Оқу іс-әрекетінің мақсаты: кесек ермек саздан созу тәсілі ар- қылы мүсіндеу дағдыларын жетілдіру; әртүрлі әдіс-тәсілдермен балықтың сыртын безендіру; мүсіндеу дағдыларын жетілдіру; бейненің сипатын аша білуге бағыт беру; ұқыпты жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.
Керекті құралдар мен материалдар:
Аквариумдағы балықтар, әртүрлі балықтардың суреттері, ермек саз, тақтайша, таяқша, қол орамал.
балалар үшін: жұмыс дәптері, ермек саз, тақтайша, таяқша, қол орамал, т.б.
Оқу іс-әрекетін ұйымдастыру.
1.Ұйымдастыру:
Кіріспе: Балаларға балық туралы жұмбақ жасырып, балалардың балық туралы не білетіндерін анықтау.
Жұмбақ:Қанаты бар,ұшпайды,
Жұрт айламен ұстайды.( балық)
Содан соң балаларды аквариумдағы балықтардың қасына шақырып, оның дене құрылысындағы ерекшеліктерге назарларын аударады. Балалар балықтың қандай түрін мүсіндегісі келетінін өздері анықтайды. Жұмыстың орындалу ретін көрсетіп, созу тәсілімен балықтың жүзбе қанаттары мен құйрығын қалай шығарып алуға болатынын көрсету. Әртүрлі тәсілдермен безендіру жолдарын үйретеді.
2. Түсіндіру Көк түсті ермек саз кесегін жұмсартып аламыз.
Ермек сазды домалақтап алып, аздап жаншып, жалпайтамыз.
Созу тәсілін пайдаланып, құйрығы мен жүзбе қанаттарын жасаймыз.
Ермек саздың бірнеше түсін пайдаланып,жіңішке ширатпалар мен домалақтар жасап аламыз.
Балықтың дене бөлігін ширатпалар және домалақтармен әшекейлейміз.
Көздерін мүсіндеп алып, бас бөлігіне бекітеміз.
Таяқшаның көмегімен аузын белгілейміз.
3.Өзіндік жұмыс Балалар жұмыс дәптеріндегі реттік орындау үлгісіне қарап отырып, әдемі балықтарды мүсіндейді.
Оқу іс-әрекетін қорыту.
Балалардың жасаған жұмыстарынан шағын көрме ұйымдастырылады.
10-сабақ. Сабақтың тақырыбы: Көңілді күшік.
Оқу іс-әрекетінің түрі: мүсіндеу.
Достарыңызбен бөлісу: |