Қорыта келгенде, мекен – жай, үй > қос, кепе, күрен, күрке, чум, жолым үй, шалаш, шатыр үй, ұранқой, шошала, абылайша>киіз үй; орда, дуан, сарай, кент, балық, стан, тақия. Бұлар өз ішінде барлығы да мағыналас сияқты болғанымен, бір-бірінен тілдің ұзақ жылғы даму барысында алшақтағаны байқалады. Айталық, қос, кепе, күрен, күрке, чум, жолым үй, шалаш, шатыр үй, ұранқой, шошала, абылайша > киіз үй; Алғашқы қауымдық құрылыста өмір сүрген көшпенділер баспанасын ағаштан, киізден, қолдарына түскен материалдардан жасағаны көрінеді. Кейіннен әлеуметтік бөлініс кезінде тұрмыстары түзеліп, біреу сарай, біреу орда т.б. салған. Отырықшылықта өмір сүре бастаған көшпенділер: орда, дуан, сарай, кент, шәһар, балық, стан, тақия салған. Бірақ, кейінгі орда, стан, кент, балық т.б. өзінің алғашқы мағынасын жоғалтқан да кейінгі хан ордасы, ақ орда, қыздың отауы сияқты ұсақталған мағынаға ие болып қалған. Ал, олар негізінде шын мәніндегі қала, дуал, ор>орда, стан (тұрақ), балық салған. Ә. Марғұланның археологиялық жұмыстарынан алғашқы тұрақтар мен қорғандарды көруге болады. Ор <> жар > жам > ям > ямчик (жәмшік) > жар // жәр > жәрмеңке (ярмарка) жаңа мағыналы сөздердің тууына түрткі болған. Бұл сөздер таза түркінің өз түбір тұлғасының негізінде калькалық әдіспен жасалған орыс сөздері еді. Қызылжар мен Үржар немесе Жамбыл (қорған) атаулары сонау көне заманның сақталып қалған белгілері еді. Сөз соңында «айтпаса сөздің анасы өледі» дейді. Бір деректерде Үржар жер атауын Ұрыжар дегенді оқыдық. Біріншіден ұры көп болыпты, содан жердің атауы Ұрыжар болыпты деген уәж логикаға сыймайды. Үржар > Үрімші > үріп ауызға салғандай т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |