Жалпы педагогика


  Оқыту  нəтижесін  есепке  алу  жəне  бақылау  түрлері  мен  оны



Pdf көрінісі
бет12/12
Дата27.11.2019
өлшемі0,67 Mb.
#52450
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
posobie zhalpy pedagogika


19.2  Оқыту  нəтижесін  есепке  алу  жəне  бақылау  түрлері  мен  оны 

ұйымдастыру формалары 

   Оқытудың  əр  кезеңінде  бақылаудың  əр  түрлері  қолданылады:  алдын-ала 



бақылау, ағымдық бақылау, тақырыптық бақылау, қорытынды бақылау

Кез  келген  тақырыпты  игерудің  нəтижелілігі  алдыңғы  кезеңде  игерілген 

білімдердің  көлемі  мен  деңгейіне  тəуелді.  Егер  мұғалімде  ондай  ақпараттар 

болмаса  оның  оқыту  процесін  тиімді  жобалау  жəне  басқару  мүмкіндігі 

төмендейді.  Сонымен  қатар  пəн  немесе  бөлім  бойынша  оқушылардың 

білімдерін  анықтау  мұғалімнің  өзінің  іс-əрекетін  дұрыс  жоспарлауына  жəне 

ұйымдастыруына  мүмкіндік  береді.  Аталған  міндеттер    алдын-ала  бақылау 

арқылы шешіледі. 



Ағымдық  бақылау  күнделікті  жұмыста  оқушылардың  білімдеріндегі 

олқылықтарды  анықтау  жəне  алдыңғы  материалдарды  игеруін    тексеру 

мақсатында іске асырылады. 

Тақырыптық  бақылау  бағдарламаның  бір  бөлімін  өткеннен  кейін 

қолданылады.  Оның  мақсаты  оқушылардың  білімдерін  жүйелеу.  Бақылаудың 

бұл  түрі    жүйелеу  сабақтарында  қолданылады  жəне  оқушыларды  қорытынды 

бақылауға дайындайды. 



 

Қорытынды бақылау тоқсан, жартыжылдық, оқу жылы соңында 

өткізіледі.  

Бақылау формалары: жеке, топтық жəне фронталды. 

Бақылау  əдісі - оқыту  процесінің  тиімділігі,  оқытудың  нəтижелілігі 

туралы  мəліметтер  алу  мақсатымен  оқыту  процесіндегі  қарама-қарсы 

байланыстарды  қамтамасыз  ететін  мұғалім  мен  оқушылардың  бірізді  өзара 

байланысқан  əрекеттер  жүйесі.  Олар  оқыту  процесі  туралы  жүйелі,  толық, 

жан-жақты,  дəл  жəне  оперативті  ақпараттарды  алуды  қамтамасыз  етуі 

керек.  

Қазіргі  кездегі  дидактикада  келесі  бақылау  əдістері  көрсетіледі:  ауызша 

бақылау  əдістері,  жазбаша  бақылау  əдістері,  практикалық  бақылау  əдістері, 

дидактикалық  тесттер.  Жекелеген  ғалымдар    графикалық  бақылау  əдістерін 

(Щукина  Г.И.),  бағдарламаланған  жəне  лабораториялық  бақылау  əдістерін 

(Бабанский Ю.К.) көрсетеді. 

Ауызша  бақылау  əдістері - əңгімелесу,  оқушы  əңгімесі,  түсіндіру,  мəтінді, 

технологиялық картаны, схеманы оқу жəне тағы басқалар. Ауызша бақылаудың 

негізі - оқушының  монолог  түріндегі  жауабы  немесе  сұрақ–жауап 

формасындағы əңгімелесу. Ағымдық ретіндегі ауызша бақылау əр сабақта жеке 

жəне фронталды формаларда ұйымдастырылуы мүмкін. Ауызша жеке бақылау 

барысында  мұғалім  оқушының  білім  деңгейі  туралы  толық  жəне  нақты 

деректер алады. Ауызша жеке бақылаудың кемшілігі ретінде бір оқушы жауап 

бергенде басқа оқушылардың оқу белсенділігінің төмендеуін айтуға болады. 

Ауызша  фронтальды    бақылау  аз  көлемді  оқу  материалы  бойынша  бір-

бірімен  логикалы  байланысы  бар  сұрақтар  ретін  қажет  етеді.  Əдетте  бұл  əдіс 

қысқа  уақыт  аралығында  оқу  материалдарын  қайталау  жəне  бекіту  үшін 


 

94

қолданылады.  Фронтальды  сұраумен  жеке  сұраумен  салыстырғанда 



артықшылықтары мен кемшіліктері бар. Оның артықшылығы бүкіл сыныптың 

жұмысын  белсендіруге,  аз  уақыт  ішінде  көп  оқушыларды  сұрауға  жағдай 

жасайды,  уақытты  үнемдейді.  Сонымен  қатар  фронтальды  сұрау  барлық 

оқушыларға басқа оқушының жауабын толықтыруға, түзетуге мүмкіндік береді. 

Бірақ  ол  оқушының  білімінің  тереңдігін,  жан-жақтылығын  тексермейді  жəне 

ондай  сұрау  барысында  оқушының  кездейсоқ  сəтті  жауаптары  болып  қалуы 

мүмкін. 

Жазбаша  бақылау  (бақылау  жұмысы,  мазмұндама,  шығарма,  диктант, 

реферат)  оқушылардың  білім  деңгейін  терең  жəне  жан-жақты  тексеруді 

қамтамасыз  етеді.  Жазба  жұмыстарда  оқушы  өзінің  теориялық  білімдерімен 

қатар оларды нақты міндеттерді шешуде қолдану іскерліктерін көрсетуі керек.  

Практикалық  бақылау  əдістері  бейнелеу  өнері,  технология,  дене  тəрбиесі, 

математика,  физика,  химия  пəндері  сабақтарында  қолданылады.  Жоғары 

сыныптарда  лабораториялық    жұмыстар  орындалады.  Практикалық  бақылау 

əдістері  белгілі  бір  практикалық  жұмыс  іскерліктері  мен  дағдыларының 

қалыптасқандығын тексеру үшін қолданылады.  

Дидактикалық тест – оқушылардың белгілі бір оқу материалдарын меңгеру 

дəрежесін  анықтауға  арналған  стандарттандырылған  тапсырмалар  жиынтығы. 

Тестіге  қойылатын  талаптар:  валидтілігі,  сенімділігі  жəне  объективтілігі. 

Тесттің  валидтілігі  тест  құрастырушы    қандай  білімдерді  анықтауды  жəне 

өлшеуді  жоспарлады,  тесттің    соларды    өлшеуі.  Тесттің  сенімділігі  ұқсас 

жағдайларда 

бірдей 

нəтижелерді 



көрсетуімен 

анықталады. 

Дұрыс 

құрастырылған тест тапсырмалары бірнеше талаптарға сəйкес болуы керек: 



-  жауапқа көп уақытты қажет етпеуі; 

-  тапсырманың бір мəнді болуы, əртүрлі түсінуге мүмкіндік бермеуі; 

-  көпмəнді жауап құрастыру мүмкіндігін бермеуі; 

-  тапсырманың қысқа жауап беруді қажет етуі жəне т.б. 

Тесттерді  оқыту  мақсатына  сəйкес  ажыратуға  болады.  Оқыту  мақсатының 

төрт  таксономиялық  категорияларына  сəйкес  тесттің  төрт  түрі  бар.  Тесттің 

бірінші түрі оқушының фактілерді, түсініктерді, заңдарды, теорияларды білуін 

тексереді.  Екінші  түрі  игерілген  білімдер  негізіндегі  ойлау  операцияларын 

орындау іскерліктерін тексереді. Үшінші түрі оқығанға өзінше сынай баға беру 

іскерлігінің  қалыптасуын  тексереді.  Ал  төртінші  деңгейдегі  тапсырмалар 

оқушылардың  игерілген  білімдер  негізінде  жаңа  нақты    жағдайларды  шешу 

іскерліктерін тексереді. 

Білімдерді,  іскерліктерді  жəне  дағдыларды  бағалау  деп  оқушылардың 

оларды  меңгеру  деңгейлерін  оқу  бағдарламаларында  көрсетілген  эталондық 

көріністермен  салыстыруын  айтады.  Отандық  дидактикада  білімдерді, 

іскерліктерді жəне дағдыларды бағалаудың 4-баллдақ жүйесі қалыптасқан. 

«5» - толық меңгерген (үздік); 

«4» - жеткілікті меңгерген (жақсы); 

«3» - жеткіліксіз меңгерген (қанағаттанарлық); 

«2» – меңгермеген (қанағаттанарлықсыз). 

 


 

95

 



Білім қалыптасқандығының көрсеткіштері: 

-  түсініктерді меңгеруі; 

-  фактілерді меңгеруі; 

-  ғылыми проблематиканы меңгеруі; 

-  теорияны меңгеруі; 

-  заңдылықтар мен ережелерді меңгеруі; 

-  əдістер мен процедураларды меңгеруі. 

Іскерлік қалыптасқандығының көрсеткіштері: 

-  нақты əрекеттің алгоритмін құрастыру; 

-  практикалық əрекетті модельдеу; 

-  əрекеттер кешенін орындау; 

-  əрекетті орындау нəтижелерін талдау. 

Дағды  қалыптасқандығының  көрсеткіштері  іскерлік  көрсеткіштерімен 

сəйкес келеді. 

 

 

20-тарау.  Мектептің əдістемелік жұмысын жоспарлау 



 

20.1  Мектептегі  əдістемелік  жұмыс  педагогикалық  мəдениетті  арттыру 

факторы ретінде 

      Мұғалімнің  кəсіби  даярлығы  оқу  орны  қабырғасымен  шектеліп  қана 

қоймайды,  ол  оның  кəсіби  қызметінің  өне  бойында  жалғасады.  Мұғалімнің 

кəсіби  білімінің  үздіксіздігі  оның  шығармашылық  қабілеттерінің  жəне 

дамуының  алғышарттары  жəне  жеке  педагогикалық  тəжірибесінің  тұрақты 

өсуінің  шарттары  болып  табылады.  Егер  ол  іс-əрекеттің  белсенді  субъектісі 

ретінде  көрінсе,  егер  практикалық  жеке  тəжірибе  əлеуметтік  жəне  кəсіби 

тəжірибемен  біріктірілсе,  егер  ұжымда  жеке-шығармашылық  кəсіби  ізденістер 

ынталандырылса,  онда  мұғалімнің  кəсіби  шеберлігі  мен  педагогикалық 

мəдениеті жылдам өседі. 

Мұғалімдер  біліктілігін  арттыру  жоспарына  сəйкес  бес  жылда  бір  рет 

біліктілік көтеру институттарында арнайы курстардан өтеді. Тəжірибе көрсетіп 

отырғандай,  алынған  білімдер  мектеп  қабырғасында  тəжірибеден  өткізуді 

қажет  етеді.  Бұл  жағдайда  мектепте  арнайы  ұйымдастырылатын  əдістемелік 

жұмыс жүйесі көмекке келеді. 

Əдістемелік 

жұмыс 

педагогикалық 



іс-əрекеттің 

инновациялық 

бағыттылығын  қалыптастыру  үшін  ұйымдастыру  негізі  ретінде  қызмет  етеді. 

Саралау  негізінде əдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру бірқатар объективтік 

жəне  субъективтік  алғышарттармен  байланысты.  Бұл  ең  алдымен 

мұғалімдердің  өмірлік  жəне  кəсіби,  кəсіби  бағыттылығын,  тəжірибесі  мен 

кəсібилік  деңгейін  есепке  алу  қажеттілігіне  сəйкес  болады.  Сол  сияқты 

мұғалімдердің  ғылыми-əдістемелік  дайындығын  жетілдіру  жұмыстарының 

мотивациясын    есепке  алу,  яғни  өзінің  кəсіби  өсуіне  көзқарасын,  мотивін, 

бағаларын  айқындау  қажет.  Мектептің  оң  тəжірибесін,  əдістемелік 

қызметтердегі  оның  дəстүрлерін  сақтап,  дамыту  да  маңызды.  Осының  бəрі 


 

96

директордың  оқу-тəрбие  ісі  жөніндегі  орынбасарының  басқару  жəне 



жетекшілік ету объектісі болып табылады. 

Жалпы түрде мектептегі əдістемелік жұмыстың міндеттері: 

-  мектептің педагогикалық ұжымы іс-əрекетінде педагогикалық тəжірибені 

жүйелі  зерттеу,  қорыту  жəне  таратуда,  педагогика  ғылымының  жетістіктерін 

ендіру  жөніндегі  жұмыстарда  көрінетін  инновациялық  бағыттылықты 

қалыптастыру; 

-  мұғалімнің    теориялық    (пəндік)  жəне    психологиялық-педагогикалық 

даярлығы деңгейін арттыру; 

-  жаңа  білім  бағдарламаларын,  оқу  жоспарларының  түрлерін,  мемлекеттік 

білім  стандарттарына  енген  өзгерістерді  қарастыру,  зерттеу  жөніндегі 

жұмыстарды ұйымдастыру; 

-  оқыту    мен    тəрбиелеудің    жаңа    педагогикалық    технологияларымен, 

формаларымен жəне əдістерімен жұмыстар жүргізу; 

-  жаңа    нормативтік    құжаттарды,  нұсқау-əдістемелік  материалдарды 

талқылау бойынша жұмыстар ұйымдастыру; 

-  мұғалімдерге  диагностикалық  даралау  жəне  саралау  негізінде  ғылыми-

əдістемелік  көмек  көрсету  (жас  мұғалімдерге,  пəн  мұғалімдеріне,  сынып 

жетекшілеріне жəне тəрбиешілерге, жұмыста кейбір қиындықтар көріп жүрген 

мұғалімдерге, түрлі педагогикалық өтілді мұғалімдерге, т.б.); 

-  мұғалімдерге педагогикалық өзіндік білім жетілдіру мəселелері бойынша 

консультативтік көмек көрсету; 

-  жалпы кəсіби-педагогикалық мəдениет деңгейін көтеру. 

Мұғалімнің  əдістемелік  жұмысының  мазмұнын  кəсіби-педагогикалық 

мəдениеттің  құрамдас  бөліктері  негізінде  қарастырған  тиімді.  Олар: 

жалпымəдени  құрам;  методологиялық  жəне  зерттеу  мəдениеті;  кəсіби-

адамгершілік  жəне  қарым-қатынас  мəдениеті;  дидактикалық  жəне  тəрбиелік 

мəдениет; басқару мəдениеті.  

Мұғалімдердің  əдістемелік,  инновациялық  іс-əрекетке  қатысуы  жеке 

педагогикалық 

жүйенің, 

педагогикалық 

іс-əрекеттің 

жеке 

стилінің 



қалыптасуына  əсер    етеді.  Мектептегі  əдістемелік  жұмыс  нақты  мұғалімге, 

оның кəсіби өсуіне байланысты мəселелерді шешуге, педагогикалық ұжым, сол 

сияқты  жалпы  педагогикалық  қауымдастық  үшін  маңызды  педагогикалық 

құндылықтардың қалыптасуына негіз болады. 

Əдістемелік  жұмысты  ұйымдастыру  мектеп  типіне,  оның  орналасуына 

(қала,  ауыл),  мұғалім  мен  оқушы  санына  байланысты  айырмашылығы  болуы 

мүмкін.  

20.2 Əдістемелік жұмысты ұйымдастырудың негізгі формалары 

   Мектепте  əдістемелік  жұмысты  ұйымдастырудың  формалары  əр  түрлі 

факторларға байланысты өзгеріске түседі, жаңаланады. Негізгі факторлар: 

       -  білім саласындағы мемлекеттік саясат, заңдық актілер мен құжаттар; 

     -  тұлғалық  жəне  кəсіби-əрекеттік    көрсеткіштерді    диагностикалық    өлшеу 

процесінде  анықталған  мұғалімдердің  педагогикалық  мəдениетінің  деңгейі, 

олардың əдістемелік сауаттылығы; 



 

97

  -  ұжымдағы  моральдық-психологиялық  климат,  əдістемелік  жұмысты 



жүргізудің материалдық-техникалық мүмкіндіктері; 

     -  мектеп  ұжымындағы,  мұғалімдер  арасындағы,  мұғалімдер  мен 

оқушылар, мұғалімдер мен басшылар арасындағы нақты ситуация.  

  Көптеген  мектептерде  басшылар  немесе  педагогтардың  ұсынысымен 

əдістемелік  жұмыстың  ұйымдық  үйлестіру  органы - əдістемелік  кеңестер 

құрылады.  Мектеп  жəне  педагогикалық  кеңестен  ерекшелігі - əдістемелік 

кеңестің  функциясы - əр  мұғалімнің  педагогикалық  қызметінің  ғылыми-

əдістемелік  деңгейін  арттыру.  Кеңес  жұмысы  оның  басшысы  мен  құрамына 

байланысты.  Əдістемелік  кеңеске  оқытудың  түрлі  сатысы  мен  түрлі  бейінді 

пəндерді  оқытатын  тəжірибелі  мұғалімдер  кіреді.  Кеңеске  директордың  оқу-

тəрбие немесе ғылым ісі жөніндегі орынбасары жетекшілік етеді. 

Əдістемелік  кеңес  мұғалімдердің  педагогикалық  біліктілігін  арттырудың 

тактикасы  мен  стратегиясын  жасайды,  бірлестік,  комиссиялар  жұмысы 

жоспарларын  талқылайды,  мектептегі  əдістемелік  жұмыстың  бағдарламасын 

жасайды. 

Əдістемелік  жұмыстың  кең  таралған  түрі – мұғалімдердің  пəндік 



əдістемелік бірлестіктері. Оның жұмысының мазмұны: оқу-тəрбие жұмыстары 

мен  оқушылардың  білім  сапасын  арттыру,  тəжірибе  алмасуды  ұйымдастыру, 

алдыңғы  қатарлы  педагогикалық  тəжірибе  мен  ғылым  жетістіктерін  енгізу, 

жаңа  бағдарламалар  мен  оқулықтардың  қиын  тақырыптарын  талдау,  білім 

бағдарламалары мен оқулықтарының жаңа варианттарын талқылайды, олармен 

жұмыстың  қорытындысын  шығарады.  Бірлестік  жұмысы  арнайы  құрылып, 

бекітілген жоспар бойынша жүргізіледі. 

Əдістемелік жұмыстың тағы бір тиімді формасы – проблемалық семинарлар 



мен  практикумдар  болып  табылады.  Олар  мұғалімдердің  теориялық  жəне 

практикалық  даярлығының  бірлігін  қамтамасыз  етуге  бағытталған.  Семинар 

жұмысының мазмұны қазіргі педагогикалық теориялар болуы мүмкін.  

Əдістемелік  жұмыс  жүйесіндегі  практикалық  жұмыстар  түрлері:  іскер, 

рольдік  ойындар,  практикум-ойындар,  ұйымдық-əрекеттік  ойындар,  түрлі 

тренингтер.  Семинарлар  мен  практикумдар  жүргізу  үшін  білікті  басшылық, 

жан-жақты дайындық болу керек. 

Əдістемелік  жұмыс  формасы  ретінде  алдыңғы  қатарлы  тəжірибе 



мектебінің  мақсаты – жеке  жəне  ұжымдық  тəлімгерлікті  жүзеге  асыру. 

Тəжірибе мектебінің негізгі қызметі – тəжірибелі мұғалімнің əдістемелік көмек 

керек ететін екі-үш  мұғаліммен жұмыс жасауы. Бұл мектептің құрылуы, оның 

жұмыс барысы еріктілік түрінде жүргізіледі. 

Алдыңғы  қатарлы  тəжірибе  мектебінің  құрылымы  ретінде  немесе  жеке 

құрылым  ретінде  мектепте  жас  мұғалім  мектебі  құрылуы  мүмкін.  Мектептің 

жұмысты  жаңа  бастаған  мұғалімдері  тəжірибелі  мұғалім  немесе  мектеп 

басшыларының  жетекшілігімен  бірігіп,  жоспар  бойынша  жұмыс  жасайды. 

Жоспарға сабақ пен сыныптан тыс жұмыстың мақсатын қоюдың техникасы мен 

əдістемесі,  сынып  жетекшісі  жұмысын  жоспарлау  ерекшеліктері,  сынып 

ұжымының  тəрбиелік  деңгейін  есептеу,  т.б.  мəселелер  енгізіледі.  Жас 

мұғалімдердің  тəжірибелі  педагогтардың  басшылығымен  қарым-қатынас 



 

98

жасасуы  кəсіби  тұрақтылықтың  дамуына,  тұлғаның  шығармашылық  дамуына 



əсер етеді. 

Мектептердің  эксперимент  жұмыстарына  кеңінен  тартылуына  байланысты 



проблемалық  (инновациялық)  топтардың  құрылуы  əдістемелік  жұмыстың 

формасы  ретінде  көрініп  жүр.  Мұндай  топ  тəжірибелік-эксперименталдық 

жұмыстың концепциясын жүзеге асыруға, мектептегі жəне мектептен тыс озық 

тəжірибелерді таратуға, насихаттауға байланысты жұмыстар атқарады. 

Əдістемелік  жұмыстың  ұжымдық  формасы – педұжымның  таңдалған 

ғылыми-əдістемелік тақырып бойынша жұмыс жасап, ізденуі. Тақырып нақты 

мектептің  нақты  мақсаты,  мазмұнына  сəйкес  құрылып,  педагогикалық  ұжым 

мүшелері тартылады. Тақырып ұзақ уақытқа (бес жылға) жоспарлануы мүмкін. 

Ғылыми-педагогикалық  конференциялар,  педагогикалық  оқулар,  жекелеген 

мұғалімдердің  немесе  əдістемелік  бірлестіктердің  шығармашылық  есептері 

əдістемелік жұмыстың қорытындылау формалары болып табылады. Мақсаты – 

белгілі бір мерзімде, жоспарланған жұмыс түрін қорыту. 

Əдістемелік  жұмысты  ұйымдастырудың  формаларының  тиімділігі  оған 

деген  ұжымның  құлшынысына,  қызығушылығына  жəне  мүмкіндіктеріне 

тəуелді. 



 20.3  Мұғалімнің өзіндік білімін жетілдіруі 

      Мұғалімнің  əдістемелік  жұмыстың  қай  түрін  таңдаса  да  жұмыс  нəтижесі 

ақыр соңында мұғалімнің өзіндік жұмысының нəтижесімен, оның өзіндік білім 

жетілдіруі  деңгейімен  анықталады.  Үздіксіз  білім  идеясы  тек  ЖОО – БЖИ 

(білім  жетілдіру  институты) – семинарлар,  курстар  формаларында  қалып 

қоймай,  олардың  арасындағы,  кəсіби  қызметтің  өне  бойында  жалғасып 

отырады.  Өзіндік  білім  жетілдіру  сана  дамуының  жоғары  деңгейіне,  өзін-өзі 

жетілдіруге  жəне  шығармашылық  бағыттылыққа  қажеттілікке  негізделеді. 

Ересек адамның өзіндік білімін жетілдіруі оның өз ісі, дегенмен оны тəжірибелі 

мұғалімдер, əкімшілік тарапынан соған итермелеуге болады. 

Мұғалімнің  педагогикалық  өзіндік  білімін  жетілдіруі  педагогикалық 

құндылықтар,  технологиялар,  шығармашылық  жүйелерін  өз  бетімен  меңгеруі 

негізінде жүреді. Оның мазмұнын психологиялық-педагогикалық жəне арнайы 

білімдер,  педагог  еңбегін  ғылыми  ұйымдастырудың  негіздерін  меңгеру, 

педагогикалық іс-əрекетке бағытталған жалпы мəдениет құрайды. 

Мұғалімге  өзіндік  жұмысын  ұйымдастыруға  нақты  көмек  көрсету  үшін 

тұлғаның  кəсіби  іс-əрекет  саласындағы  сұраныстарын,  қажеттілігін, 

қызығушылықтарын  білу  қажет.  Мектепте  арнайы  ұйымдастырылған 

əдістемелік  жұмыс  мұғалімдердің  жекелік  қажеттіліктерін  есепке  ала  отырып 

жоспарлануы керек.  

Өзіндік  білім  жетілдірудің  ауқымы  кең,  дегенмен,  негізгі  көңіл  қазіргі 

мектепте  көкейкесті  болып  тұрған  мəселелерді  оқып-үйренуге  бөлінуі  керек. 

Мұндай  мəселелер  қатарына  педагогикалық  қарым-қатынасты  даралап  жəне 

саралап  оқыту,  дамыта  оқыту,  модульдік  оқыту,  жаңа  типті  мектептердегі 

оқыту 

ерекшеліктерін 



жатқызуға 

болады. 


Оқушылардың 

ғылыми 


дүниетанымын  қалыптастыру,  олардың  рухани  мəдениеті,  азаматтық  тəрбие, 

т.б. мəселелер блогы маңызды болып есептеледі.  



 

99

ƏДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 



 

1.  Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы. -  А.: 1999ж. 

2.  ҚР  «Білім туралы» заңы. - Алматы, 2006. 

3.  Абай «Қара сөздері» - А.: 1993. 

4.  Назарбаев Н.А. Казахстанский путь. – А.: 2007. 

5.  Измаилов В. Халық педагогикасы: – М.: 1991. 

6.  Журавлев И. Педагогика в системе наук о человеке. – М.: 1990. 

7.  Жарикбаев К., Калиев С. Антология педагогической мысли  Казахстана. – 

Алматы, 1995. 

8.  Жумабаев М. Педагогика. – Алматы, 1992. 

9.  Ильин Е.  Искусство обучения. – М.: 1982. 

10.  Гусинский Э. Введение в философию образования. – М., 2000. 

11.  Кожахметова      К. Казахская     этнопедагогика:    методология,   теория, 

практика. – Алматы, 1998. 

12.  Узакбаева  С. Концепция  этнопедагогического  образования  студентов 

высшей школы. – Алматы, 1998.  

13.  Калыбекова  А.А.  Об  опыте  организации   научно-исследовательской 

работы  студента //Сб.  мат.  Межд.  Научно-практ.  конференции 

«Организационные,  экономические  и  социальные  проблемы  управления 

высшим учебным заведением» - Пенза: ПДЗ. – 2004. 

14.  Подласный И. Педагогика. Новый курс. – М.: 2003. 

15.  Педагогика. Дəріс курсы. -  А.: 2003ж. 

16. Сарбасова К.А., Шаушекова Б.К. Педагогика негіздері. -  Қ.: 2004 

17.  Сластенин Б.А. Педагогика. -  М.: 2002 

18.  Сластенин Б.А. Педагогика. - М. . 2002 

19.  Лихачев Б.Т. Педагогика. М., 1996 

20.  Козыбаев М., Аргынбаев Х. Қазақтар. – Алматы, 1995.  

21.  Хозяинов Г. Педагогическое мастерство преподавателя. – М.: 1988. 

22.  Педагогика и психология высшей школы. – Ростов-на-Дону, 1998. 

23.  Соловейчик С. Педагогика для всех. – М.: 1987. 

24.  Коменский  Я.А.  Избранные  педагогические  сочинения:  в  2-х т. – М.: 

1982.  


25.  Калыбекова А.  Қазақ  халық  педагогикасы теориялық негізгі. – Алматы, 

2005. 


26.  Харламов  И. Ф. «Педагогика». - М.: 1996 

     27. Бержанов К., Мусин С. Педагогика тарихы. - Мектеп, 1986 

     28. Иманбекова М.И. Педагогика тарихы. - Қарағанады, 1994 

 


 

10

 



 

 

 



 

 

 



Оқу басылымы 

 

 



 

 

 



Құсайнова Маржангул Амантаевна,  

Баймуханова Алия Маратовна 

 

 



 

ЖАЛПЫ ПЕДАГОГИКА 

 

 



 

 

 



 

 

 



Редакторы: Жақыпханова Г.Қ. 

 

 



 

 

 



 

 

 



31.03.2004 ж. берілген №50 мемлекеттік баспа лицензиясы 

Басуға қол қойылды Пішімі 60х90/16. 

 Есептік баспа табағы Таралымы  дана.Тапсырыс 

ҚарМТУ баспасы, 100027. Қарағанды, Бейбітшілік бульвары, 56.



 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет