Курс: 4 Тобы: В17бтех-1,3 Орындаған: Келесбекова У. М қабылдаған



бет5/9
Дата07.02.2022
өлшемі139,98 Kb.
#91511
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Ұнның наубайханалық қасиеттері мен сапасын анықтаудың жаңа заманғы әдістері

1.2.1.Ұнның күшін анықтау
Ұнның күшін желімшенің мөлшері мен сапасына, қамырдың реологиялық қасиетіне байланысты анықталады.
Бидай ұнының күші белгілі реологиялық қасиетке ие өзінің қамыр түзе алатын қабілетімен сипатталады. Осыдан, қамырдың реологиялық қасиетін анықтау әдістері ұнның күшін де анықтайтын әдіс болып табылады.
Қамырдың реологиялық қасиетін фаринографта анықтау.
Фаринограф (Брабендер фирмасы) көптеген елдердің ұн зауыттарында, наубайхана өндірістерінде қолданылады. Қамырдың қасиетін фаринографта анықтау үшін қамыр илеп, оны илеуге кететін күшті қисық сызық арқылы жазып, ұнның; қамырдың консистенциясы, қамырдың түзілу уақыты, икемділігі және созылғыштығы, тұрақтылығы, қамырдың жайылуы сияқты сапа көрсеткіштерін бағалайды.

Сурет 1. «Брабендер» фаринографы


Қамырдың реологиялық қасиетін альвеографта анықтау
Альвеограф Францияның «Шопен» фирмасында шығарылған. Бұл құралда қамырдың тартылған қабаты үзілмегенше жұқа қамыр қабатын ауа ағымымен реттейтін қысымды өлшейді. Қамыр үлгісін сынау процесі кезіндегі туғызған ауа қысымы кимограф барабанында (өзі жуғыш механизм) бекітілген қағаз бланкада қисық түрінде тіркеледі. Альвеограммадан алынған қисық сызық ұнның күшін сипаттайды.
Сынаманы 2,5%-дық ас тұзы ерітіндісімен ұннан иленген қамырдан жүргізеді. Ұн мен тұз ерітіндісінің қатынасын ылғалдылығы 14,3% 250г ұнға 125мл тұз ерітіндісі болатындай етіп есептейді. Қамырдың температурасы 25⁰С болуы керек.



Сурет 2. Альвеограф приборы

Альвеографта қамырды илеу уақыты 6 минутқа созылады, сосын қамыр илегіштің тесігі арқылы қабылдағышқа арнайы қондырғымен итеріледі. Стандартты өлшеммен қалыпталған қамыр дискісі альвеографтың 25⁰С- тағы термостатында тұрғызуға жіберіледі. Альвеографта сынақ илеу басталған кезеңінен 26 мин өткен соң жүргізіледі.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет