Жалпы педагогика


  Отбасында  педагогикалық  процесті  ұйымдастырудың  теориялық



Pdf көрінісі
бет8/12
Дата27.11.2019
өлшемі0,67 Mb.
#52450
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
posobie zhalpy pedagogika
b77ade1b-644c-11e4-afee-f6d299da70eeУМКД 01

12.2  Отбасында  педагогикалық  процесті  ұйымдастырудың  теориялық 

негіздері. 

Отбасы  тəрбиесі  туралы  алғашқы  педагогикалық  түсініктер  мен  идеялар 

халық  педагогикасында  пайда  болған.  Педагогикалық  ғылымның  дамуы 

барысында  отбасы  тəрбиесінің  мəселелері  нақты  ғылыми-теориялық  жəне 

əдістемелік    мазмұнға  ие  бола  бастады.  К.Д.  Ушинский,  Л.Н.  Толстой,  П.Ф. 

Лесгафт  жəне  басқалар  балалар  тəрбиесін  ұйымдастыруда  олардың  даралық 

ерекшеліктерін,  бейімділіктерін,  дене-күш  жəне  психологиялық  даму  денгейін 

ескеру  керектігіне  ерекше  көңіл  бөлген.  Н.К.  Крупская,  А.С.  Макаренко,      

В.А.  Сухомлинский  бала  тəрбиесінің  теориясын  атап  көрсеткен.  Қазіргі 

зерттеушілердің  еңбектерінде  баланың  отбасындағы  қарым-қатынасындағы 

қызмет-əрекетін ұйымдастыру, салауатты өмір салтын құру, мектеп пен отбасы 

ара қатынасы т.б. мəселелері қамтылған.  

Отбасының тəрбие өмір салты, оның барлық құрылымдық элементтері бір-

бірімен  тығыз  байланысты,  өйткені  олардың  мақсат-міндеттері  ортақ  іс-

əрекеттерінің  жалпы  тəсілдері,  əдістері  жəне  бағыттылығы  бар.  Отбасындағы 

тəрбиенің  субъектілері – ата-ана  мен  бала,  əлеуметтік  мақсат,  міндет, 

педагогикалық  тəсілдер,  əдістер.  Осы  элементтерді  біріктіретін  негіз – іс-

əрекет.  

Ұйымдастырылған  мақсатты  жүзеге  асыруда  іс-əрекет  болмаса,  тəрбие  де 

болмайды. Отбасындағы тəрбиенің маңыздылығы ата-ананың  басшылығымен, 

бақылауымен  əртүрлі  іс-əрекетке ( оқу,  еңбек,  ойын,  эстетикалық,  т.б.) 

балаларды араластыруда.  

  Баланың  отбасында  орындайтын  тапсырмалары  оларды  орындауға 

қатынасы.  Баланың  отбасындағы  орындайтын  тапсырмалары  оның  деңгейі 

педагогикалық процестің бірлігі. Бұл деңгей арқылы ата-ананың ұйымдастыру 

жəне  бағыттаушы  ролін;  ата-ана  мен  бала  арасындағы  өзара  қатынастың 

сипатын;  бала  тəрбиесіне  əсер  ететін  отбасының  мақсатты  адамгершілік 

бағыттарын;  баланың  отбасындағы  араласатын  іс-əрекетінің  алуан  түрлілігін; 

ата-ананың  тəрбие  құралдарын,  əдістерін,  тəсілдерін  пайдалана  алу 

қабілеттерін; баланың белсенділігінің дəрежесін көруге болады.  

Ата-ананың  тəрбие  жұмысының  сапасын  оқушының  күн  тəртібін 

ұйымдастыруынан  көруге  болады,  онда  отбасы  тəрбиесінің  маңызды 

ерекшеліктері көрініс табады, отбасының əдет-ғұрыптарының бір бөлігі болып 

табылады. Күн тəртібі баланың уақыт аралығындағы іс-əрекетінен тұрады: дене 

жəне еңбек қызметі, ой белсенділігі, бос уақыт, дер кезінде тамақтану, гигиена, 


 

59

ұйқы.  Олардың  ара  қатынасы  баланың  жасына,  оның  жеке  тұлғасының 



психикалық  ерекшеліктеріне  жəне  тілек-қалауларына  байланысты  өзгеріп 

отырады.  Баланың  бос  уақыты  оның  күн  тəртібінің  құрамды  бөлігі  болып 

табылады.  Оқушының  бос  уақытын  пайдалануы,  оның  іс-əрекетінің  түрлері 

отбасының тəрбие мүмкіндіктерінің айқын көрсеткіші.  

Отбасының бос уақыттағы бірлескен іс-əрекетінің оқушы үшін маңызы өте 

зор.  Отбасы  мүшелерінің  өзара  əрекеттестігі    ретінде,  түсінісу,  сезім  əсерлері 

негізіндегі  бір-біріне  ықпал  етуі.  Қарым-қатынас  кезінде  іс-əрекетпен, 

тəжірибемен  сезім  əсерлері  қатар  жүреді.  Ата-ана  мен  баланың  ара  қатынасы 

отбасы  өмірінің  айқын  көрінісі,  оның  микроклиматын  қалыптастырып, 

отбасының  даму  мүмкіндіктері.  Педагогикалық  мəдениеті  төмен  отбасыларда 

бос  уақыттың  педагогикалық  мəні  болмайды,  ол  тек  көңіл  көтеру  мақсатында 

ғана  пайдаланылады.  Педагогикалық    процестің    қызметіндегі  іс-əрекеттің 

маңыздылығын,  оның  жеке  тұлғаның  өмірлік  болашағын  анықтаудағы 

мақсаттылық  сипатын  көрсете  отырып,  оның  нəтижелілігі  оқушының 

белсенділік дəрежесі. 

Ата-ана арасындағы, ата-ана мен бала арасындағы, балалардың арасындағы 

өзара  қатынас  педагогикалық  процестің  тəрбиелік  механизмдері  болып 

табылады.  Олар  жеке  тұлғалық  мəн  беріп,  олардың  адамдарға  деген 

қатынасына əсер етеді. Отбасындағы өзара қатынас сипаты əдет-ғұрыптармен, 

ата-ананың  өзінің  бұрынғы  отбасынан  алған  тəрбие-нұсқауларымен, 

темперамент 

ерекшеліктерімен, 

ерлі-зайыптылардың 

эмоционалдық 

деңгейімен,  олардың  адамгершілік  жəне  педагогикалық  мəдениетімен 

анықталады. Осының бəрі ата-ананың балаға деген қатынасында орын алады. 



12.3 Отбасы жəне мектептің ынтымақтастығының түрлері  

Қазіргі  уақытта  мектеп  пен  отбасы  ынтымақтастық  əрекетінің  келесі 

бағыттары  айқындалған:  ата-аналармен  ұйымдастырушылық – педагогикалық 

жұмыс;  ата-аналардың  педагогикалық  сауаттылығын  дамыту;  ата-аналармен 

баланың  оқу  үлгерімі  мен  тəрбиесін  жақсарту  үшін  жүйелі  жеке  дара 

жұмыстарын жүргізу. 

Ата-аналармен  ұйымдастырушылық – педагогикалық  жұмыс  ата-аналар 

комитеті  (жалпы  мектептік,  сыныптық),  ата-аналар  жиналысы  жəне 

конференциялары сияқты формалар арқылы жүзеге асады. Ата-аналар комитеті 

–  ең  белсенді,  ықыласты  деген  ата-аналардан  тұратын  қоғамдық  орган,  ол 

жалпы  мектептік  (жалпы  мектептік  ата-аналар  комитеті)  немесе  сыныптық 

жиналыстарда ( сыныптық  ата-аналар  комитеті)  сайланады.  Ол 5-6 адамнан ( 

өзара  негізгі  міндеттерді  бөліп  алатын  председательден  жəне 4-5 мүшесінен) 

тұрады.  Керек  болған  жағдайда  ата-аналар  комитетінің  жанында  кеңестер, 

комиссияның ынталы топтары құрылуы мүмкін.  

Дұрыс жəне жақсы қызмет ететін ата-аналар комитеті – сынып жетекшісінің 

оң  қолы.  Сыныптың  барлық  күнделікті  жұмысы  (ұйымдастырушылық, 

орындаушылық,  бастамалық,  тəрбиелік,  бақылаушылық,  үгіттеушілік)  сынып 

жетекшісінің  шебер  əрі  бағыттаушылық  ықпалымен  ата-аналар  комитетінің 

көмегімен  жүзеге  асырылады.  Ата-аналар  комитетінің  мүшелері  сынып 

жетекшісіне  мектеп  пен  оқушылардың  отбасылары  арасындағы  байланысты 


 

60

орнатуға,  сыныптан  тыс  тəрбие  жұмыстарын ( мерекелерді,  кештерді, 



саяхаттарды,  театрға  саяхатты,  т.б.)  өткізуге  көмектеседі.  Олар  педагогикалық 

жағынан  кемшілігі  бар  балалардың  ата-аналарымен  арнайы  жұмыс  жүргізе 

алады.  

Ата-аналар  комитеті  жұмысының  жемісті  болу  шарттары – оның 

мүшелерінің ата-аналар ұжымының алдында есеп беруі, оның іс-əрекетіне дем 

беру ( алғыстар,  грамоталар,  жұмыс  тəжірибесін  талдап  қорыту  жəне  арнайы 

бюллетендер  шығару  арқылы),  сынып  жетекшісімен  үздіксіз  ынтымақтастық 

əрекет.  

Мектеп 

пен 


отбасылардың 

ынтымақтастық 

əрекеттерінің 

ұйымдастырушылық – педагогикалық  формаларына,  сондай-ақ,  ата-аналар 

жиналыстары мен конференциялары жатады. Олар жалпы мектеп бойынша да, 

жеке сыныптар бойынша да өткізіледі. Жалпы мектептік ата-аналар жиналысы 

немесе  конференцияларда  отбасы  мен  мектептің  оқыту-тəрбие  жұмыстарын 

жетілдірудің өзекті мəселелері талқыланады. Мектептегі ата-аналар жиналысы, 

əдетте, жылына 2-3 рет өткізіледі. 

Отбасымен  ұйымдастырушылық-педагогикалық  жұмыстың  ең  тікелей 

формасы  жеке  сынып  оқушылары  ата-аналарының  жиналыстары.  Мұндай 

жиналыстарда  сынып  жетекшілері  оқушылардың  үлгерімі  мен  тəртібін  сынып 

өмірі жайлы, ұжым міндеттері туралы  ақпарат береді. Жиналыстар отбасы мен 

мектептің  тəрбие  жұмысында  ортақ  мақсаттарды  анықтау  үшін  өте  маңызды. 

Жиналыстарды  оқушылармен  бірігіп  өткізген  тиімді.  Ата-аналар  жиналысы 

əртүрлі  болуы  мүмкін:  тақырыптық,  жиналыс-практикумдар,  қорытынды, 

тоқсандық,  жылдық,  топтық,  əңгімелесу-жиналыстар,  т.б.  Жылына  бір  рет 

болса да сынып немесе мектеп деңгейінде диагностикалық негізінде ата-аналар 

жиналысы  (немесе  конференцияларды)  өткізіп  тұру  керек,  яғни  бұл  процестің 

жетекші (өзгермелі) сипаттары арқылы мектептегі жəне отбасындағы шынайы 

жайды анықтау үшін керек. 

Отбасындағы  бала  тəрбиесінде  көмек  көрсетудің  ықпалды  тəсілі – ата-

аналардың  педагогикалық  сауатын  дамытуды  ұйымдастыру.  Мектеп  ата-

аналардың  педагогикалық  сауатын  дамытуды  ата-аналар  жиналысын, 

консультациялар, сұрақ-жауап кештерін, əкелер конференцияларын, т.б. өткізу 

арқылы  ұйымдастыруға  тырысады.  Бұл  орайда,  əрбір  мектеп  өз  жағдайына, 

«отбасы  суреті»  ерекшеліктеріне,  оқушылар  тəрбиелілігіне  сəйкес  ата-

аналардың  педагогикалық  сауатын  дамытудың  нақты  жүйесін  жасайды. 

Көбінесе оқушылар ата-анасымен бала тəрбиесін жақсартудағы педагогикалық 

консультациялар  жəне  практикалық  кеңестер  сипатындағы  жеке  дара  жұмыс 

жиі қолданылады. 

Отбасыны  мектеп  жұмысына  тартудың  нəтижелі  формасының  бірі  «кіші 

педагогикалық  кеңестер»,  ата-аналардың  белсенді  мүшелерімен  бірігіп 

мұғалімдердің  нақты  бір  сыныптың  оқыту-тəрбие  процесінің  əртүрлі 

мəселелері бойынша ерекше кеңестер өткізуі. 

Осылайша,  мектеп  пен  отбасының  сынып  жетекшісі  арқылы  реттелетін 

педагогикалық процестерінің ара қатынасы мұғалім қызметінің диагностикасы 

негізінде 

қойылған 

міндеттерімен 

анықталады. 

Сынып 


жетекшісі 

 

61

қалыптастырған  мақсат  пен  міндеттер  оның  оқушылары  мен  олардың 



отбасыларымен əрі қарай жұмысының бағыттарын да анықтайды.              

 

13-тарау. Тұтас педагогикалық процестің  құрылымындағы оқыту  

13.1 Оқыту – тұтас педагогикалық процестің негізгі бөлігі 

Тұтас  педагогикалық  процесс  құрайтын  екі  процестің  бірі - оқыту.  Ол 

объективті  шындықтың  күрделі  процесі,  сондықтан  оған  толық  жəне  жан-

жақты анықтама беру өте қиын.  

«Оқыту - оқытушы  мен  оқушының  мақсатты  түрде  бағытталған  өзара 

қимылы». (Педагогикалық энциклопедия) 

Харламов  И.Ф  «Оқыту – оқушыға  ғылыми  білімдермен  іскерліктерді 

игертуге, творчестволық қабілетін, дүниетанымын, адамгершілігін, эстетикалық 

көзқарастары мен сенімдерін қалыптастыруға бағытталатын, олардың белсенді 

оқу-танымдық іс-əрекеттерін ұйымдастыратын арнайы педагогикалық процесс» 

деп  анықтайды.  Ю.К.  Бабанский  «оқу  процесі  мақсаты  бағытталған  оқытушы 

мен  оқушының  өзара  қимылы  жəне  соның  барысында  білім  беру  міндеттері 

шешілді»  деп  есептейді.  Оқыту  екі  жақты  процесс:  сабақ  беру  (оқытушы  іс-

əрекеті), оқу (оқушы іс-əрекеті)                                      



Оқыту  əрқашан  қарым-қатынас  арқылы  жүреді.  Сөз  бір  мезгілде  оқып 

жатқан  құбылысты  тану  жəне  жеткізу,  коммуникация  (байланыс)  жəне 

оқушының  таным  іс-əркетін  ұйымдастыру  құралы.  Кез-келген  оқыту  қарым-

қатынас екендігін ескере отырып, Пидкасистый оқытуды қарым-қатынас деп 

есептейді,  Өйткені соның барысында басқарылатын тану жүреді, қоғамдық 

тарихи тəжірибе игеріледі, нақты іс-əрекет түрі менгеріледі.  

«Оқыту»,  педагогика  категориясы  ретінде  жəне  «оқыту  процесі»  синоним 

ұғымдар емес.  

Процесс - жүйенің жағдайларының кезектесуі.  

Дидактикалық  процесінің  құрылымын  В.П.  Бескалько  мынадай  шартты 

формуламен белгілейді 



               Дпр=М+Пд+У, мұндағы 

Дпр - дидактикалық процесс. 

М - оқу мотивы. 

Пд- оқушының танымдық іс-əрекеті. 

У-мұғалімнің оқушының танымдық іс-əрекетін басқарушылық іс-əрекеті. 

Сонымен қазіргі түсінік бойынша оқытудың келесі белгілерін айтып өтуге 

болады:  

1) 


екі жақтылығы;   

2) 


оқушы мен мұғалімнің біріккен ісəрекеті;  

3) 


мұғалімнің басқаруы;   

4) 


арнайы ұйымдастырылуы; 

5) 


бірлігі жəне тұтастығы. 

Оқыту  процесінде  бірнеше  функциялар  іске  асырылады:  білімділік, 

тəрбиелік жəне дамытушылық. 


 

62

Білімділік  функциясын  іске  асырудың  негізгі  мəні  оқушыларды  ғылыми 

білімдер, іскерліктер, дағдылар жүйесі жəне оларды практикада қолдану болып 

табылады.   

Ғылыми  білімдер  фактілерді,  түсініктерді,  заңдарды,  заңдылықтарды, 

теорияларды қамтиды. Бұл функцияны толық іске асыру білімнің толықтығын, 

жүйелілігін жəне саналылығын, олардың беріктігін қамтамасыз етеді. Білімділік 

функциясының соңғы нəтижесі төмендегі жағдайларда көрінеді: 

-  білімді саналы түрде қолдануда; 

-  бұрын игерілген білімдерді жаңа білімдерді меңгеру үшін қолдануда; 

-  арнайы іскерліктер (пəн бойынша) мен жалпы оқу іскерліктері  

13.2 Оқыту процесінің құрылымы, негізгі кезеңдері 

 Оқыту  процесі - тұтас  жүйе.  Оқыту  процесінің  тұтастығының  принципі 

оның бірлігін көрсетеді.  

Жүйе - тұрақты  бірлік  пен  тұтастықты  құрайтын  бір-бірімен  байланысты 

элеметтерінің көптігі.  

Оқыту процесінің жүйе құраушы түсініктері: оқыту мақсаты, мұғалім іс-

əрекеттері,  оқушы  іс-əрекеттері  жəне  нəтиже,  айнымалы  басқару 

құралдары. 

И.Ф.  Харламов  оқыту  процесінің  келесі  компоненттерін  атап  көрсетеді: 

мақсаттық,  мотивтік,  мазмұндық,  іс-əрекеттік,  операционалдық,  эмоционалды 

жігерлік, бақылаушы-реттеуші жəне бақылаушы-нəтижелік компоненттер. 



 

Оқыту процесінің құрылымдық моделі 

 

 

 

 

 

 

 

 

 



 

 

 



 

 

Дидактикалық əдебиеттерде «звено», «фаза», «кезең» терминдері 

қолданылады. Педагогикалық əдебиеттерде келесі оқыту циклдері аталып 

көрсетіледі. (Цикл - оқыту процестерінің белгілі бір актілерінің жиынтығы, 

оқудың микронəтижесі.) 

1. 


Бастапқы цикл мазмұны оқу материалдарының 

жалпы схемасын жəне оларды қолдану əдістерін меңгеру. Оқытудың бастапқы 

циклінде оқу материалының практиканың маңыздылығын жəне негізгі идеясын 

сезіну  жəне  түсіну,  оқу  материалдарын  қайта  айтып  беру  жəне  оларды 

практикада қолдану жолдарын меңгеру міндеттері шешіледі. 

Оқу материалының 

мазмұны

Оқыту əдістері 



Оқыту құралдары 

Оқытуды ұйымдас-у 

формалараы

Оқыту 


мақсаты 

 

Оқыту 



іс-əрекеті 

 

Оқу іс-



əрекеті 

Оқыту 


нəтижесі 

 

63

2. Екінші циклдің мақсаты - игерген білімдерді нақтылау,  оларды қолдану 



əдістерін толық меңгеру. 

3.  Үшінші  циклдің  мақсаты - игерілген  білімдерді  жүйелі  қорыту, 

білімдерді күнделікті өмірде мұғалімнің көмегімен жəне  өзіндік қолдану. 

4.  Қорытынды  циклде – алдыңғы  циклдердің  нəтижелері  тексеріледі, 

білімдегі  кемшіліктер  анықталады,  оқу  пəнін  меңгерудегі  алда  тұрған 

жұмыстар белгіленеді. 



13.3 Оқушылардың танымдық іс-əрекетінің  ерекшеліктері 

Танымдық  іс-əрекет  сезімдік  қабылдаудың,  теориялық  ойлаудың  жəне 

практикалық  іс-əрекеттің  бірлігі.  Оқу  іс  -əрекетінің  мазмұндық, 

процессуалдық жəне мотивтік компоненттерін атап айтуға болады. 

Оқу əрекеттерін сыртқы жəне ішкі əрекеттер деп бөлуге болады. 



Сыртқы  əрекеттер:  заттық  əрекеттер  (жазу,  сызу,  сурет  салу  т.б.), 

перцепвтивтік  əрекеттер  (тыңдау,  бақылау,  көру),  символдық  əрекеттер 

(сөйлеу, сөз). 

Ішкі  əрекеттер:  мнемикалық  əрекеттер  (есте  сақтау,  реттеу  жəне 

ұйымдастыру),  қиял  əрекеттері,  ойлау  əрекеттері  (танымдық  іс-  əрекеттері 

формалары: материлдық, сөйлеу жəне ақыл-ой). 

Танудың  негізгі  құралы - ойлау.  Ойлау  операциялары:  синтез,  анализ, 

салыстыру, жіктеу, қорыту жəне т.б. 

Оқудың маңызды компоненті – мотив. Оқу іс-əрекетінің мотивтерінің бір-

бірімен өзара байланысқан  үш тобын көрсетуге болады. 

Оң  немесе  теріс  эмоциялар,  тұлғаның  эмоционалдық  жағдайларының 

негізіндегі  тікелей  қозғаушы  мотивтер:  мазмұнның  жаңалығы,  жарқындығы, 

сыртқы  атрибуттардың  тартымдылығы;  сабақты  қызықты  өткізу;  мұғалім 

тұлғасының  тартымдылығы;  мақтау,  марапаттау  алғысы  келуі,  төмен  баға 

алудан, жазадан қорқуы жəне т.б.. 



Перспективті қозғаушы мотивтер негізінде оқыту пəнінің, жалпы білімнің 

əлеуметтік  мəнін  түсіну  жатады.  Мысалы,  пəннің  болашақта  таңдаған 

мамандығын меңгерудегі маңызын түсіну. 

Интеллектуалдық  қозғаушы  мотив  түбінде  тану  процесінің  өзінен  қанағат 

алу  жатады:  білімге  деген  қызығушылық,  оқу-танымдық  есептерді  шешу 

процесінің  өзінен  қанағат  алу  жəне  т.б.  Интеллектуалдық  қозғаушы 

мотивтердің  ішінде  танымдық  қызығушылықтар  мен  қажеттіліктер  ерекше 

орын  алады.  Г.И.Щукина  танымдық  қызығушылықтардың  үш  деңгейін 

көрсетеді.  Танымдық  қызығушылықтың  төменгі  элементарлық  деңгейі  нақты 

фактілерге,  сипаттама  түріндегі  білімдерге,  үлгі  бойынша  əрекеттерге  көңіл 

бөлумен  сипатталады.  Екінші  деңгейде  тəуелділіктерге,  себеп-салдар 

байланыстарына,  оларды  өзінше  табуға  деген  қызығушылықтар  байқалады. 

Танымдық 

қызығушылықтың 

жоғары 

деңгейінде 



терең 

теориялық 

проблемаларға,  білімді  игерудегі  шығармашылық  іс-əрекетке  деген 

қызығушылық пайда болады. 



Оқыту процесінің логикасы жəне игеру процесінің құрылымы. 

 

64

      Оқыту  процесінің  логикасын  жəне  білімді  игеру  процесінің  құрылымын 



«нақты аңғарудан абстрактілік ойлауға жəне одан практикаға көшу» схемасына 

сəйкес бірлікте қарастыруға болады.  

Нақты аңғару – түйсік, қабылдау. 

Абстрактілік ойлау –ұғыну, мəнін түсіну. 

Практика – білімді, іскерлікті, дағдыны практикада қолдану.  

Мұғалімнің 

оқытушылық 

іс-əрекеті 

оқыту 

процесінің 

негізгі 

компоненттерінің  бірі.  Мұғалімнің  оқытушылық  іс-əрекетінің  мəні  өсіп  келе 

жатқан  ұрпақтың  интеллектуалдық,  адамгершілік  жəне  дене  қабілеттерін 

дамытуға  арналған  білім  мазмұнын  меңгертуге  бағытталған  оқушының  оқу-

танымдық  іс-əрекетін  басқару.  Мұғалім  тарапынан  педагогикалық  басшылық 

сабақтағы  өзінің  жəне  оқушылардың  іс-əрекетін  жоспарлаудан  жəне 

ұйымдастырудан,  оқушылардың  білімдерді  жəне  іс-əрекет  əдістерін  меңгеруге 

бағытталған  белсенді  жəне  саналы  іс-əрекеттерін  ынталандырудан,  олардың 

оқу əрекеттері мен білімділігі сапасын бақылаудан, оқыту нəтижелерін талдау 

мен оқушының тұлғалық дамуын болжамдаудан құралады. 

         

Тəрбие    беру      міндеттері      білім  беру  мекемелерінде    оқушылармен  оқу 

уакытынан тыс жүргізілетін оқыту процесі мен тəрбие жұмыстары процесінде 

шешіледі.  Мұғалім  мен  оқушылардың  бұл  саладағы  қызметтерінің 

əрқайсысының  өздерінің  айырмашылықтары  мен  өздерінің  ерекшеліктері 

болады, алайда   олар   өзара   бөлінбестей   байланысты,   олар   бір   тұтас оқу-

тəрбие процесін кұрайды. 

Оқыту,  мұғалімнің  ерекше  бағдарлы  максат  көздейтін  қызметі  ретінде, 

оқушыларды  біліммен,  іскерлікпен,  дағдымен  жəне  оларды  танымдық  жəне 

шығармашылық  қабілеттілікпен  қаруландыратын  кең  мағынасындағы 

тəрбиенің біртұтас маңызды бөлігі болып табылады. 

Оқыту — жеке  адамның  қалыптасуының  жəне  бірінші  кезекте,  ақыл-ойы 

мен жалпы білімін дамытудың маңызды кұралы. Білім мен ақыл-ойдың дамуы 

көптеген жолдармен жəне əрқилы түрде (радио тыңдау, газет оқу, музейге бару 

жəне  т.  б.)  бастап  өздігінен  білім  алуға  дейін  жүзеге  асырылады,  алайда 

оқытудан тыс білім алу көбіне - көп тұрақты емес, жүйесіз түрде  жүреді. 

Оқыту   процесі   əрқашанда   мұғалімнің   басшылығымен   өтеді. 

Бірақ  сонымен  бірге  білім  алу,  іскерлік  жəне  дағдылану  процестері  —

оқушының  өзінің  қызметі.  Оны  оқу  деп  атап  жүр.  Хабарлама  теориясы 

тарапынан  алып  қарағанда  оқу    дегенді  хабарды      кайта      өңдеу  процесі  деп 

түсінуге  болады,  оның  жаңа  хабарды      табуға      мүмкіндік  беретін  əрекеттер 

жасау  үшін  пайдаланылуы  мүмкін.  Ал  оқыту  ұғымы  оқушыларды  біліммен, 

іскерлік  жəне  дағдымен  қаруландыру,  олардың,  таным  жəне  шығармашылық 

қабілеттерін дамыту жөніндегі мұғалімнің қызметіне жатады. 

Мұғалімнің  жұмыс  жүйесі  оқудың  ішкі  механизмдерін  білуіне,  оқу 

процесінің  барысында  өздері  қабылдап  алған  барлық  білім,  түсініктерін 

оқушылардың  сана-сезімдеріне  қандай  əрекет-əсер  ететінін  түсінуіне 

негізделген кезде ғана тиімді болуы мүмкін.  



 

65

 Мектептің  оқыту  процесіндегі  жүйелілік  оқу  жоспары  мен  оқу 



программаларында анықталған. Сондықтан программаның талабына сай оқуды 

жүйелі түрде жүргізу мынаны көздейді: 

  а)  Оқу  жылы  бойынша  əрбір  оқу  пəндерінің  материалын  логикалық 

ретімен орналастыру. 

  ə) Материалды мұғалім жүйелі де ретімен баяндау. 

  б)  Ең  қажетті  міндет  оқушылар  жаңа  білімдер  мен  бұрынғылардың 

логикалық байланысын түсінуі тиіс. 

  в)  Меңгерілетін  деректі  материалдар  мен  қорытынды  топшылаулар 

оқушылар санасында логикалық түрде орналасуы тиіс.  

  г) Мұғалімдер мезгіл-мезгіл өткен материалды жинақтап, қорытындылап 

отырады.  Ол  балалардың  тақырыптық  жеке  бөлімдерін  қалай  түсінгендерін, 

есте қалғандарын анықтайды. 

   Жыл  аяғында  оқушылар  пəн  бойынша  не  оқығанын,  əр  бөлімдерден  не 

ұғынғандарын,  тақырыптың  бөлімдері  бір-бірімен  қалай  байланысқандығын 

айтып беруге тиіс.  

  Осылай  оқушылар  санасында  білімдер  бір  жүйеге  түседі,  білімнің  ең 

негізділері мен мазмұндылары баса, бөле, асты сызылып көрсетіледі.  

 

14-тарау. Қазіргі мектептегі білім берудің мазмұны 



14.1 Білім беру мазмұнының мəні 

      Тұлғаны  жан-жақты  дамытудың  жəне  оның  базалық  мəдениетін 

қалыптастырудың  негізгі  құралдарының  бірі – білім  мазмұны.  Білім  беру - 

қоғамдық  ұйымдастырылатын  жəне  реттелетін,  бір  ұрпақтан  екінші  ұрпаққа 

əлеуметтік  маңызды  тəжірибені  тұрақты  түрде  беру  процесі.  Білім  беру  үш 

бірдей  процесті  қамтиды:  тəжірибені  меңгерту,  жүріс-тұрыс  қасиеттерін 

тəрбиелеу, дене жəне ақыл-ойын дамыту. 

Педагогикалық  сөздікте  «білім  беру  мазмұны  білімдердің,  іскерліктердің 

жəне  дағдылардың,  көзқарастар  мен  сенімдердің  жүйеленген  жиынтығы, 

сонымен  қатар  оқу-тəрбие  жұмыстары  нəтижесінде  жеткен  практикалық 

дайындықпен  танымдық  күштердің  дамуының  белгілі  бір  деңгейі»  деп  атап 

көрсетіледі.  Оны  білім  беру  мазмұнының  мəнін  анықтауды  білімдік-

бағыттылық тұрғыдан қарастыру деп атауға болады. Бұл жағдайда адамзаттың 

рухани байлығының бейнесі ретінде білімге негізгі көңіл бөлінеді. Əрине, білім 

маңызды  əлеуметтік  құндылық.  Сондықтан  білімге  бағытталған  білім  беру 

мазмұнының  маңызы  бар.  Ол  тұлғаның  əлеуметтенуіне,  адамның  социумға 

енуіне  көмектеседі.  Бірақ,  білім  мазмұнын  білімдік  бағыттылық  тұрғыдан   

анықтағанда абсолюттік құндылық білім болады да, адамның өзін көрсетпейді. 

Адам екінші кезекте қалып қояды. Ол білім мазмұнын идеологизациялау, орта 

оқушыға бағыттау сияқты басқа да негативті құбылыстарға əкеліп соқтырады.   

        Кейінгі  жылдары  білім  беруді  ізгілендіру  идеясы  аясында  білім 

мазмұнының мəнін анықтауға деген тұлғалық бағытталған тұрғыдан қарастыру 

кең қолдау тауып келе жатыр. Тұлғалық бағытталған білім беру мазмұны тұтас 

адамды  дамытуға  бағытталған:  табиғи  ерекшеліктерін  (денсаулығы,  ойлау, 

əрекет  ету,  сезіну  қабілеттері);  əлеуметтік  қасиеттерін  (еңбек  адамы,  отбасы, 


 

66

азамат  болуы);  мəдениет  субъектісі  қасиеттері  (еркіндік,  ізгілік,  рухани, 



шығармашылық). 

Білім беру мазмұны тарихи сипатта болады. Себебі, ол қоғамның дамуының 

белгілі бір кезеңіндегі білім беру мақсаты мен міндеттері арқылы анықталады. 

Білім беру мазмұны өндіріс талаптары жəне ғылымның даму деңгейіне сəйкес 

өзгеріп отырады. 

Білім  беру  мазмұнын  қалыптастырудың  негізгі  концепциялары 18 ғ.  соңы 

мен 19ғ. басында жасалды. Олар педагогика тарихында білім беру мазмұнының 

материалды жəне формальды теориялары деген аттармен белгілі.  

Біріншісін дидактикалық материализм теориясы немесе энциклопедизм деп 

те  атайды.  Оның  жақтаушылары  (ағылшын  тарихшысы  Дж.  Мильтон,  неміс 

педагогы Н.Б. Беседов жəне  т.б.) білім берудің негізгі мақсаты  əртүрлі ғылым 

салаларынан  неғұрлым  көп  білім  көлемін  беру  деп  есептейді.  Осы  көзқарасты 

Я.А.  Коменский  де  ұстанды.  Ол  өзінің  оқулығында  оқушыға  қажетті  барлық 

білімдерді енгізбекші болды.  

Білім  беру  мазмұнын  қалыптастырудың  формальдық  теориясы  немесе 

дидактикалық формализм оқытуды оқушылардың қабілеттерін  жəне танымдық 

қызығушылықтарын  дамыту  құралы  ретінде  ғана  қарастырды.  Оқу  пəндерін 

таңдаудағы  негізгі  критерий  ретінде  оның  дамытушылық  құндылығы  алынды 

(мысалы, математика, тілдер).  Дидактикалық формализмнің теориялық негізі - 

іс-əрекеттің бір саласында игерілген білімдерді жəне іскерліктерді басқа салаға 

көшіру қағидасы  болды. 

Дидактикалық  формализмнің  жақтастары  ежелгі  дүниеде  де  болған. 

Мысалы,  Гераклиттің  «көп  білген  ақылға  үйретпейді»  деген  пікірі  осының 

айғағы.  Осындай  позицияны  Цицерон  да  ұстанған.  Кейіннен  дидактикалық 

формализм  принциптері  Кант  философиясында,  Песталоццидің  неогуманистік 

идеяларында өз жалғасын тапты.  

Дидактикалық  формализм  өкілдерінің  жетістігі  ретінде  олардың  баланың 

қабілеттерін,  танымдық  қызығушылықтарын,  зейіні,  есте  сақтауын,  ойлауын 

дамытуға  көңіл  аударғанын  айту  керек.  Бұл  теорияның  əлсіздігі  оқыту 

бағдарламаларында  инструменталдық  пəндердің  (тілдер,  математика)  ғана 

болуы.  Фактілерді  танудың  (заттарды,  құбылыстарды,  процестерді)  ойлауды 

қалыптастыруға  ықпалы  сияқты  ойлаудың  дамуының  өзі  оқушылардың 

фактологиялық  сипаттағы  білімдерді  меңгеруіне  мүмкіндіктер  туғызады.  Бұл 

екіжақтылық  диалектикалық  байланысты  оқытуды  оның  мазмұны  арқылы 

анықтаған  энциклопедизм  өкілдері  де,  оқытудың  субъективтік-процессуалдық 

жағын асыра бағалаған дидактикалық формализм өкілдері де толық жəне нақты 

сезіне алмады.  

Аталған  екі  теорияны    К.Д.  Ушинский  бір  жақтылығы  үшін  қатты  сынға 

алды.  Ол  «формальное  развитие  рассудка  есть  несущественный  признак,  что 

рассудок  развивается  только  в  действительных  знаниях»  деп  жазды.  Оның 

«пустая  голова  не  мыслить»  деген  афоризмі    білім  мазмұнын  анықтауды 

формальдық жəне материалдық тұрғылардан қарастырудың бірлігін көрсетеді. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет