшелігі – диалектикалық-материалистік тұрғыдан алғанда адам іс-
əрекетінің жасампаз сапасы жеке тұлғаның үйлесімді қалыптасуы іс-əрекеті
кезінде адамгершілік мəдениетке үйретеді.
Тəрбиенің əсері дегеніміз – бұл қалыптасып келе жатқан тұлғаның ортамен
(əлеуметтік қана емес, сонымен қатар табиғи, материалдық, рухани)
мақсаттарға сай өзара қарым-қатынасы болып табылады. Мəдениет - өзіне тəн
əдістер арқылы тек эстетикалық емес, сонымен бірге саяси, құқықтық идеалды
қалыптастыратын тəрбие кеңістігі болып табылады.
8-тарау. Дүниетаным жеке тұлғаны қалыптастырудың өзегі ретінде
8.1 Дүниетаным туралы жалпы түсінік. Дүниетанымның түрлері мен
функциялары
Дүниетаным – қоғамдық сананың ең жоғарғы түрі. Ол арқылы баланың
өмірдегі жақсы мен жаманға көзқарасы қалыптасып, бағыт-бағдары
айқындалады. Ғылыми дүниетаным адамға қоршаған ортаның құбылыстарын
дұрыс қабылдауға жəне қорытуға, оларға объективті баға беруге көмектеседі.
Дүниетанымның қалыптасу процесі күрделі, көп қырлы процесс,
сондықтан педагогика ғылымында бұл ұғымға деген əр түрлі көзқарастар
қалыптасқан.
Дүниетанымның күнделікті тұрмыстық дүниетаным, діни дүниетаным,
ғылыми дүниетаным жəне т.б. түрлерін атауға болады.
Ғылыми дүниетаным қоғамдық сананың ең жоғары формасы.
Ғылыми
дүниетаным
əлемге
деген
ғылыми,
философиялық,
адамгершілік,
эстетикалық
көзқарастар
жүйесі.
Əлем
өркениетінің
жетістіктерін жинай отырып ғылыми дүниетаным адамды тұрмыс пен
ойлаудың, табиғат пен қоғамның мəнді жақтары туралы əлемнің ғылыми
бейнесімен қаруландырады.
Дүниетанымда ішкі мен сыртқының, объективті мен субъективтінің бірлігі
көрінеді.
И.Ф. Харламов ғылыми дүниетанымның бағдар беру, ақпараттық жəне баға
беру функцияларын атайды. Б.Т.Лихачевтің пікірі бойынша ғылыми
дүниетаным ағартушылық, тəрбиелік, дамытушылық, ұйымдастырушылық
жəне болжамдық функциялар
41
Ғылыми дүниетанымның ағартушылық функциясының мəні – ол қоғам
жəне табиғат əлемін адамға түсінікті етеді, білімді сана қалыптастырады,
əлеуметтік жəне саяси қате түсініктерден сақтайды.
Тұлғаның қабылдаған көзқарастары мен сенімдері онда белгілі бір
моральдік қасиеттердің қалыптасуына, қоршаған шындыққа деген қарым-
қатынас қалыптастыруға негіз болуы ғылыми дүниетанымның тəрбиелік
функциясын іске асыруға мүмкіндік береді.
Ал дүниетанымның дамытушылық функциясының мəні дүниетанымның
мазмұнын игеруге арналған ішкі рухани жұмыс тұлғаны белсенді ойлау іс-
əрекетіне тартуында.
Ғылыми дүниетанымның ұйымдастырушылық функциясы оқушыларды
практикалық іс-əрекет жүйесіне тартудан көрінеді.
Ғылыми дүниетанымның болжамдық функциясы қоғам мен табиғаттың
даму заңдылықтарын игеру негізінде іске асырылады.
Ғылыми дүниетаным тұлға қалыптасуында адамгершілік, эстетикалық
жəне т.б. бағыттарда дамуының негізі, орталығы болып табылады.
Дүниетаным адам санасының жоғары формасы, оның қоршаған дүниеге,
яғни қоғамдық өмірге, табиғатқа, өзіне көзқарасы жəне сенімі. Сонымен қатар
осыған байланысты адамдардың негізгі өмірлік позициясы, олардың сенімі,
мұраты жəне іс-əрекеті.
8.2 Ғылыми дүниетанымның негізгі компоненттері мен мəні
И.Ф. Харламов ғылыми дүниетанымның құрылымдық компоненттерінің
төрт түрін көрсетеді. Олар: ғылыми білімдер жүйесі; дүниеге көзқарас; сенім;
адам мұраты.
Білім - ғылыми шындықтар жүйесі. Білім - объективтік дүниені
бейнелейтін адам баласының мол тəжірибесі. Білім арқылы жеке адам
табиғаттың жəне қоғам құбылыстарының объективтік жақтарын зерттейді,
түсінеді, ұғады. Ғылыми білім кез келген жағдайда адамның дүниетанымын
анықтай бермейді. Білім адам үшін субъективті мəн алуы, яғни оның
көзқарастары, сенімдері, идеал құруының негізі болуы керек. Ғылыми білім
тұлға дамуының жəне оның дүниетанымы қалыптасуының үлкен тірегі. Міне,
осының нəтижесінде білім əр адамның көзқарасына, сеніміне айналады.
Көзқарас жеке адамның табиғи жəне əлеуметтік құбылыстарын түсіндіру
туралы пайымдауы, ой тұжырымы. Көзқарас – адамның шындық ретінде
қабылдаған идеалы, білімдері, теориялары, концепциялары жəне жорамалдары,
құбылыстарға деген өзінің қарым-қатынасы.
Сенім – көзқарастың жоғары сапалы жағдайы. Сенім деп тұлғаның ішкі
позициясына айналған білімдерді айтуға болады. Сенім жеке адамның өмірлік
позициясының беріктігін анықтайды, мінез-құлқын сипаттайды. Сенім
тұлғаның рухани əлемін (құндылықтарын, қызығушылықтарын, сезімдерін, іс-
қимылдарын) анықтайды. Олар адамды қоғам өмірі талаптарына,
қажеттіліктеріне сəйкес іс-əрекет жасауына бағыттайды.
Достарыңызбен бөлісу: |