Минералды заттардың мөлшері 0,5-тен 2%-ға дейін ауытқып отырады. Күлдің құрамында ең көп мөлшерде калий мен фосфор болады.
Басқа заттардан картопта 0,04-тен 0,96%-ға дейін мөлшерде болатын май, дәрумендерді (барлығынан С дәрумені басым – 100 г-ға 10 мг дейін) атап өтуге болады. Органикалық қышқылдардан лимон, алма, қымыздық және басқа қышқылдар кездеседі. Жасуша шырынының белсенді қышқылдылығы (рН) – 5,7-6,6; титрленетін – 100 г картопқа концентрациясы 0,1 Моль/дм3 натрий гидроксиді ерітіндісінің 2-7 см3.
Спирт өндірісінде картоп шикізаттың негізгі түрлерінің бірі болып табылады.
Спирт өнеркәсібінде қайта өңделетін картоп МЕМСТ 6014 көрсеткіштеріне сәйкес бағаланады. Картопқа қойылатын талаптар 3.1 кестесінде келтірілген (тарау 3).