Мазмұны 1-тарау. Спирт технологиясы


Қанттандыру тәсілдері мен режимдері



бет31/69
Дата05.02.2022
өлшемі1,41 Mb.
#130783
түріҚұрамы
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   69
Байланысты:
Технология спирта111 (копия)

Қанттандыру тәсілдері мен режимдері

Спирт өнеркәсібінде қанттандырудың периодты және үздіксіз тәсілдері қолданылады. Алғашқылары ескірген және тиімсіз болған соң енді аз тараған.
Үздіксіз тәсілдер тиімдірек, өнімділігі жоғары, автоматтандырылған болуы мүмкін.
Тәсілінен тәуелсіз қанттандыру үдерісін сатыларға бөлуге болады:

  1. Қайнатылған массаны қанттандыру температурасына дейін суыту.

  2. Қанттандыру материалымен араластыру.

  3. Қайнатылған массаны қанттандыру.

  4. Ашу температурасына дейін суыту.

Өнімді суыту әртүрлі конструкциядағы жылу алмастырғыштар көмегімен жүргізілуі мүмкін. Дегенмен қайнатылған массаның температурасы 102-105 0С-тан 56-58 0С-қа дейін түсірілуі тиіс, бұл үшін едәуір уақыт, суытатын судың үлкен шығыны қажет етіледі. Вакуум-суытуды қолданған әлдеқайда тиімді.
Вакуум-суытудың принципі қайнатылған масса сиретілу ұсталып тұратын буландырғышқа түскенде, судың өздігінен булану есебінен лезде сууынан тұрады. Суытудың бұл тәсілін пайдалану суытуға елеулі мөлшерде су және электроэнергияны 30...35% үнемдеуге мүмкіндік береді, сусло концентрациясы шамамен 1%-ға өседі, ашыту күбісінің көлем бірлігінен спирттің алынуы артады, булану есебінен метанол, фурфурол және басқа да ұшқыш заттардың мөлшері азаяды, суслоның микроағзалармен тұқымдануы төмендейді.
Қанттандыру бір немесе екі сатыда өткізілуі мүмкін. Бірсатылы тәсіл бойынша 62...63 0С температураға дейін суытылған қайнатылған масса бұлғауыш және конусты немесе сфералық түбі мен жалпақ қақпағы бар цилиндрлі сыйымдылық болып табылатын қанттандырғышқа келеді. Сурет 6.1-де вакуум-суытумен бірсатылы қанттандыру сызбанұсқасы келтірілген.

Сур.6.1 – Вакуум-суытумен бірсатылы қанттандырудың аппаратуралық-технологиялық сызбанұсқасы
Қайнатылған масса бу сепараторынан 1 құбыр 2 арқылы 0,08 МПа сиретілу ұсталып тұратын вакуум-буландырғыш камераға 4 үздіксіз келіп тұрады. Судың өздігінен булануы есебінен температура лезде тез дерлік 62 0С-қа дейін төмендейді. Вакуум барометрлік конденсаторда 4 булардың конденсациясы нәтижесінде пайда болады. Су мен газдардың қоспасы вакуум-сорғышпен 5 сорып алынады. Қайнатылған массаны сұйылту үшін құбыр 8 арқылы суслоның 8-15%-ы буландырғыш камераға сорылады. Суытылған масса құбырмен 6 қанттандырғышқа 7 ағып шығып, шығын өлшеуіштерінен 9 келген қанттандыру материалымен араласады, мұның салдарынан температура 57...58 0С-қа дейін төмендейді. Қанттандырғыштағы масса деңгейі өнім құбырында жапқышы бар иінтірекпен байланысқан қалтқылы реттеуіш көмегімен автоматты түрде сақталып тұрады. Қанттандыру материалы суслоны сорғышпен 11 жылу алмастырғышқа 12 айдап шығару жылдамдығына байланысты мөлшерленеді. Қоспаларды бөгеу үшін қанттандырылған сусло құм ұстағышқа 13 өтеді.
Қанттандыру ұзақтығы 10 минуттан кем емес уақытты құрайды.
Екісатылы қанттандыруда қайнатылған масса дәйекті түрде жоғарыда айтылған конструкцияның 1-саты қанттандырғышынан және қалаш сияқты оралған ұзындығы 100-150 м құбыр болып табылатын 2-саты қанттандырғышынан өтеді. Қанттандыру материалының мөлшері 2 бөлікке бөлінеді: 30%-ы 1-саты қанттандырғышына, 70%-ы массаны қанттандырудың 2-сатысына ауыстырып құятын сорғыш алдындағы құбырға келеді. 1-саты қанттандырғышындағы температура – 60...61 0С, 2-саты қанттандырғышында – 57...58 0С, 1-ші және 2-сатыда қанттандыру ұзақтығы сәйкесінше – 10 және 2...5 минут.
Ашу температурасына дейін суслоны суытуды не құбырлы жылу алмастырғышта не вакуум-суыту көмегімен де өткізуге болады.
Екінші тәсіл суытатын суды үнемдеуге, суыту үдерісін лезде дерлік жүргізуге мүмкіндік береді. Вакуум-суытудың 2-сатысында сусло барометрлік конденсатор мен буэжекторлы сорғыш көмегімен 0,098 МПа сиретілу ұсталып тұратын 2-буландыру камерасына келіп түседі.



    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   69




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет