Ұн тағамдық атауларының анықтағыш сөздігі


Қазы майсөк (орыс.казы майсок, ағылшын. kazi maysok)



бет51/102
Дата06.02.2022
өлшемі0,79 Mb.
#34484
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   102
Қазы майсөк (орыс.казы майсок, ағылшын. kazi maysok) кеңдеу ыдысқа сөк салынып, үстіне пісіп жатқан қазының бетінен қалқып алынған майлы сорпа құйылады. Жақсылап араластырылады да, ыдыстың қақпағы 20-25 минуттай жабылып қойылады. Содан соң тостағанға немесе кесеге салынып әкелінеді.


Қазыжент (орыс. казыжент, ағылшын kazyzhent) – сөкке жылқы қазысының ұсақталып туралған майы, қант және ірімшік ұнтағы қосылып араластырылады да, біраз жаншылады.


Қазақша ет бәліші (орыс. мясной пирог по казахский, ағылшын. meat pie on the Kazakh) – бұл бәліш ашытқан қамырдан пісіріледі. Ол үшін ашытқы мен қант жылы суға езіліп, көтерілуге қойылады. Ол көтерілген соң ұнға айран немесе шикі сүт, ерітілген сары май құйылады да, қаймақ салынып, әлгі ашытқымен араластырылады. Сөйтіп қамыр иленеді. Ол май жағылған стол үстіне салынып, 15 күлшеге бөлінеді. Бір айта кететін мәселе - бәліш дайындалғанда столға ұн себіліп, май жағылады.
Бәлішке ет фаршы былай дайындалады: ұсақтап туралған ет ірі көзді ет тартқышпен тартылады. Оған ұсақтап кесілген пияз қосылады да, тұздалып, бұрышталады. Су құйылып араластырылады. Сонымен осы фарш салынған күлшенің жиектері жапсырылып, ортасына саңылау қалдырылады да, дөңгелек домалақ формаға келтіріледі. Сөйтіп май қыздырылған табаға саңылауы жағы төмен қаратылып салынады да, аудармалап отырып қуырылады.


Құс еті салынған бәліш (орыс.пирог с мясом птицы, ағылшын. pie with meat, poultry) – мұның қамыры да ет бәліштің қамырындай дайындалады. Ал фарш құс етінен терісі сыдырылып, сүйектері алынып тасталады да, ірі көзді ет тартқышпен тартылады. Оған ұсақтап туралған пияз қосылады. Тұздалып, бұрышталады. Су құйылып араластырылады.
Сөйтіп, қамырға ет бәліштің фаршындай салынып, сол секілді пісіріледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   102




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет