соғыспақ, ұрыспақ
. [Чингиз хан] ол йыл оқ
Буйруқ ханға
тоқушақға
атланды.
328
ТОН –
киім
(
жалпы
). Базиргенлер бізге алтун білән суқуған
тон-
лар
... алыб келүрлер. Біздін соң бізнің уруғумыз йахшы
тонлар
кигәй.
ТОҢУ –
мұз қату
. ...қышқысын барсақ, Еділ тоңғай теділер. Еділ
тоңса
кім кечмес, Едіге өлсе кім бармас. 1-нұсқада
кечмек
болып
қате тұр.
ТУАР ҚАРА – 1)
ірі қара, жылқы малы, мал
. ...
туар қарасын
отқарыб ол йерде манзил қылдылар. ...Кім кічігін отчигин дерләр
йағни ата-анасының оты, йурты, малы,
туар қарасы
үй тірлігі кічік
оғлыға қалур. [Муһулунның] малы, туар қарасыкөб ерді.
УИЛАЙАТ –
ел
(территориялық тұтастық ретіндегі). Ол уилайатқа
фатх қылмақ үчүн ошбу
уилайатдын
мағлум йіберді.
УЛАҒ –
көлік
. Уа аты,
улағы
, уа туар қарасы анларның асайыш
таба алмағай.
УЛАН – титул:
билеуші атаның
(династияның
) әскери немесе
әкімшілік қызметіндегі өкілі
. Көбінесе жалқы есімдермен келеді.
Қийас
улан
, Таш Темур
улан
.
УЛУҒ –
ұлық, бастық
. Анларны ләшкәр
улуғы
етіб йүргүзді.
УЛУҒ ОҒЫЛ –
тұңғыш, үлкен ұлы
. Жочи хан Чингиз ханның
улуғ
оғлы
ерді. Бу Орда Жочи ханның
улуғ оғлы
ерди.
УЛУҒ XАТУН –
бәйбіше, ең үлкен әйел
. Чингиз ханның
улуғ ха-
туны
Бөртә Фужин аларның қарындашы ерді.
УЛУС – 1)
мемлекет, хандық.
Барча
улус
ічінде Мәскеу атлық
шаһарың душманларға көп дүр. Ойда орыс, қырда татар – барча
улус-
ны
бақтурған хан. 2)
халық
. Бу Қонқыран Ордадын соң
улусны
ол
биледі.
УЛУС/ОРДА/ЙУРТ – термин: 1)
мемлекет, хандық
. [Қасым хан]
нечә уақтлар атасы
улусында
падшаһлық қылды. [Чингиз хан] анлар-
ны (оғланларын) қайтарды, өз
улус
мамлакатлеріне йіберді.
УРУҒ –
ұрпақ
. ...төрт йүз йыл заман кечкендін соқ анларны
уруғы
бисйар көб болды. Жочи ханның онынчы оғлы Чимбайның
уруғы
та-
мам болды.
ХАНЛАУ –
хан ету, хан тағына отырғызу
. Едіге айды [Хажы
Мухаммед уланға]: сен менім бірлә болғыл. Тәңрі ішімні оңарса, мен
сені
ханлайын
теді.
ХАН – 1) ең
жоғарғы билеуші, монарх
; 2)
ру-тайпалардың
билеушісі.
1) Шыңғыс
хан
, Жошы
хан
, Борис
хан
(Годунов), 2) Мөңкү
хан
, Боданчар
хан
.
ХАЛҚ/ХАЛАЙҚ – 1)
әміршінің қол астындағы адамдар
; 2)
жұрт, тұрғындар.
ХАНЫМ – титул:
хан-сұлтандардың әйелі.
Жалқы есіммен
тіркесте келеді: Ораз Мухаммедтің апасының аты Татлы (Тәтті)
ха-
ным
. Күшік сұлтанның
анасы
Сүйім ханым.
329
ХАТУН – 1)
әйел
(
жалпы
). ... уа хуб йүзлүк, көркемлүк
хатун-
ларны
алғайлар; 2)
ханның, хан ұрпағының әйелі, титул
. Чин-
гиз ханның йақын беш йүз
хатуны
бар ерді; 3) (біреудің)
әйелі,
жұбайы, қатыны
. Бу
хатунлардын
үч оғул туғды; 4)
ханның некелі
әйелдерінің титулы, жалқы есіммен келеді
. Буралуһ
хатун
, Имтас
Орда Текин
хатундын
туғуб ерді. Добун Байан Алан қуа
хатунның
ері ерді. Чингиз ханның барча
хатунлары
ічінде бу беш
хатундын
улуғ хатуны, ордасы йоқ ерді.
XУБ ЙҮЗЛУК –
көрікті, сұлу
(жүзді). Йағни йахшы уа
хуб йүзлүк
болғай.
ШАҺАР –
үлкен қала
. Даулат аңа йар болуб
шаһар
Мәскауда
алтунлық тахтына мінген хан.
ШАҺАР ОЛТУРУШЛЫҚ – термин:
отырықшылық
. Қадим
алайамдын берү һәр ихлимда дүниадағы халқ
шаһар олтурушлық
болсун уа сахарада олтурушлық болсун анларның хади ниһайаты йоқ
ерділер.
ШАҺЗАДА –
хан ұлы.
ЧӘКҮЛ –
кекіл, шаш ...
Чәкүлінде
бір нечә қыллар ақарыб турур
ерді.
ЧЕРІК –
шеру, жорық
. ...ерлері аңға йа
черікке
кетіб ерсә, хатун-
лар үйүн, асбабын йаратуқ қылғай.
ЧОРА –
әміршінің жеке күзетшісі.
Казик Қутлы Қыйа оғлы Едіге
Кучук аның чорасы ерді.
ЧОРА АҒАСЫ –
хан күзетшілерінің басшысы
. ...Бургачы Ной-
ан... барче Қарачу, беклердін улуғрақы ерді. Чингиз ханның ол
чора
ағасы ол ерді.
ЧЕРІК –
қол, әскер
. Жебе Нойан бу
черікні
башлаб бу уилйатқа
келділер.
ЧЫҒАЙ –
кедей, жарлы
. Йетімлерге рахим қылып,
чығайларны
тойдурған хан.
330
СӨЗ СОҢЫ НЕМЕСЕ ҚОРЫТЫНДЫ
1. Батырлар жырлары, лиро-эпостар сияқты өте мол ауыз әде-
биеті үлгілерінде XV-ХІХ ғасырларда жасап өткен ақын-жыраулар
мен шешендердің өлең-толғауларында, нақыл сөздерінде, мақал-
мәтелдерде, тұрақты тіркестер құрамында, қос сөздердің сыңар-
ларында ғасырдан ғасырға, ұрпақтан ұрпаққа таралып бүгінгі бізге
жеткен лексикалық ескіліктер бар. Ол ескі бірліктер
көне сөздер
(архаизмдер),
ескірген сөздер
(историзмдер),
ұмыт бола бастаған
сөздер
(«күні кешегі» реалийлердің атаулары) болып ажыратыла-
ды. Олар қазіргі қазақ тілінің сөздік қазынасын толтырып тұрған –
сандық байлық емес, халқымыздың өте ертедегі, орта ғасырдағы, күні
кешегі XVIІ-ХХ ғасырлардағы әлеуметтік, экономикалық, мәдени,
рухани дүниесінен хабар беретін тарихи мұра. Талданып, танытылып
отырған көне, ескі, ескірген сөздер мен сөз тіркестері – тарихымыздың
кешегісін бүгінгіге жалғастырған көпір. Атап айтқанда, бүгінгі қазақ
халқын құраған ру-тайпалар бір кездерде қай жұрттармен одақтас,
қоныстас, аралас-құралас болды, елін-жұртын қалай қорғады, не
киді, не жеді, не ішті дегендей сауалдарға көне, ескі сөздер жау-
ап береді. Жырларда және XIX ғасыр ақындары Махамбет, Мұрат,
Шернияздарда жиі кездесетін
сой
сөзі, әскери басшы мағынасында
жиі қолданылған
аға
сөзі, мұз қатты дегенді
мұз тоңды
деген сөз,
«өзен» мағынасында
су
деген сияқты оғыздық тұлғалар ілгергі орта
ғасырларда оғыз, қыпшақ ру-тайпаларының іргелес, аралас-құралас
өмір кешкендіктерінен хабар береді. Тіпті одан әрі барсақ, өте-өте
көне замандардағы бабаларымыз «шақыру» мағынасында
оқу
сөзін
(жылан уын оқып шығару) «сиқыр, алдап-арбау» мағынасында
аб/
аби
сөзін (
әбжылан
дегендегі), «толқын» мағынасында
қом
(
қоғалы
көлдер, қом сулар
), «ақ» мағынасындағы
шал
(
шал сақал
), «ел, жұрт,
халық» мағынасындағы
күн
(
елім, күнім, Кәрібоз
– «Ер Тарғын»
жырында) сөздерін қолданғанын, яғни тіліміз өте-өте ертеден келе
жатқандығын танытады. Ал «ұрыс, соғыс» мағынасындағы
ала
(
ала
балта, ала ту, ала берен
), «бас» мағынасындағы
толағай
, «ақылшы,
ұстаз» мағынасындағы
сұрқылтай
, «көлік» мағынасындағы
ұлақ
(
ат-ұлақ
) сияқты сөздер монғол тілдерімен ортақтығы (Алтай тео-
риясы) немесе орта ғасырлардағы найман, қоңырат, қыпшақ, жалай-
ыр сияқты түркі тайпа одақтарының монғол тайпаларымен іргелес,
ауыс-түйістес, қарсылас (соғысып келгені), одақтас болып келгенінен
хабар берсе керек.
2. Біз «ескірген» деп терминдеген (өзге ғалымдар
тарихият, та-
рихи сөз
деп аударған) историзмдер «күні кешегі» – XVIІ-ХІХ, тіпті
XX ғасырдың әр кезеңдеріндегі қазақ халқының әлеуметтік-әкімшілік
құрылымынан, сауда- саттық, алыс-беріс сияқты экономикалық
қатынастарынан өте айқын, бұлтартпас тілдік фактілер ұсынады.
331
3. Лексикалық ескіліктерді білу керек, ол үшін жинау (теру) ке-
рек, талдау керек. Ал бұл шаруаның қиындықтары мен жөн-жосығы
жоғарыда арнайы айтылды. Лексикалық ескіліктерді әр қырынан зерт-
теу барысында олардың толық түсіндірме сөздігін ұсыну қажеттігі да-
усыз. Мұндай жұмыстың алғашқы үлгілері де бар (Р.Сыздықованың
«Сөздер сөйлейді», Ә.Нұрмағамбетовтің «Сөз сырына саяхат», «Қос
сөздердің құпиясы» және т.б. қараңыз). Сондай-ақ қазақ тілінің лек-
сикологиясы мен лексикографиясында қолға алатын шаруаның тағы
бірі – фольклор тілінің сөздігін жасау. Бұл – әрине, өте көп күшті
(орындаушыны) және едәуір уақытты қажет ететін жұмыс (мұндай
сөздіктің құрылымы, материалы, сипаты жөнінде жеке мақалада ай-
тамыз).
4. Бүгінгі әр алуан жазба әдебиетте, әсіресе тарихқа, этнографияға,
әдебиет үлгілерінде, тіпті газет-журналдарда, көпшілікқолды ғылыми
еңбектерде кездесетін бейтаныстау, яғни мағынасын тап басып айту
қиындау соғатын жеке сөздер мен сөз тіркестерінің барлығын ескілік
деп тануға болмайды. Олардың бірқатары автордың (журналистің,
ғалымның, жазушының, ақынның) өзі жасаған, немесе сирек
қолданылатын, ұмыт бола бастаған сөздерді «тірілткен» тұлғалар бо-
луы мүмкін, я болмаса зерттеу «құрығына» әлі ілінбеген жергілікті
сөз болуы ықтимал.
5. Ауыз әдебиеті үлгілерінің, жалпы жазба мұралардың мәтінде-
ріне белгілі жүйемен, принциптермен текстологиялық жұмыс жүр-
гізілмей келеді. Ертелі-кеш жарық көрген басылымдарда орфо-
графиялық қателер орасан көп. Мұнда сөздің қате жазылуы оның
көне-жаңалығын, мағынасының дұрыстығын тануда үлкен зиян
келтіреді. Мысалы,
қалың қыпшақ бүледі
дегеннің
бүлінеді, бөлінеді
деп жазылуы;
күнді бұлт құрсайды, күн жауарға ұқсайды
дегеннің
бұлт қоршайды
деп жазылуы көрсетілген сөздердің сыртқы тұлға-
сын ғана емес, мағынасын өзгертіп тұр:
бүлү
мен
бүліну
,
бөліну
дегендердің үшеуі – үш түрлі мағынадағы бірліктер, сол сияқты
қоршау
мен
құрсау
сөздерінің түбірлері бір болуы мүмкін:
құр
– «бел,
қоршауда, құрсауда «орап алу», яғни «бүркеу», бірақ біреуі – көне
тұлға (құр), екіншісі – оның өзгерген түрі (қор).
6. Өлең-жырлардағы ескіліктердің көбі белгілі бір тіркесте келеді
де көбінесе заттың, құбылыстың бір белгісін білдіретін тұрақты эпи-
тет болып табылады:
ауыр
жұрт
, ауыр
қол
, ауыр
әскер
, ереуіл
ат
, қом
су
, толғамалы
ақ сүңгі,
толғамалы
ала балта дегендегі курсивпен
көрсетілген көне, ескі тұлғалар көбінесе образ жасайтын бейнелі сөз
болуға бейім тұрады. Сондықтан көбінесе олар стереотип (кәнігі,
қалыпты) қолданыстар тобын құрайды (
буырқанып-бұрсанып, мұздай
темір құрсанып, қу толағай бастану, қағанағы қарық, сағанағы
сарық
).
332
7. Қос сөз құрамында келетін ескі сөз, яғни қос сөздің бір сыңары
не бөгде тілдік сөз не көне түркі сөзі болады (
некен-саяқ, бала-шаға,
шал-шауқын, қыз-қырқын
). Қос сөз құрамының бір сыңарының не
көне, не бөгде тілдік тұлға екенін бүгінгі қазақтар сезе де бермейді,
ол сөздің жеке тұрғандағы мағынасы қандай деп іздеп те жатпайды,
өйткені айтушы ол сөзді бір мағынадағы бір сөз деп қабылдайды,
сондықтан әрбіреуінің жеке-жеке мағынасын іздемейді, өйткені қос
сөздің жалпы мағынасы түсінікті.
8. Ескіліктердің бір алуаны өзге тілдік болып келеді, бірақ оның
жырлардағы, мақал-мәтелдердегі мағынасы бүгінгісінен өзгеше бо-
лады. Мысалы, парсы тілінен ертеректе енген
майдан
сөзінің осы
тілдегі «көкмайса», «көк орай шалғын» деген бір мағынасы жырлар-
да жиі қолданылған (
қонар болсаң, жануар, міне – майдан, міне – саз
;
бұндағы
майдан
парсыша «көкмайса алаң»,
саз
да – осы мағынадағы
түркі сөзі);
сұм, сұмырай
сөздері қазақ жырларында «бақытсыз, сор-
лы» деген мағынада келеді.
9. Ескілік деген танымда сыртқы тұрпаты өзгеше келген тұлға-
ның айтылып-жазылуы бүгінгіше келгенмен, мағынасы өзгеше
семантикалық ескіліктер болатынын білу керек.
10. Көне, ескі сөздерден басқа бүгінгі қолданыста ара-тұра
кездесетін, бірақ дәл мағынасы ұмытыла бастаған бірліктер типі де
бар, олар – «күні кеше»: өткен ғасырда, не бұдан 20-30, 30-40, 40-
50, 80-90 жыл бұрынғы реалийлердің (заттардың, ұғымдардың)
атаулары (
мәліш сауда, ақшомшы, шар салу; майыр, қағаздату,
қарақағаз, социалистік жарыс, екпінді бригада, мыңшылар, станов-
шы
т.б.). Мұндай сөздер – көне сөздерге қарағанда, әлдеқайда жиірек
ұшырасады және мағыналары да біршама түсінікті не тез табуға бола-
тын тұлғалар. Сірә, оларды бөлек атағаннан гөрі ескірген (историзм)
сөздердің бертінгі тобы деп те айтуға болар. Келесі 40-50 жылда бұл
сөздер де таза историзмге, кейбірі тіпті архаизмге де айналып кетуі
сөзсіз.
11. Бұл жұмыста лексика-фразеологиялық ескіліктер түгел жи-
налып, талданып отыр деуге мүлде болмайды. Бұл – сірә, керек
материалдардың және жүргізілетін талдаудың, олардан шығаратын
тұжырым-түйіндердің бестен бірі, тіпті оннан бірі (одан да аз
бөлігі) болар. Жоғарыда дәлелдеп айтылды, бұл жұмыс – бірнеше
зерттеушінің, аса көп жарық көріп келген, жарық көріп жатқан
жазба дүниелерден мұқият материал жиналатын, оларды әр қыры-
нан, көптеген түркі тілдерінің және көне түркі тілдерінің, орта
ғасырлардағы түркі ескерткіштерінің материалдарын салысты-
ра, салғастыра, іздестіре, жұптастыра отырып орындайтын жұмыс.
Бұл жұмысты әрі қарай шәкірттеріміз, шәкірттеріміздің шәкірттері
жалғастырады деп назарларына салып отырған талап-тілегіміз.
333
Достарыңызбен бөлісу: |