Жалпы педагогика


 Білім берудің мемлекеттік стандарттары



Pdf көрінісі
бет11/12
Дата27.11.2019
өлшемі0,67 Mb.
#52450
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
posobie zhalpy pedagogika
b77ade1b-644c-11e4-afee-f6d299da70eeУМКД 01

17.3  Білім берудің мемлекеттік стандарттары  

Білім саласындағы маңызды құжаттардың бірі - білім берудің мемлекеттік  



стандарттары.  Олардың  негізінде  жалпы  білім  беретін  бағдарламалар  жəне 

кəсіптік бағдарламалар жасалынады. 

Білім  берудің  мемлекеттік  стандарттарының  маңызды  функциялары 

азаматтардың  толық  білім  алуын  қамтамасыз  ету,  республикадағы  білім 

кеңістігінің бірлігін сақтау, білім беруді жəне оны басқаруды гуманизациялау. 

Білім  берудің  мемлекеттік  стандарттары  келесі  талаптарға  сəйкес  болуы 

керек: 

-  мүдделі  жақтардың  жалпымəдени  орта  жағдайын,  қажеттіліктері  мен 



мүмкіндіктерін ескеру; 

-  алынатын нəтиженің нормалауға бағытталуы; 

-  білім    берудің  салалары    мен  деңгейлері    бойынша    стандарттардың 

сабақтастығын жəне келісімділігін сақтау; 

-  мектептің əр сатысының ерекшеліктерін ескере отырып тұлғаны дамыту 

міндеттеріне  сəйкес  білім  мазмұнының  функционалдық  толықтығын 

қамтамасыз ету; 

-  білім мазмұнының бірліктерін оптималды формада сипаттау; 

-  оқушы    тұлғасын,  оның      қабілеттерін,   бейімділіктерін      жəне 

қызығушылықтарын  басымды  негізге  алатын  келісілген  іс-əрекеттері  болатын  

мемлекеттің, аймақтың, мектептің құзыреті мен мүдделерінің мазмұнын ашу; 

-  оқушылардың оқу жүктемесін реттеуге ықпал ету; 

-  технологиялылығы, инстументалдық тексеру мүмкінділігі ескерілуі. 

Білім    стандарттары  негізінде  оқу  жоспарлары  мен  оқу  бағдарламалары 

жасалынады. 

17.4 ҚР білім жүйесінің даму тенденциялары 

Қазақстанның  білім  беру  жүйесін  дамыту  бүкіл  əлемде  жүріп  жатқан 

өзгерістерді  ескеруді  қажет  етеді.  Болашақта  əлемнің  дамыған  елдерінің 

экономикалық  саласында  халықтың  тек 5% ауылшаруашылығында  жəне 10% 

өнеркəсіпте  жұмыс  істемекші.  Қалғандары  білім  мен  ғылым,  басқару,  қызмет 

көрсету,  транспорт  салаларында  жұмыс  істейтін  болады  деп  жоспарлануда. 



 

86

Сондықтан  əлемде  жүріп  жатқан  жаһандық  өзгерістер  білім  саласын 



реформалауда міндетті түрде ескерілуі керек. 

 2004  жылы  бекітілген  «Қазақстан  Республикасында  білім  беруді 

дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында» білім 

жүйесін дамытудың негізгі бағыттары анықталған.  

Қазіргі  кезде  Қазақстан  білім  жүйесінде  оның  əлемдік  білім  кеңістігіне 

енуіне  кедергі  жасайтын  ескірген  əдіснамалық  негіз  қалып  отыр.  Білім  беру 

мазмұнының  фактологиялық  сипаты  оқитындарды  қоғам  өміріне  құзіретті, 

жауапты  əрі  шығармашылық  тұрғыдан  іс-əрекет  ететін  белсенді  тұлғаны 

қалыптастыруға мүмкіндік бермейді. 

Қазақстан 

Республикасының 

білім 


жүйесін 

дамытудың 

келесі 

тенденцияларын көрсетуге болады: 



-  білім беру философиясын жаңарту, оны бірінші кезекте адамға бағыттау; 

-  оқыту ақпараттандыру жəне оқытудың жаңа технологияларын енгізу; 

-  білім берудің мемлекеттік стандарттарын жетілдіру; 

-  білім беруді идеологияландырусыз; 

-  білім беру мен ғылым интеграциясы жəне т.б. 

«Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға 

арналған  Мемлекеттік  бағдарламасы»  бойынша  орта  білім  жүйесінде  үш 

сатылы 12-жылдық оқытуға көшу жоспарланып отыр: 

1-ші саты – жалпы бастауыш білім беру (1-4 сыныптар); 

2-ші саты – негізгі жалпы білім беру, ұзақтығы  6 жыл (5-10 сыныптар); 

3-ші саты –жалпы  орта білім беру, бейінді оқыту, ұзақтығы  2 жыл (11-12 

сыныптар).  Жалпы  орта  білім  берудің 3-ші  сатысының  бағдарламалары  білі 

берудің  мазмұнын  саралау,  ықпалдастыру  жəне  кəсібилендіру  негізінде  іске 

асырылатын болады. 

Сонымен,  Қазақстан  Республикасында  білім  беруді  дамыту  əлемдегі  білім 

жүйесіндегі  өзгерістерді,  еліміздің  əлеуметтік-экономикалық  дамуын,  əлемдік 

білім жүйесіне кіру мүмкіндіктерін ескере отырып іске асырылмақшы. 

 

18-тарау. Мектептің оқу-тəрбие процесін ұйымдастырушылық-əдістемелік 



басқару 

 

18.1 Халыққа білім беру жүйесін басқарудың мемлекеттік-қоғамдық 



жүйесі 

Жалпы  басқару  дегеніміз – қойылған  мақсатқа  сəйкес  шешімдер 

қабылдау,  басқару  объектісін  ұйымдастыру,  бақылау,  реттеу,  нақты  ақпаратқа 

сүйене  отырып  талдау  жəне  қорытынды  шығару.  Білім  беру  жүйесін 

мемлекеттік басқару субъектісі болып Білім жəне ғылым министрлігі, облыстық 

білім департаменттері, қалалық, аудандық білім бөлімдері табылады.  

Жалпы  білім  беретін  мектеп  күрделі  əлеуметтік  жүйе  ретінде 

мектепішілік  басқарудың  объектісі  болып  табылады.  Мектепішілік  басқару  – 

тұтас  педагогикалық  процеске  қатысушылардың  қажет  нəтижені  алуға 

бағытталған,  оның  объективтік  заңдылықтарын  тану  негізіндегі  мақсатты 

саналы  өзара  іс-əрекеті.  Процеске  қатысушылардың  өзара  іс-əрекеті  кезекпен, 


 

87

өзара байланысқан əрекеттердің немесе функциялардың (педагогикалық талдау, 



мақсат  қою  жəне  жоспарлау,  ұйымдастыру,  бақылау,  реттеу)  тізбегі  ретінде 

құралады. 

Мектепішілік  бақылау  туралы  дəстүрлі  түсінік  басқару  субъектісінің 

объектіге  мақсатты  əсер  етуі  ретінде  қалыптасқан.  Кейінгі  уақытта  əсер  ету 

философиясының  орнына  өзара  əсер  ету,  өзара  əрекет,  ынтымақтастық 

философиясы  келді.  Педагогикалық  менеджмент  теориясы  оны  толықтыра 

түседі. 

Менеджмент – басқарушының  əлеуметтік  мəнін,  басқару  мен 

менеджерліктің қоғамдағы орнын ерекшелендіріп көрсететін басқарудың жаңа 

философиясы

 (Ю.А. Конаржевский).   

Қазіргі  жүйе  дамуының  негізгі  ерекшелігінің  бірі – білім  беру  жүйесін 

мемлекеттік  басқарудан  мемлекеттік-қоғамдық  басқаруға  өту.  Оның  негізгі 

идеясы – білім  проблемаларын  шешуде  мемлекет  пен  қоғамның  күшін 

біріктіру,  мұғалімдерге,  оқушыларға,  ата-аналарға  оқу  процесінің  мазмұнын, 

ұйымдастыру  формалары  мен  əдістерін,  мектеп  типтерін  таңдауда  еркіндік 

беру.  Білім  жүйесінің  мемлекеттік  сипаты  ҚР  Конституциясы  мен  «Білім 

туралы» Заңында көрсетілген білім саласындағы бірегей мемлекеттік саясаттан 

көрінеді. Ол мына принциптердің жиынтығы арқылы бекітілген: 

-  білімнің жалпыға бірдей қолжетімділігі; 

-  білімнің зайырлық сипаты; 

-  білімнің гуманистік сипаты, жалпы адамзаттық құндылықтардың, адам 

өмірі мен денсаулығының, тұлғаның еркін дамуының басымдығы; 

-  ұлттық, мəдени жəне білім кеңістіктерінің бірлігі. 

-  білім жүйесін басқарудың демократиялық, мемлекеттік-қоғамдық  

сипаты. 


Білім  беру  жүйесін  басқару  органдары  сол  сияқты  мемлекеттік  білім 

стандарттарын құрып, оның сақталуын бақылауды жүзеге асырады.  

Басқару  жүйесінің  қоғамдық  сипаты  мемлекеттік  органдармен  қатар 

құрамына  ата-аналар,  мұғалімдер,  оқушылар  өкілдері  кіретін  түрлі  деңгейдегі 

қоғамдық  органдардың  жұмыс  істеуінен  байқалады.  Олардың  басқару 

процесіне  қатысуы  мектеп  ұжымында  жағымды  психологиялық  климат  пен 

шығармашылық жағдай туғызуға себеп болады. 

18.2 Педагогикалық жүйелерді басқарудың принциптері 

          Педагогикалық жүйелерді басқару теориясы мен практикасында бірқатар 

төмендегі негізгі принциптер бөліп көрсетіледі: 

1)  Педагогикалық  жүйелерді  басқаруды  демократияландыру  жəне 

ізгілендіру.  Ол  ең  алдымен  жариялылық,  мектепті  басқарудағы  жариялылық 

ақпараттың  ашықтығы  мен  қолжетімдігіне  байланысты.  Əкімшіліктің  жүйелі 

есеп  беруі,  мұғалімдердің,  оқушылардың  шешім  қабылдауға  қатысуы 

демократияландырудың көріністері болып табылады. 

Субъект-субъектілік  қатынастардың  қалыптасуы,  монологтан  диалогқа 

өту – педагогикалық  процесті  ізгілендірудің  нақты  формалары  болып 

табылады.  Басқаруды  ізгілендіру – бұл  тұлғаға  бағытталу,  адамның 

адамгершілік сапасын құрметтеу жəне оған сенім білдіру. 



 

88

2)  Басқарудағы  жүйелілік  пен  тұтастық.  Мектепті  басқарудағы 

жүйелілік  əдіснамасы  басқарушыға  мектепті  жүйе  ретінде,  оның  негізгі 

белгілерін терең білуге итермелейді. «Жүйе» түсінігі тұтастық, оның жекелеген 

бөліктерін  немесе  компоненттерін  жіктеу  мүмкіндігі  туралы  ұғым  береді. 

Интегративтік қасиеттердің тұрақтылығы жүйенің тұтастығымен анықталады.  

Басқарудағы  жүйелілік  пен  тұтастық  сонымен  бірге  басқарушы  мен 

педагогикалық  ұжым  іс-əрекетіндегі  басқарушылық  функциялардың  өзара 

байланысы  мен  өзара  əрекетін  білдіреді.  Бұл  принцип  басқару  іс-əрекетінің 

тізбекті,  логикалық  құрылымды,  өзара  пайдалы  жəне  оның  барлық 

функцияларының тең дəрежеде маңызды екенін көрсетеді. 

3)  Орталықтандыру  мен  орталықсыздандырудың  тиімді  үйлесуі. 

Мектеп  пен  педагогика  тарихы  шектен  тыс  орталықтандырудың  басқаруды 

əкімшілдікке  ұрындыратынын  айқын  көрсетті.  Ол  төмен  сатыдағылардың 

инициативасын  іске  асыруды  шектейді,  олар  (төмен  сатыдағы  басшылар, 

мұғалімдер,  оқушылар)  өздерінің  қатысуынсыз  қабылданған  шешімдердің 

орындаушысы 

болып 

қалады. 


Сол 

сияқты 


біржақты 

жүргізілген 

орталықсыздандыру 

да 


педагогикалық 

жүйе 


қызметінің 

тиімділігін 

төмендетеді, басқарудың жəне басшының ролін төмендетіп, оның талдау жəне 

бақылау функцияларын жоғалтуға алып келеді. Тəжірибе көрсетіп отырғандай, 

«демократия  ойыны»  ұжымның  іс-əрекетінде  тоқыраулар  тудырып,  онда 

түсінбеушіліктер  мен  қақтығыстар  пайда  болады,  əкімшілік  жəне  қоғамдық 

органдардың қарсы тұруын туындатады. 

Сондықтан  тек  орталықтандыру  мен  орталықсыздандырудың  үйлесуі 

ғана  əкімшілік  пен  басқа  органдардың  ұжым  мүддесіне  сəйкес  қызмет  етуін 

қамтамасыз  етеді,  басқару  шешімдерін  жоғары  кəсіби  деңгейде  талқылау  мен 

қабылдауға  жағдай  туғызады,  қайталауды  болдырмайды  жəне  жүйенің 

құрылымдық бөліктерінің үйлесімділігін көтереді. 



4)  Басқарудағы  бір  бастаулық  (единоначалие)  пен  коллегиалдықтың 

бірлігі  принципі.  Бұл  принципті  іске  асыру  тұтас  педагогикалық  процесті 

басқаруда субъективтілікті, авторитаризмді болдырмауға бағытталған. Басқару 

іс-əрекетінде  əріптестердің  тəжірибесі  мен  біліміне  сүйену,  оларды  шешімдер 

даярлау  мен  талқылауға  бағыттау,  əртүрлі  көзқарастарды  салыстыру,  оларды 

талдау  жəне  қажетті  шешім  қабылдау  өте  маңызды.  Коллегиалдық  сонымен 

бірге  ұжымның  əр  мүшесінің  тапсырылған  іске  жауапкершілігін  жоққа 

шығармайды.  

Басқарудағы  бір  бастаулық  (единоначалие)  тəртіпті,  педпроцеске 

қатысушылардың  міндеттерін  нақты  бөлуді  қамтамасыз  етеді.  Егер 

коллегиалдық  шешімді  даярлау  жəне  талқылау,  қабылдау  сатысында 

басымдыққа  ие  болатын  болса,  онда  бір  бастаулық  оны  жүзеге  асыруда  өте 

қажет. 


5)  Білім  беру  жүйелерін  басқарудағы  ақпараттың  объективтілігі  мен 

толықтығы  принципі.  Педагогикалық  жүйелерді  басқарудың  тиімділігі  көп 

жағдайда  нақты,  шыншыл  жəне  қажетті  ақпараттың  болуымен  анықталады. 

Ақпараттың объективтілігі мен толықтығы дəлсіздікке, таңдаудағы, талдаудағы 

жəне қорытудағы үстірттікке қарсы тұрады. Дегенмен, ақпараттың көптігі жəне 



 

89

ретсіздігі  оның  мүлде  жоқтығы  тəрізді  шешімдер  қабылдауда  қиындық 



келтіреді. 

  Ақпараттық 

мəліметтер 

банктерін, 

оларды 

оперативті 



пайдалану 

технологияларын  құру  басқару  еңбегінің  ғылыми  ұйымдастырылуының 

деңгейін көтереді. 

18.3 Мектепішілік басқарудың негізгі функциялары 

  

Білім  беру  жүйесі  басшысының  басқарушылық  мəдениеті  мектеп 



басқарудағы  құндылықтар  мен  технологияларды  меңгеруге,  жеткізуге  жəне 

құруға  бағытталған  басқару  іс-əрекеттерінде  басқарушы  тұлғасының 

шығармашылық  тұрғыдан  өзін  көрсетуінің  тəсілдері  мен  шараларын  айтамыз. 

Басқару  мəдениеттерінің  компоненттері – аксиологиялық  (басқаруда  мəні  бар 

басқару-педагогикалық 

құндылықтар 

жиынтығы), 

технологиялық 

(педагогикалық  процесті  басқарудың  тəсілдері  мен  əдістері)  жəне  тұлғалық-

шығармашылық (педагогикалық жүйені басқаруды шығармашылық акт ретінде 

қарастыру). 

Оқу  мекемесін  басқаруды  директор  мен  оның  орынбасарлары  жүзеге 

асырады,  олардың  функциональдық  міндеттері,  тағайындау  немесе  сайлау 

тəртібі мекеме Жарғысына сəйкес жоғары тұрған органдармен келісімде жүзеге 

асады.  Олардың  функциональдық  міндеттері  жалпылама  түрде  Білім  жəне 

ғылым министрлігі бекіткен типтік ережелерде көрініс тапқан, соған сəйкес əр 

мекеме тиісті құжаттар даярлайды. 

Жалпы  білім  беретін  мектептерде  директордың  оқу-тəрбие  жəне  тəрбие, 

шаруашылық  ісі жөніндегі орынбасарлары болады, инновациялық мектептерде 

сонымен  қоса  ғылым  ісі  жөніндегі  орынбасар  жəне  менеджер-ақпаратшы 

штаттары болады. 

Директор  мемлекет  жəне  қоғам  алдында  балалардың  өмірі  мен 

денсаулығын  сақтау  талаптарының  орындалысына  жауап  береді,  оқу-тəрбие 

процесін  жоспарлайды  жəне  ұйымдастырады,  оның  барысы  мен  нəтижесін 

бақылайды,  оқу  мекемесінің  жұмыс  сапасы  мен  тиімділігіне  жауап  береді, 

тиісті  мемлекет  органдары  алдында  мекеме  атынан  сөйлейді,  сыныптан  тыс 

жəне  мектептен  тыс  жұмыстарды  жүргізуге  қажетті  жағдай  жасайды,  кадр 

мəселесін  шешеді,  мекемеге  бөлінген  қаржыны  тиімді  пайдалануды 

ұйымдастырады, мекеменің қаржылық, шаруашылық жағдайына жауап береді. 

Директордың  оқу-тəрбие  ісі  жөніндегі  орынбасарлары  педагогикалық 

үрдісті  ұйымдастыруға,  білім  бағдарламалары  мен  мемлекеттік  білім 

стандарттарының  орындалуына  жауап  береді;  оқушылардың  білім  сапасына, 

мұғалімдердің  əдістемелік  жұмыстарына  бақылау  жасайды;  педагогикалық 

жүктемені  бөліп,  сабақ  кестесін  құрады,  əдістемелік  жұмыстарды 

ұйымдастырады, т.с.с.  

Директордың  тəрбие  ісі  жөніндегі  орынбасары  тəрбие  процесінің 

жүргізілуіне жауап береді. 

Ғылым  ісі  жөніндегі  орынбасар  ғылыми  жұмыстардың  (мұғалімдер  мен 

оқушылардың)  жүргізілуіне,  инновациялардың  енгізілуіне,  эксперимент 

жұмыстарына, ЖОО-мен байланысқа жауап береді. 



 

90

Директордың  басқару  іс-əрекетінің  тиімділігі  көбіне  мектеп  əкімшілігі 



мүшелерінің  құқықтары  мен  міндеттерінің  нақты  көрсетіліп,  міндеттер 

бөлісудің  ашықтығынан  тəуелді  болады.  Қажеттілікке  байланысты  мектеп 

директоры  нұсқаулық  немесе  оперативті  кеңестер  өткізеді,  жоспарға  сəйкес 

директор жанындағы мəжіліс, педагогикалық кеңестерді жүргізеді. 

         Тұтас педагогикалық процесті басқарудың бір функциясы – педагогикалық 

талдау  (анализ).  Ол  ерекше  орын  алады:  кез  келген  цикл  талдаудан  басталып,     

талдаумен    аяқталады.   Оның    бірнеше    түрі     бар (Ю.А. Конаржевский, 

Т.И.  Шамова):  параметрлік  талдау  (білім  процесінің  барысы  мен  нəтижелері 

туралы  күнделікті  ақпараттарды  зерттеуге,  оны  бұзатын  себептерді  анықтауға 

бағытталған),  тақырыптық  талдау  (педагогикалық  процестегі  тұрақты, 

қайталанатын тəуелділіктерді, тенденцияларды қарастыру), қорытынды талдау 

(кең  уақыттық,  кеңістіктік  жəне  мазмұндық  шектерді  қамтиды,  тоқсан,  оқу 

жылының аяғында жүргізіледі). 

Басқарудың келесі функциясы – мақсат қою жəне жоспарлау. Кез келген 

педагогикалық  жүйені  басқару  процесі  мақсатсыз  жəне  жоспарлаусыз  жүзеге 

асырылмайды. Оны жетілдіру педагогикалық жүйенің үздіксіз даму қажеттігіне 

байланысты.  

Басқару  іс-əрекетінің  мақсаты – жұмыстың  жалпы  бағытын,  мазмұнын, 

формалары мен əдістерін анықтайтын бастау. Жоспарлау педагогикалық талдау 

негізінде  мақсатқа  байланысты  шешімдер  қабылдау  ретінде  қызмет  етеді,  ол 

перспективалық  (бес  жылға),  жылдық  (оқу  жылына  арналған),  ағымдағы 

(тоқсандық) түрде болуы мүмкін. Олар бір-бірінен шығады. 

Жылдық  жоспардың  мазмұны: 1) өткен  оқу  жылының  қысқаша  талдауы; 

2) жалпыға бірдей білім беруді жүзеге асыру; 3) педұжымның оқыту процесінің 

сапасын  арттыруға  бағытталған  іс-əрекеті; 4) тəрбиеге  байланысты  мектептің, 

жанұяның,  қоғамның,  еңбек  ұжымдарының  біріккен  жұмысы; 5) педагог 

кадрлармен  жұмыс; 6) мектепішілік  бақылаудың  жүйесі; 7) мектептің  оқу-

материалдық  базасын  нығайту; 8) ұйымдық-педагогтық  шаралар.  Жоспарлау 

функциясын  бірегей  басқарушылық  циклде  жүзеге  асыру  мектеп  іс-əрекетінің 

тиімділігін жоғарылатады. 

Мектепті  басқарудағы  ұйымдастыру  функциясы  жүйенің  қозғалысы, 

оның компоненттерінің оптимальды өзара əрекеттесуі үшін қажет. 

Мектептегі  басқару  əрекетінің  ұйымдық  формалары:  педагогикалық 

кеңес,  директор  жанындағы  отырыс,  директор  орынбасарлары  жанындағы 

отырыстар,  оперативті  ақпараттық  отырыстар,  оқушылар,  ата-аналар  комитеті 

отырыстары. 



Мектепішілік  бақылау  функциясы  күрделі  мəселенің  бірі.  Бақылау 

басқару  циклінің  барлық  функцияларымен  тығыз  байланысты.  Мектепішілік 

бақылау  функциясының  ерекшелігі – оның  мұғалім  тұлғасына  əсер  етуінде. 

Егер бұл жас мұғалім болса, оның шығармашылық қалыптасуына əсер етеді, ал 

тəжірибелі,  шығармашылықпен  жұмыс  істейтін  мұғалімнің  кəсіби  позициясы 

мен беделіне əсер етеді. 

Мектепішілік бақылауға бірнеше жалпы талаптар қойылады: жүйелілік – 

мектепте бақылау жүйесінің болуы, бақылауды жүйелі жүргізу; объективтілік – 



 

91

педагогтың  немесе  ұжымның  іс-əрекетін  қалыптасқан  критерийлер  негізінде 



мемлекеттік  стандарт  пен  білім  бағдарламалары  талаптарына  сəйкес  тексеру; 

əсерлілік – тексеру нəтижесі позитивтік өзгерістерге, анықталған кемшіліктерді 

жоюға  алып  келуі  керек;  тексерушінің  құзырлылығы – тексеру  пəнін  білуі, 

жұмыстың  жетістіктері  мен  кемшіліктерін  көре  білу,  тексеру  нəтижелерінің 

дамуын болжай алу. Т.И. Шамова бақылаудың екі түрін жіктейді: тақырыптық 

(нақты  мəселені  терең  бақылауға  бағытталған)  жəне  фронтальдық 

(педұжымның,  əдістемелік  бірлестіктің  немесе  мұғалім  іс-əрекетін  жан-жақты 

бақылауға  бағытталған).  Формалары:  жекелік  (жеке  мұғалімнің,  сынып 

жетекшісінің,  тəрбиеші  жұмысын  бақылау),  сыныптық-қорыту  (сынып 

ұжымының  оқу  жəне  сыныптан  тыс  іс-əрекет  процесінде  қалыптасуына  əсер 

ететін  факторлар  жиынтығын  бақылау),  пəндік-қорыту  (жеке  пəндердің  жеке 

немесе  параллель  немесе  мектеп  бойынша  берілу  деңгейін  бақылау), 



тақырыптық-қорыту (оқу-тəрбие процесінің жекелеген бағыттары бойынша), 

кешенді-қорыту  (бірнеше  сыныпта,  бірнеше  мұғалімнің,  бірнеше  пəннің 

берілісін,  тəрбие  жұмыстарының  бірнеше  бағыты  бойынша  бақылау, 

фронтальды бақылау кезінде).  

Мектепішілік бақылау əдістері: мектеп құжаттарын зерттеу, ауызша жəне 

жазбаша  бақылау,  социологиялық  (анкета,  сұрау,  интервью  алу,  əңгіме, 

эксперименттік 

бағалау, 

т.б.), 


хронометраждық, 

алдыңғы 


қатарлы 

педагогикалық тəжірибені зерттеу, диагностикалау. 

Мектепішілік  бақылаудың  формалары  мен  əдістерін  таңдау  оның 

мақсатына, міндеттеріне, бақылау объектісі мен субъектісінің ерекшеліктеріне, 

уақытқа байланысты болады. 

 

19-тарау.  Мектептің  оқу-тəрбие  процесін  диагностикалау – басқарудың 

негізі ретінде 

 

19.1 Бақылаудың жəне оқытудың нəтижелілігін есепке алудың теориялық 

негіздері 

Кез  келген  процесті  басқару  бақылауды,  яғни  оның  қызмет  етуінің 

тиімділігін  тексеру  жүйесін  қажет  етеді.  Сондықтан  оқыту  мен  тəрбие 

нəтижелерін  есептеу  мен  бағалау  тұтас  педагогикалық  процестің  маңызды 

компоненті болып табылады.  

Оқыту нəтижесін бақылау мəні – оқушылардың белгілі бір бағдарлама, пəн 

бойынша білім беру стандартына сай білімдерді меңгеру деңгейін анықтау.  

Қазіргі  педагогика  теориясы  мен  практикасында  оқыту  нəтижесін 

бақылаумен  қатар  педагогикалық  диагностика  түсінігі  кең  қолданылып  келе 

жатыр. «Педагогикалық  диагностика»  түсінігін  алғаш  рет 1968 К.Ингенкамп  

ұсынды.  Отандық  ғылымда  жəне  мектеп  практикасында  «педагогикалық 

диагностика»  түсінігінің  қолдану  аясы  тар  жəне  ол  негізінен  тəрбие  саласына 

қатысты қолданылады.  

Дегенмен  «педагогикалық  диагностика»  түсінігінің  мəні  дəстүрлі 

бақылаудың  мəнінен  кең  əрі  тереңірек.  Себебі,  педагогикалық  диагностика 


 

92

оқыту  нəтижелерін  оған  жету  жолдарымен,  əдістерімен  бірлікте  қарастырады, 



олардың даму бағыттары мен тенденцияларын анықтайды.  

Дидактикалық  диагностиканың  мақсаты  оқыту  процесінің  жүру  жағдайын 

анықтау,  бағалау  жəне  талдау.  Дидактикалық  диагностиканың  құрамды 

бөліктері бақылау, тексеру, бағалау, статистикалық мəліметтерді жинау, оларды 

талдау, оқыту процесінің дамуын болжамдау. 

Оқыту  процесін  бақылау  дегеніміз  бір  жағынан,  мұғалімдер  мен 

мектептердің жұмыстарын тексерудің ресми-əкімшілік тəртібі, екінші жағынан 

мұғалімнің  оқушылардың  білімдерін,  іскерліктері  мен  дағдыларын  жүйелі 

бақылауы.  

Оқыту  процесінің  жеке  компоненті  ретінде  ол  білімділік,  тəрбиелік  жəне 

дамытушылық  функцияларды  атқарады.  Білімді,  іскерлікті  жəне  дағдыны 

тексерудің  білімділік  жəне  дамытушылық  функцияларының  мəні  оқушылар 

басқалардың  жауаптарын  тыңдай  отырып  жаңа  деректер  алып  қана  қоймай 

олардың  өздері  де  сұрақ  беруге  қатысады,  сол  арқылы  оқу  материалдарын 

қайталай отырып, белсенді ойлау əрекеттерін іске асырады. Мұғалімнің оқушы 

жауаптарын  толықтыруы,  қосымша  талдаулары  да  білімділік  бақылаудың 

функциясын іске асыруға жағдайлар жасайды.  

Бақылаудың тəрбиелік функциясы – оқушыларды жүйелі жұмысқа үйретуі, 

оларды  тəртіптілік жəне  жігерге  тəрбиелеу.  Бақылаудың жүйелігі  оқушыларда 

өз  жұмыстарына  деген    жауапкершілікті      қалыптастырады.  Сонымен  қатар, 

бақылау  оқушыларға  өз  білімдерін  бағалауға,  өзінің  қабілетін  анықтауға  жəне 

өзінің  оқу  іс-əрекетін  түзетуіне  мүмкіндік  береді.  Бақылаудың    негізгі 

функцияларының  бірі  ынталандыру  функциясы.  Оқушылардың  жақсы  баға 

алуға  ұмтылуы  немесе  төмен  баға  алудан  корқуы,  мұғалімнен  мақтау  естуі 

бақылаудың аталған функциясын іске асыруға мүмкіндік береді. 

Оқытудың  теориясы  мен  практикасы  бойынша  оқушылардың  оқу  іс-

əрекетін бақылауды ұйымдастыруға келесі педагогикалық талаптар қойылады: 

-  əр оқушының жеке жұмысына бақылау жасауды талап ететін бақылаудың 

жекелік сипаты; 

-  бақылаудың  оқыту  процесінің  барлық  кезеңінде  жүйелі  жүруі,  оның 

оқушылардың оқу іс-əрекетінің басқа жақтарымен байланысы; 

-  бақылаудың  барлық  функцияларын  іске  асыруды  қамтамасыз    ететін 

бақылаудың əртүрлі формаларын қолдану; 

-  оқыту  бағдарламасының  барлық  бөлімдерін  қамтитын,  оқушылардың 

теориялық  білімдерін,  интеллектуалдық  жəне  практикалық  іскерліктері  мен 

дағдыларын тексеруді қамтамасыз ететін бақылаудың жан-жақтылығы; 

-  оқушыларды  жетік  білмеуінен  жəне  кейбір  оқушыларға  деген  теріс 

қарым-қатынастан туған мұғалімнің субъективті көзқарастарынан тəуелсіздікті 

талап ететін бақылаудың объективтілігі; 

-  əр  оқу  пəнінің  жəне  оның    жеке    бөлімдерінің,  оқушылардың  дара 

ерекшеліктерін ескеруді талап ететін бақылауға саралық тұрғыдан келу; 

      - оқушылардың оқу жұмыстарына бақылауды іске асырудағы мұғалімдердің 

талаптарының бірлігі. 


 

93

Аталған  талаптарды  сақтау  бақылаудың  сенімділігін  жəне  оның  оқыту 



процесіндегі барлық міндеттерін орындауды қамтамасыз етеді. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет