Клиникалық есеп №1



бет30/45
Дата24.12.2023
өлшемі0,77 Mb.
#198913
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   45
Байланысты:
!АиГ экзамен (1)

4.Қынаптық зерттеу жүргізу
Қынап бөлінділері. Қалыпты жағдайда ақ шырышты бөлінділер, ал патологиялық жағдайларда қынаптан – көбікті сарғыш бөлінділер
болады (трихомонад инфекциясының белгілері).
Қынаптық зерттеудің жүргізілуі: сол қолдың саусақтарымен үлкен және кіші жыныс ернеулерін ашып, оң қолдың саусақтарын(ІІ,ІІІ) қынапқа
еңгізеді, І саусақты жоғары көтереді, ІУ,У саусақтарды алақанға бүгіп, сыртын аралыққа тірейді.
Бұл зерттеуде: жатыр түбі бұлшықеттерінің жағдайы,қынап қабырғасының қасиеттері (созылу,тегістігі, т.б), қынап күмбезі,жатыр мойыны(ұзындығы, пішіні т.б), және жатыр мойнының сыртқы тесігінің (пішіні, ашық, жабықтығы)анықталады.
Қынаптық зерттеу(саусақпен).
Қынаптық зерттеуде қынап қабырғасының жағдайын,жатыр мойнының қалпын, ұзындығын, жұмсақтығын,«пісіп - жетілу» дәрежесін және оның ашылу қарқынын анықтап, диагональды конъюгатаны өлшейді.
5.Босанудың жоспарын кұру:
Жүктілікті жүргізу протокол бойынша:
Босанудың екінші кезеңі - жатыр мойнының толық ашылуынан ұрықтың туылуына дейінгі уақыт. Босанудың екінші кезеңінің пассивті кезеңі - жатыр мойнының толық ашылуынан бастап әрекет басталғанға дейін;
Бірінші рет босанушыда: аймақтық анестезиясыз 2 сағат және аймақтық анестезияны қолдана отырып 3 сағат;
қайта босанушы әйелдерде: аймақтық анестезиясыз 1 сағат және аймақтық анестезияны қолдана отырып 2 сағат;
Үшінші кезең
- плацентаның бөлінуі.
*Босанудың II кезеңін жүргізу
* Босанушы әйелдің ыңғайлы жағдайда босануы
* Психологиялық қолдау
* Босанушы әйелдің жалпы жағдайын, босану әрекетінің сипатын бағалау(күшенулер)
* Ұрықтың жүрек соғысын тыңдау
* Нәресте басының жылжуын қадағалау
* «аралықты қорғау», ережесі
Клиникалық есеп №21

Бала туылғаннан кейінгі 5-ші күні әлсіздік, дене температурасының 38,2 оС-қа дейін көтерілуі, іштің төменгі бөлігіндегі ауырсыну, жыныс жолдарынан жағымсыз иісі бар көп мөлшерде бөлінуі туралы шағымдар бар.


Анамнезден: Апгар шкаласы бойынша Бағасы 7-9 балл болатын, салмағы 3700 гр, ұзындығы 51 см әйел жынысты, жетілген ұрық. Босанғаннан кейінгі ерте кезеңде плацентаның ақауына байланысты плацентаның кешіктірілген бөліктерін қолмен алып тастау жүргізілді.
Жағдайы орташа ауырлықта. Тері және көзге көрінетін шырышты қабаттар қалыпты түсте. Өкпеде тыныс везикулярлы, сырыл жоқ. Жүрек тоны айқын, ырғақты. Тамыр соғуы минутына 100, қан қысымы 100/70 мм рт ст. іші жұмсақ, ауырмайды. Бауыр мен көкбауыр үлкейген жоқ. Жатыр тығыз, төменгі жағы кіндіктен 3 п/саусақ төмен, пальпация кезінде ауырады.. «ұрғылау» симптомы екі жағынан да теріс.Үлкен дәреті тұрақты. Зәр шығару еркін, ауыртпалықсыз.
Жалпы қан анализінде: лейкоциттер - 18,2х10*9/л, лейкоциттік формуланың солға жылжуы, ЭТЖ-45 мм/сағ.
1.Клиникалық диагноз қойыңыз
Босанғаннан кейінгі кеш кезең 5-ші күн.Метроэндометрит
Босанғаннан кейінгі эндометрит-бұл босанғаннан кейінгі кезеңде (бала туылғаннан кейін) пайда болатын эндометрийдың (жатырдың шырышты қабығының) инфекциялық қабынуы. Көбінесе миометрий (жатыр қабырғасының бұлшықет қабаты) қабыну процесіне де қатысады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет