Мазмұны 1-тарау. Спирт технологиясы


Қанттандыру материалдарын дайындау



бет30/69
Дата05.02.2022
өлшемі1,41 Mb.
#130783
түріҚұрамы
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   69
Байланысты:
Технология спирта111 (копия)

Қанттандыру материалдарын дайындау

Уытты өндіріске, әдетте, залалсыздандыру үшін көлік тасымалды суына хлорлы әк немесе техникалық хлорамин Б қоса отырып, гидрокөлік көмегімен бағыттайды. Тасымалдаудың басқа тәсілінде (таспалы тасымалдағыш не нориямен) залалсыздандыруды жеке жинағышта 25-30 минут өткізеді, содан соң залалсыздандыру ерітіндісін төгеді. Уыт барабанды електен өтеді, онда судан бөлініп, балғалы, дискілі немесе вальцелі ұнтақтағышқа, ал одан кейін уыт сүтін дайындау үшін жинағышқа бағытталады. Ұсақталған уытты сумен 1:2...2,5 араластырады, қосымша 0,025% концентрацияға дейін формалин ерітіндісін енгізеді, 25-30 минут ұстап, сумен сұйылтады және қанттандырғыш үстіндегі шығын жинағышына ауыстырып құяды. Уыт сүтін дайындау үшін судың жалпы шығыны – 1 кг уытқа 4...5 дм3. Қанттандыру үшін арпа тобынан 70% және тары тобынан 30% уыт қоспасын немесе 30%-дан кем емес тары және сұлы уыттарының қоспасын пайдаланады. Қайнатылған масса культурасымен бірдей уытты пайдалануға тыйым салынады.
Уыт шығыны АҚ және ДҚ бойынша есептеледі. АҚ бойынша уыт нормасы 1 тонна крахмалға 700 бірл., ДҚ бойынша 1 тонна крахмалға 6000 бірл. құрайды. Егер мөлшері әртүрлі болса, үлкен мәнін алады.
Микроағзалардың терең культурасын пайдаланғанда, оны 2 дм3/дм3 культуралық сұйықтыққа есебінен 40%-дық формалин ерітіндісімен залалсыздандырады және шығын жинағыштарына береді.
Құрғақ беттік культураны сумен 1:1 сулап, уыт ұнтақтағыштарында ұсақтайды және сумен 3...4 дм3/кг бастапқы культураға жинағыштарда араластырады. Залалсыздандыру үшін 40%-дық формалинді 2...2,5 дм33 суспензияға енгізеді және шығын жинағыштарына ауыстырып құяды. Уыт пен беттік культура қоспасын пайдалануға болады. Оларды уыт сүтін сияқты дайындайды.
Беттік культураның шығыны орта есеппен крахмал массасы бойынша 5% құрайды.
Терең культураның шығынын белсенділік бойынша анықтайды. 72 сағаттық ашуда α-амилаза шығыны – 1,5...2 бірл. АҚ/г крахмалға, глюкоамилаза – 6,0-6,2 бірл. ГҚ/г крахмалға және 48 сағаттық ашуда ГҚ/г крахмалға 15 бірл. дейін. α-амилаза препаратын заместі сұйылтуға 0,5 бірл. АҚ/г крахмалға және қанттандыруға глюкоамилазамен бірге 1 бірл. АҚ/г крахмалға енгізуге ұсынылады.
Терең культураларды сақтау үшін қанттандыру алдында ферменттер белсенденуін болдырмас үшін оларды араластыруға болмайды.



    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   69




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет