Жумадуллаева А. А.,Өтеген Қ. О.,Сыдыкова З. Е. ҚАзақ этнопсихологиясы шымкент 2016


Қазақ этнопсихологиясының зерттеу әдістері



бет2/12
Дата11.02.2018
өлшемі2,48 Mb.
#37507
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

1.3 Қазақ этнопсихологиясының зерттеу әдістері
Этностардың өмір сүру кезеңінде нақтылы тарихи жағдайлардың (онын ішінде қоғамдық кұрылыстардың да) бірнеше рет өзгеруі мүмкін. Этностар орта есеппен 1200— 1500 жыл өмір сүреді. Бірақ ол түрлі географиялық, эко-номикалық, әлеуметтік жағдайларға байланысты бірде ұзақ, бірде қысқа болуы ықтимал.

Жергілікті географиялық жағдайға бейімделмеген тіршілік иесі (оның ішінде адам да) басқа жаққа ауырып кетуі керек немесе өліп, жоғалып тынады. Тіршіліктің жер бедеріне қарай икемделуін биология ғылымы қарастырады. Ал тірі организмде болатын биологиялық өзгерісті географиялық жағдаймен байланыстыра зерттейтін болғандықтан, зерттеушіге географиялық заңдылықтарды да жақсы білу қажет. Этностардың жаратылысын география мен биология ғылымдарымен қоса, тарих ғылымы да тексереді. Себебі, этностар тарихы қоғам дамуымен тығыз байланысты. Біз этностарды, бір жағынан, табиғаттың перзенті, биологиялық бөлшегі деп қарасақ, екіншіден, табиғи байлықтарды игере отырып, қоғамды құрушы күш деп білеміз. Қоғамның, белгілі бір даму кезеңінде бір этностың пайда болып, өсіп-өркендеуі, керісінше, қоғам заңдылықтарына орай, енді бірде оның жойылып, орнына екінші бір этностың пайда болуы мүмкін.

Ертедегі адамдарға жаратылыс тұтас құбылыс болып көрінді. Олардың табиғат пен тарихтың байланысы туралы түсінігі де болмады. "Ұқсас нәрсе ұқсастықтан туады" деген магиялық ұғым олардың ойынан берік орын алды да, табиғат пен адам бойынан ұқсастық іздеу принципін туғызды. Бұл принцип халықтық астрономия мен медицинада өзекті орын алды. Кейін жеке ғылым салаларының дамуы нәтижесінде, ол түсініктер негізсіз болып, практикалық іс-тәжірибеден біртіндеп ығысып шыға бастады. XVIII—XIX ғасырларда тың жаңалықтардың ашылып, орасан көп мәліметтердің жинақталуы ғылым салаларының кеңейіп, тармақталуына мүмкіңдік туғызды. Сөйтіп, табиғаттың (оның ішінде этностардың да) даму заңдылықтарын зерттейтін жаратылыстану ғылымының салалары (өсімдіктану, жануартану, тәнтану т.б.) жеке-жеке ғылым түрлері болып бөлініп шықты. Сондай-ақ, қоғамның даму барысын анықтайтын тарих, қоғамтану, саяси экономия, социология, тарихи және диалектикалық материализм ғылымдары пайда болды.

Мұнан басқа ұлттық ерекшеліктерді зерттейтін этнология, этнопсихология, этнопедагогика ғылымдары бар.

Ұлттың ұлт болуы үшін қажетті аумақтық, экономикалық, мәдени, психологиялық бірлікпен бірге, тілдік тұтастық басты және ең негізгі белгілердің бірі болып саналады.

Белгілі бір этнос адамдарының жан дүниесіндегі мінез-құлық, сана-сезім (этнопсихологиясы) мен әдет-ғұрып, салт-дәстүр (этнологиясы) ерекшелігі ұрпақтан-ұрпаққа ана тіл арқылы жетеді. Ұлттық сана-сезімнің өсуі мен өшуі, бір жағынан, ана тілдің тағдырын анықтаса, екінші жағынан, ана тілдің даму дәрежесі ұлттық сана-сезім деңгейінің өлшеуіші болып есептеледі.

"Психология" оқу құралын қазақ тілінде жазып шыққан әдебиетші-ғалым Ж.Аймауытов бұдан дәл 70 жыл бұрын "Тәрбиеге жетекші" деген еңбегінде: "Ана тілі — халық болып жаралғаннан бергі жан-дүниесінің айнасы, өсіп, өніп, түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі... Жүректің терең сырларын, жанның барлық толқындарын тұқымнан-тұқымға жеткізіп, сақтап отыратын қазынасы — сол халықтың тілі",— деген болатын. Кезінде Ахмет Байтұрсыновтың да: "Сөзі (тілі) жоғалған жұрттың өзі де жоғалады. Өз ұлтына басқа жұртты қосамын дегендер әуелі сол жұрттың тілін аздыруға тырысады",—деген ұлағатты ойы бүгінге дейін мән-мағынасын жоғалтқан жоқ. Бүгінде "мәңгүрттер" делініп жүргендердің пайда болуы сол отарлық тіл саясатының жемісі екенін ұмытуға болмайды.

Ұлттық тәлім-тәрбиені (этнопедагогиканы) іске асыратын ұлттық тіл (этнолингвистика) екені, ал оның ұлттың ішкі жан дүниесімен, сана-сезіммен байланысты (этнопсихологиямен) жүргізілетіні көпке аян. Этнолингвистика тілді этносқа қатысы жағынан зерттесе, психолингвистика оны адам психологиясына, ал социолингвистика қоғам дамуына қатысы тұрғысынан қарастырады.

Этнолингвистика диалектология, фольклористика, этнология, культурология, мифология сияқты ғылымдармен де байланысты. Себебі, бұлардың қай-қайсысы болсын, этнос табиғатын ашуға кызмет етеді және олардың зерттеу нысаны да ортақ. Мысалы, диалектология этностың жергілікті сөйлеу ерекшелігін, этнология мен фольклористика этностың әлденеше ғасырға созылған мәдени даму үрдісін, заттық және рухани мәдениетін, салт-дәстүрін зерттесе, мифология этностың дүниетанымын, сенім-нанымын, өзін қоршаған ортаға деген көзқарасын зерттейді. Олай болса, бұлардың бәрі де тікелей этносқа қатысты, бәрі де этностық ерекшеліктерді сипаттайды.

Ал философия - ғылымдардың ғылымы, барлық ғылымдардағы зерттеудің әдіс-тәсілдерін жинақтаушы, этностың болмыс-бітімімен байланысты мәселелердің басын біріктіріп, әдіснамалық тұрғыда талдау жасайтын алтын діңгек іспетті. Демек, этнос бұлардың бәрінің бір-бірімен тоқайласатын "мама ағашы", бәрінің "түйісу нүктесі" болып табылады. Осы ғылымдардың даму заңдылықтарымен танысып, оны зерттеуді басшылыққа ала отырып, біз адамзат тарихы мен табиғат өзгерісінде өзара байланыстылық бар екенін байқаймыз. Себебі, адамзат тарихы мен табиғаттағы ұқсастық, біріншіден, олардың көп қырлылығында. Айталық, әрбір адам немесе бүкіл адамзат тұтас физикалық дене, тірі организм, жоғары биологиялық құндылық болып та, қоғамның мүшесі, халықтың өкілі болып та көрінеді. Екіншіден, табиғат адамның, тіршілік ететін ортасы болып саналады. Сонымен бірге адамның өзі — хайуанаттан белінген табиғат перзенті, үшіншіден, адам — табиғаттың құшағында тіршілік ететін, оның перзенті бола отырып, табиғатты саналы түрде меңгеріп, өзіне қызмет етуге икемдеуші, яғни табиғатты игеруші. Адамдар бірлесе еңбек етеді. Соның негізінде адамдар арасында қоғамдық қарым-қатынастар қалыптасады. Адамдардың қоғамдасып тіршілік етуі үшін материалдық жағдайы мен тарихи жағдайының бірлігі қажет. Бұл жүйені анықтаудың басты белгісі материалдық байлықты ендіру тәсілдері мен оның игіліктерін пайдалану, яғни меншіктің түрлері болып саналады. Осының негізінде адамдар арасындағы қоғамдық қатынастар қалыптасады.

Қоғамдық құрылыс пен этностардың құрылысыңда тепе-теңдік болған емес, болмайды да. Мысалы, XIX ғасырдағы Ресей капиталистік қоғам сатысында тіршілік етсе, ал Қазақстан мен Орта Азия елдері феодалдық қоғам жағдайында болды.

Әр халықтың тарихы өзіне көрші халықпен тығыз байланысты. Тіпті бір-бірінен алыс жатқан халықтардың да тарихында себеп-салдарлық байланыстың болуы мүмкін.

Әр халықтың қалыптасу тарихында олардың алдыңғы қатарлы тобы — зиялы қауым шешуші рөл атқарса, ал бүкіл мемлекеттің дамуында этностардың өзара байланысы басты рөл атқарады. Этникалық зерттеулер ескі тарихи-мәдени ескерткіштерді анықтаудан, белгілеуден басталады. Әр этнос өзіне тән материалдық-мәдени байлықты жасайды. Мәселен, еңбек құралдарының түрі, тұрмыстық тұтыну бұйымдары, құрал-саймандар, дәстүрі, рухани көзқарастың бірлігі әр этностың езіне тән ерекшелігі болып саналады. Бұған халықтың ауыз әдебиеті үлгілері мен жазу-сызу мәдениеті де енеді. Ерте дәуірдегі этностың тұрмыстық ерекшелігін тас дәуірінің мұраларынан, үй құрылысы мен оның әшекейлік бұйымдарынан, керамикалық ыдыстар мен оның ою-өрнек үлгілерінен байқаймыз. Міне, бұл жағдайларды анықтауға археологиялық қазбалар көмектеседі. Мәдени қазба ескерткіштер ертедегі этностар мәдениетінің өркендеуін немесе құлдырау кезеңін анықтауға мүмкіндік береді. Археологтер адам мен хайуанаттардың сүйегін, қамалдардың қабырғаларын немесе бейіттердегі материал қалдықтарын (білезік, сырға, батырлардың сауыт-саймандары, қару-жарағы, ыдыс-аяғы т. б.) тауып, сол арқылы ескі мәдени мұралар жайында қорытынды жасайтын болады. Онда да ағаштан, теріден, қағаздан жасалған мәдени мұралардың сақталмайтынын ұмытпау керек. Археологиялық жаңалықты тарихпен байланыстыра, салыстыра қарамаса, зерттеушіні шатастыруы мүмкін. Этникалық мәдени мұралардың ұқсастық себебін анықтауға салыстыра зерттеу әдісі қажет. Мәселен, көрші этностармен сауда-саттық, мәдени қарым-қатынас та бір этноста бар мәдени мұраларды екінші этностың өзінше өзгертіп пайдалануына мүмкіндік туғызады. Мысалы, Еуропа мәдениетінің дамуына вавилондықтармен қарым-қатынастың әсері болды. Француздар мен гректердің архитектуралық ою-өрнек стиліндегі ұқсастықты олардың генетикалық байланысынан емес, сауда-саттық, мәдени байланыстың әсерінен іздестіру қажет деп қараймыз.

Сондай-ақ, темір дәуірінде пайда болған қанжар, барлық этностарға ортақ бұйым болғанымен, оның сабындағы, қынындағы ою-өрнек әр этностың өзіне тән ерекшелігін білдіреді.

Түрлі этностарда шырағданды, кәресін шамды электр шаммен ауыстыру ұзақтығы әр түрлі болды. Ал бұл адам баласының материалдық игіліктерді жасауы мен этногенездер табиғатының әр түрлі жағдайда дамитындығын дәлелдейді. Ертедегі Рим мемлекетінің орнына жаңа қалалар мен мемлекет өркен жайды. Сондай-ақ, бір кездегі күшті көшпелі "Ғұн этносы жоғалып кетті. Жер бетінде бірнеше халықтар жойылып, олардың орнына жаңа халықтар пайда болды. Ал қазіргі өркен жайып, өмір сүріп отырған ұлттардың да әлденеше ғасырдан кейін жер бетінен жоғалып, олардың орнын жаңа этностардың басуы мүмкін. Кез келген табиғат жүйесінің (соның ішінде этностардың да) ыдырап, құрып бітуі сөзсіз. Бұл — табиғат заңы. Өмірдің өліммен ұштасуы, ал өлімнен кейін жаңа өмірдің жер бетінде өркен жайып, дүниеге келуі — диалектикалық заңды құбылыс. Ал мәдениет тарихынан ондай диалектикалық заңдылықты көрмейміз.

Табиғаттан адамның өзгешелігі — олар материалдық игіліктерді жасап, заттардың санын көбейткенімен, табиғат сияқты, жанды бір заттан екінші бір жанды зат (тіршілік иесін) туғыза алмайды. Мысалы, табиғатта өсімдік пен аңдардың, хайуанаттардың жаңа түрлері (белгілі тарихи кезеңде) пайда болып, өсіп-өне береді. Тау-тас, жел мен жаңбырдың әсерінен мүжіліп, төбешікке, тіпті бара-бара тегіс жерге айналуы, өзен-көлдердің суалып, құрып кетуі немесе жер астына сіңіп, ағыс бағытын өзгертуі мүмкін.

Ал адам баласы жасаған Мысыр пирамидасы немесе Эйфел мұнарасы өзгеріссіз, ғасырлар бойы сақталады. Мәдени ескерткіштерді жасаушы этностар жер бетінен жоғалғанымен, олар жасаған мұралар ұзақ өмір сүреді.

Табиғат байлығын игеруші адамдар жасаған мәдени-техникалық прогресс үнемі алға қарай жүре беретін құбылыс болып көрінуі мүмкін. Бірақ, шын мәнісінде, олай емес. Мәселен, біздің жыл санау дәуірімізге дейінгі VIII ғасырда өмір сүрген скифтер Қара теңіз жағасын жай-лаған, 500 жыл бойы өркендеген, мәдениеті бай ел болған. Олар теңіз жолында сауда-саттық өркендетіп, кереметтей өнердің, өзіндік мәдениеттің иесіне айналды. Ал сол ұлт біздің дәуірімізге дейінгі III ғасырда сарматтардың соққысынан мүлде жойылып кетті. Сарматтар 700 жыл өмір сүрді. Олар Византиямен астық, жүзім сатып, сауда-саттық жасаған, қолөнері дамыған ел еді. Олар Ғұндардың шабуылына ұшырап (370—463 жылдары), өз мәдениеті мен дәстүрлерін жоғалтты. Ал Болгарлар ғұндарды жеңіп, 200 жыл үстемдік құрды. Міне, ұлттық мәдениеттің регреске ұшырап, құлдырап кетуі, оның прогресіне қарағанда жиі болатын құбылыс екенін осы фактілер дәлелдейді. Этногенездік мәдениеттің бірде өсіп, жоғарылап, шарықтау шегіне жетіп, бірде құлдырап, төмендеуін анықтау арқылы ұлттық мәдени мұраның берік қалыптасуын байқаймыз. Мәдениет тарихы мен этностың тарихы әр түрлі жа-зықтықта жатыр. Этногенездің шапшаң қарқынмен дамуы белгілі бір уақыттағы оқиғалардың санымен өлшенеді. Оқиға деп бір немесе бірнеше жүйелі байланыстың жиынтық көрінісін айтамыз. Оқиғаның тууы немесе жоғалып кетуі - заңды құбылыс. Этникалық тарих дегеніміз — жоғалған ескі мұралар тарихы да, ал мәдениет тарихы мұражайларда сақталған мұралардың шартты белгілерінің жүйесін тізу болып шығады.

XX ғасыр адамдары прогресс жайындағы теорияға үйренгені соншалық, жоғалғандар туралы айтуға келгенде, ойланып қалады. Өткен ғасырлардағы адамдар кейінгі ұрпаққа жақсы дағдылар мен білім жиынтығын мұра ретінде қалдыруды армандады. Мысалы, вавилондықтар математикалық түсініктерді ойлап тауып, қалдырып кетсе, гректер — философия мен театр өнерін, римдіктер — юриспруденцияны, арабтар —"персиялық ақылдың кені"— алгебраны бізге мұра етті. Француздар асқан сұлу живопись өнерімен, итальяндықтар әсем сазды музыка мәдениетімен, ал қазақ халқы аса бай ауыз әдебиетімен із қалдырды. Олардың бәрі де бірақ мақсатты көздеп, келер ұрпақты бақытқа бөлеуді армандады. Өткен ғасырлардағы халықтар жасаған асыл мәдени мұралардың біздің дәуірімізге жұрнағы ғана жеткен. Бізге жеткен мұраның қалдығымен өткен дәуір мәдениетінің өрісін өлшеу, жоғалғандарын елеп-ескермеу тарихқа қиянат болып табылады. Оларды жан-жақты қарап, ескермесек, өткендегі этностық мәдениетке дұрыс баға бере алмаған болар едік. Ағаш пен киізді былай қойғанда, қиыршық құм, тас сияқты материалдардың өзі желмен, жаңбырмен үгіліп, тозып, жоқ болып кететінін естен шығаруға болмайды. Оның үстіне, жер сілкінісі, су тасқыны сияқты апаттар тағы бар. Осындай апаттардың салдарынан тарихи ескерткіш-мұралар да жойылады. Олай болса, адамзат қолымен жасалған мәдени ескерткіштердің бәрі мыңдаған жылдардан кейін жойылып кетуі мүмкін. Міне, материалдық мәдени мұралардың өткен дәуірлердегі осындай жай-күйі тарихты дұрыс баяндауға мүмкіндік бермейді. Мысалы, орта ғасыр ғылымы бойынша, Батыс Еуропаның мәдениеті Грек, Рим империясына қарағанда төмен деген ұғым орын алып келді. Орта ғасырлық қайсыбір философтар кейбір этностарды "тарихи" категория деп, көтермелеп, абсолюттендіруге тырысты, ал оның керісінше, жер бетінде тіршілік ететін "тарихи емес" этностар да бар деп қарап, қателіктерге ұшырады. "Өркениетті" жақтаушылар үндістерді "тағылар" деп есептеп, оларды аң аулағаңдай асып-атып өлтіруге құмартты. Міне, осыдан келіп, "мәдениетсіз ұлттарды" құрту (геноцид) сияқты фашистік саясат пайда болды. Олар этнос мәдениетінің бір қалыпты дамымайтынын, оның өрлеу және құлдырау кезеңдері болатынын түсінбеді. Олай болса, өткен дәуірдің мәдени мұраларын археологиялық қазбаларға сүйене отырып, этнологиялық тұрғыда қайта құрау арқылы шындықтың көзін ашып, этностар мәдениеті жайында бүгінгі ұрпаққа ғылыми дәйекті дұрыс мағлұмат беруге болатынын естен шығармауымыз керек. Ұлт мәдениетін сөз еткенде, тарих, археология, этнология ғылымдарымен қоса этнопсихология, этнопедагогика және фольклористика ғылымдарының қағидаларына сүйену қажет. Себебі, өткен замандағы ұлттық мәдени мұралардан ұлттық психологиялық және этнологиялық (салт-сана, әдет-ғұрып, көзқарас т. б.) ерекшеліктер айқын сезіліп тұрады. Сол арқылы әр ұлттың өзіне тән салт-тұрмысы мен тіршілік кәсібін, сана-сезімі мен ойлау ерекшелігін байқаймыз. Ал ұлт мәдениетінің озық үлгілері арқылы жас ұрпақты жан-жақты жетілген азамат етіп тәрбиелеу - этнопедагогиканың өзекті мәселесі.

Қазақ этнопедагогикасының өзіндік ерекшелігін ғылыми тұрғыда зерттеп, анықтауда диалектикалық философияны басшылыққа алу қажет. Бұл жерде ұлт мәдениеті мен ұлттық тәлім-тәрбие тарихын салт-сана, әдет-ғұрып (этнография), фольклористика, ұлттық психология мен ұлттық философия ғылымдарымен тығыз байланыста қарастыру керек.

Осыған орай, П.В.Плеханов әдіснамалық мынадай қағидалар ұсынады:

1. Идеялардың (ой-пікірдің) жалпы қоғамның әлеуметтік даму процесіне тәуелді екеңдігін анықтау.

2. Ғылымның әлеуметтік психологияның, әдебиеттің, өнердің даму тарихын қоғамның даму процесімен ұштастыра қарастыру.

3. Тарихтың әр кезінде ғылымның даму барысы біркелкі болмайтынын және әр елдің саяси, экономикалық, кәсіби, мәдени, психологиялық өзіндік ерекшелігінің бар екенін ескеру.

Тарихи-педагогикалық зерттеулерге қойылатын маңызды әдіснамалық талаптардың бірі деректердің барлық түрін кешенді пайдалану, солар арқылы бір-бірін тексеру, толықтыру, барлық деректерді салыстыра отырып жинақтау, оларды зерттеуде шектес ғылымдардың (антропология, тарих, этнология, фольклористика, логика, психология, социология, археология) зерттеу әдістер жиынтығын кешенді түрде пайдалану, сөйтіп, деректерді талдап, педагогикалық тұрғыда түсіндіру қажет.



    1. Қазақ рухы, оның ұлттық психологиясының негізгі көрсеткіштері

Қай халықтың болмасын ұлт болып қалыптасуы үшін қажетті факторлар: оның құрамына енген адамдар тобының материалдық тұрмыс жағдайларының, территориясы мен экономикалық өмірінің, тілі мен мәдениетінің, әлеуметтік психологиядағы сол ұлтқа тән кейбір этникалық ерекшелігінің ортақтастығы болып табылады.



Ұлттық психикалық құрылым мен ұлт мәдениеті арасында тығыз байланыс бар. Ұлттық психикалық ерекшелік ұлт мәдениетінің түрлерінен көрініс береді. Мысалы, біз ән-күйлерді, билерді тыңдай отырып, немесе ою-өрнекті, зергерлік әшекей заттарды көріп, оның қай ұлтқа тән екенін бірден айырамыз.

Ұлттық психологиялық құрылым ерекшелігі адамдардың әулеттік қарым-қатынасынан, киім киюінен, спорттық ойын түрлерінен немесе ұлттық тұрмыстық салт-дәстүрлерден (келін түсіру, қыз ұзату, қонақ күту, елік жөнелту рәсімдерінен т.б.), ұлттық тағам түрлерінен байқалады.

Ұлттық психикалық құрылым үш бөліктен тұрады: ол ұлттық сезім, салт-дәстүрлер және ұлттық мінез. Осы үш бірлестік ұлттық мәдени ерекшеліктің шартты белгілері болып табылады.

Ұлттық сезім дегеніміз — адамдардың туған жерге, өскен елге, ана тіліне, ұлттық салт-дәстүрлерге деген сүйіспеншілікті білдіруі. Ұлттық сезім адамды қоршаған ортаның әлеуметтік-экономикалық, мәдени және жаратылыс құбылыстарының сол ұлт өкіліне тартқан ерекше табиғи сыйы. Ұлттық сезім басқа сезімдер сияқты адамның жеке басының қанағаттану, шаттануымен немесе риза болмай, қанағаттанбауымен байланысты ой-қиял, әсер сезімінің сыртқа шыққан көрінісі. Мысалы, "Елім-ай" әнін ести отырып елінің басына түскен ауыртпалық, шапқыншылық әрекетке езіліп мұңаюы немесе "Саржайлау", "Сарыарқа" күйлерін ести отырып, тыңдаушының туған жер табиғатына деген сүйіспеншілік, шаттық сезімінің оянуы табиғи заңды құбылыс. Адамның ана тіліне деген сүйіспеншілігі де ұлттық сезімінің ерекше түрі. Мысалы, ұзақ уақыт елден жырақ жат жұртта жүріп, көпшілік ішінен өз ұлт өкілінің ана тілінде тіл қатуына елең етпейтін, іш тартпайтын адам болмайды. Өйткені, ана тілі адамның ішкі сезімін басқаға жеткізуде ой-қиялға етене жақын, жүрегіне жылы күшті құралы. Айталық, сұлу қызды аспандағы айға, күлімдеген күнге, судағы құндызға теңеу. ("Ай десе аузы, күн десе кезі бар" деу) немесе "Ай мен күндей, әмбеге бірдей бір сұлу қыз болыпты" деп бас-талатын ертек қазақ ұғымына, ұлттық сезіміне жақын теңеулер. Қазақ әдебиетінде сұлу қызды "Ботакөз" деуі, туған баласын әке-шешесінің "ботам", "құлыным", "қозым" деуі ұлттық ұғымға, ұлттық сезімге жақын көркем сөз айшықтары.

Ұлттық тағамдарды даярлау, сыйлы қонағын ұлттық тағаммен сыйлау да ұлттық сезімді, ұлттық мақтанышты көрсетеді. Және ол әр ұлттың өзіне тән тағам даярлау ерекшелігінің куәсі болып табылады. Мысалы, өзбек қонағын палаумен сыйласа, қазақ "бес бармағымен", ұйғыр мәнті, лағманымен, татарлар пәрәмішімен сыйлайды. Қазақ шәйін қаймақ қатқан сүтпен баптап берсе, қалмақ, ұйғырлар май, тұз, ұн салып береді. Орыс халқы кофе қайнатады, соның бәрі тағам берудегі ұлттық ерекшелік дәстүрлер.



Ұлттық салт-дәстүрлерге ана тіліне деген сүйіспеншілікті, ұлттық өнер түрлерін: ән-күй, зергерлік қол өнері, бейнелеу-сурет өнері, ұлттық ойын мен спорттың түрлерін, ұлттық тағамды, киімді, мерекелерді, тарихи ескерткіштерді т. б. жатқызуға болады. Дәстүрге ғасырлар бойы қалыптасып, сұрыпталған әдет-ғұрыптар, жол-жоралар, көзқарас түсініктер жатады.

Ұлттық салт-дәстүрлердің ерекшеліктерін патриархалдық, рулық салт дәстүрлерімен шатастыруға болмайды. Мысалы, қазақтардың қызды қалың малға сатуы немесе барымтасы мен өзбек әйелдерінің пәрәнжі жамылуын бүкіл қазақ, өзбек халыктарының ұлттық салт-дәстүрі деп қарамауымыз керек. Ол феодалдық, рушылдық қарым-қатынастан қалған ескі дәстүрлер.

Салт-дәстүрлер халықтардың тіршілік кәсібіне, наным-сеніміне, өмірге деген көзқарасына байланысты туып, қалыптасып, ұрпақтан-ұрпаққа ауысып, өзгеріп, жаңарып отырады. Оның жаңа қоғамдық қатынасқа қайшы келетіндері жойылып, өмірге қажеттілері дамып, жаңа мағынаға ие болады. Мысалы, қазақтар жаугершілік заманда ақ қой сойып, қанына найзасын малып, бір-бірімен төс түйістіріп, анттасып дос болатын болған. "Достықты бұзғанды ант атсын" — деп серттескен. Феодалдық қырқыс кезінде ол батырларды бірлікке тәрбиеледі. Ал бертін капиталистік қоғамның дамуымен байланысты, анттасу салты мүлде жойылды.

Немесе бүгінгі күндерде ерлі-зайыпты қариялардың алтын, күміс тойларын өткізу де салт-дәстүрлердің өзгерген түрі. Оның ұрпақ тәрбиесі үшін үлкен прогрессивтік, тәрбиелік мәні зор.

Салт-дәстүр сабақтастығы ұлттар арасындағы қарым-қатынаспен тығыз байланысты. Бір ұлтта бар салт-дәстүрлер, ұлттық ою-өрнек, тағам, спорттық ойын түрлері екінші бір ұлтта да белгілі ұқсастықпен және өзіндік ерек-шелігімен көрініс береді. Мысалы, қазактың көкпар тарту ойыны кейбір өзгешілігімен көрші өзбек, түрікмен, қырғыз, моңғол, ауған елдерінен де кездеседі. Киіз үй тігу көшпелі халықтардың бәріне ортақ. Алайда, оның құрылысында, ою-өрнек әшекейінде әр ұлтқа тән ерекшелік белгілер байқалады. Палау, мәнті, борщ, шашлық, пельмен көпшілік ұлттарға ортақ тағам болғанымен, әр ұлттың өзіндік дайындау технологиясымен ерекшеленеді.

Ұлттық мінез адам мінезінен, іс-әрекетінен көрінетін тұрақты құбылыс. Ұлттық мінез осы ұлтқа тән темпераменттік, психикалық рухани сапасымен ерекшеленіп, көзге түседі. Мысалы, қазақтарға тән бауырмалдық, ақжарқындық, қонақжайлық, өзбектердің сыпайы мінезділігі, діншілдігі, орыс халқына тән қарапайымдылық пен кеңпейілділік, американдықтардың құнттылығы, ағылшындардың салқын қандылығы, немістердің ұқыптылығы, француздардың жинақылығы, испандықтарға тән қызу қандылық ерекшеліктер байқалады. Әрине, бұл қасиеттер басқа халықтарда жоқ, кездеспейді деген ұғым тумайды. Ол қасиеттер әр халықта әр түрлі қырынан көрініс табады. Әр ұлттың өзіне ғана тән этностық таза мінез-құлықтың болуы мүмкін емес. Мысалы, орыстарға тән дейтін төзімділік қытайларға да тән қасиет болып келеді. Немесе грузиндерді қызба қанды халық дейміз. Ал ол мінез испандықтарға да ортақ. Академик С.Кон өзінің "Ұлттық мінез-құлық ерекшеліктерінің проблемасы" атты еңбегінде "Ұлттық мінез-құлықты анықтауда әр ұлтқа тән этностық мінез-құлықты шартты түрде алып қарау керек", - деуі орынды. Дегенмен, бір халықта ерекше басымырақ болып көрінетін мінез-құлық сипаты сол халықтың психикалық ерекшелігі болып саналады.

Ұлттық дәстүрлер ұлттық психологиядан көрініс тапқанда, кейбір психикалық әлпеттің жалпы адам баласына, барлық ұлтқа тән ортақ қасиетке ие екенін байқауға болады. Мысалы, қонақжайлық, үлкенді сыйлау, балажандылық сияқты мінез-құлық өлшемдері адам баласына тән, барлық халыққа ортақ қасиет.

Қоғамның дамуы, халықтар мен ұлттардың байланысы ұлттық психикаға игі әсерін тигізіп, бірнеше ұлтқа ортақ интернационалдық мазмұнды салт-дәстүрлердің пайда болуын туғызды. Мысалы, кешегі кеңестік дәуірде халықтардың идеялық сана-сезім бірлестігі ортақ әнұран, ортақ дәстүрлі әскери шеру салтанаттарын өткізу, жастарды әскер қатарына шығарып салу, еңбек кітапшасын табыс ету, неке куәлігін тапсыру сияқты салт-дәстүр түрлерін туғызды.

Заман талабына сай жаңа мазмұнды салт-дәстүрлердің туындауы да заңды құбылыс. Мысалы, қазіргі жастардың үйлену той рәсімдері бұрынғы қазақ ауылыңдағы осындай тойларға мүлде ұқсамайды.

Сондай-ақ, баланың дүниеге келуін қуаныштап еткізетін шілдехана тойына қоса бүгінде жастардың туған күнін тойлау рәсімдері пайда болды. Ол мүлде жаңа салт-рәсімде өтеді.

Руххалықтың материалдық күнделікті өмір қиыншылығынан тыс, әрі жоғары тұрған жан дүниесі, оның бет-бейнесінен көрінетін биік еңсесі, мәртебесі мен жігері. Оның негізі - өткен тарихы, салт-санасы, жыр-дастандары ата-бабаларының өнегелі, ерлік істері мен даналық нақыл сөздері, қиындықтарда желеп-жебеп жүретін әруақтары, сарқылмас күші, мұқалмас қаруы. Оны қозғайтын, қайрап суаратын, халықтың ізгі армандарына дөп келетін жалынды ұрандық сөздер мен биік мақсат-мұраттар.

Қазақ халқының мерейі биік, пейілі кең, дастарханы мол, маңдайы жарқын, мақсат бағдары жоғары әрі айқын ата-балаларының өсиетіне берік, осыдан келіп оның рухани бейнесі сомдалады.



Фольклор - халық педагогикасынын обьектісі "Ұлы сөзден ұлағат", демекші халық педагогикасынын нәрімен сусындап, өзінін тәрбиелік нәрін күні бүгінге дейін жоғалтпай келе жаткан бірден-бір киелі мұра - фольклор.

Сонғы кезде фольклор термині "Халық ауыз әдебиеті", деген өзінін бір кездегі ұғымы, шеберін кеңейтіп, халық өнерінін музыка, қолданбалы өнер, халық ойындары сияқты салаларын толық қамтыды.

Халық педаогикасында атадан балаға жетіп отыратын, ел аузында сақталып келген көркем сөз өнерін, оның айтылуы және орындалуы ерек-шеліктерін - фольклор деп атайды.

В.Г.Белинский "Фольклорда даңқты есімдер болмайды" ондағы көркем сөз авторы әркез халық - деген тұжырым жасайды.

Әр ел өз басынан өткерген оқиғаларды құмарта жырлайды. Сол жырларға қарап елдің әдеп ғұрпын, ой санасымен түрлі сезімдерін дәл танып білуге болады. Сонымен қатар фольклорлық шығармаларынан халық тағдыры, оның өмірде көрген қайғы қасіреттері мен мұң зары, келешектен күткен арман-тілектері айқын көрінісін тапқан. Әрбір айтушы импровизатор өз тыңдаушысына ұстаздық жасап, олардың түйсік сезімін киелі ой-ниеттерге бастап отырған.

Ғылымда халық поэзиясын "Фольклор", ал оны зерттейтін ғылым саласын "Фольклористика" деп атайды.

Неміс ғалымы И.Ф.Кнафльдің анықтауынша фольклор халық даналығы деген ұғымды білдіреді. Ағылшын ғалымы У.Дж.Томс та бұл пікірді дамыта түскен.

Ол - бұл фольклор ел арасында туған өлен, ертегі аңыз, түрлі наным-сенімдерді анықтайтын термин ретінде пайдалануды ұсынған. Фольклор шығармаларының ерекшелігі, тәрбиелік қасиеті — ол қоғам дамуының әртүрлі, сатысында, негізінде еңбек процесінде жасалатын болғандықтан, пессимизм (тұңғиыққа кету) дегенді білмейді. Оның бас кейіпкері көбіне мұрат-мақсатына жетіп отырады. Мұны фольклорға тән оптимизм дейміз. Қазақ фольклорында бала бағу, бала асырау, қыз ұзату, жаназалау, бақсылық нанымына, діни әдет-ғұрыпқа байланысты туған салт өлеңдерді тұрмыс-салт жырлары деп атайды. Мұны мазмұны мен тақырыбына қарай бірнеше түрге бөлуге болады.



1. Төрт түлік мал туралы;

2. Діни әдет-ғұрып тудырған жырлар /жарапазан, бәдік/;

3.Үйлену жырлары /той бастар, жар-жар, сыңсу, жұбату, беташар/;

4. Ұлыс жырлары; 5. Бөбек жырлары;

6. Жаназалау жырлары /естірту, қоштасу, жоқтау/; Шешендік сөздер, мақал-мәтел, жұмбақтар.

Қазақ халкы да өзгеше халықтар сияқты атам заманнан қорланып, сұрыптала сұлуланып, жинала сақталып, бүгінгі күнге жеткен көл-көсір фольклоры бар халық.



Миф – этностың дүниетанымын, сенім-нанымын, өзін қоршаған ортаға деген көзқарасын зерттейді.

Тіл халықтың менталитетіне жатады. Тілі арқылы кез келген халықтың даму дәрежесін, оның тарихын, мәдениетін түсінуге болады. Сондықтан да әрбір халық алдымен өз тілінің тазалығын сақтауға тырысады. Тілсіз бірде-бір халық та, жеке адам да жоқ. Тіл арқылы ел бірімен-бірі араласады, түсініседі. Барлық түсініспеу тіл жетпегендіктен болады. Тілі байдың ойы бай. Өйткені тіл ойдың көрінісі, заттандырылған" түрі. Белгілі бір зат, не құбылыс түрі, әрекеті, бейнесі берілмейтін, олардан аулақ, тек таза, былайша айтқанда тілмен сомдалмаған ой болмайды. Әрине, тілдің даму дәрежесі барлық халықтарда бірдей емес. Тіл әр халықта әр түрлі дәрежеде дамыған. Ол оның тарихына, ендіріс тәсіліне, шаруашылығына, рухани өміріне, басқа елдермен қарым-қатынасына, алыс-берісіне байланысты. Олай болса, еш бір басқа елдің тілі, тұрмысы, әдет-ғұрып араласпаған, таза бір ғана тіл болуы мүмкін емес. Олай болса тіл араласуы заңды құбылыс. Ал енді сол тілдерді орынсыз қолданатын болса, ол тіл шұбарлығын тудырады, халықтың менталитетін бұзады. Сондықтан, әрбір халық өз тілінің тазалығын сақтауға тырысады. Халық шет елдің тілін тек қажеттігіне, өзінде жоқ болуына байланысты пайдаланғаны жөн. Өкінішке орай, кейде бір кұбылыстың өз тілінде баламасы бола тұра, шет елдік сөздерді қолданады. Бұл қазіргі заманның көрінісі болса керек. Коммуникация күшейген сайын әрбір елдің, тілінде интернационалдық, тілдердің ара салмағы көбейе бастайды. Бұл бір халықпен бір халықтың түсінуін жеңілдетеді. Басқа елдің тілін үйренуді оңайлатады, тездетеді. Дегенмен әлемде ұлттар мен ұлыстар бар болған соң, оның өзіндік сипаты, әдет-ғұрып, тілі болады. Мәселе соны сақтап, дамыта білуде. Өз ұлтының тілін, музыкасын, әдет-ғұрпын, ауыз әдебиетін, мақал-мәтелдерін білмеу, ол өз халқынан, өскен ортасынан, ұлттың менталитетінен жұрдай болып, қол үзу болып табылады. Өзінің халқымен рухани байланысы жоқ адам, ол тамырсыз өскен өсімдік сияқты, қуыс кеуде болып қалады. Ондай адамды космополит деп те атайды. Өзінің тілін, мәдениетін білмейтін адам өз халқының тарихын, әдет-ғұрпын мақтан ете алмайды.

Дін. Халық дінді ерекше пайдаланған. Себебі ол арқылы адамның бойына ізгілік қасиеттерді қалыптастыру өте қолайлы. Қазіргі кезде діннің тәрбиелік ролі жөнінде көптеген еңбектер жарық көруде. Сол еңбектердің бірі ретінде Мұхтар Арынның "Бес анық" атты еңбегін жастарды тәрбиелеудің, идеологиялық құралы ретінде пайдалануға болады.

Мұхтар Арын: Қандай халық болмасын, өзінің тарихи тағдырына байланысты дінді белгілі бір идеологиялық сананы тәрбиелеуші құрал ретінде өзінің бойына қабылдап алған. Біздің қазақ халқының тарихи тағдыры ислам дінімен байланысты. Ислам діні - біздің ұлт болып қалыптасуымызға, халық болып тәртіпті, тәрбиелі ел болып өмір сүруімізге қызмет еткен дін.

Бүгінгі таңда халықтық тәрбиемізге ислам дініндегі екі нәрсе сәйкес келеді:

Біріншісі - Иман. Адам баласының иманжүзділігі, өзінің жеке басының тәрбиелігі, оііың жүректен шығып жататын нәрсе екенін сезіну өте қажетті дүние. Иман дегеніміз Иманжүзділік сеніммен байланысты. Діннің қуатты, күшті жері - адамның бойында сенім деген сезімді тәрбиелеу. Бұл - діннің прогрессивтік тәрбиелік мәні болып табылады.

Екіншісі - шариғат. Мұның өзі адамаралық қарым-қатынаста жалпы заңдылықтар болу керек дегенді білдіреді. Казақ даласында шашырап жатқан көшпелі халқымыз белгілі бір тәртіпке келіп, жинақтаған. Соның нәтижесінде бұрынғы адамдарда иманжүзділік пен тәртіптілік молырақ болған. Ал қазір қоғамда иманжүзділік, тәртіп төмендігін мойындаған жоқ.

Дін туралы - Мұхаммед Ғалиссаламның тағы бір айтып кеткені - білімді, ғылымды қабылдайтын адамға ғана түсіндіру керек "Кещеге айтқан сөз шығын" дегендей қабылдамайтын адамға көңілімізде жүрген жақсы ойларды айтсақ, онда қабылдаушы адам емес, айтушы адам күнәкер екенін айтып кеткенде пайғамбарымыз екенін білген жөн.

Екінші бір жағдай дінде фәнимен бақи екеуін шендестіріп, адамды сол бағытта тәрбиелейді. Фәни дегеніміз - арабтың сөзі "Тұрақсыз, уақытша" деген мағына. Ал, "бақиды" аударғанда "тұрақты, мәңгілік" деген сөздерді біддіреді. Олай болса, о дүниеміз — мәңгілік мекеніміз деген ойды білдіреді. Адам баласын тәрбиелеу үшін, адамды сескендіретін, ойландыратын терең күштер бар болуы керек, адамға тәрбиелік әсер қалдыру үшін ол өзінен биік, оған күші жетпейтін нәрселер төңірегінде болса, ықпал болмақ. Сондай күшті, дін ойлап тапқан ол Бақи, о дүние мұның күштілігі - имандылығында.

Біріншіден, о дүниеге адамдар көз алдымызда кетіп жатады, ата бабаларымыз жатыр, күні ертең сол жерге, өзімізде сол жерге баратынымызды терең сезінеміз, діннің күші арқылы жәннат пен дозақ деген ұғымдар пайда болды.

Екіншіден, бақиға байланысты айтылатын нәрсе, ол мәңгілік. Адам баласы бұл дүниеден кеткеннен кейін із түссіз болып кетсе - ол бақытсыздық. Бақыттылық дегеніміз адам баласынан жанын ғана алып кетпей, фәниден өткеннен кейін өзінің артына мол мұра қалдырып, мәңгілік жасауына мүмкіндігі бар. Абай айтқандай: "Көп адам дүниеге бой алдырған, Бой алдырып, аяғын көп шалдырған Өлді деуге сияма, ойландыршы, Өлмейтұғын артына сөз қалдырған" деген артында сөз қалдырған, мәңгілік жасайды дегеннің өзінде терең сыр жатыр. Мұнда философиялық, психологиялық, моралдық, дүниетанымдық ең қажеттісі – тәрбиелеушілік күші – діннің имандылығы да осында,

Қорыта келе Мұхтар Арын: «Дінді ұлтты рухтандыратын, ұлттың өзіндік мыңдаған жылдар бойына жинаған қасиеттерін байыта түсетін, қосымша құрал» деп баға береді.



Әдет-ғұрып – дегеніміз белгілі бір қоғамда немесе ұжымда белгілі бір тарихи жағдайға байланысты адамдар арасында қалыптасқан қоғамдық тәртіптің бір түрі. Ол әлеуметтік өмірдің әртүрлілігіне және күрделілігіне қарамастан, белгілі ұқсастық жағдайда адамдардың біркелкі әрекет етуін қалайды. Әдет-ғұрып рәсім арқылы көрсетілетін әрекет, қимыл.

Салт – адам өмірінің күнделікті тіршілігінде (отбасынан бастап, қоғамдық өмірдегі қатынаста) жиі қолданылатын мінез-құлық, қарым-қатынас ережелері мен жол-жора, рәсім заңдар жиынтығы. Ол жеке адам өмірінде еңбек, іс-әрекет, адамгершілік, құқық, дін ережелерімен байланысты көрініс береді де, біртіндеп ауыл аймақ, тайпаға ортақ рәсімге айналады.

Игі әдеттердің өмір қолданысына айналуы әдет-ғұрып деп аталады, ал оның біржолата өмір заңдылығына айналуын салт-дәстүр деп атаймыз.



Дәстүр – қоғамдық сананың барлық салаларымен байланыста дамыған, топтасқан қауымның қалыптасқан бірыңғай көзқарасын, әдет-заңын марапаттайды. Ол ғылымда, әдебиетте, мектепте, халықтық ортақ өнерде немесе қоғамдық қатынаста көрініс беретін құбылыс.

Дәстүр идеологияға жақын, ал салт қоғамдық психологияға жақын.



Салт-дәстүрлер ұлттың ұлт болып қалыптасуымен бірге ып, бірге дамып келе жатқан тарихи және көне процесс. Яғни, дәстүр қолданбалы іс-әрекет. Ол қалыптасқан іс-әрекет ешкімнің нұсқауынсыз, ерікті түрде орындалады.
ҚАЗАҚТЫҢ САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР ҚҰРЫЛЫМЫ

Салт

Дәстүр


жол-жора

Баланың өмірімен байла-

нысты


Қонақ күту, үлкенді сыйлаумен байланысты

әскерде


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет