Фонематикалық қағида көп жағдайда морфологиялық қағидақа сәйкес келеді, мұнда белгілі бір фонемалық түрленімдер әліпбидегі бір ғана әріппен белгіленеді.
Мысалы, басшы (башшы емес), түнгі (түңгі емес), саудагер (сәудегер емес).
Фонетикалық қағида бойынша сөз бөлшектерінің дыбыстық өзгерістері есепке алынып, айтылуы негізінде (естілуінше) жазылады. Қазіргі орфографиялық ереже бойынша кейбір жалқы есімдердің сыңарлары фонетикалық қағидақа негізделген (Ботагөз, Амангелді, т.б.).
Тарихи-дәстүрлі қағида жазу-сызуы бір графика негізінде қалыптасқан, өзгеріске түспеген тілдерге тән (ағылшын, француз, т.б.). Қазақ жазуында әліпби жиі ауысып отырғандықтан, бұл қағида сирек қолданылады.
Мысалы, тарих, халық, хикая, қаһарман, т.б. сөздердің жазылуы осы қағидақа негізделген.
Айырым қағидасы бойынша дыбыстық құрылымы ұқсас сөздер шартты түрде Орфография арқылы ажыратылады: қан – хан, қауып – қауіп, өкімет – үкімет, т.б. Сөздердің бөлек не бірге жазылуы түрлі лексика-грамматикалық топтарды қамтиды да, сөзді, сөз тіркесін, күрделі сөздерді бір-бірінен ажыратып тұрады.
Мысалы, ақтаңдақ (сөз) – ақ таңдақ жер (сөз тіркесі). Сондай-ақ сөйлемнің басында тұрған сөздер мен жалқы есімдер бас әріппен таңбаланады. Сөздерді тасымалдау ережесі қазақ Орфографиясында сөздің буын жүйесіне негізделген.
Сөздердің дұрыс жазылу ережелерін сақтау үшін басты екі қағида басшылыққа алынады олар:
1.Морфологиялық қағида-әр сөздің түбірі мен оған жалғанатын қосымшанаң тұлғасын сақтап жазу қағидасы.
Мысалы: бас-шы (башшы деп айтпаймыз ол қате болып саналады), кете-алмай (кетеалмай деп айтуға болмайды), сары-арқа (сарарқа деуге болмайды)
2.Фонетикалық қағида-сөздердің естілу дағдысын сақтап жазу қағидасы.
Мысалы: тарағы (тарақы емес), Торайғыров (Торыайғыров емес) және т.б
Орфографиялық және орфоэпиялық нормалар
Орфография – тіл мәдениетінің аса маңызды мәселесінің бірі. Бірақ ол көп жылдар бойы ерекше зерттеу объектісі болмады. 1930 жылдардан кейін сөздердің дұрыс айтылуы бізде орфографиялық ережелермен байланысты қаралып келсе, 1965 жылғы “Қазақ тілі мәдениетінің мәселелері” деген кітапта, 1966 жылғы М. Дүйсебаеваның “Қазақ әдеби тілі орфоэпиясының негізгі мәселелері” деген кандидаттық диссертациясында және 1972 жылғы “Тіл мәдениеті және баспасөз” деген жинақтағы Қ. Неталиеваның мақаласында (“Орфоэпия нормалары туралы”) бұл мәселе бірсыпыра дұрыс бағытта зерттелген болатын. Солардың бәрі тіл мәдениетінің аса бір маңызды мәселелерін зерттеудегі игілікті бастама деуге болады.
Орфография ережелерін жетілдіру мақсатымен бұрын жазу тәжірибесіне бірнеше өзгерістер енгізілген болатын. Соның бірі қосарлы -ый, -ій әріптеріне бір и әрпімен таңбалау туралы өзгеріс нәтижелі болғаны мәлім. Ол әсіресе жазуды жеңілдетіп, оның мәдениетін жақсартты. Солай етуді тілейтін орфография ережелерінің қайта қарауға болатын мәселелері әлі де жоқ емес. Соның бірі орыс тілінен енген бірқатар сөздердің соңғы дыбыстары к, г, -ге біткенде, оларға жалғанатын қосымшалар кейде жуан, кейде жіңішке қалпында жалғануы жазуда көп қиыншылық туғызып жүр. Енді соларға жалғанатын қосымшалар (кейбір сөздерді қоспағанда) тек жіңішке вариантта жалғанады деп өзгертуді тілейтін сияқты.
Қазақ тілінің нормаларын айырып тану критерийлері туралы айтқандарымызға мысалдар лексика, грамматика, кейде фонетикадан алыңды. Соларға қарап орфографиялық және орфоэпиялық нормалардың оларға қатысы жоқ екен деп түсінбеу керек. Бұлардың да жұмсалуында жүйелілік, жиілік, модельдік болжамдар болады. Солармен қатар ол екеуінің нормалық құрылыстарында елеулі ерекшеліктер бар және олардың өзара байланысы да бар. Мысалы, емле ережелері бойынша дауысты, дауыссыз дыбыс әріптері түбір сөздер мен қосымшалардың түйіскен жерінде ілгерінді, кейінді ықпал заңдарына сәйкес жазылады: қатаңнан кейін – қатаң, ұяңнан кейін – ұяң, жіңішке дауыстыдан кейін – жіңішке, жуан дауыстыдан кейін – жуан дауысты жазылуға тиісті екені орфографиялық ережелер жинағында бірнеше параграфқа бөлініп айтылады.Солай жаз деп ережелер ұсынуымыздың негізгі принципі - қазақ тілінде ертеден қалыптасқан дыбыстардың біріне-бірінің әсер етуі нәтижесінде пайда болатын өзгерістер. Бұл орфографиядағы фонетикалық принципті колданудың бір түрі. Сол заңдылықтар ауызекі тілде өмір сүріп келгендіктен, орфографиялық ережелер орфоэпия нормаларына сәйкестендіріліп қабылданған. Сондықтан, мысалы, таудан, қаладан, терезеден, есіктен деп айтылуы да, солай жазылуы да норма. Бірақ әр уақытта осылай айту (орфоэпиялық), жазу, орфографиялық нормалары өзара үйлесіп, бірлестік-тұтастығын сақтап жұмсала бермейді, екеуі екі бөлек нормалық бағытқа түскендері бар. Мысалы, дауысты дыбыстардың ерін үндестігі қазақ тілінде қырғыз тіліндегідей елеулі болмайтындықтан, айтуда ол заңдылықтар сақталады да, жазуда ескерілмейді: “төрдө төртөу отүр төрөмін” деп айтылады да, “төрде төртеу отыр төремін” деп жазылады. Екеуі де норма. Не болмаса, завоттан деп дыбыс заңы бойынша айтылады, бірақондай сөздердің түбірін сақтау мақсатымен – заводтан деп жазамыз. Мұндайда сөздің соңғы дыбысы үяң болмаса, дауыссыздан басталатын қосымшаның бірінші дыбысы да ұяң, қатан болса– қатаң болып жазылады деген ереже еленбейді. Немесе ауызша, сөзшең, қазша деп жазамыз да, ауышша, сөшшең, қашша деп айтамыз.
Мұндайда орфографиялық ережелер фонетикалық принципке сүйенбейді,ал морфологиялық принцип бойынша – сөздің түбірін сақтап жазуды норма деп танимыз. Сұршағыз, Болдығыз, Құрманғазы, Жанғабыл, Төрегелді, Есенгелді, Құлагер сияқты күрделі біріккен сөздер арасындағы фонетикалық өзгерістердің жазылуда да сақталуы – екі талап-талғамның (айтылуы мен жазылуы) түйіскен жері болса, Аманкелді, Ботакөз, Досжан (айтылуы – Дош- шан), Сәтбаев (айтылуы – Сәтпаев) сияқтылардың жазылуы айтылуынан алшақ жатыр.
Мұндайдың қайсысы дұрыс дегенге жауап беруден бұрын “ол екеуінің қай орайда басы түйіседі, қай жерде екі айырылады?” дегенге жауап беру керек. Орфография ережелері бойынша күрделі сөздердің бәрі бірдей бірігіп жазылмайды (мысалы, күрделі сын есім, сан есім, етістіктер). Бірігіп жазылатындары көбінесе, зат есім, есімдік, үстеу сөздер. Күрделі сөздердің бірігіп не бөлек жазылуы, сөз жоқ, олардың орфографиялық нормаларын қалыптастыруға да, ауытқымалы етуге де әсерін тигізеді. Мысалы, темір жол(железная дорога), теміржолшы(железнодорожник), бес жылдық қор(пятилетный запас), бесжылдық жоспар(пятилетный план), ақ сүйек(белая кость), ақсүйек(игра).
Фразалық тіркестердің біразы, әдетте, әрбіреуі сөздің бейнелі, нысаналы баламасы болғандықтан, олардың біртұтас сөз деп танылуы заңды да. Мысалы, тіс қаққан – қу, тісін қайрау– — өшігу, көз жұму – елемеу, көз қырын салу – қарасу. Бірақ бұлардың бөлек жазылуы – олардың біріккен сөз еместігін, тұрақты тіркестер екенін (бірақ сөз тіркестері емес) аңғартса, сонымен қатар осылардың ауыспалы мағыналарын дұрыс ұғынуға себепкер болады. Соның өзінде тұрақты тіркестердің мағына тұтастығы кейде жаңа пайда болған терминдік ұғымдардың баламасы атауышы болатындықтан, баспасөзде олардың біріктіріліп жазылуы дағдыға айналды. Мысалы, қанішер, жасөспірім, бозбаласы, арамтамақ, тісқаққан. Мұхтар Әуезовтің “Абай жолы” романында атжақты, атқамінер, атқосшы, атсалыс, атүсті, атшабар, атшабыс, атшана, атшаптырым, атышулы сияқты сөздер кездеседі. Оларды автордың саналы түрде біріктіріп жазуы сөздерге жаңа өң, жаңа мән беруді көздегендігін байқатады. Мұндайларды тек емле тұрғысынан танымай, бір лексикалық қатардағы сөздердің тіркестірілетін екінші қатардағы сөздермен бірге біртұтас бүтін сөзге айналуы деп тану керек.
Толық мағыналы сөздердің шылау сөздерге айналуы, күрделі етістіктердің бірігіп, қысқарып, дара етістіктерге айналуы (мысалы: түрегел, әкел, әпер), жалпы есімнің жалқы есімге айналуы және керісінше – сөздердің коммуникативтік қызмет орайында сірідей сіресіп қатып қалмайтынын, ауыс-түйіс байланысының молдығын көрсетеді. Осы түрғыдан шекарашылар дегеннің аналогиясы бойынша теміржолшылар, бесссайысшылар, қолөнершілер деп жазу орынды. Өйткені, тіл жұмсаушылар бұларды бетбұрыс, кішіпейілдік, бүкілхалықтық, көркемөнерпаздар сияқтыларды біртұтас номинант деп ұғынады. Сөздердің айтылуы мен жазылуы арасындағы елеулі қайшылық көп орайда олардың нормаларын бұзуға мәжбүр етеді. Жазу нұсқалары кейде жазушының сөздерді айту дағдысымен де байланысты. Оқушы, студент, не белгілі ауыл-аймақ өкілдері орфография ережелерін жетік білмесе, жеке сөздерді өздерінің айтуынша жазып қояды. Кейде соған қарап қай өңірде қандай диалектілік ерекшеліктер бар екенін де бағдарлауға болады. Мысалы, батыс аймақтарда кездесетін жұмыс жасадым, бойлай жұмысқа кешігуші дегендер немесе оңтүстік аймактарындағы жүдә жақсы, ауқат іштік сияқтыларды әдеби нормаға жатқызу қиын.
Әдеби тіл нормаларын сақтап, ресми түрде қабылданған жұртқа ортақ емле ережелерін сақтап жазу — тіл мәдениетінің басты талабының бірі. Егер ол екеуінің арасында қайшылық болса, оны болдырмау әрекеті үшін қабылданған ережелерге әлсін- әлсін өзгерістер, толықтырулар енгізіп отырған жөн.
Орфографиялық нормалардың ғылыми негіздерінің бірі тілдің дыбыс заңдылығы болса, тағы бірі — сөздердің айтылу зандылығы. Егер сөздердің жазылуы орфоэпиялық нормалардың қалыптасуына себепкер болатын болса, онда ол екеуінің қарым-қатынасының берік болғандығы. Мерзімді баспасөзде “Жазушының көптомдығы”, “бүкілодақтық көркемөнерпаздар үйірмесінің байқауы” деп айту, жазу қазір нормаға айналды.
Осындағы көптомдығы, бүкілодақтық, көркемөнерпаздар сөздерінің құрамындағы жеке сөздердің бірігуіне орыс тілі арқылы енген жаңа ұғымдар түрткі болса, екінші жағынан дәл солардай болмағанмен, тілімізге бұрыннан келе жатқан осындай модельдер себеп болды: (жарқанат, жолбарыс, бүгін т. б.). Сол модельдер бойынша жасалған жаңа сөздердің тұр-тұрпаты әдеби тілдің ілгері дамуына үйлесіп, оның іргесі әлдеқайда кеңейгендігіне мыналар дәлел бола алады: өнеркәсіп, көркемөнер, өмірбаян, келіссөз, көркемөнерпаздар, бүкілодақтық, халықаралық, ауданаралық, табиғаттану, Абайтану, жағажай, балмұздақ, көкөніс, қолтаңба т. б. Мұндайлар– орфография ережелеріндегі бірігіп “жазылып дағдыға айналған”, солай жазылып “қалыптасқан” дегендерден тыс пайда болған қолдан жасалған жаңа сөздер. Тіл дамуында жаңа жасанды сөздердің болуы қаншалықты табиғи болса, екі сөзді біріктіріп жаңа сөз жасау соншалықты табиғи, тіл дамуының, адамдардың ой-өрісінің кеңеюінің бір көрінісі.
Сондықтан олар белгілі сөздермен шектелмейді. Нормаланған сөздермен қатар әлі де нормалана қоймаған жаңа сөздердің де болуы заңды.Күрделі сөздердің бәрін бірдей біріккен сөздер деп біріктіріп жаза беруге болмайды.
Соңғыға темір жол, қант қызылшасы, балалар бақшасы, ақ қайың, бас жіп, уық бау, қара көк, ақ құба деген сияқты түйдекті тіркестер енеді. Бұлардың бөлек жазылуы да шартты. Орфография лық ережелерде, сөздіктерде темір жол, қара көк бөлек жазылады деп көрсетілген, оның себебі mac жол, асфальт жолсияқты темір жол да, қара қасқа, ала жіп, қара көк сияқтылар бір беткей, бөлек жазылсын деген шарт бойынша жазылып жүр. Сондықтан олар “ұласқан тіркес” құрамына енгізіліп отыр. Ал номинативтік дәреже тұрғысынан қарағанда, темір жол, темір жолшы бірігіп жазылуға тиісті. Кейбіреулер ұласқан тіркестерді тұтасқан сөз деп танып, біріктіріп жазып қоюға дайын тұрады. Керісінше, кейде біріктіріп жазылуға тиісті сөздерді бөліп жазып қоятындар да кездеседі.
Жазудағы мұндай ала-құлалық басқа түркі тілдерінде біздегіден де жиі ұшырайды. Сол қиыншылықтан қашып, кейбір тюркологтар күрделі сөздерді бөлек жазу арқылы (айырым) таңбалауды принципке айналдырғысы келеді. Әдеби тілдердегі жаңа сөз жасау тасқыны оған бой беретін емес. Бұл процесс мәселені әбден зерттеп алғанша, оларды бөлек жаза тұрайық дегенге де қарайтын емес. Өзбек, азербайжан, түркімен, қазақ тілдерінің бүл жайын- дағы бағыты — әбден сараланған, дүрыс бағыт. Олар сөздерді біріктіріп жазу арқылы жаңа пайда болған ұғымдарға лайық жаңа сөз жасауға кең жол ашып отыр.
Достарыңызбен бөлісу: |