Жалпы педагогика


14.2  Білім  беру  мазмұнын  қалыптастыру  факторлары  жəне  білім  беру



Pdf көрінісі
бет9/12
Дата27.11.2019
өлшемі0,67 Mb.
#52450
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
posobie zhalpy pedagogika


 

 

67

14.2  Білім  беру  мазмұнын  қалыптастыру  факторлары  жəне  білім  беру 



мазмұнын іріктеу критерийлері мен принциптері  

 Білім  мазмұнын  іріктеуге  жəне  қалыптастыруға  əсер  ететін  негізгі 

факторлар: 

-  өзінің тарихи дамуының белгілі бір кезеңіндегі қоғамның мектептің 

алдына қоятын мақсаты, қоғамның білімді адамдарға деген қажеттілігі; 

-  оқыту процесінің нақты мүмкіндіктері; 

-  оқушылардың орта жəне оптимальды мүмкіндіктері; 

-  білімге деген тұлғаның өзінің қажеттіліктері. 



Жалпы принциптер - мектептің білім беру мазмұнын іріктеудің негізі оны 

құрастырудың бағытын анықтайтын, оқу пəніндегі оқу материалдарының нақты 

мазмұнын  толтыратын    құрал  ретінде  оқыту  мазмұнын  іріктеу  критерийлерін 

атауға болады. 

Білім мазмұнын құрастыру негізінде қандай принциптер жатуы керек деген 

сұраққа  нақты  жауап  жоқ.  И.Я.  Лернер  мен  М.Н.  Скаткин    оннан  аса 

принциптерді  көрсетсе,  Б.Т.  Лихачев  білім  мазмұнын  құрастырудың 

жалпыəдіснамалық  жəне  арнайы  принциптерін  көрсетеді.  Біріншісіне  оқу 

материалының  жалпыбілімдік  сипаты,  оқу  курстарының  интегративтілігі, 

мазмұнның  азаматтық  жəне  ізгілік  бағыттылығы  сияқты  принциптерді 

жатқызса,  екіншісін  ғылыми  пəндердің  мазмұнын  қалыптастыру  принциптері, 

өнер  саласындағы  мазмұнды  қалыптастыру  принциптері,  еңбек  жəне  дене 

дамуы саласындағы мазмұнды қалыптастыру принциптері деп бөледі.  

Жоғарыда  аталған  принциптердің  бəрін  толықтай  В.В.  Краевский  ұсынған 

үш принцип қамти алады деуге болады.  

Білім  мазмұнының  барлық  элементтері  мен  оны  құрастырудың  барлық 

деңгейлерінің  ғылымның,  өндірістің,  мəдениеттің  даму  деңгейіне  жəне 

демократиялық қоғамның, тұлғаның негізгі талаптарына сəйкестік принципі. 

Бұл  принцип  орта  білім  мазмұнына  дəстүрлі  қажетті  білімдер,  іскерліктер 

жəне  дағдылармен  қатар  социумның,  ғылыми  білімдердің,  мəдени  өмірдің 

қазіргі заманғы даму деңгейін көрсететін білімдерді де енгізуді талап етеді.   



Оқыту материалдарының мазмұнын құрастыруда жəне қалыптастыруда 

оқытудың  процессуалдық,  мазмұндық  жақтарының  бірлігін  ескеру  принципі. 

Бұл принцип нақты оқыту процесін іске асырумен байланысты педагогикалық 

шындықты  ескеруді  қажет  етеді.  Себебі,  мазмұн  процестен  тыс  болуы  мүмкін 

емес.  Сонымен  қатар,  білім  мазмұнын  жобалау  барысында  оны  оқушыларға 

беру, игерту технологиясын да ескеру керек. 

Білім  мазмұнын  құрастырудың  əртүрлі  деңгейлеріндегі  білім  мазмұнының 

құрылымдық  бірлігі  принципі.    Бұл  принцип    білім  мазмұнының  теориялық 

көрініс, оқыту пəні, оқыту материалы, педагогикалық іс-əрекет, оқушы тұлғасы 

сияқты құрамдас бөліктерінің келісімділігін қажет етеді. 

Соңғы  жылдары  білім    мазмұнын  іріктеудің    гуманитаризациялау  жəне 



іргелендіру (фундаментализация) принциптеріне көңіл аудара бастады. 

Білім 


мазмұнын 

гуманитаризациялау 

принципі 

оқушылардың 

жалпыадамзаттық  мəдениетті  белсенді  шығармашылықпен  жəне  практика 

жүзінде игеруіне жағдай жасаумен тығыз байланысты. 



 

68

Білім  мазмұнын  іргелендіру  принципі  гуманитарлық  жəне  жаратылыстану 



білімдерінің  интеграциясын  талап  етеді,  пəнаралық  байланыстар  мен 

сабақтастықты орнатуды көздейді. Бұл жағдайда оқыту білімді алу жолы жəне 

іскерлік  пен  дағдыны  қалыптастыру  ғана  емес,  сонымен  қатар  оқушыларды 

жаңа  білімдерді  алу  əдістерімен  қаруландыру,  іскерліктер  мен  дағдыларды  өз 

бетінше меңгерту құралы болады. 

Білім мазмұнын іріктеудің жалпы дидактикалық критерийлер жүйесі: 

1.  Өзінше  ойлай  алатын  шығармашылық  тұлғаны қалыптастыру міндетін   

білім мазмұнында тұтас көрсету критерийі. 

2.  Оқыту  материалдары мазмұнының  жоғары  ғылыми  жəне  практикалық  

мəнділігі критерийі. 

3.  Оқыту   материалдары   мазмұнының   күрделілігінің   оқушылардың оқу  

мүмкіндіктеріне  сəйкестігі  критерийі.  Оқыту  материалдары  мазмұнының 

көлемінің сол пəнді оқытуға бөлінген уақытқа сəйкестігі критерийі. 

4.  Білім мазмұнын құрастыруда халықаралық тəжірибені ескеру критерийі. 

5.  Білім     мазмұнының     мектептің    оқу-əдістемелік   жəне   материалдық  

базасына сəйкестік критерийі. 



14.3 Білім мазмұнын қарастыратын əртүрлі концепциялар 

Қазіргі  кезде  білім  мазмұнын  қарастыратын  əртүрлі  концепциялар  бар.  

И.Ф.  Харламов  білім  мазмұнын  «ғылыми  білімдер,  практикалық  іскерліктер 

жəне  дағдылар  жүйесі,  сонымен  қатар  оқыту  процесі  барысында  оқушы 

меңгеруіне  қажетті  дүниетанымдық  жəне  адамгершілік-эстетикалық  идеялар» 

деп қарастырады. 

Бүгінгі  күн  талабына  сəйкес  білім  мазмұны  концепциясы  ретінде    білім 

мазмұны  педагогикалық  өңделген  əлеуметтік  тəжірибе  концепциясын  айтуға 

болады.  Бұл    концепция  бойынша  білім  мазмұны  əлеуметтік  тəжірибенің  төрт 

құрылымдық элементіне сəйкес құрылады:  

-    танымдық іс-əрекет тəжірибесі, оның нəтижесі білімдер; 

-  репродуктивтік    іс-əрекет   тəжірибесі,    нəтижесі  –   іскерліктер    жəне  

дағдылар; 

-  шығармашылық      іс - əрекет     тəжірибесі     проблемалық     жағдайлар  

формасында беріледі; 

-  эмоционалдық-құндылық қарым-қатынас тəжірибесі. 

Аталған  əлеуметтік  тəжірибенің  əр  түрлі  білім  мазмұнының  ерекше  түрін 

құрайды: 

-  табиғат,  қоғам,  техника,  ойлау  жəне  іс-əрекет  əдістері  туралы  білімдер. 

Бұл   білімдерді    меңгере    отырып    оқушы  өзінде   дүниенің  шынайы 

бейнесін қалыптастырады; 

-  іс-əрекеттің     белгілі     əдістерін      іске     асыру     тəжірибесі.    Жалпы  

практикалық-интеллектуалдық  іскерліктер  мен  дағдылар  жүйесі  осы 

тəжірибенің мазмұнын құрайды; 

-  қоғам   алдында  туындайтын  жаңа проблемаларды  шешуге байланысты  

шығармашылық, ізденіс іс-əрекет тəжірибесі оқушылардың игерген білімдерді, 

іскерліктерді  жəне  дағдыларды  жаңа  жағдайда  қолдана  білуімен  тығыз 


 

69

байланысты.  Бұл  тəжірибе  жас  ұрпақтың  қабілетінің  дамуына,  тіпті  əрі  қарай 



мəдениеттің дамуына əсерін тигізеді; 

-  объектілерге   немесе   адамның   іс-əрекет   құралына   деген   құндылық  

қарым-қатынас тəжірибесі. 

Білім  мазмұнының  аталған  компоненттері  өзара  байланысқан,  өзара 

шарттасқан. 

14.4 Білім мазмұнын қалыптастырудың үш негізгі деңгейі 

      Білім  мазмұнын  жобалауда  белгілі  бір  иерархияны  құрайтын,  білім 

мазмұнын  қалыптастырудың  үш  негізгі  деңгейін  көрсетуге  болады:  жалпы 

теориялық  деңгейі,  оқу  пəні  деңгейі  жəне  оқу  материалы  деңгейі.  Жалпы 

теориялық деңгейде  білім мазмұны оқыту  жоспарында көрсетіледі. 

Білім мазмұны оқыту пəнінде нақтыланады. 

Оқыту  пəні – ғылыми  білімдер,  практикалық  іскерліктер  жəне  дағдылар 

жүйесі, ғылымның негізгі қағидалары немесе мəдениеттің, еңбектің, өндірістің 

бір жақтары. 

Оқыту бағдарламасы оқыту пəні бойынша білімдердің, іскерліктердің жəне 

дағдылардың  мазмұнын,  негізгі  дүниетанымдық  идеяларды  игеру  логикасын 

тақырыптар  ретінде  көрсете  отырып  ашатын,  оларды  оқуға  бөлінетін  уақыт 

мерзімін  көрсететін  нормативтік  құжат.  Ол  пəнді  оқытудың  рухани  жəне 

ғылыми  бағыттылығын  анықтайды.  Бағдарламада  оқу  материалдарының  оқу 

жылдары  бойынша  жəне  мектептің  əр  сыныбы  ішіндегі  орналасу  құрылымы 

көрсетіледі.  Оқушылардың  бағдарламалық  білімдерді,  іскерліктерді  жəне 

дағдыларды  игеру  деңгейі  оқыту  процесінің  тиімділігін    анықтаудың  негізгі 

критерийінің бірі болып табылады.  

Оқыту  бағдарламаларының  жалпы  құрылымы  үш  элементтен  құралады: 

түсініктеме  хат  (пəннің  мақсаты,  міндеттері,  оқу  пəнінің  негізінде  жатқан 

жетекші  ғылыми  идеялар),  мазмұны  (тақырыптық  жоспар,  тақырыптардың 

мазмұны,  негізгі  түсініктер)  жəне  негізінен  білімдерді,  іскерліктерді  жəне 

дағдыларды бағалауға қатысты  кейбір əдістемелік нұсқаулар. 

Білім  беру  мазмұнын  оқыту  материалы  деңгейінде  жобалау  оқу 

əдебиеттерінде  іске  асырылады.  Оқу  əдебиеттеріне  оқулықтар  жəне  оқу 

құралдары жатады. 

Оқу  əдебиеттерінің  ішінде  мектеп  оқулықтары  ерекше  орын  алады. 

Оқулықтар      құрылымы  жəне  мазмұны  бойынша  пəннің  оқу  бағдарламасына 

толық сəйкес келеді.  

Оқулықтың  құрылымында  негізгі  компонент  ретіндегі  мəтіндермен  қатар 

мəтіннен  тыс,  қосымша  компоненттерден  де  тұрады.  Оқулықтар  ғылым 

негіздерін  мазмұндаумен  қатар  оқушылардың  оқу  материалдарын  меңгерту 

үшін  олардың  өзіндік  жұмыстарын  да  ұйымдастырады.  Оқулық  ғылым 

логикасын, оқу бағдарламасы логикасын жəне тұлға дамуы логикасын бірлікте 

қарастырады.  Оның  негізгі  қағидалары,  қорытындылары  анық  жəне  нақты 

болуы  керек.  Сонымен  қатар  оқушылардың  танымдық  қызығушылығын 

тудыратын   проблемалық мазмұндау да болуы қажет.  


 

70

Білім  беру  мазмұны  əртүрлі  оқу  құралдарында    (хрестоматиялар, 



математика,  физика,  химия  пəндері  бойынша  есеп  жинақтары,  география, 

биология  пəндері  бойынша  атластар  жəне  т.б.)  да  ашылады.  Олар  оқулықтың 

кейбір  жақтарын  толықтырады.  Оқу  құралдарының  мақсаты  оқытудың  нақты 

міндеттерін шешу. 



 

15-тарау.Оқытуды ұйымдастыру формалары. Қазіргі сабақ 

 

15.1 Оқытуды ұйымдастырудың формалары туралы ұғым 

      Мектептердің  даму  тарихында  оқытуды  ұйымдастырудың  əр  түрлі 

формалары пайдаланылады. Оқыту формаларының бірте-бірте өзгеруі мұғалім 

мен  оқушылардың  іс-əрекетінің,  өнеркəсіптің,  ауылшаруашылығының  жəне 

үдемелі ғылыми-техниканың өзгеруіне байланысты болады. 

Ертедегі  Грецияда  оқытудың  жеке  формасы  пайдаланылады.  Бұл  келесі 

ғасырға дейін – дворяндар үйелмендерінде сақталды. 

Ерте  замандағы  Вавилонияда,  Египетте,  Қытайда,  Үндістанда  оқытудың 

жеке-топтық формалары шығып дамыды. 

Орта  ғасырда  сабақ  бір  топ  оқушылармен  өткізілді.  Мектептерде 

сабақтардың  тұрақты  кестесі,  оқытудың  дəл  мерзімі  болмады,  оқушылар 

мектепке жылдың қай мезгілінде болса да қабылданды. 

Мұнан  былай  қоғамның  дамуы  білім  беру  ісіне  көтеріңкі  талап  қойды. 

Сондықтан оқыту жұмысын ұйымдастырудың тиімді формасы туралы сұрақтар 

туды. Оқытудың мұндай формасы ХVI ғасырда Ресейдің оңтүстік батысындағы 

мектептердің (Львов, Луцкая жəне басқа облыстар) тəжірибесінде пайда болды. 

Мектептерде 

құрамы 

берік, 


белгілі 

жастағы 


оқушыларға 

сынып 


ұйымдастырылды,  оқу  сабақ  кестесі  бойынша  өткізілді,  əрбір  оқу  сабақ  деп 

аталды. 


Мектепте сабақтан оқытуды ұйымдастырудың бірнеше формалары бар: оқу 

саяхаты,  семинар  сабақтары,  практикумдар,  факультативтер,  консультациялар, 

үй оқу жұмысы т.б. 

Саяхат пəндер бойынша жоспарланып, мектептің жалпы іс жоспарларына 

кіреді.  Саяхатты  ұйымдастыру  үшін  түрлі  объектілер  пайдаланылады.  Оларға 

музей, көрме, табиғат, өндіріс жатады. 

Семинар сабағы – бұл жоғары сыныптарда тарих, əдебиет, жалпы биология 

т.б. пəндер бойынша өткізіледі. Семинарға қатарынан екі сабақ беріледі, онда 2-

3 мəселелер қарастырылады. Оқушылар сабаққа дайындалу үшін  əрбір мəселе 

бойынша материал жинайды, бақылау жасайды, кітапханаға, музейге, көрмеге, 

архивке барады, құжаттармен танысады, қосымша əдебиеттерді зерттейді. 

Семинар  сабақтары  оқушыларды  өз  бетімен  жұмыс  істеуге  үйретеді: 

зерттелген  материалдың  мəніне  жете  түсінеді,  өз  ойын  мазмұндап  дəлелдейді. 

Демек,  семинар  сабақтары  оқушыларды  зерттеу  жұмысының  кейбір 

элементтерімен таныстырады. 

Практикумдар – курс тарауы аяқталғаннан кейін оқушылардың өз бетімен 

орындайтын    лабораториялық    жұмысының    кешендісі.  Лабораториялық 



 

71

жұмыстарды  оқушылар  топ-топ  болып  дербес  орындайды,  эксперименттік 



есептер шығарады.  

Мұғалім  оқу  бағдарламасының  материалдарын  жəне  мектептің  нақтылы 

жағдайын  есепке  алып,  практикумдар  тақырыбын  анықтайды.  Оқу 

жоспарындағы 

сағаттардың 

есебінен 

практикумдарды 

өткізуге 6-8 

лабораториялық    сабақтар    бөлінеді.  Лабораториялық      жұмыстар      негізінен 

химия, физика, биология пəндерінен өткізіледі.  



Факультативтік  сабақтар – оқудың  формасы  оқушылардың  қалауы 

бойынша жүргізіледі. Негізгі мақсат: оқушылардың ғылыми-теориялық білімін, 

танымдық  ынтасын,  шығармашылық  қабілетін  дамыту.  Факультатив 

оқушыларға кəсіби бағдар беру ісінің тиімді формаларының бірі. Факультатив 

сабақтары жалпы орта білім беретін мектептің өтпелі базистік оқу жоспарының 

жылжымалы  бөлімінде 5-ші  сыныптан  бастап  өткізіледі.  Ал,  тереңдете 

арналған типтік оқу жоспары бойынша 8-ші сыныптан басталады.  

Үй оқу жұмысы – бұл жұмыста оқушылардың дербес қасиеті жəне қабілеті 

байқалады.  Үй  тапсырмасы  олардың  жауапкершілік  сезімін  тəрбиелейді, 

қиыншылықтармен күресуге үйретеді.  Үй тапсырмасы сабақ кезеңдерінің бірі, 

білімді іскерлікті жəне дағдыны бекіту үшін пайдаланылады. 



15.2 Оқытуды ұйымдастырудың негізгі формасы - сабақ  

ХVII  ғасырда  сынып – сабақ  жүйесі  ене  бастады.  Оның  контурын  неміс  

педагогі Штурм, теориялық негізін қалаушы жəне практикалық технологиясын 

құрушы  Я.А.  Коменский    болды.  Сонымен 1930 жылдан    бастап    совет 

мектебінде оқытуды ұйымдастырудың формасы сабақ болды. 

Оқыту – білім  берудің  негізгі  жолы.  Оқыту  оқытушы  мен  оқушылардың 

біріккен  іс-əрекеттері,  сондықтан  ол  екі  жақты  біртекті  процесс,  біріншіден, 

оқытушы  оқушыларға  білім  беріп,  іскерлікке,  дағдыға  үйретеді,  екіншіден, 

оқушы  таным  міндеттерін  жете  түсініп,  жаңа  білімді,  іскерлікті  дағдыны 

игереді жəне оларды өмірде қолданады. 

Форма – сыртқы  пішін,  түр,  қалыптасқан  белгілі  бір  тəртіп.  Кез  келген 

заттың, процестің формасы оның ішкі мазмұнымен шартталады. Сонымен қатар 

форманың  өзі    мазмұнға  əсер  етеді.  Оқыту  ұйымдастыру  формасы – оқыту 

процесінің  арнайы  конструкциясы.  Бұл  конструкция  оқыту  процесінің 

мазмұнымен,  əдістерімен,  құралдарымен,  оқушылардың  іс-əрекеттерінің 

түрлерімен анықталады.  

Сабақ – оқушылардың  топқа  ұйымдасқан,  класс  (сынып)   деп  аталатын 

тұрақты  құрамымен,  мұғалім  басшылығымен  жүргізілетін  оқу  жұмысы. 

Сабақта  оқыту  мен  тəрбие  мақсаттары  мен  міндеттері  жүзеге  асырылады, 

оқушылардың  ой-өрісі  кеңиді,  қабілеті  дамиды,  көзқарасы  адамгершілік 

қасиеттері қалыптасады. 

Оқытуды  ұйымдастырудың  формасы  сыныптық-сабақтық  жүйесінің 

ерекшеліктері: 

-   оқушылардың жас жəне дайындық деңгейлерінің шамалас болуы;  

-   əр сынып жылдық оқу жоспары бойынша жұмыс істеу; 

-   оқыту процесі - бірлескен бір-бірімен жалғасқан сабақ жүйесі; 

-   əр сабақ бір пəнге ғана арналуы (монизм); 


 

72

-  сабақтың арнайы кесте бойынша өтуі; 



-  мұғалімнің жетекшілік ролі; 

   -  оқушылардың      оқу - танымдық      іс - əрекеттерін      қалыптастыруда 

оқушылардың  оқу  іс-əрекеттерін  ұйымдастырудың  əр  түрлі  формаларын 

қолдану. 

Əрбір  сабақта  логикалық,  психологиялық,  ұйымдастыру  бірліктері  болуы 

тиіс. 


15.3  Оқыту  процесінде  сабаққа  қойылатын  талаптар.  Сабақтын 

құрылымы 

1. Сабақтың дидактикалық мақсатының айқындылығы. 

Мақсат дегеніміз – алдын ала жоспарланған іс-əрекет барысында қандай да 

болса  объектінің  нəтижесін  шығару.  Оқыту  процесі  үш  функция  атқарады:  

білімділік, тəрбиелік,  дамытушылық. 

Сабақта  оқу  материалының  ерекшелігіне  сай,  проблемалық  жағдайларды 

туғызу  танымдық  процестің  логикасын  сақтап,  оқу  процесінің  дамытушылық 

сипатын қажет ететін пікірмен ой қорытындыларын жасауға үйрету. 

Əр сабақтық дидактикалық міндеттер алдын ала ойластырылуы керек жəне 

оқу  танымдық  міндет  оқушылардың  өз  бетімен  ізденіп  ақыл – ойларын 

дамытуға үйрету қажет.  

1. Балалардың жас жəне дербес ерекшеліктерін есепке алу. 

Оқытудың əдістері мен оқу материалдарын қиындау жəне жеңіл дəрежесін 

дұрыс айқындау. 

   2.  Сабақтың  құрылымын  айқындау,  мақсат,  міндет,  əдіс-тəсіл,  мазмұнға 

сəйкестендіру, тиімді пайдалану, уақытты үнемдеу. 

      3. Сөз бен көрнекілікті үйлестіру, техникалық құралдарды қолдану. 

      4. Оқушылардың білім деңгейін терең ұғынуын бақылап, есепке алу. 

     5.  Білімнің  қоғамдағы  дəрежесін  көтеру  үшін  дарынды  балаларды 

аңықтау, бейімділігін, қабілетін дамытуға жағдай жасау. 



1.Сабақтың құрылымы. 

Сабақтың типіне байланысты сабақтың  құрылысы. 



Сабақтың  типтері.                          Құрылымы. 

Жаңа білімді хабарлау                    1.Ұйымдастыру кезеңі 

                                                           2. Мақсат, міндеті. 

                                                           3. Жаңа білімді хабарлау.  

                                                           4. Бекіту. 

                                                           5. Қорытынды. 

                                                           6.Үйге тапсырма. 

    2. Аралас сабақ.                             1. Ұйымдастыру кезеңі 

                                                            2. Мақсат, міндеті 

                                                            3. Үй тапсырмасын сұрау. 

                                                            4. Жаңа сабақты хабарлау. 

                                                            5. Бекіту. 

                                                            6. Қорыту. 

                                                            7. Үйге тапсырма. 



3. Білімді бекіту, қолдану               1. Ұйымдастыру кезеңі. 

    жəне дағды мен іскерлікті             2. Мақсат, міндет. 

     қалыптастыру сабағы.                   3. Білімді бекіту,қолдану. 

                                                              4. Қорытынды. 



 

73

4. Бақылау сабағы.                              1. Ұйымдастыру кезеңі 



                                                              2. Мақсат–міндеттерін     

                                                                   анықтау. 

                                                              3. Бақылау мазмұнымен, 

                                                                  тапсырмасымен, оны   

                                                                  орындау тəсілдерімен   

                                                                  таныстыру. 

                                                               4. Өздігінен жұмыс. 

                                                               5. Қорытынды. 

 

5. Қорыту жəне жүйелеу сабағы.       1. Ұйымдастыру кезеңі. 

                                                               2. Сабақтың мақсаты,  

                                                                    міндеттері. 

                                                               3. Оқу материалын   

                                                                    қайталау,  жүйелеу жəне        

                                                                    жинақтау. 

                                                                4. Сабақтың қорытындысы. 

 

       16-тарау.Оқыту əдістеріне сипаттама 

    


       16.1  Оқытудың əдістері, тəсілдері жəне құралдары 

       Оқыту əдістері  ұғымының мазмұнын анықтауда құрал, жол, тəсіл сөздерін 

пайдаланудың  синонимдік  жағынан  педагогикалық  əдебиеттерде  əр  түрлі 

көзқарастар байқалады. Бұл сөздер бір-біріне жақын, бірақ əрқайсысының өзіне 

тəн мағыналық не қолдану ерекшелігі бар сөздер. 

Құрал дидактикада дербес терминологиялық мəні бар сөз. 

Мысалы,  дидактикада  қолданылатын  құралдар  оқыту  жабдықтары,  оқыту 

ақпаратының    көздері  (оқытудың  техникалық  құралдары,  оқулықтар,  оқу 

құралдары,  көрнекі  құралдар).  Көрнекті  құралдардың  түрлері:  плакаттар, 

географиялық  жəне  тарихи  карталар,  диаграммалар,  кестесі,  муляждар, 

жануарлардың  тұлыптары,  гербарийлер  (кептірілген  коллекциясы),  табиғи 

объектілер т.б. 

Əдіс  (методос  деген  грек  сөзінен  туады – зерттеу  немесе  таным  жолы), 

тəсілдер жиынтығы. Əдіс педагогикалық əдебиеттерде  тəсіл деп түсіндіріледі. 

Əдіс – оқыту  процесінің  негізі  деп  айтуға  болады,  ол  алдын-ала 

жоспарланған  мақсат  пен  соңғы  нəтижені  байланыстыратын  звено  болып 

табылады. 

Оқыту  əдістері – бұл  педагог  пен  оқушының  оқу  мақсатына  жетуге 

бағытталған реттелген іс-əрекеті. 

Оқыту  əдістері  күрделі,  көпөлшемді,  көпсалалы  білім.  Сондықтан  оқыту 

əдістері  объективті  заңдылықтары,  мақсаты,  мазмұны,  принциптері,  оқыту  

формалары  арқылы    көрініс  табады.  Оқыту  əдістерін  кеңістіктік  модель, 

кристалл түрінде көрсетуге болады (1-сурет)     

 

 

 

 

 


 

74

Əдіс көпқырлы құбылыс ретінде 

 

 

                         



Мазмұны 

             Жолдары 

 

Белсенділігі                                                                                 Əдістемелік тəсілдер                         

 

Мақсат пен міндет 

       Способтар 

 

Заңдары 

     Инструменттер 

 

Ережелері 

    Құралдар 

 

Көздері 

      Іскерлігі (мастерство) 

 

 

1-сурет 


Педагогикалық энциклопедияда  “Оқыту əдістері” – мұғалім мен оқушылар 

жұмысының  тəсілдері,  солардың  көмегімен  білімді,  іскерлікті  жəне  дағдыны 

игереді,  оқушылардың  дүниетанымы  қалыптасады,  қабілеттері  дамиды, - деп 

жазылған. 

Демек,  оқыту  əдістері  бұл  мұғалім  мен  оқушылардың  тəрбие  жұмысының 

міндеттерін  ойдағыдай  шешуге  бағытталған  өзара  байланысты  іс-əрекетінің 

тəсілдері.  Оқыту  əдісін  осылай  дидактика  тұрғысынан  түсіндіру  жалпы 

философиялық  анықтамаға  сай  келеді.  Əдіс  дəл  жалпы  мағынасында  мақсатқа 

жету іс-əрекетін нақты ретке келтіру тəсілдері. 

Сонымен  оқыту  əдістері  оқушылардың  қабілеттерінің  дамуына  мүмкіндік 

туғызады, яғни оқушалардың ойын дамытады, өз бетінше ізденіп жаңа білімді 

игеруге ықпал жасайды. 

Оқыту  əдістері  ғылыми  таным  əдістеріне  байланысты,  өйткені  оқытуда  ең 

бастысы  оқушылардың  танымдық  іс-əрекеті.  Ғылыми  танымға  қатысты 

бірсыпыра  ережелер  оқушылардың  танымдық  іс-əрекетінде  қолданылатын  

оқыту  əдістерінің  ерекшелігін  анықтайды.  Бұл  ережелер:  оқыту  əдістері  ең 

анық  фактілерді    білімді  қамтамасыз  етеді;  оқыту  əдістері  шындықты    тануға 

əрекет  жасайды;  идея  нақты  өмір  мəліметтерінен  қорытындылады.  Осы 

ережелердің  барлығы  оқушылар  көзқарастарының  қалыптасуының,  таным 

қабілеттерінің дамуының негізі болады. 

Оқыту  əдісі  мақсатқа  жетудің  саналы  түрде    қолданылатын  тəсілі,  ал 

мақсатқа  жету  мұғалімнің  шеберлігіне  оның  оқыту  процесін  тиімді 

ұйымдастыра  білуіне    оқушылардың  даярлық  дəрежесіне,  мұғалім  мен 

оқушылардың белсенділік педагогикалық ынтымақтастығына байланысты. 

“Оқыту  əдістері”  жəне  “əдістемелік  тəсіл”  ұғымдары  бір-бірімен  тікелей 

байланысты. Əдістемелік тəсіл оқыту əдісінің элементі. Мысалы, жеке сөздерді 

түсіндіру, суреттерді демонстрациялау т.б. 

Оқыту əдісі белгілі бір жолды көрсететін ұғым, яғни оқушылардың білімді 

меңгеру  жəне  дамуы  тəрбиесіне  бағытталған  оқушы  мен  мұғалім  арасындағы 


 

75

бірлесіп  жүргізетін  іс-əрекеттің  субъектісі,  субъектілік  ретіндегі  қарым-



қатынас. 

Əдіс  пен  тəсілдің  шекарасы  өте  жылжымалы,  құбылмалы,  сондықтан 

олардың шекарасын анықтау қиын. Өйткені, əдіс кейде тəсілге, ал əдістемелік 

тəсіл оқыту əдісіне айналады. Əдіс жəне тəсіл педагогикалық ұғым. Олар жеке 

пəндерді оқытуда қолданылады. 

Оқыту  əдістері  дидактиканың  ең  басты  құрамды  бөлігінің  бірі,  оқыту 

əдістері  білім  беру  мазмұнын  оқытудың  жалпы  мақсаты  жəне  міндеттерімен 

анықталады.  Тұтас  педагогикалық  процесс  барысында  оқыту  əдістерін  тиімді 

шығармашылықпен  жүзеге  асыруына  байланысты.  Сондықтан  бүгінгі  күнде 

оқыту əдістері туралы жаңа ойлауды қажет етеді. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет