Казахская академия спорта и туризма сборник научных статей



бет17/31
Дата12.03.2018
өлшемі6,99 Mb.
#38657
түріСборник
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   31

Литература

  1. http://bmsi.ru/doc/8f172e26-9c55-4b18-85f5-9423ad58a96c

  2. http://statpsy.ru/t-student/t-test-doble-ind/

  3. http://www.slamdunk.ru/others/literature/KeywordsforSuccess.html?Id=8760

  4. Бабушкин В.З. Исследование средств и методов повышения эффективностиигровых

действий юных баскетболистов: автореф. канд. пед. наук. – М., 1971. - 19 с.

  1. Волков И.П. Практикум по спортивной психологии: под ред. И.П. Волкова – Спб.:

Питер,2002.-288с.

  1. Родионов А.В. Влияние психологических факторов на спортивный результат. – М.:

Физкультура и спорт, 1983.-112 с.

  1. Верхошанский Ю.В. Основы специальной физической подготовки спортсменов. – М.:

Физкультура и спорт, 1988. - 330 с.

Спорттық күрес түрлерімен айналысуға арналған жас мөлшері, және физиологиялық өсу ерекшеліктері
Шалабаев С.Ж., Жұмабекұлы Б.,1 курс магистранттары

Сайлау А.Е., 2 курс магистранты

Ғылыми жетекші: Құлбаев А.Т., PhD докторы

Қазақ спорт және туризм академиясы
Кіріспе. Қазіргі спорттық жаттығулар нәтежиесі және ғылыми ізденістер қорытындылары адамның туа біткен қабілеті мен жүре келе үйреткен қаблеттерді ұштастырғанда ғана [1] спортта үлкен жетістіктерге жетуге болатындығы дәлелденіп отыр. Спорт саласында баланың жеке басының ерекшеліктерін ескеріп, қай спорт түріне бейімі, дарыны бар екендігін анықтау ғана болашақта үлкен жетістікке жетуге кепілдік береді.

Қазіргі Қазақстанның спорттық мектептеріндегі қабылданған іріктеу жұмыстары тәртібі кезінде Кеңес өкіметі ұсынған әдістемелер бойынша өзгеріссіз келеді. Бұл іріктеу тәртібі сол кездегі 250 млн халық санына негізделіп жасалған болатын және Кеңес өкіметі атынан бір ғана команда олимпиадалық ойындарға қатынаса алатын. Қазір Қазақстан олимпиада, Әлем және тағы басқа жарыстарға өзі жеке команда ретінде қатысады. Сондықтан қазіргі спорт мектептеріндегі іріктеу жұмыстары 16 млн Қазақстан халқының мүмкіндігін ескеріп, басқаша ұйымдастырылуы қажет деп білеміз [2].

Спорт резервін даярлау және халықаралық дәрежедегі спортшыларды тәрбиелеудегі проблемаларды табысты шешу үшін түпкілікті нәтижеге –әлем, Азия чемпионаттарында, Азия және Олимпиада ойындарында жүлделі орындарды иеленуге қабілетті спортшыларды тәрбиелеуге едәуір ықпал ететін факторларды қатаң ескеру қажет [3]. Таңдаған спорт түріне мамандану үшін оның арнайы талаптарына жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жүйесінің қатаң түрде сай болуы; Спорт мамандығын таңдау, көпжылғы даярлықтың күллі жүйесін әзірлеу, жарыс қызметінің тиімді құрылымын анықтау кезінде нақты әрбір спортшының жеке бейімділігі мен қабілеттеріне барынша ден қою; Жаттығу және жарыс жүктемесінің, демалудың, тамақтанудың, жұмыс қабілетін қалпына келтіру, ынталандыру құралдарының және іс-қимыл мүмкіндіктерін жұмылдырудың қатаң теңгермелі жүйесіне ұмтылу;

Даярлықтың дәстүрден тыс құралдарын кеңейту - спортшы ағзасының іс-қимыл мүмкіндіктерін толық ашуға мүмкіндік беретін аспаптарды, жабдықтарды және әдістемелік тәсілдерді пайдалану;

Спортшылардың жаттығу әсерлерінің факторларына бейімделу процестерін жеделдетуге, олардың басты жарыстарға тікелей даярлығының тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін орташа биіктіктегі және биік таудағы жағдайларда спортшыларды даярлаудың тиімді әдістемесін жетілдіру; бүкіл спорттық жаттығу жүйесін жарыс қызметінің оңтайлы құрылымына қол жеткізуге бағдарлау» деп көрсетеді.

Сондықтан біздің зерттеу өзектілігі қазіргі Қазақстан жағдайында спорт мектептеріндегі бастапқы дайындық топтарында спортқа дарынды балаларды іріктеудің және жаттықтырудың жаңа тың жолын ұсыну болып табылады



Зерттеудің мақсаты – Спортшы ізбасарлар дайындау мақсатында Қазақстандағы спорттық мектептеріндегі бастапқы дайындық топтарындағы жұмысты жүргізу әдістемесін өзгерте отырып, спортқа дарынды балаларды іріктеу жолын ұсыну болып табылады.

Зерттеу әдістері: әдебиеттерді талдау, педагогикалық бақылау, құжаттарды талдау, бақылау сынақтары, статистикалық талдау.

Зерттеу нәтижелері және оларды талқылау. Спорттық іріктеу – бұл спорттық қызметтің қандайда бір түріне баланың (дарыны) бейімділігінің жоғары деңгейін анықтауға мүмкіншілік беретін кешенді іс-шара.

Спорттық іріктеу – ұзақ, көпсатылы жұмыс, яғни спортшыны көпжылдық дайындау кезеңдерінде, оның жеке басын бағалауда кешенді әдістермен қамтамасыз етуде, зерттеудің түрлі әдістерін пайдаланған кезде ғана (педагогикалық, дәрігерлік-биологиялық, психологиялық, әлеуметтік және басқа) тиімді болмақ. Спорттық бағыт пен іріктеудің әдістемелік жоспарн В.М.Смолевский және Ю.К Гавердовский қағидалы ережелер қатарына жатқызады.

Спорттық жүйе қызметіне тарту үшін белгілі бір шарттар қажет. Олардың ішіндегі өзгелеріне қарағанда ең маңыздыларына жататындары, оған жеке бейімділігі, талап, қызығушылық. Оларды анықтау, қалыптастыру мен дамыту табиғи және әлеуметтік факторлардың әсер етуімен болады.

Спорттық бейімділікті байқау, сонымен бірге қазіргі спорттық жедел дамуы және халықаралық спорттық аренадағы бәсекелестің қатты асқынуы, спорттық іріктеудің кейбір өзекті мәселелерін, оның зерттеу және ұйымдастыру тәжірибелік аспектілерін жетілдіру қажеттілігін көрсетеді. Спорттың жақсы дамыған бірқатар елдерінде спорттық іріктеу тәжірибесі кең бұтақ жайған. «Спорттық іріктеу» ұғымы әзірге толығымен түсіндірме алған жоқ. Көптеген мамандар қандай да бір спорт түрінен жетістікке жету үшін жеке білімділікті (қабілеттілік, дарындылық) алдынала байқаумен байланыстырады.

Біз осы мақсатта Қазақстан мен Өзбекстаның әртүрлі спорты бойынша Рио жазғы олимпиадаға қатысқан спортшыларының салыстырмалы спорттық стаждары мен орташа жастарын салыстырдық (1-2 кесте).
1 кесте - Өзбек олимпиадашыларының спорттық стаждары (Рио олимпиадасы бойынша)




Орта жастары

Стаж




Ер адамдардың орта жастары

26,9

2.

Әйел адамдар орта жастары

25,7

3.

Циклдік және жеңіл атлетика спорт түрлеріндегі спорттық стаж

20,4-12,6

4.

Жекпе-жектегі спорттық стаж

19,5-14,5

5.

Күрделікоординациялық спорттық стаж

19,0-13,3

6.

Ауыр атлетика спорттық стаж

18-13

7.

Спорттық карьераның орташа көрсеткіші

16,6-14,5

2 кесте - Қазақстан олимпиадашыларының спорттық стаждары

(Рио олимпиадасы бойынша)



1.

Орта жастары

Стаж




Ер адамдардың орташа жастары

23,9

2.

Әйел адамдардың орташа жасы

24,8

3.

Циклдік және жеңіл атлетика спорт түрлеріндегі спорттық стаж

11,6-10,8

4.

Күрделі координациялық спортындағы стаж

14-10

5.

Ауыр атлетикадағы спорттық стаж

16,6-10,7

6.

Спорттық карьераның орташа көрсеткіші

13,2-10,8

7

Жекпе-жектегі спорттық стаж

10-12

Спорттық бейімділікпен бағытты анықтау үшін спортқа тарту барысында гуманистік, жалпыадами ұстанымның болуы керек. Спорттық мамандану болашағы яғни жеке қажеттілікпен жеке қызығушылыққа толығымен сәйкес келуі керек. Ең маңыздысы спорттық қызмет бағдарының мейлінше мақсаттылығы нақты қандай бағытта екенін анықтау, яғни оның жеке қабілетін жетілдіруге ықпал жасаудың тиімді болуы, тұлғаның қажетттілігі мен қызығушылығын қанағаттандыру және қалыптастыру басты болуы қажет.

Осы кестеден көретініміз спорттық мамандануды кейбір спорт түрлеріеде ерте бастау тиімсіз екендігі, спорттық мамандануды ерте бастаған спортшы үлкен спорттан ерте кететіндігін көруге болады.

Сондықтан осы жұмыстың басты мақсаты спорттық күреске келген балаларды күрестің ешқандай түріне бөлмеу:

- балаларды спортпен шұғылдану үшін іріктеудің қазіргі жүйесін (моделін) ұсыну мен негіздеу.

- жүйелі түрде жаттығуларды жасауды бастау үшін оңтайлы жасты анықтауға талаптану.



  • ерте мамандануды іске асырудың оңтайлы тәсілін іздестіру.

Іріктеуде «сұрыптау» деген әңгіме болмауы керек, әсіресе спортқа тарту кезеңінде (егер, әрине денсаулығында кінарат болмаса) – қалыпты әлеуметтік жағд айда барлығына өздерінің спорттық қызығушылығын қанағаттандыру үшін теңдей мүмкіншілік берілуі керек.

Спорттық бағыттың бірнеше сәттері мен қозғалысы.

Спортқа бейімділікті анықтау жолында мамандар мыныдай тұжырымға келіп отыр, спорттық жеттістікке жеке бейімділікті дұрыс анықтауға бір реттік бақылау, тестілеу және т.б. жүргізу жолмен аз уақыттың ішінде анықтау мүмкін емес екендігі оған екі себеп бар:

1) Спорттық бейімділік – жеке сипаттық күрделі кешен (биофизикалық және жеке - психикалық) біруақытта пайда болып пісіп жетілмейді, яғни әртүрлі кезеңде жетіледі, ол спорттық қызметпен жас ерекшелігіне тәуелді.

2) Спорттық жетістікке жетудегі жеке мүмкіншілік және жеке бағдарды іске асырудың көрсеткіші, жеке жетілдірудің табиғи ерекшеліктерінің күші, өмірдегі әлеуметтік жағдайдың әсерінен өзгеруі мүмкін екендігін әрқашан еске алу қажеттілігі. Осыдан барып жеке спорттық бейімділіктің анықтамасын бір жолғы іс-шара ретінде емес, кезең-кезеңімен жаңарып отыратын процесс ретінде жүзеге асыру керектігі туындайды.

Көпжылдық спорттық дайындықты шартты түрде үш кезеңге бөлуге болады, оның әрқайсысы адамның жеке өмірінің бірқатар жылдарын қамтиды, оларға: - базалық дайындау кезеңі, спорттық – жетістікті жүзеге асыру кезеңі және «спорттағы өміршеңдік кезеңі» деп бөлуге болады. Бірінші кезең және оның ішкі кезеңдері уақыт аралығында бірыңғай емес, ол спортпен шұғылдануды бастаған уақыттағы жеке жас ерекшелігіне байланысты, спорттық жаттығуларды, жарыс қызметінің сипатын, спортшыны дамытудың жеке ерекшеліктерін, басқа да факторлар мен жағдайларды дұрыс қоя білуде, яғни жүйелі спорттық қызметті балалық және жеткіншектік жаста бастағанда, көп жағдайда екі-үш жылда, алғашқы спорттық маманданудың мақсатты бағытын анықтау керек және спорттық болашағын болжауға болады.



Іріктеу міндеті – қабілетті, өз уақытысында және дұрыс айқындауға, жаңадан келгендердің дарыны мен мүмкіншілігіне қандай бір спорт түрінің ерекшеліктеріне сәйкес келуіне бағытталады.

Спорттық дарын – берілген спорт түріне тумасынан сәйкес келуі, сонымен бірге дене және психикалық қабілеті қалыптасқан, сондай-ақ спортшының қабілеті спорттық жаттығу барысында жылдам және тиімді жетілуі. Спорттық дарын ұғымына тамаша денсаулық пен ағзаның анатомо-физологиялық ерекшелігі де кіреді.

Жоғарыда көрсетілгендер бір-бірімен тығыз байланысты және бірін-бірі толықтырып отырады. Спорттық дарындылықты құрайтын құрамдас бөліктерінің әр қайсысының алғашқы белгілері жаңадан келгендердің бойында анықталуы мүмкін және тиіс, іріктеу өнері осыдан тұрады. Іріктеудің құрамдық жүйесі, бір жағынан спорттық топтарды мейлінше қабілеттеріне қарай дұрыс жинақтауға мүмкіншілік берсе, екінші жағынан-жаңадан келгендерді спорттың қай түріне қабілетті екенін табуына көмектеседі, осыдан жаттығушы өзінің мүмкіншілігін толығымен көрсете алады.Спорттық күрес түрлеріне бастапқы іріктеудегі бағдарлар мен әдістемелер.

Спорттық бағдар мен іріктеу – дене тәрбиесі мен спорттың жалпы ілімнің бөлімі.

Спорттық бағдарлау мен іріктеудің негізіне дене жетілдірудің жоғарғы көрсеткіші бойынша және бітімінің ерекшелігі, үйлесімділік қабілеті, бұл-шық ет күш, иілгіштік, жылдамдық және секіргіштік, жүйке жүйелерінің не-гізгі ерекшеліктері туралы оқыту жатады.

Спорттық бағдар пәні болып, дарындылықты және адам қабілетін, спорттың қай түрімен шұғылдану керектігін ұсынатын немесе спорт түрі бойынша мамандануды оқытатын пән болып табылады.

Спорттық іріктеу – белгілі бір спорт түрімен айналыса алатын адамдар іздеу, ал сонан соң олардың ішінен мейлінше дарындыларын, талантты-ларын, ең жоғары шеберлікке жетуге қабілеттілерін бөлу. Спорттық іріктеу спорт түрінің қызығушылығына қарайды, ал бағдарлау – тұлғаның қызығу-шылығына қарайды.

Спорттың бағдар мен іріктеу бір бүтін ұғымы болуы керек және екі түсінікті айыра қарау керек «спортқа жарамды» және «спорттық болашақ».



Спортқа жарамдылық – бұл адам қабілетінің деңгейі, оның денсаулығы үшін және шұғылдану барысында жалпы жетілу, сонымен қатар жарыстарда таңдаған спорт түрі бойынша санаттық нормативтер тапсыруға мүмкіндік береді.

Спорттық болашақ – таңдаған спорт түрінде анықталатын, қабілеттер және жарыс кезінде пайда болатын талаптарға адам қабілетінің жоғары дәрежеге сәйкес келуінен тұрады. Спорттық іріктеу – бұл негізінен педогогикалық және ұйымдастыру іс-шаралар кешені, мақсат пен міндеттен туындаған мазмұндар мен формалар түрі.

Қорытынды:

Спорт саласында баланың жеке басының ерекшеліктерін ескеріп, қай спорт түріне бейімі, дарыны бар екендігін анықтау ғана болашақта үлкен жетістікке жетуге кепілдік береді.



  1. Күреске келегн балалар 3 жыл аралығында өзінің қай күрес түрінен немесе қандай спорт түріне икемі бар екені және спорт түрін дұрыс таңдауға көмектеседі.

2)Үш жыл ішінде акробатикамен ,спорттық гимнастикамен, спорттық ойындарды жетік меңгеріп дене күші және төзімділік жағынан дайын болады. Бұл дегенініз, жас балуан үлкен спортта ешқандай жарақатсыз және барлық жағынан дайын болуына көмектеседі.

3) Жас балалардың күресті ерте бастап және ерте тастап кетуін азайтады. Бұрынғы СССР да балуандар боз кілемде 28-30 жасына дейін күрескен. Бастапқы дайындық тобына келген баланың жасы орта есеппен 10-11 жас болса, үш жылдан кейін олардың жасы 13-14 жаста болады, және олар дене қабілеттерінің барлық жағынан қандай жүктемеге болса да дайын болғандықтан , үлкен спортта ұзақ қалуына мүмкіндікрері болады.

Іріктеудің бұл түрі көп елдерде теория жүзінде қалып отыр, соның ішінде біздің елде. Қазіргі заманғы әлемдік спорт көшінен қалмай, алдыңғы қатардан көріну үшін, дарынды жастарды спортқа іріктеудің соңғы жетістіктерін қолдануымыз керек деп санаймыз.
Әдебиеттер


  1. Матвеев л.п. - Общая теория спорта. – М.: ФиС, 1997. – 328 с.

  2. Дене шынықтыру-сауықтыру кешендерін іске асырудың дидактикалық жүйесі. //ҚазСТА,

  • Алматы, 2008. – №1. – Б. 85-90.

  1. Қазақстан Республикасының Дене мәдениеті және спорт туралы Заңы 1999 ж. 2 желтоқсан. №490 – 13 ҚР // ЗроП, 2000, №1, 4-11 қаңтар.


Общие и естественно-научные проблемы

Гидрокинезотерапия және ЕДШ тәсілдерімен мойын остеохондрозындағы омыртқаның өзгеруін патогенетикалық түзету
Ешпанова Г.Т., 2 курс магистранты

Ғылыми жетекші: м.ғ.к., доцент Ұлықбекова А.О.

Қазақ спорт және туризм академиясы
Кіріспе. Остеохондроз көптеген зерттеу деректері бойынша ең көп тараған аурулар қатарына жатады [1, 2]. Еңбекке жарамсыздық күндер саны бойынша бұл ауру тұмаудан кейін екінші орынды алады. Статистика бойынша аурудың 66% 30-дан 50 жасқа дейін басталады, яғни адамның шығармашылық даму кезеңінде, халықтың бір бөлігінің салауатты және еңбекке қабілеттілігіне зиян келтіретіндігі көрсеткен. Остеохондроздың күрт "жасаруы", 30 жастан асқан әрбір бесінші заманауи адам остеохондрозбен ауырады дегенді білдіреді [3].

Остеохондрозды емдеу және алдын алу үшін көптеген әдістемелер ұсынылғанына қарамастан, олардың тиімділігі жеткіліксіз. Әдістемелік тұрғыдан біреуі нақтылау және жетілдіруді қажет етсе, басқалары тиімділігінің аздығынан зардап шегеді.



Зерттеудің мақсаты – мойын остеохондрозды науқастарда омыртқаның морфофункционалдық өзгерістерін түзету үшін, емдік массаж тәсілдерімен ұштастыра отырып сулы ортада жаттығулар, емдік гимнастиканы қамтитын ЕДШ кешенді әдістемесін әзірлеу.

Зерттеу әдістері: антропометрикалық тексеру, математикалық статистика әдістері мен функционалдық сынамалар.

Зерттеу нәтижелері және оларды талқылау. Біз, зерттеу үшін 35 - 45 жастағы мойын остеохондрозымен ауыратын 60 науқасты іріктеп алдық.

Барлық науқастар 20 адамнан 3-топқа бөлінді, оның ішінде 10 ер және 10 әйел.

Тәжірбиелік топта қырық адам (1 және 2), бірі (ТТ-1), біз дайындаған кешенді дене жаттығулары мен тренажерлардағы жаттығуларды пайдаланса, басқасы (ТТ-2) – осы ЕДШ кешенін, бірақ гидрокинезотерапия және классикалық емдік және нүктелік массаж тәсілдерін ұштастыра отырып пайдаланды.

Бақылау тобы жиырма адамнан құралды (БТ), онда науқастар дәстүрлі физиотерапиялық процедуралар алды, бірақ бұл топта ЕДШ сабақтары, сулы ортадағы жаттығулар және массаж сеанстары өткізілген жоқ.

Омыртқаның функционалдық жай-күйін бағалау үшін ЕДШ, массаж және гидрокинезотерапия құралдарымен кешенді оңалту іс-шараларын жүргізгеннен кейін, екі жағына еңкею (латерофлексия) және бұрылу (ротация), иілу, бүгілу кезінде омыртқаның мойын бөлігінің икемділігі көрсеткіші өлшенді.

Латерофлексия бойынша функционалдық сынамалар деректері 1-кестеде келтірілген. Бастың қисаюы қалыпты жағдайда бас сызығы мен иық сызығы арасындағы бұрышы 45º тең болуы тиіс.

Кестеде көрсетілгендей, бізбен әзірленген және еңгізілген әдістемесінің әсері нәтижесінде емделушілердің екі эксперименттік топтарында да оң өзгерістер байқалады.

Мәселен, ТТ-1, жан -жаққа еңкею көлемінде келесі өзгерістер болды: 10% ол өзгеріссіз қалды, яғни екі науқаста; екі жаққа да еңкеюдің тереңдігі сыналушылардың 11де 1-3 градус білінді (ТТ-1 жалпы санының 55%), тексерілгендердің 6да еңкеюдің тереңдігі 4-7 градусты құрады, бұл ТТ-1 жалпы санының 30%, 5% (бір сыналушының) еңкею 8-10 градус байқалады. Бұл көрсеткіштің одан да қолайлы динамикасы ТТ-2 тобындағы қосымша гидрокинезотерапия және массаж қолданылған емделушілерде (біріздендірілген жүзу, судағы жаттығулар) анықталды. Мұнда еңкеюдің көлемі өзгеріссіз қалғаны 5% байқалды, яғни тек бір науқаста еңкею 3 градус 10 адамда (50% жағдайда) байқалады, сыналушылардың 35%-ы еңкею 4-7 градус құрады және екеуінде (10%) бұл көрсеткіш 10 градусқа жетті.


1 кесте – Кешенді оңалту аясындағы омыртқа қозғалысының көрсеткіштері


Топ


Өзгеріссіз


Жақсаруы (градустар)

Нақтылық

айырмашылық



0

1-3

4-7

8-10

Р

N

%

N

%

N

%

N

%



ТТ-1

(n=20)


2

10

11

55

6

30

1

5

<0,05

ТТ-2

(n=20)


1

5

10

50

7

35

2

10

<0,05

БТ

(n=20)


17

85

3

15

-

-

-

-



Сонымен, бақылау тобындағы науқастар тек физиотерапиялық процедуралар алды, оларда оң динамикасы табылған жоқ.

Тәжірбиелік топтардағы корреляциялық талдау нәтижесі (ЭГ-1 және ЭГ-2) эксперимент жүргізуге дейін және оны бітіргеннен кейінгі арасындағы еңкею көлемі 0,910 (Р<0,05) және 0,900 (Р<0,05) құрады, омыртқаның функционалдық жағдайына әзірленген әдістеменің әсер етуі жоғары дәрежеде екенін айтумызға болады.

Құрлықта, сулы ортада дене жаттығуларын, әсіресе емдік жүзуді қолдану нәтижесінде, бұлшық ет-сіңір аппараты бірқатар өзгерістерге ұшырайды. Бұлшық ет неғұрлым серпімді, жекелеген бұлшық ет топтарының жүктемені алады (мойын және иық белдеуі бұлшық еті), сіңір аппараты анағұрлым созылмалы болады, бұның барлығы, мойын жақтағы қан айналымын күшейте отырып, патогенездің негізгі буындарына әсер етуі, ауырсынудың азаюына және омыртқаның мойын-кеуде қозғалысының ұлғаюына әкеледі. Сонымен қатар, белсенді айналысатын науқастардың ағзасына емдік дене шынықтыру және гидрокинезотерапияның әсері массаждың әрекетімен күшейеді. Терінің жүйке нүктелеріне әсер етіп, рефлекторлық массаж арқылы жоғары жүйке орталықтары арқылы, жүйке жүйесінің қызметіне, қан айналымына, ішкі секреция бездеріне, алмасу процестеріне және т. б. әсер етіп жақсартады.



Омыртқаның мойын бөлігінің остеохондрозында кешенді денелік оңалтуды пайдаланудың негізділігі, біз ұсынған әдістеменің тиімділігі, дене жұмыс қабілеттілігін және көкірек қуысы қозғалысының ұлғайуымен дәлелденеді. Зерттеу нәтижелері 2-кестеде көрсетілген. Осылайша, егер зерттеу барысында көкірек қуысының экскурсиясы және басқа да көрсеткіштері айтарлықтай өсті, яғни айналысатын екі эксперименттік топтарда, аздаған басымдылықпен екінші топта (ТТ-2 – Р<0,01), ал бақылау тобындағы көрсеткіштер, іс жүзінде бұрынғы деңгейде қалды.
2 кесте – Тәжірибе әдістемесінің әсерімен науқастардың денелік еңбекке қабілеттілігінің көрсеткіштер динамикасы ( Sx)


Көрсеткіштер

Топ

ТТ-1 (n=20)

ТТ-2 (n=20)

БТ (n=20)

көкірек қуысынына экскурсия , см

Тәжірбиеге дейін

10 0,7

10 0,7

10 0,7

Кейін

12 0,7

13 0,6

10 0,9

Р

<0,05

<0,01

>0,05

Қатайту, саны


Тәжірбиеге дейін

4,1 0,7

4,3 0,4

4,1 0,7

Кейін

7,2 0,5

9,2 0,8

4,9 0,6

Р

<0,05

<0,01

>0,05

Жатып қолды бүгу және созу, саны

Тәжірбиеге дейін

21,3 0,4

20,8 0,7

20,6 0,5

Кейін

29,2 0,7

31,3 0,4

21,0 0,9

Р

<0,05

<0,01

>0,05

Әзірленген әдістеменің тиімділігі жүрек-қан тамырлары және тыныс алу жүйелерінің функционалдық жағдайының жоғарылауымен дәлелденеді (3-кесте).

Сонымен қатар, өмір сүру индексі көрсеткіштерінің осыған ұқсас оң динамикасы (55-61 және 53-65 мл/кг, тиісінше ТТ-1 және ТТ-2), сондай-ақ, сыртқы тыныс алу функциясының жақсаруын дәлелдейді.

Гипоксияға тыныс алу орталығын бейімдеуді жетілдіруде орташа алғанда 27% - ға шаршауға тыныс алу бұлшығы тұрақтылығын арттыру мақсаты болып табылады. (Зілтемір және Генча сынамалары).



Осылайша, әзірленген денелік оңалту кешенді әдістемесі патогенездің негізгі буындарына әсер ете отырып, науқастардың омыртқасының мойын бөлігі остеохондрозының денелік және функционалдық жағдайы көрсеткіштеріне жағымды ықпал ететінін атап өткен жөн. Тәжірибелік әдістеменің тиімділік өлшемі морфофункционалдық көрсеткіштері деңгейін арттыру болып табылады.
3 кесте – Жүрек-қан тамырлары және тыныс алу көрсеткіштері динамикасына гидрокинезотерапии, ЕДШ және массаждың әсері ( Sx)


Көрсеткіштер

Топ

ТТ-1 (n=20)

ТТ-2 (n=20)

БТ (n=20)

Демалыстағы ЖСЖ



Тәжірбиеге дейін

73,1 0,7

72,4 0,5

72,2 0,3

кейін

71,3 0,8

69,2 0,6

71,9 0,9

Р

<0,05

<0,05

>0,05

ЖСЖ максимальды,

соқ/мин


Тәжірбиеге дейін

132,6 4,0

133,1 4,1

132,8 4,8

кейін

116,2 3,8

115,3 3,6

132,7 4,7

Р

<0,01

<0,01

>0,05

МПК (абс.), мл/мин


Тәжірбиеге дейін

2,7 0,7

2,3 0,4

2,6 0,6

кейін

3,7 0,5

4,5 0,8

2,9 0,4

Р

<0,05

<0,01

>0,05

ФЖЕЛ/ДЖЕЛ, %

Тәжірбиеге дейін

78,3 3,4

77,8 2,7

77,6 2,5

кейін

88,2 3,7

94,1 3,4

79,9 3,1

Р

<0,05

<0,01

>0,05


Каталог: wp-content -> uploads -> 2018
2018 -> Комутова Айгуль Сериковна, кмм
2018 -> Комутова Айгуль Сериковна, кмм
2018 -> Сабақтың мақсаты: а/ Оқушылардың сөздік қорын молайту. Білім, білік дағдыларын қалыптастыру
2018 -> Сабақтың тақырыбы: Физика-табиғат туралы ғылым
2018 -> Сабақ мақсаты Тұздар гидролизін түсіну және тұздардың суда ерігенде қандай процестер жүретінін анықтау
2018 -> Сабақтың мақсаты: Білімділік: Көміртек және оның қосылыстары туралымәлімет алады
2018 -> 5В011700- Қазақ тілі мен әдебиет мамандығы бойынша 3-курс студенттердің элективті пәндер каталогы 2017-2018 оқу жылы
2018 -> Сабақтың тақырыбы Салынған циклдер. Мақсаты Қайталау операторлары туралы білімнің кеңеюі
2018 -> Сабақ тақырыбы: Теңдеулер жүйесін қолданып есептер шығару Мерзімі
2018 -> Даулетиярова Зауре Ермаханқызы А. Пушкин атындағы №41 көпсалалы гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Тараз қаласы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет