чура/шора
сөзі мағынасы жағынан түркі
тілдеріндегі
оғлан
сөзіне сай келеді,
оғлан
-ның мағынасы – «біреудің
248
баласы, ұрпағы, құл және жауынгер» дей келіп, орта ғасырларда Еділ
бойы татарларында нәсілі түркі емес қызметкер адамдар
чура
аталды
дейді (Татары Поволжья, 191-б.). Соған қарағанда,
шора/чура
сөзі о
баста екі-үш түрлі мағынада жұмсалған тәрізді: «1) біреудің баласы,
ұрпағы, 2) жауынгер, 3) қызметкер (құл)».
Қазақ тілінде бұл сөздің
шоры
варианты да бар. Жиналған
фактілерге қарағанда, бұл әйелге қарата айтылатын сөз тәрізді,
семантикалық бояуы «әйел қызметкер, күң» дегенге келеді:
Ерегессең менімен,
Шауып алам малыңды.
Асықпасаң қайтармын
Қатыныңды да
шоры
ғып («Қамбар батыр»).
Жігіт, шора
сөздері өлең-жырларда
жауынгер, жасақшы
тер-
миндердің орнына жүре алатын тепе-тең синонимдер болмас, бірақ
қатар қолданылып (Ей,
қырық жігіт
–
азамат
) мағыналық ұйытқысы
жақын бірлік екенін танытады.
Заман өткен сайын
азамат/шора/жолдас/жігіт
сөздерінің
мағыналық өрісі ауысып, біреуі (
шора
сөзі) белгілі бір әлеуметтік
топтың өкілін (ұрпағын) атауға көшкен:
Ханның ұлы төредей,
Би ұлы шорадай
(«Ер Шобан» жырында);
Байлар ұлы шоралар
Көл жағалар жаз күні (Бұхар жырау, XVIII ғ.).
Ал
азамат
сөзінің мағынасы одан әрі жылжып, бұл күнде жалпы
лексикалық мағынасы «кәмелетке толып, ержеткен адам, жігіт» және
«белгілі бір мемлекеттің тең құқықты адамы» деген құқық саласында
терминдік мағынадағы сөз болып танылады (ҚӘТС, 2006, 111-б.).
«Едіге» жырының Шоқан мен Қ.Сәтбаев нұсқаларынан жоғарыда
талданған сөздердің қатарында тұрған және бір атауды көрдік. Ол –
кедей
сөзі.
Бұларда:
Жалғыз атты
кедейді
Қайдан тауып аламыз? – деген жолдар бар.
Мұндағы
кедей
– ноғай тіліндегі «бозбала, жігіт» деген
мағынадағы көне
кедей
сөзі. Қазіргі ноғай тілінде кітаби
кедей
сөзі
бар екен, оның да мағынасы «бала, жігіт» деп көрсетеді 1963 жылғы
«Ноғай-орыс сөздігі» («Ногайско-русский словарь» под редакци-
ей Н.А.Баскакова. - М., 1963). Бұл да – жырдың қазақ мәтінінде
сақталған ногаизм (ноғай сөзі) – қазақ тілі үшін нағыз лексикалық
ескіліктің көрінісі. Демек,
жігіт, азамат, дос, шора, кедей
сөздері
«аттаныста, жорықта бірге жүретін адам, белгілі бір топтың мүшесі
249
(сарбаз, жорықшы)» деген терминдік мағынадағы синонимдер болып
келеді. Бұлардың әрқайсысы – бұл күнде жеке-жеке өзге мағыналарда
жұмсалатын сөздер. Қазақ тілінде бұл күнде
кедей
варианты «жарлы»
мағынасында ғана жұмсалады.
Ертеректегі өлең-жырларда қазіргі
жауынгер, жасақшы, солдат
сөздері жоқ. Ұрыс-соғысқа қатысушылардың жалпы атауларынан
шерік, қол, ләшкер
(әскер) сөздері кездеседі. Бұлар – қазірде де осы
мағынада бар сөздер.
Ұрыс-соғысқа қатысушылардың атаулары ішінде жалпылық,
көптік мағынасында көрінетін сөздерден
аламан
сөзінің ескілік ста-
тусы көңіл аудартады. Бұл күнде біршама жағымды реңк алған
ала-
ман
сөзінің семантикалық қозғалысы оны ескіліктердің қатарында
талдауға итермелейді. Қазақ тіліндегі әр кезеңде берген мағыналарына
және өзге түркі тілдеріндегі қызметіне (семантикалық көрінісіне)
қарағанда,
аламан
сөзі ескіліктер қатарында тұрады, о бастағы негізгі
мағынасы – «шапқыншы қол, жортуылшы топ (отряд)», яғни жеке
бір адам емес, топтың атауы мағынасында көптік сема (мағыналық
реңк, ұрық) бар, сондықтан
аламандар
деп айтылмайды, әсіресе
түрікмен, түрік сияқты оғыз тілдерінде бұл сөздің «белгілі бір мақсат
көздеп, шабуылға шыққан, атқа мінген жортуылшы топ» деген көне
мағынадағы сөз екенін осы тілдердің сөздіктері көрсетеді (Түркмен
дилиниң сөзлүгү. - Ашхабат, 1962). Қырғыз тіліндегі
аламан
сөзінің
мағынасын К.К.Юдахин: «1) бейберекет жасалған шабуыл, соғыста
түскен олжа», – деп түсіндіреді. Бұл – өте ертеде түркі тілдерінде осы
мағынада жұмсалған сөз болар. Мұны Махмұт Қашқари сөздігі де (XI
ғасыр) «тонау үшін жасалған шапқын» деп түсіндіреді. Сірә, о баста
бұл тұлға «ұрыс, шапқын» сияқты дерексіз есімнің атауы бола келіп,
бертінде, орта ғасырларда шабуылшы, жорықшы адамдар тобына
қатысты мағынаға көшкен тәрізді. Қазіргі қазақ тілінің сөздіктерінде
де
аламан
сөзінің көне мағынасы «шапқыншы қол, жортуылшы топ»
деп көрсетіледі (ҚӘТС, 2006. 1-т., 359-б.).
ХХ ғасырдың басында мұндай түсіндірмені X. Досмұхамедов
те берген болатын. Оның тануынша,
аламанның
екі мағынасының
бірі – «бастықтан рұқсатсыз біреуді шабуға, олжауға аттанған тәр-
тіпсіз топ». Бұл сөздің қазақ тіліндегі семантикалық қозғалысы
тіпті ерекше: «шабуылшы топ», «жортуылшылар» дегеннен «жалпы
топ – қалың көпшілік, бұқара халық» деген мағынаға ауысқан. Бұл
– бүгінгі қазақ әдеби тілі қолданысындағы мағынасы. Мұны «күні
кешегі» Махамбеттің:
Аламанға жел бердік,
Аса жұртты меңгердік, –
250
деген өлең жолдарынан бастап, Мұхтар Әуезовтің, Шерхан Мұр-
тазаев, Қадыр Мырзалиевтердің қолданыстары дәлелдейді. Бұл сөз-
дің «қалың көпшілік» деген мағынасы одан әрі жылжып, «жаужүрек,
қайсар» адам(дар)» деген жағымды мағыналық реңк алған. Белгілі
ғалым, тарихшы, дәрігер, қоғам қайраткері XX ғасырдың басындағы
қазақ зиялыларының ірі өкілі, халқын сүйген патриот Халел
Досмұхамедұлының туған өңірі – Орал аймағында жинаған халық
ауыз әдебиеті үлгілерін ұсынған кітапқа «Аламан» деп ат қоюы (Ала-
ман. Қазақ ел әдебиетінен алынған сөздер. - Ташкент, 1926) бұл сөздің
қазақтар қолданысында жағымды мағынаға ие бола бастағанын
дәлелдей түседі. Демек, ертеден (XI ғасырдағы Махмұт Қашқари
сөздігін қараңыз) келе жатқан
аламан
сөзінің мағынасы бір түркі
тілінің өзінде сан құбылып өзгеріп отырғаны байқалады. Айталық,
қазақ тілінде сақталған бұл сөз қазақтар қоныстанған өлкелерде
әрқайсысында әртүрлі мағынадағы жергілікті сөз болып жұмсалып
келген:
Аламан
– Маңғыстау өңірінде «сарбаз, шапқыншы қол»,
Қарақалпақ жеріндегі, Монғолиядағы қазақтарда «тобыр, көпшілік
халық» деп көрсетеді диалектолог мамандар (Қазақ тілінің аймақтық
сөздігі. - Алматы, 2005).
Ал қазақ әдеби тілінде
аламан
-ның бір мағынасы «шапқыншы
қол, жортуылшы топ» болса, ол ескіліктің қатарында танылады.
Қазіргі күндерде бұл сөз «көпшілік» мағынасында жұмсалса, бұл –
бүгінгі әдеби тіл қазынасындағы бірлік.
Аламан
сөзінің «көпшілік» мағынасы – жай көпшілік емес, атқа
қонған көп адам, демек, жортуылға шығуға дайын адамдар, бірақ
ертеректегідей тонау, талау үшін емес, өзге мақсаттармен топталған,
яғни жортуылшы топ. Махамбет:
Аламанға жел бердік,
Аса жұртты меңгердік, – десе, мұндағы
аламан
– көтеріліске
қатысу үшін атқа қонған көпшілік. Мұнда «тонау, талау» семантика-
сы жоқ. Демек,
аламан
сөзінің қазіргі жазушылар қолданьш отырған
бейтарап мағынасы мен ертедегі «тонаушы, талаушы, жортуылшы
топ» деген мағынаның екі ортасындағы өтпелі семантикалық этап
(кезең) сияқты.
Аламан
тұлғасының түптөркінін іздесек, түбірі
ала
сөзі болуы ке-
рек.
Ала
– полисемиялық (көпмағыналы) өте көне сөз. Монғол, қалмақ
тілдерінде
ала[х]
(-
Достарыңызбен бөлісу: |