78. Педагогикалық кеңестің жаңа формасының бірі – іскерлік ойынды өткізу әдістемесі
Іскерлік ойынды өткізудің формасының арнайы жоспары ретінде қарастырсақ:
Ең алдымен кіріспе бөлім, мазмұны, негізгі бөлім содан кейін ойын туралы жалпы мәліметтер беріледі, ойынның моделі мен ақпарттық базаның сипаттамасы болу керек. Ойынды өткізудің арнайы қарастырылған тәртібі мен ережесі. Ойынға қатысушыны бағалау критерийлері мен қоса қатысушыға арналған нұсқалық беріледі. Және ойынның жетекшісіне де арналған нұсқаулық берілуі тиіс. Соңынан әдебиеттер тізімі мен қосымша мен аяқталады. Осының ішінде негізгі бөлімде педагогикалық кеңестің өтілуі барысының барлығы егжей-тегжейлі түсіндіріледі.
Осылайша педкеңестің түрі оның мақсаты мен міндеті, арнайы шарттары мен принциптері қарастырылады. Қаралу керек деген көкейтесті мәселелерді зерделеу болмақ. Және педкеңесті ұйымдастыру комиететін құру керек, әр комитет мүшесіне атқаратын қызметі мен міндеттерін бөліну керек. Түрлі іс-шаралармен ұжымдық жұмыстарды ұйымдастыру. Және оның нәтижесін көрсететіндей етіп көрме ұйымдастыру. Осылайша бала мен ата-аналардан сауалнама алу, ол жоспарға сәйкес жүзеге асады. Педкеңестің өткізу сценарийін дайындау. Баяндама дайындау. Педкеңестегі сөз сөйлеу барысына дайындық жасау. Педкеңестің нәтижелерін жинақтап қорыту керек. Шешім қабылдау.
79 Семинар және семинар практикумды өткізу.
Семинар – тәрбиеші педагогтардың білім дәрежесін және ғылыми теориялық деңгейін көтеру үшін ұйымдастырылады.
Семинар-практикум – тәрбиеші-педагогтардың семинардан алған білімдерін тәжірибе жүзінде көрсетіп, мамандығына қажетті біліктілік пен дағдыны қалыптастыру, алдыңғы қатарлы тәжірибені үйрету және тарату жолы. Семинар-практикумның ерекшеліктері. Әдіскердің және педагогикалық ұжымның даярлығы. Қолданылатын әдіс-тәсілдер.
Аға тәрбиешінің негізгі функцияларының бірі - тәрбиешілерге педагогикалық процесті ұйымдастыруға, балалармен жұмыстың жаңа формалары мен әдістерімен таныстыруға көмек көрсету. Бұнда іс-әрекеттің кең өрісі ашылады, осы жұмысты дараландыру бойынша зор мүмкіндіктер беріледі, педагогтар ұжымын жұмылдыруға жол ашылады.
Әдістемелік жұмыс – бұл тәрбиешілерге үздіксіз білім беру жүйесінің бір бөлігі. Балабақшада әдістемелік жұмыстың топтық формалары қолданылады: семинарлар, семинар-практикумдар, педагогикалық процестің ұжымдық көрсетілімі, консультациялар және т.б.
Семинарлар - бұл тәжірибелі педагогтар мен мамандардың басшылығымен, белгілі жоспар бойынша жүргізілетін топтық сабақтар. Семинардың мақсаты – балалармен тәрбие-білім беру жұмыстарының нақты мәселелері бойынша тәрбиешілердің теориялық деңгейлерін арттыру болып табылады. Семинардың тақырыптары жылдық жоспардың міндеттерімен, мектепке дейінгі мекеменің даму бағдарламасының мақсаттарымен байланысты болады. Мысалы, балаларды оқыту және тәрбиелеудің басқа бағдарламасына өту туралы мәселені шешкенде, алдымен аталған бағдарламаны ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету, оның мәні мен әдіснамасымен тереңірек танысуға мүмкіндік беретін семинарды өткізу пайдалы болады. Бұл жағдайда семинар шығармашылық топ тәртібінде жұмыс істей алады.
Балабақшаның тәжірибесінде семинар-практикумдар да қолданылады, олар тәрбиешінің практикалық дайындық деңгейін арттыруға, балалармен жұмыста қажет практикалық дағдыларды жетілдіруге бағытталады. Семинар-практикумдардың тақырыптары тәрбиешілердің сұранысы бойынша құрылады және жылдық жоспардың міндеттерімен байланысты болады. Осы әдістемелік жұмыс формасының жетекшісі ретінде қажетті дағдыларды жақсы меңгерген адамдар болуы мүмкін. Мысалы, дене тәрбиесі бойынша нұсқаушы семнар-практикумды қозғалыстарды дамыту, қозғалыс ойындарын ұйымдастыру, физкульт минуткаларды жүргізу үшін басқара алады, бейнелеу өнерінің маманы – илеу бойынша сабақтарды, аппликацияның әртүрлі техникасын үйретуде, сурет салуда, табиғи материалдардан құрастыруда басқара алады, ал музыкалық жетекші - ән айту, би қимылдарын орындау дағдыларын жетілдіруде көмек бере алады. Балабақшаның қызметкерлері арасында немесе ата-аналар арасында, көркем сөзді меңгерген, қолөнерді меңгерген (тоқу, бисермен тоқу, макраме, ойыншықтарды дайындау), аквариумды безендіру және күтуді білетін мамандар табылады.
80)Семинарды өткізуде қолданылатын әдістер- тәсілдер, түрлері, ерекшеліктері
Семинар – студенттер оқытушының жетекшілігімен оқу немесе ғылыми зерттеулердің нәтижелері бойынша өздері жасаған хабарламаларды, баяндамалар мен рефераттарды талқылайтын оқу-тәжірибелік сабақтардың түрі. Оқытуды ұйымдастыру формаларының ішінде оқу-танымдық іс-әрекетті ұйымдастырудың бірнеше түрлі формаларын біріктіре отырып, әртүрлі дидактикалық міндеттерді шешуге ықпал ете алатын семинар ерекше орын алады.
Семинар түрлері: теорикалық, проблемалық, семинар-практикум, семинар-брифинг. Семинар-практикум – теориялық дайындық пен практикалық іс-әрекетті біріктіреді. Бұл ең алдымен мұғалім тарапынан мұқият дайындықты қажет етеді. Теориялық семинар – мұғалімдерді педагогика ғылымының заманауи жетістіктерімен және алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибемен таныстыру үшін қажетті сабақ түрі. Ол баяндамашылардан білім беру процесінің өзекті мәселелерін, қазіргі білім беру технологияларының мазмұнын, оқыту әдістерін, әдістері мен тәсілдерін хабарламаларда, лекцияларда, баяндамаларда қолжетімді қамтуды талап етеді. Семинар – Брифинг теориялық семинардың бір түрі. Бұл ти процесінде де, сабақтың өзінде де мұғалімдердің белсенділігін барынша арттыруға мүмкіндік береді. Мұғалімдер қандай сұраққа жауап беретінін алдын ала білмейді.
81)
82) Әдістемелік кабинеттің жұмысы.
Басшылық қабілеті бар, әдістемелік жұмысқа жетекшілік пен шығармашылыққа толы ететін жеке тұлға ғана нәтижелі.
Жалпы әдістемелік кабинеттің мақсатына тоқтала өтсек:
Оқытушыларды қолдау мақсатында түрлі ақпараттық-әдістемелік базаларды құру және олардың кәсіби біліктілігін сонымен қатар оқушылардың өздігінен білім алуын жетілдіру.
Әдістемелік жұмысының негізгі бағыттары:
1. Білім беру үрдерісіндегі кешенді оқу-әдістемелік қамтамасыз етуді құру және де оны жаңартып отыру.
2. Педагогикалық және ғылыми-әдістемелік әдеби жаңалықтарымен педагог қызметкерлерді таныстыру.
3. Заманауи тәсілдерді сонымен қатар озық педагогикалық технологияларды жас мамандарға білім беру үдерісіне енгізуге көмек беру.
4. Оқушылардың яғни білім алушылардың және педагог мамандарының зерттеу қызметін ұйымдастыру.
5. Оқушылардц сабақ уақытынан тыс оқыту нысандарына жітілдіруге көмек беру.
83) «Миға шабуыл» ойынының ұйымдастыру әдістемесі
Бұл әдіс ккз келген ортада өте көп қалданылатын кеңінен тараған әдіс болып табылады. Миға шабуыл әдісі арқылы белгілі бір мәселені белсенділікпен шешіп, бірігіп іс-әрекет етуге арналған. Пікірталас барысында қойылған сұрақтарды тез шешу, идеяларды жинақтап, жұмыс жасауды жылдамдату үрдісі болып табылады. Бұл әдіс 1941 жылы А.Ф.Осборн тарапынан ұсынылған болатын. Бұл әдіс арқылы оқушылардың ойлау қабілеті, шығармашылық қасиеті белгілі бір пәнге байланысты мәселелердің шешу жылдамдығы, ұжымдық қасиеті, қызығушылығы артады. Әдістің негізгі кезеңдеріне келер болсақ:
1. Дайындық кезеңі
2. Шабуыл кезеңі
3. Саралау, жинақтау кезеңі.
Дайындық кезеңінде балалар топтарға бөлініп, тапсырмамен танысады.
Шабуыл кезеңі бір- бірімен ақылдасады немесе бір оқушы болс аойланады, ізденеді.
Саралау жинақтау кезеңі ойға келген идея немесе жауапты қортындылап, саралап
айтады.
84) Мектепке дейінгі оқу-тәрбие, ойын, еңбек әрекетіне басшылық.
Мектепке дейінгі ұйымдарда ең басты басшылыққа алынуы керек ол – балаларға оқуды, тәрбиені, еңбекке баулуды ойын арқылы үйрету. Себебі, мектеп жасына дейінгі балаларда негізгі іс-әрекет -ойын. Бала ойын арқылы тәрбиеленеді, білім алады, дамиды. Ересектердегі сияқты мектеп жасына дейінгі балаларға тек қана оқуды міндеттей берсек, қазір ол балаланың ойын ойнап күліп-ойнап жүретін кездері болғандықтан, олардың оқуға құлшыныстары болмайды. Ойын барысында сұрақтар қойып, баланы дұрыс жағынан тәрбиелеуге болады. Мектеп жасына дейінгі балаларды пайдалы еңбекке деген қызығушылығын ояту, белгілі еңбек тәртібіне тәрбиелеу, жұмысты өз бетінше орындауға, бағалауға үйрету басты міндеттердің бірі. Мектепке дейінгі жаста еңбекті дұрыс ұйымдастыру- баланы жүйелі түрде еңбекке баулу, еңбек дағдыларына үйретудің алғашқы қадамы.Баланы өздігінше еңбек етуге үйрету балада өз мүмкіндіктерін бағалай алу қабілетін, өзінің жасаған заттарына деген қызығушылық, мақтаныш сезімін оятады. Бала өзі еңбек ете білсе, өзіне деген сенімділіктері артып, болашақта да ешкімге тәуелді болмауға тәрбиелейді. Мектепке дейінгі ұйымдарда бала тәрбиешілерге көмектесіп, отбасында да үлкендерге қол ұшын созып жүрер болса баланың бойында жалқайлық, қырсықтық, қарсы шығу деген қасиеттерінен айырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |