Құндылық: сүйіспеншілік Қасиеттері: ізгілік, адамгершілік, кішіпейілділік Сынып: 7 «Д» Сабақ реті: 15 Мақсаты



Дата25.08.2017
өлшемі38,26 Kb.
#26650
түріСабақ
Бейсембаева Мейркуль Абиденовна
Алматы қаласы.

Ғабит Мүсірепов атындағы №86 мектеп-гимназия

Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі.
Тақырып: Аялай біл, сен деп соққан жүректі

Құндылық: сүйіспеншілік

Қасиеттері: ізгілік, адамгершілік, кішіпейілділік

Сынып: 7 «Д» Сабақ реті: 15

Мақсаты: оқушыларға отбасы құндылықтары, ата-баба дәстүрі, ұрпақтар сабақтастығы туралы түсіндіру.

Міндеттері:


  • Отбасы құндылығы, отбасы бақыты, ұрпақтар сабақтастығы туралы білім беру;

  • Өз туған үйлері мен отбастарына деген сүйіспеншіліктерін дамыту;

  • Өз туған үйлері мен отбастарын құрметтеуге, бағалай білуге тәрбиелеу.

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі. Тыныштық сәті.

«Нұрға бөлену»

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ қолыңызы айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің ауызыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелеі ой келеді.

Нұр бірте бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағытаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын… Нұр менің ішімде… Мен Нұрмын.»

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйде отыра тұрыңыз…

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет!


Ресурстар: (құралдар, мәліметтер)

Бейне көрініс, интербелсенді тақта.



Р.Акдемір « Ана махаббаты» әңгімесін талдау

Балалардың саяхаттан бас тартуының себебін қалай түсіндірер едіңдер?

Отбасындағы жарасымдылық сыры неде?






Топпен ән айту:

«Ана туралы жыр»

Сөзі: Ғ.Қайырбековтікі

Өлеңі: Ш.Қалдаяқовтікі


Әнді топпен айту

3.Дәйек сөз

 Өзінің айналасындағы жора-жолдастарыңның, бауырларының жан дүниесіне үңіліп қарамаған адам өмірде үлкен қиыншылықтарға кезігеді және айналасына зиянын тигізеді.

А.Адлер




Көзқарас, себеп, мысал, жалпылау арқылы мағынасын ашу.

4. Мұғалім сыйы

  • Бейне көрініс «Ана туралы»

  • Осы көріністен өздеріңіз қандай ой түйдіңіздер?




Интербелсенді тақта

5.Шығармашылық жұмыс.

  • Өз отбастарыңда үлкендердің айтқан ақылдарын естеріңе түсіндіріңдер, олардың мағынасын ашып, дәптерлеріңе жазыңдар.

  • Өз ата, әжелеріңнен ұрпақтарыңа қалдыратын немесе қалдырған өсиеттері туралы сұрап, қысқаша шығарма жазыңдар.

Дәптермен жұмыс

  1. Мен үшін ананың....... қымбат

  2. Мен үшін әке.......

  3. Отбасындағы бала.......




6. Топпен ән айту

Қ. Нұртас «Әкелер» әні


Әнді топпен айту

7.Үй тапсырмасы:

«Аялай біл, сендеп соққан жүректі» тақырыбына шығарма жазу.







8. Соңғы тыныштық сәті

Өзімен өзім.

Жанын тыныштыққа, үйлесімге шақыру.




Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
2016 -> Сабақтың атауы Бейнелеу өнерінің түрлері Сілтеме Сабақтың жабдығы
2016 -> Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным Қазақстан


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет