Жалпы педагогика


-тарау.  Педагогикалық  процестегі  мұғалім  жəне  балалар  ұжымының



Pdf көрінісі
бет7/12
Дата27.11.2019
өлшемі0,67 Mb.
#52450
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
posobie zhalpy pedagogika
b77ade1b-644c-11e4-afee-f6d299da70eeУМКД 01

 11-тарау.  Педагогикалық  процестегі  мұғалім  жəне  балалар  ұжымының 

өзара байланысы мен өзара іс-əрекеті 

 

12.1  Балалар ұжымы - əлеуметтік ортаның құрамдас бөлігі. Ұжымның мəні. 



11.2  Кеңес  педагогтардың    (Н.К.  Крупская,  А.С.  Макаренко,  В.А. 

Сухомлинский жəне т.б.) еңбектерінде ұжымдық тəрбиенің негізгі идеялары.  

11.3  Балалар  ұжымын  қалыптастырудың  кезеңдері,  заңдары  жəне  атқаратын 

қызметтері.  

11.4 Ұжымдық іс-əрекеттегі педагог пен оқушылардың өзара əрекеттері. 

 

11.1  Балалар  ұжымы - əлеуметтік  ортаның  құрамдас  бөлігі.  Ұжымның 

мəні 

       Тұлға  мен  ұжымның  даму  процестері  бір-бірімен  тығыз  байланысты. 

Тұлғаның дамуы ұжымның дамуынан, оның даму деңгейінен, онда қалыптасқан 

іскерлік жəне тұлғааралық қатынастардың құрылымынан тəуелді болып келеді. 

Екінші жағынан, тəрбиеленушілердің белсенділігі, олардың дене жəне ақыл-ой 

дамуының деңгейі, мүмкіндіктері мен қабілеттері ұжымның тəрбиелік күші мен 

əсерін айқындайды. Соңғы нəтижесінде ұжым мүшелері белсенді болған сайын, 

олар  өздерінің  дербес  мүмкіндіктерін  ұжым  өмірінде  барынша  толық 

пайдаланған сайын ұжымдық қатынас айқын көріне түседі. 


 

51

Балалар  мен  жасөспірімдердің  шығармашылық  дербестігінің  дамуы 



олардың  ұжым  ішіндегі  өзіндік  деңгейімен  жəне  шығармашылық 

белсенділігімен тығыз өзара байланысты. Оқушы ұжымдық қоғамға пайдалы іс-

əрекетте  өзін  көрсеткен  сайын  оның  ұжымдағы  статусы  жоғарылайды  жəне 

оның ұжымға əсері де арта түседі. Керісінше, оның статусы жоғарылаған сайын 

ұжымның оның өзіндік дамуына əсері де жемісті бола түседі. 

Тұлға  мен  ұжымның  дамуы - өзара  байланысты,  бірін-бірі  толықтыратын 

процесс.  Адам  табиғатпен  жəне  өзін  қоршаған  адамдармен  қатынастар 

жүйесінде  өмір  сүреді  жəне  дамиды.  Байланыстардың  молдығы  тұлғаның 

рухани  байлығын  анықтайды,  ал  байланыстар  мен  қатынастар  молдығы 

адамның қоғамдық, ұжымдық күшін көрсетеді. 



Ұжым  жəне  жеке  адам  проблемасы  ең  əлеуметтік  проблемалардың  бірі 

болғандықтан  педагогика  ғылымының  басты  мəселелерінің  бірі.  Қазіргі 

əдебиеттерде “ұжым”  түсінігі 2 мағынада қолданылады: 

  ұжым – кез келген ұйымдасқан адамдар тобы; 

  ұжым – жоғары ұйымдасқан топ. 

Ұжым  тəрбиеленушілердің  ұйымы  ретінде  бірнеше  маңызды  белгілермен 

анықталады: 

ұжым – басқа ұжыммен байланыста болатын қоғамның бір бөлігі; 



жалпы  əлеуметтік  маңызды  мақсат  болуы,  ұжым  мақсатының 

қоғамдық мақсатпен сəйкес келуі; 

ұжымның  барлық  мүшелерінің  ортақ  мақсатқа  бағытталған  іс-əрекет 



жасауы; 

ұжым мүшелерінің бірлігі жəне əрқайсының өзіндік пікірі болуы; 



ұжым  мүшелерінің  өз  араларындағы  міндеттерді  белгілеуі  жəне 

оларды мұқият орындауы; 

ұжым  мүшелерінің  арасында  өзара  жауапкершілік,  көмек  жəне 



жолдастық, қайырымдылық қарым-қатынас болу. 

Ұжым - іс-əрекетте  үнемі  дамып  отыратын,  əрі  іс-əрекетті  қажет  ететін 

əлеуметтік организм. 

Балалар  ұжымы – балалардың  əлеуметтік  тəжірибе  жинақтайтын  негізгі 

базасы  болып  табылады.  Тəрбиеленуші  тəжірибені  отбасында,  ұйымдаспаған 

мектептен  тыс  жағдайда  құрдастарынан,  жолдастарынан,  бұқаралық  ақпарат 

құралдары  арқылы,  кітап  оқу,  т.б.  ақпарат  көздері  арқылы  жинақтайды.  Тек 

ұжымда  ғана  оны  меңгеру  арнайы  жоспарланады  жəне  бағытталады. 

Адамдардың еңбек іс-əрекетін ұйымдастыруда оның ролі өте жоғары. Сонымен 

бірге,  ол  балаларға  дене  жəне  көркемдік  потенциалдарын  іске  асыруға 

мүмкіндік береді. 

Бала  тұлғасын  дамытудағы  ұжымның  ролі  оның  өмірлік  іс-əрекетті 

демократиялық  тұрғыдан  ұйымдастыруды  практикалық  жағынан  игеруге 

мүмкіндік  беруінде.  Педагогикалық  жағынан  дұрыс  бағытталған  ұжым 

əлеуметтік  құнды  тұлғаның  қалыптасуына  жəне  оның  дербес  ерекшеліктерін 

көрсетуіне жағдай жасайды. 

 

 


 

52

11.2  Кеңес  педагогтарының    (Н.К.  Крупская,  А.С.  Макаренко,  В.А. 



Сухомлинский  жəне  т.б.)  еңбектеріндегі  ұжымдық  тəрбиенің  негізгі 

идеялары.  

Мақсатты  бағытталған  оқу-тəрбие  жұмысы  жағдайында  балаларда 

ұжымдықты  дамытудың  қажеттілігін  А.В.Луначарский,  Н.К.Крупская,  А.С. 

Макаренко,  С.Т.Шацкий,  В.А.  Сухомлинский,  жəне  басқада  көрнекті 

педагогтар мен қоғам қайраткерлері насихаттады.                                                                     

А.С. Макаренконың идеяларын кейін В.А. Сухомлинский өз тəжірибесі мен 

зерттеу еңбектерінде одан əрі дамытты.  

Кейінгі  жылдары  зерттеу  жұмыстары  тəрбиелік  ұжымдарды  тиімді 

ұйымдастыру,  құру,  ұжымдық  іс-əрекетті  ынталандыру  принциптері  мен 

əдістерін  жасау,  ұжымның  тəрбиелік  қызметінің  дамуы  сынды  бағыттарда 

жүргізіліп келеді.  

Тəрбиелік  ұжымның  қазіргі  кездегі  тұжырымдамасы  (Т.А.Куракин,  Л.И 

Новикова,  А.В.Мудрик)  ұжымды  қоғамның  өзіндік  моделі  ретінде 

қарастырады.  Ал  балалар  ұжымы  қоғамның  бүгінгі  күнгі  қатынастары  мен 

оның  болашақтағы  даму  тенденцияларын  көрсететін  қоғам  моделі  ретінде 

көрсетіледі. 

Ұжым  жəне  жеке  адам  мəселесі  қазіргі  заманның  ең  өзекті  мəселелерінің 

бірі  болғандықтан,  педагогика  ғылымының  да  басты  мəселесі  болып  отыр. 

Адамды ұжымда тəрбиелеу идеялары қоғамның даму заңдарына жауап береді. 

Ұжым теориясына Н.К. Крупская, А.В. Луначарский, А.С. Макаренко, С.Т. 

Шацкий, В.А. Сухомлинский, т.б. ұлы педагогтар өз үлесін қосты.  

Н.К. Крупская, А.С. Макаренко балаларды ұжымда тəрбиелеу теориясы мен 

тəжірибесінің  негізін  жасай  отырып,  жасөспірімдерді  жастайынан  бірлесіп 

ынтымақта өмір сүруге, еңбек етуге үйрету керек деп ой түйеді. Н.К. Крупская 

1926  жылы  «Көркемдікке  тəрбиелеудің  міндеттері  туралы»  атты  еңбегінде: 

«Қазіргі  тəрбие  ісінің  көлемді  міндеттерінің  бірі – балаларды  ұжым  болып 

жұмыс істеуге жəне ұжым болып өмір сүруге үйрету», - деп атап көрсетті. 

Ұжымда  тəрбиелеу  принципін  кеңірек  жəне  сенімді  түрде  іске  асыру  ұлы 

педагог А.С. Макаренконың еңбектері мен тəжірибелерінде орын алған. Ол бұл 

принциптің  методологиялық  мəнін  түсініп,  тəжірибеде  балаға  ұжымның  əсер 

ету  күшін дəлелдеген.  

А.С. Макаренконың  дəлелдеуінше ұжым адамдардың жай ғана жиынтығы 

немесе  кездейсоқ  топтаса  салуы  емес,  ол  жалпы  мақсатқа  жетуді  алға  міндет 

етіп қойған, қоғамға пайда тигізуге тырысушылар тобы.  

Балаларды  ұжымда  біріктірудің  негізгі  көзі – ортақ  мақсаттың  жəне  оны 

іске асыруға бағытталған біріккен іс-əрекеттің болуы. 

Ұжымдық  іс-əрекетте  əрбір  оқушының  іс-əрекеті  басқалармен  тығыз 

байланыста болады. Мұндай жағдайда ұжымшылдық сезімі туады. Бұл қарым-

қатынас басқаның ісіне енжарлық туғызбай, керісінше бір-біріне көмектесуі, өз 

жолдасының  ісіне  қуану,  ренжу,  мақтану,  намыстану  сияқты  əртүрлі  сезімдер 

мен қатынастар жүйесін туғызады. Адамның көңіл-күйінің тəрбиелік мəні арта 

түседі.  



 

53

А.С. Макаренко ойынша нағыз шын ұжым, мейлі ересектер, мейлі балалар 



ұжымдары болсын қоғамның бір мүшесі болып есептеледі. 

В.А.  Сухомлинскийдің  пікірі  бойынша  əрбір  бала  тəрбиесі  ұжымдағы 

негізгі  тəрбие  құралы  болады.  Балалар  мен  тəрбиешілер  арасындағы  рухани 

қарым-қатынас ұжымдық қатынастың даму процесі деп есептелген. 

Қорыта айтқанда, ұжым – тəрбиенің маңызды құралы. 

 11.3  Балалар  ұжымын  қалыптастырудың  кезеңдері,  заңдары  жəне 

атқаратын қызметтері  

Ұжым дамуы жəне құрылуы ұзақ əрі күрделі процесс. Ұжым болып 

қалыптасуы үшін топ бірнеше кезеңдерден өтуі керек. Педагог ғалымдар оның 

бірнеше жіктеуін көрсетеді. А.С. Макаренко ұжымның құрылуы мен дамуын 

кезеңдеуде талапты басты көрсеткіш етіп алады. 

А.С. Макаренко бойынша ұжымның даму кезеңдері  

Кезеңдер 

Сипаты 

Бірінші кезең 



Тəрбиеленушілерге  тəрбиешінің  талап  қою 

кезеңі  


Екінші кезең 

Ұжым белсенділерінің ықпалы күшеюі 

Үшінші кезең 

Ұжымда қоғамдық пікір қалыптасуы 

Төртінші кезең 

Берік  игерілген  ұжым  тəжірибе  арқасында 

оқушының  өзіне  талап  қоюы,  адамгершілік 

нормаларды 

сақтау 

оның 


қажеттілігіне 

айналуы 


 

Л.И. Новиканың ұжымның қалыптасуын кезеңдеуі 

Бірінші кезең 

Ұжымның бірігу кезеңі 

Екінші кезең 

Ұжымның  барлық  оқушыларды  тəрбиелеу 

құралына айналуы 

Үшінші кезең 

Əлеуметтік  тəжірибені  түзету  жəне  əр 

тəрбиеленушінің  шығармашылық  даралығын 

дамытудың ұжымның қамқорлығына айналуы 

Ұжым  дамуының  барлық  кезеңдері  мен  сатыларында  үлкен  жəне  кіші 

дəстүрлер  қалыптасып,  нығаяды.  Дəстүрлер  мінез-құлықтың  жалпы 

нормаларын қалыптастырады, ұжым өмірін жандандырады. 

Үлкен дəстүрлер – бұл үлкен жаппай өткізілетін шаралар, оларды дайындау 

балаларда  өз  ұжымы  үшін  мақтаныш  сезімін,  ұжым  күшіне  сенімін,  қоғамдық 

пікірді сыйлау сезімін тудырады. Кіші, күнделікті қолданылатын дəстүрлер өз 

көлемі,  аясы  жағынан  аз  ауқымды  қамтыса  да  олардың  тəрбиелік  маңызы  өте 

жоғары. 


А.С. Макаренко жеке адам тəрбиесінің қоғамдық бағыттылығы тұрғысынан 

ұжымның кейбір сапасын, яғни белгілерін көрсетеді: 

1.  Ұжым  тəрбиенің  мақсаты  жəне  объектісі,  жеке  адам  ұжымнан  тыс 

дамымайды; 

2. Ұжым адамдарды жалпы мақсатқа, еңбекке жəне еңбекті ұйымдастыруға 

біріктіреді; 

3. Ұжым барлық ұжымдармен табиғи байланысты қоғамның бөлігі; 


 

54

4. 



Ұжымның 

өзін-өзі 

басқару 

органдары 

мен 

органдары – 



ұйымдастырушылары болады. 

Əрбір ұжым – топ, бірақ əрбір топ ұжым бола алмайды. Ол контактілі жəне 

негізгі болып екіге бөлінеді. Контактілі ұжым – ұжым белгілері бар бастауыш 

топ. Негізгі ұжым – бұл контактілі ұжымдардың бірлестігі. Мысалы, контактілі 

ұжым – бұл студенттер тобы, ал негізгі ұжым – факультет, т.б. 

Оқушылар  ұжымын  қалыптастыру  мен  нығайтуда  аса  маңызды 

мəселелердің  бірі – ұжым  алдындағы  мақсатты – перспективаны  таңдау.  Оны 

үшке бөліп қарастыруға болады: 

1)  Жақын  перспектива – бұл  күнделікті  өмірде  пайдаланылатын  жеке 

адамды əр түрлі іс-əрекетке ынталандыру, қызықтыру. Оған жарыс, саяхат, т.б. 

жатады. 

2) Орта перспектика – бұл перспективаға жыл сайын өткізілетін көрмелерге, 

сайыстарға қатысу, лагерге бару, т.б. жатады. 

3)  Қашық  перспектива – бұл  ұжымның  немесе  жеке  адамның  бір  істі  ұзақ 

мерзімде  орындауға  талаптану  мақсаты.  Оған  келешекте  білім  алу,  мамандық 

таңдау, т.б. жатады. 

Осы  перспективаларды  оқу  жəне  тəрбие  барысында  тиімді  пайдалануда 

əрбір  мұғалім  оны  баланың,  сыныптың,  мектептің  пайдасы  үшін  таңдап  ала 

білуі,  екіншіден,  оқушылардың  жас  ерекшеліктерін  жəне  жалпы  дайындық 

деңгейін есепке ала білуі керек. 



11.4  Ұжымдық іс-əрекеттегі педагог пен оқушылардың өзара əрекеттері 

     Педагогика ғылымында оқушылар ұжымын ұйымдастыру қажеттілігін, оның 

тəрбиелік қызметін ашуды негіздеу ғана емес, оны жасаудың теориялық негізі 

де бар. Ұжым тəрбиелік ықпал жасауы үшін оның дамуы, ілгері жылжуы керек. 

Балалар  ұжымы  бір  орнында  тоқырап  қалмайды,  даму,  ілгері  жылжу – ұжым 

өмірінің заңы, бұл жерде қозғалыстың себебін, даму мүмкіндігінің сырын ашып 

алған дұрыс. 

Мұндай  психологиялық  күш – болашақ  үміт  дүниесі.  Адамның  болашаққа 

ұмтылуы,  өмірге  үміт  артуы  адам  мен  ұжым  дамуының  маңызды  сəттерінің 

бірі.  Педагогикалық  тұрғыдан  болашақ  үміт  дүниесі  деп  тұтас  ұжым,  балалар 

тобы, 

баланың 


тұлғалық 

мəні 


дамуының 

ішкі 


қажеттіліктерін 

қанағаттандыратын,  ұжым  мүшелерінің  даму  деңгейіне,  олардың  жас  жəне 

дербес ерекшеліктеріне, қоғам талабына сай келетін міндеттерді, мақсаттарды, 

істерді түсінеміз. 

Болашақ үміт дүниесін ұйымдастырудағы негізгі əдістемелік тəсіл – нақты 

мақсатқа жету жолындағы күреске балаларды даярлау. Ол даярлыққа болашақ 

үміт дүниесіне жетуге көмектесетін жоспарды, жобаны, ұсыныстарды талқылау 

мен одан туындайтын ұйымдық жəне практикалық жұмыстар кіреді. Бұл жұмыс 

– тəрбие ұжымын біріктіру барысындағы ең маңызды кезең. Ортақ іс-əрекетке 

барлық  оқушылардың  қатысуын  қамтамасыз  ету  керек.  Ұжым  мүшелеріне 

тапсырмаларды  орынды  бөлу – балаларды  еліктірудің,  ұжым  істеріне 

қатынастырудың  негізгі  жолы.  Кез  келген  іс  баланың  ақыл-ойын  ғана  емес, 

оның  сезіміне  əсер  ететіндей  болуы  керек.  Белгіленген  болашақ  үміт  дүниесі 


 

55

жүйелерін 



жүзеге 

асыруда 


əсіресе 

сынып 


жетекшісінің 

үлкен 


ұйымдастырушылық жұмысы қажет.  

Балалар  ұжымын  педагогикалық  басқарудың  практикасында  келесі 

маңызды ережелері қалыптасқан: 

  педагогикалық  басқаруды  балалардың  өзіндікке,  тəуелсіздікке  табиғи 

ұмтылысымен,  өзінің  инициативасы  мен  өзіндік  іс-əрекеттерін  көрсетуге 

тырысуымен үйлестіру; 

  ұжым – ылғи  даму  үстінде  болатын  дамымалы  жүйе  болғандықтан,  оны 

педагогикалық  басқару  да  үнемі  өзгеріске  түсіп  отыруы  керек.  Яғни 

ұжымның  даму  сатысына  қарай  педагог  та  өз  тактикасын  өзгертіп  отыруы 

керек; 


  ұжымдық  тəрбиеде  жоғары  жетістікке  жету  үшін  жетекші  сол  ұжымда 

жұмыс  жасайтын  басқа  педагогтарға  сүйенуі,  ұжымды  жалпы  мектептік 

əрекетке, басқа ұжымдармен қатынасқа итермелеуі қажет; 

  формализмнен  аулақ болу,  уақыт өткен сайын  ұжымдық тəрбиенің мақсаты 

мен міндеттерін қайта құру; 

  ұжымда ортақ пікір қалыптастыру, өзара көмек, бір-бірінің пікірін сыйлауға 

үйрету; 

  ұжымдық тəрбиені демократияландыру, бақылау жүйесін жетілдіру; 

  ұжымда тұлғааралық қатынастардың дұрыс дамуына ықпал жасау; 

  оқушыларға  жүктелетін  міндеттерді  олардың  қызығушылықтарына, 

қабілеттеріне сəйкестендіру; 

  ұжым ішінде стихиялы қалыптасатын қатынастарды тудыратын факторларды 

бақылау; 

  оқушылар  арасындағы  қатынастарды  жақсарту  мақсатында  уақытша 

ұжымдар қалыптастыру; 

  балаларды  жаңа  қарым-қатынасқа  тартатын  ұжымдық  іс-əрекеттің  сипаты 

мен түрлерін өзгерту. 

    Сонымен бірге,  ұжымды басқаруда мына жайларды еске алған жөн: 

     - ұжым мүшелері тең құқықты болады; 

     - басқарушы міндетін орындаушы ұжым мүшесі тарапынан балаларға қысым 

жасалмайды; 

     -  жауапкершілік  пен  өзара  тəуелділік  жүйесінде  жалпы  істі  орындаудың 

барысында əр түрлі бейімделушілікке жол берілмейді. 

Ұжым  өмірінде  гуманистік  қатынастар  ерекше  орын  алады,  оның  негізгі 

белгілері мынадай: 

  сергектік стилі – ширақтық, белсенділік, қайырымдылық, ұжым мүшелернің 

достық бірлігі, бір-біріне ілтипатты болу, өзара жəрдем беру; 

  балалар  арасында  бақталастық,  өз  қамын  көздеушілік,  тұйықтық, 

бөлектенушілік, лидерлік болмауы керек; 

  басқа ұжымдарға жолдастық көмек беру, үн қосуға дайын тұру; 

Мұндай гуманистік қатынас тек қана іс қатынасының көзі емес, ол ұжымда 

балалардың жеке байланыстарының дамуының құралы болады. 

 


 

56

12-тарау. Отбасы тəрбиесінің негіздері  

 

12.1 Отбасы – тəрбие факторыОтбасындағы балалар тəрбиесі 

Отбасы  барлық  уақытта  өсіп  келе  жатқан  ұрпақтың  тəрбиесі  мəселелерін 

шешуде үлкен мүмкіндіктерге ие болған. Қазіргі заманғы отбасының өсіп келе 

жатқан ұрпақтың тəрбиесі мəселелерін шешудегі ерекшелігі – ата-ананың білім 

жəне жалпы мəдени деңгейінің жоғары болуы. 

Балалардың  отбасындағы  тəрбиесі  оның  белгілі  бір  тұрақты  əлеуметтік 

институт  ретінде  анықталады,  ол  отбасы  мүшелері  арасындағы  өзара 

қатынастардың  қалыптасуы  мен  дамуына  септігін  тигізетін  адамдардың 

жақындығы,  туыстық  қатынастар,  өзара  тұрмыстық  өмір.  Отбасы  тəрбиесінің 

артықшылығы да осы қатынастарда, оны тəрбиенің ешқандай да түрі алмастыра 

алмайды. 

Отбасы – болашақ азаматтың əлеуметтену жолындағы алғашқы қадамдарын 

жасайтын бастапқы ұя. Ол балаға моральдық қалпы туралы алғашқы түсініктер 

береді, оны еңбекке баулып, өз-өзіне қызмет ету дағдыларын қалыптастырады. 

Ата-ананың  іс-əрекеті  мен  мінез-құлқы,  өмір  сүру  салты  арқылы  балаға 

дүниетанымдық, адамгершілік, əлеуметтік-саяси құндылықтар беріледі. 

 Отбасы  тəрбиесінің  қоғамдық  жəне  мемлекеттік  тəрбиеге  қарағанда 

артықшылығы  басым.  Алайда,  қазіргі  қоғамдық  өмірде  болып  жатқан 

əлеуметтік, экономикалық жəне демографиялық өзгерістер отбасыға белгілі бір 

қиыншылықтар туғызады. 

 Өркениетті қоғам дамыған сайын отбасындағы бала саны азайып келеді. Аз 

балалы  отбасында,  негізінен,  бір  баласы  бар  отбасында  ішкі  отбасылық 

тəрбиенің  ең  басты  жағдайы  жоқ,  ол – балалар  қарым-қатынасы.  Бір  баланың 

тəрбиесі қосымша педагогикалық күш салуды талап етеді. Жалғыз балаға деген 

ата-ананың,  əжесі  мен  атасының  артық  көңіл  бөлуі  оны  белсенділігінен 

айырып, оның эгоистік жақтарының басым болуы. 

Толық  емес  отбасыларда,  яғни  ата-анасының  біреуі  жоқ  отбасыларда 

тəрбиелік 

мəселелерді 

шешуде 


кейбір 

адамгершілік-психологиялық 

ыңғайсыздықтар  болуы  мүмкін.  Мұндай  отбасылардың  көбінде  ана  жəне  бала 

ғана болады. 

Отбасы  тəрбиесінің  проблемасы – ананың  отбасы  тұрмысынан  қолы 

босамауы.  Ананың  уақыты  жетпеуі  көбінесе  насихат,  жазғыру,  ұрсу  сияқты 

тəрбиелік ықпалдың нəтижесіз əдістерін пайдалануға мəжбүр етеді. 

Микроклиматы  жағымсыз,  отбасы  өмірі  ұрыс-керіске,  ата-ананың  бір-

біріне,  балаларына  деген  шағымдарына,  айқай-шуға,  қорлық  сөздер  мен  іс-

əрекеттерге толы отбасыларда тəрбие проблемалары туындайды. 

Ата-ана  құқығынан  айырылғалы  тұрған  ата-аналар  əлеуметтік  жəне 

педагогикалық  проблемалар  тудырады.  Мемлекет  олардың  ата-аналық 

құқықтарынан  айырғанда  балалардың  мақсат-мүддесін  басшылыққа  алады. 

Алайда  бұл  ретте  олардың  өмірі  өз  мəнін  барынша  жоғалтады,  өйткені  өмір 

сүру мен дамудың маңыздылығы кемиді. 

 Елдегі  түбегейлі  əлеуметтік-экономикалық  өзгерістерге,  жекеменшіктің 

пайда  болуына,  жеке  адамның  баю  мүмкіндігінің  тууына  байланысты 


 

57

материалдық  жағынан  ауқатты  отбасылар  пайда  бола  бастады.  Мұндай 



отбасыларда  тəрбие  белгілі  бір  проблемаға  кездеседі.  Көбінесе  бұндай 

отбасындағы бала  балалық  ұжымдардан алшақ болады, оның ерекшелік сезімі 

қалыптасып, қоршаған адамдарға деген жөнсіз наразылық эгоизмі тууы мүмкін.  

Отбасы  тəрбиесінің,  ата-ананың  əлеуметтік-жауапкершілік  қызмет-əрекеті 

ретінде  басты  құқықтық  негізі  бар. 1989 жылдың 20 қарашасында  БҰҰ  Бас 

Ассамблеясы  қабылдаған  «Бала  құқығы  туралы  конвенция»  маңызды  негізгі 

құжат  болып  табылады.  Онда  «Балаға,  дене  жағынан  жəне  ақыл-ойының 

жетілмегендігінен, арнайы қорғау мен қамқорлық, соның ішінде, оны туылғанға 

дейін жəне туылғаннан кейін тиісті құқықтық қорғау керек», - деп жазылған. 

Баланың  өмір  сүру,  тіршілік  ету  жəне  салауатты  даму  құқығын  жариялай 

отырып,  Конвенция  баланың  жеке    тұлғалық  дамуында  өзінің  дербестігін, 

даралығын сақтау құқығына ерекше көңіл бөледі. Сондай-ақ баланың ата-анаға 

деген  құқығы  да  ескеріледі.  Ата-ана  «баланың  мақсат-мүддесі  үшін  қажетін» 

орындамаған жағдайда ғана өз құқықтарынан айырылады. 

Осы Конвенцияға қол қойған мемлекеттер мына міндеттерді орындауы тиіс: 

ақысыз  жəне  бəріне  міндетті  бастауыш  білім  енгізу,  орта  жəне  кəсіби  білім 

алуға жағдай жасау, жоғары білім алуға жол ашу. Конвенцияның 28 тарауында 

«мектептегі  тəртіп  баланың  адами  қадір-қасиетіне  құрмет  көрсететін  əдістер 

арқылы жүргізілуі тиіс» деп, ерекше аталып кеткен. 

Конвенция,  сондай-ақ      БҰҰ  Бас  Ассамблеясының 1959 жылдың 20 

қарашасында 

қабылдаған 

«Бала 

құқығының 



декларациясы»; «Адам 

құқықтарының  жалпы  декларациясы»  жəне  басқа  да  көптеген  халықаралық 

құжаттар  ҚР  Конституциясының  ішкі  отбасылық  қатынастарды,  баланың 

отбасы  мен  қоғамдағы  тəрбиесі  жəне  ағартушылығы  мəселелерін  қамтитын 

тарауларына негіз болды. ҚР Конституциясының 27 тарауында былай делінген: 

1. Неке мен отбасы, аналық, əкелік жəне балалық мемлекет қамқорлығының 

аясында. 

2. Балаларды қорғау мен тəрбиелеу ата-ананың табиғи құқығы жəне міндеті. 

3. Кəмелетке толған жəне еңбекке жарамды балалар еңбекке жарамсыз ата-

аналарына қамқорлық жасауы тиіс. 

ҚР Конституциясында бекітілген отбасы тəрбиесінің құқықтық принциптері 

«Неке  жəне  отбасы  туралы»  заңда (17.12.1998ж)  нақтыланған.  Онда  қазіргі 

заманға  отбасы  құқығының  бір  некелік,  некеге  тұрудың  бостандығы  мен 

еркіндігі,  ажырасу  еркіндігі,  ерлі-зайыптылардың  отбасы  қатынасындағы  тең 

құқығы сияқты негізгі принциптері жазылған. Бұл құқықтар отбасы өміріндегі, 

отбасы  ұжымындағы  өзара  байланыстың  терең  демократияға  жол  ашады. 52 

тарауда  баланың  отбасылық  тəрбиесі,  оның  құқығын  жəне  мақсат-мүдделерін 

қорғаудың  баптары  келтірілген: «Баланың  өз  ата-анасы  тарапынан 

тəрбиеленуіне,  оның  тілек-қалауларының  орындалуына,  жан-жақты  дамуына, 

оның  адами  қадір-қасиетінің  сыйлануына  құқығы  бар».  Бала  ата-ана  билігіне 

тəуелді объект ретінде емес, өзіндік құқық субъектісі ретінде қарастырылады. 

ҚР  «Білім  туралы»  заңында (07.06.1999ж)  елдегі  білім  беру-тəрбиелік 

процесті  мемлекеттік-құқықтық  реттеудің  мəселелеріне  айрықша  көңіл 

бөлінген.  Бұл  құжаттың  нақты  жасалған  құқықтық  негізі  бар,  ол  ата-аналарға 



 

58

жəне балаларға олардың қазіргі заманның талабына сай зиялы білім алуларына 



құқықтық кепіл береді. Ата-ана жəне басқа құқық өкілдері балаларға өмір сүру 

мен білім алу үшін салауатты жəне қауіпсіз жағдайлар жасау керек, бала жеке 

тұлғасының  интеллектуалды,  дене-күш  жəне  адамгершілік  қасиеттерінің 

дамуын қамтамасыз етулері керек. Жалпы алғанда, Қазақстан Республикасында 

елдегі  білім  беру-тəрбие  процесін  жүзеге  асыратын  дамыған,  қызмет  етіп 

тұрған  құқықтық  негіз  бар,  отбасының  дамуына  кепіл  беретін  жəне  отбасы 

өмірінің,  отбасы  ұжымындағы  өзара  байланыстың  терең  демократиялы 

қамтамасыз ететін құқықтық нормалардың жүйесі жетілген. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет