13
үйлестірушісі сыртқы тексеру нәтижелері бойынша оқушыға қолдаудың
үшінші деңгейін көрсету керектігі туралы шешім қабылдайды.
Егер оқушы қолдаудың үшінші деңгейіне көшірілсе, онда оның қандай
жағдайда: арнайы (шағын топта) сыныпта немесе жалпы сыныпта (сыныпта
екінші педагог, қажет болған жағдайда көмекші болғанда) оқитыны туралы
анықталады. Қолдаудың үшінші деңгейінде жеке оқу жоспары және әрбір пән
бойынша жеке оқу бағдарламасы құрылады. Жеке жоспар мен бағдарлама
мультипәндік алқалы топпен жасалады. Олар жарты жылдыққа немесе бір
жылға жасалады, қажет болған жағдайда қайтадан қарастырылады [7].
Осылайша, Финляндияда міндетті базалық білім деңгейінде оқуында әр
түрлі қиындықтары бар оқушыларды мектепте қолдау үшін
арнайы
шаралардың жоғары нәтижелі жүйесі құрылған.
Данияда 1950 жылдардан бастап педагогикалық мамандықтағы барлық
студенттерге ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды оқыту мәселесімен
міндетті түрде қысқаша таныстыру жүргізілетін болған. Мұғалімдер
сыныбында «стандартты емес» бала оқыған жағдайда қалай көмектесу
керектігін, оның ата-анасымен қалай сөйлесетіндігін, қандай маманға баруды
ұсынатындығы туралы алдын ала біледі.
Барлық даниялық ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалардың үйде
кеңес беру мен мектепте қосымша қолдаудан тұратын арнайы қосымша көмек
қамтамасыз етілген жалпы білім беретін мектептің қарапайым сыныбында
оқуға мүмкіндігі бар. Сонымен қатар, эмоционалды бұзылыстары,
зерде
бұзылыстары, тірек-қимыл аппаратының, көру, есту қабілетінің, сөйлеу тілінде
бұзылыстары, сондай-ақ оқуында қиындықтары бар оқушылар жалпы білім
беретін мектеп қабырғасында қызмет ететін арнайы сыныптарда оқи алады.
Арнайы мектеп-интернаттары тек эмоционалды бұзылысы айқын, ауыр ақыл-ой
кемістігі бар балалар күндізгі арнайы мектепте оқи алуы үшін сақталған.
«Арнайы білім саласындағы Дания саясатының стратегиялық бағыты
кіріктіру деп белгіленген. <…> мұғалімнің базалық дайындығы арнайы білім
саласында мамандандыру мүмкіндігін береді. Сондай-ақ жоғары білімді және
бірнеше жылдық тәжірибесі бар жалпы білім беретін мектеп мұғалімі қосымша
бір жарым жылдық дайындық пен арнайы білім мұғалімі біліктілігін алуына
болады. Даниялықтар «арнайы білім беруді дамыту саласындағы зерттеулердің
негізгі мақсаты шеттетудің қалай алдын алу және «барлығына арналған
мектеп» идеясын іс жүзінде қалай дамыту керек деген сұрақтарға жауап іздеу»
екендігін ерекше атап көрсетеді.
Онжылдықтан соң (1996) Дания «ерекше қажеттілігі бар адамдардың
қоғамдық өмірдің барлық саласына қатысу үшін білім берудегі саясаттың
өзгерістері жағдайларды қалыптандырумен үйлесім тапты. <…> 1980
жылдан
бастап Дания әлеуметтік саясатта бірізділік танытты. Олар үш принципке
негізделген: 1) ерекше қажеттілігі бар адамдарға қоғамның басқа мүшелерімен
тең мүмкіндіктерді жасау ретіндегі - қалыптандыру; 2) жекелену, белгіленген
демократтауды қамтамасыз етуде әр түрлі деңгейдегі билік арасындағы
14
әкімшілік жауапкершілікті бөлу; 3). Кіріктіру, қалыптандыру мен жекеленудің
кіріктіру мүмкіндігін қамтамасыз етуі » туралы ЮНЕСКО-ға ақпарат берді.
Данияда арнайы білім берудің терең институционалдық реформасының
айғағы ретінде «ерекше қажеттілігі бар оқушылар мектеп жасындағы барлық
балаларға міндетті жалпы мемлекеттік оқу жоспарымен білім алатындығын»
мойындайды. <…> сонымен қатар, мектеп арнайы нұсқаулық,
ынталандыру,
қосымша тренинг, кеңес беру және белгілі бір баланың нәтижелі оқуы үшін
барлық қажетті құралдармен жабдықтауды қамтитын арнайы қолдауды
қамтамасыз етуге міндетті.
Барлық скандинав елдерінде мектепте білім беру, оның ішінде арнайы
білім беру де мемлекетпен қаржыландырылады. Барлық ерекше білім беруге
қажеттілігі бар балалардың үйде кеңес беру мен мектепте қосымша қолдауды
қамтитын арнайы қосымша көмекпен қамтамасыз етілген жалпы білім беретін
мектептің қарапайым сыныбында оқуға мүмкіндігі бар.
Жапонияда 1990-жылдары мүгедек балалардың ата-аналары өзін өзі
ұйымдастыруы, ересек мүгедектер мен олардың құқықтарын қорғаушылардың
қоғамдық белсенділігі мәселелеріне арналған инклюзивті білім беру идеяларын
дәріптеуге ықпал еткен бірқатар басылымдар шықты. Жапониялық білім беру
жүйесіндегі мүгедектерге қарым-қатынас.
1. Ерекше қажеттілілігі бар бала қарапайым мектепте немесе арнайы
ұйымда оқитынын тек ата-анасы (бала үшін жауап беретіндер) таңдай алады.
2. Егер ата-ананың қалауы жалпы сыныпта бәрімен бірдей оқыту болса,
жалпы білім беретін мектептер ерекше қажеттілігі бар бала үшін қажеттінің
барлығын жасауға міндетті. Бұл мүлтіксіз орындалатын ереже, яғни,
төсекке
таңылған және жасанды тыныс алуда жатқан бала болса да, мектеп жасына
сәйкес сыныпта оқу мүмкіндігін беру керек.
3. Сол үшін қажеттілігіне байланысты мектеп лифттер, мүгедектер
арбасына арналған орындар және т.б., яғни, барлық инфрақұрылымды
қамтамасыз етеді.
4. Егер бала кейбір сабақтарға сыныбымен бара алмаса, оған бұл
сабақтар жеке өткізіледі. Мысалы, дене бітімі бойынша ерекше қажеттіліктері
бар бала дене шынықтыру сабағына қатыспай, оның орнына мүмкіндігіне сай
мұғаліммен арнайы тағайындалған жаттығулар жасап дайындалса болады.
5. Егер бала бағдарламаны барлығымен бірге меңгере алмаса, оған
арнайы бағдарламамен сабақтарға баруды ұсына алады. Мысалы, ол сыныппен
бірге музыка, дене шынықтыру, қоғамдық ғылым пәндеріне бара алады.
6. Мектепте мүгедек балаға көмектесу, оны қолдау – жақсы, ал
оны
ренжіту – ұят және көргенсіздік деп үйретеді. Балалар ұжымына осындай
«қоғамдық пікір» әсер етеді.
Осылайша, балалар ерте жастан бастап қажеттілігі бар балалар қоғамның
қалыпты бөлігі екендігіне, олармен сөйлесуге үйренеді.
Мектептегі инклюзивті білім берудің ерекшелігі ресурстар бөлмесін
ұйымдастыру болып табылады. Әдетте, бұл бағдарлама бастауыш және орта
мектепте әрекет етеді. Бұл жалпы мектепте оқитын мүгедек балалар
15
мамандардан кеңес алуына болатын кеңістік. Бұндай бағдарлама аутизм, есту,
көру және сөйлеудің әр түрлі бұзылыстары, эмоционалды бұзылыстары бар
балаларға жұмыс жасайды.
Кіші топтарда оқыту мен ресурстар бөлмесінен басқа кейбір балалар үшін
жеке көмекті жүзеге асыратын тьюторлар (тәлімгер) қарастырылған. Балаларға
анамнезін, психологиялық және әлеуметтік тестілеу нәтижелерін есепке ала
отырып жеке оқу жоспарлары әзірленеді.
Жоғарыда айтылғаннан Жапонияда ерекше қажеттіліктері бар адамдарға
мейірімді және түсіністікпен қарайтынын қорытындылауға болады.
Материалды техникалық базаны нығайтуды қаржыландыруға байланысты
ешқандай қиындықтар болмайды. Ерекше қажеттіліктері бар балаларды оқыту
мен тәрбиелеу үшін студенттерді даярлау белсенді жүргізілуде
[
8
]
.
Хорватияда
бала бастауыш сынып
Достарыңызбен бөлісу: