Мазмұны 1-тарау. Спирт технологиясы


СПИРТ ӨНДІРІСІНІҢ ШИКІЗАТЫ



бет4/69
Дата05.02.2022
өлшемі1,41 Mb.
#130783
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   69
Байланысты:
Технология спирта111 (копия)

СПИРТ ӨНДІРІСІНІҢ ШИКІЗАТЫ

Спирт өндірісінде пайдаланылатын шикізат экономикалық және технологиялық талаптар қатарына жауап беруі керек.
Ол жыл сайын қажет мөлшерде шығарылып, құрамында мақсатты зат – крахмал немесе қанттар көп болуы керек, жақсы сақталуы тиіс.
Осы талаптар есебімен спирт алу үшін негізгі шикізат ретінде картоп, астық тұқымдастар дәні, мелассаны пайдаланады. Шикізат түрлерінің арақатынасы өндіруші-кәсіпорынның географиялық орналасуы, өндірістің технологиялық сұлбасына байланысты.

    1. Картоп. Сұрыптары, химиялық құрамы, сипаттамасы, картопқа спирт өндірісінің шикізаты ретінде қойылатын талаптар

Картоп Ресейдің барлық дерлік аудандарында кеңінен культивацияланады. Картоптың 2 мыңнан астам сұрыптары белгілі, бірақ біздің елімізде 80-нен көп емес сұрыптарын культивациялайды. Картоптың пісу мерзімі 2,5-3 ай ерте пісетін, 3,5-4 айда пісіп жетілетін орташа пісетін, 4 айдан аса жетілетін кеш пісетін сұрыптарын ажыратады.
Сұрып, өсіру жағдайлары және басқа факторларға байланысты түйнектердің орташа өнімділігі 20-30 т/га құрайды.
Ерте пісетін сұрыптарға Ранняя роза, Эпикур, Пензенская скороспелка, Фаленский, Удача және басқалары жатады. Олардың өнімділігі едәуір жоғары, бірақ крахмалдылығы төмен және сақтауда тұрақсыз болып келеді. Орташа пісетін сұрыптар: Лорх, Октябренок, Берлихинген, Невский, Луговской, Родник және басқа – өнімділігі көп және сақталу мерзімі ұзағырақ. Кеш пісетін сұрыптар: Вольтман, Остботе, Лошицкий – өнімділігі жоғары болмағанымен, крахмалдың мөлшері көп және сақтауда тұрақты болады. Соңғы жылдары өнімділігі және крахмалдылығы жоғары картоп сұрыптары селекциямен шығарылған: Темп, Кандидат және басқа.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   69




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет