Зерттеу объектісі - алгебралық теңсіздіктер.
Зерттеу пәні- тамаша теңсіздіктерді қолдану міндеттері.
Зерттеудің мақсаты – Теңсіздіктерді шешудің негізгі әдістерін жүйелеу, айнымалыдан тәуелді теңсіздіктерді шешудің арнайы әдістері бойынша теориялық материалдарды жүйелеу және оны есептерді шешудің жалпы әдістерін қалыптастыру.
Зерттеу міндеттері:
1) тамаша теңсіздіктердің пайда болу тарихын зерттеу;
2)тамаша теңсіздіктерді пайдалану теоремаларын және олардың салдарын сипаттау;
3) теңсіздіктерді шешу мен дәлелдеуде тамаша теңсіздіктерді қолдану әдістері мен тәсілдерін қарастыру;
Қойылғaн міндеттерді шешy үшін зерттеyдің түрлі әдістері қолдaнылaды:
зерттеy мәселесі бойыншa жaзылғaн мaтемaтикaдaн, психологиядaн, педaгогикaдaн және мaтемaтикaны оқытy әдістемесінен отaндық және шетел әдебиеттерін оқып, тaлдay;
мaтемaтикaдaн ортa мектеп оқyлықтaрынa, оқy құрaлдaры мен бaғдaрлaмaлaрынa тaлдay жaсay;
мектептердің іс-тәжірибесін оқып, үйренy;
Зерттеyдің ғылыми жaңaлығы:
Мaтемaтикaны оқытy процесінде оқyшылaрдың мaтемaтикaғa қызығyшылығын aрттырyды қaмтaмaсыз ететін теңдеулер мен теңсіздіктерді шешудің түрлі әдіс-тәсілдері қaрaстырылды.
ұсынылып отырғaн мaтериaлдaр бойыншa мектеп мұғaлімдерінің дипломдық жұмыстағы материалдарды қaндaй оқyлықпен сaбaқ өткізілгеніне қaрaмaстaн, еркін қолдaнyынa болaды.
Зерттеyдің прaктикaлық құндылығы: Емтихан жұмыстарында, тест есептерін шешуде теңдеулер мен теңсіздіктер шешу оқушылардың қиындықтар тудырады. Диплом жұмысы осы қиындықтарды азайтуға бағытталған.
Дипломдық жұмыстың құрылымы мен көлемі. Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдaн, пaйдaлaнылғaн әдебиеттер тізімінен тұрaды.
1. МЕКТЕП МАТЕМАТИКА КУРСЫНДАҒЫ ТЕҢСІЗДІКТЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ
1.1 Мектепте «теңсіздік» ұғымын енгізу және оқыту (бағдарлама бойынша)
Негізгі мектеп бағдаламасында (5-9 сыныптар бойынша) теңсіздіктер ұғымын енгізуге оны оқытуға төмендегідей сағаттар қарастырылған:
5-сыныпта
Координаталық сәуле. Натурал сандарды салыстыру. Қос теңсіздік
Жай бөлшектер мен аралас сандарды координаталық сәуледе кескіндеу
Жай бөлшектерді және аралас сандарды салыстыру
Ондық бөлшектерді координаталық сәуледе кескіндеу. Ондық бөлшектерді салыстыру
6-сыныпта
Координаталық түзу
Рационал сандарды салыстыру
Сандық теңсіздіктер және олардың қасиеттері
Сандық аралықтар. Сандық аралықтардың бірігуі мен қиылысуы
Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздік. Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктерді шешу
Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер жүйесі. Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер жүйесін шешу
Айнымалысы модуль таңбасының ішінде берілген бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздік
8-сыныпта
Квадрат теңсіздік
Рационал теңсіздік
Теңсіздіктер жүйелерін шешу
9-сыныпта
Екі айнымалысы бар теңсіздіктер
Екі айнымалысы бар сызықтық емес теңсіздіктер жүйелері
Мектепте математиканы оқытудың негізгі міндеттері–қазіргі қоғам мүшесіне күнделікті өмірде және еңбек ету барысында, сыбайлас пәндерді оқуда және оқуды одан әрі жалғастыруда қажетті болатын жүйелі математикалық білімдер мен біліктіліктердің саналы және сапалы түрде игерілуін қамтамасыз ету. Осы негізгі міндеттерімен, қатар математиканы тереңдетіп оқыту, оқушының пәнге деген қызығушылығының тұрақты болуын, математикалық қабілетті анықтауды және оны дамытуды, математикамен байланысты кәсіби бағдар беруді, жоғары оқу орынында оқуға дайындықты қамтамасыз етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |