Оқытудағы инновациялық технология – білім берудің жаңа сапасымен қамтамасыз етудің кепілі


ЕСТУ ҚАБІЛЕТІ БҰЗЫЛҒАН БАЛАЛАРДЫҢ ТІРЕК ДАҒДЫЛАРЫН ДАМЫТУҒА АРНАЛҒАН ОЙЫНДАР МЕН ЖАТТЫҒУЛАР



бет292/679
Дата05.02.2022
өлшемі27,72 Mb.
#5259
1   ...   288   289   290   291   292   293   294   295   ...   679
ЕСТУ ҚАБІЛЕТІ БҰЗЫЛҒАН БАЛАЛАРДЫҢ ТІРЕК ДАҒДЫЛАРЫН ДАМЫТУҒА АРНАЛҒАН ОЙЫНДАР МЕН ЖАТТЫҒУЛАР


Коблаш Э. (Ақтөбе)

Педагог В. А. Сухомлинский ойын баланың алдынан өмір ес ігін ашып, оның шығармашылық қабілетін оятады дей келіп, былай деп жазды: «Ойынсыз баланың ақыл- ойы қалыпты дамымайды және олай болуы мүмкін де емес. Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен терезе сияқты, ол арқылы баланың рухани байлығы жасампаз өмірмен ұштасып, айналасындағы дүние туралы түсінік алады. Ойын дегеніміз ұшқын, білуге құмарлық пен еліктеудің маздап жанған оты». Қалыпты балалармен ойын әрекетін есту және көру мүмкіндіктеріне қарап меңгереді. Қалыпты балаларға да ойынның шарты бірнеше рет түсіндіріліп, көрсетіліп ойнатылады, ал мүмкіндіктері шектеулі балалармен ойынды ұйымдастыру қалай жүзеге асады.


Есту қабілеті бұзылған балалардың вестибулярлық аппараттарының қызметінің бұзылуынан қоршаған орта туралы түсініктері дамуы тежеледі. Жан-жағындағы адамдармен қарым-қатынасы шектеледі және бұл баланың денсаулығына, жалпы псхомоторлы, дене қозғалысының дамуына әсер етеді. Есту қабілеті бұлған балалардың көбісінде қосымша аурулық белгілері немесе екінші ақаулықтары болады. Бұл жие суық тиіп аурудан, жалпы дене мүшесінің әлсіздігінен, енжерлықпен, тез шаршаумен, дене бітімінің бұзылумен,негізгі дене бітімінің дамуының тежелуімен: бұлшық еттің күші, шапшаңдық, төзімділік сияқты белгілерден көруге болады. Қалыпты балаларға қарағанда есту қабілеті бұзылған балалар сөздік қорларының болмауынан немесе аз болуынан жаңа қимыл әрекеттерді баяу меңгереді. Бірлесіп жасайтын іс-әрекеттерде қиналады, тепе-теңдікті сақтай алмайды, берілген іс әрекеттерде көп қателеседі. Кеңістікті дұрыс бағдарлай алмайды. Зейіннің тұрақсыздығынан, баяу есте сақтаудан, шектеулі сөздік қоры және қиялдаудың жоқтығынан бұл балалармен ойындарды ұйымдастырғанда мұқият таңдау қажет. Есту қабілеті бұзылған балалармен ойын өткізгенде олардың көру анализаторларына жүгіну қажет. Балаға алдын ала өзінің не істейтінін түсінуі керек. Қимыл әрекеттер алдын ала көрсетіледі, (бағыттар, қарқын, жылдамдық, іс әрекеттердің реттілігі, қозғалыстың бағыттары т.б) Әрекеттер нақты және міндетті сөздік түсіндірумен болуы тиіс. (түсіндіру, нұсқау, бұйрық түрінде). Бұл жағдайда екі кезеңге мән беру қажет:

  • Балалар сөйлеушінің ерінінің қимылын және ым-ишараны дәл көруі керек;

  • Көрсету кезенде балалар тапсырмаларды дауыстап айтулары керек.

Жетекші (тәрбиеші, педагог, ата-ана) әр баланың ойын шартын нақты түсінгенін анықтап алуы қажет. Ойласытырылған, ұйымдастырылған қимылды ойын балалардың сөздік қорының, тірек қимылдарының, ауызша сөйлеу тілінің, психикалық қабілеттерін дұрыс дамытады. Баланың саналы әрекет етуіне үйретеді, өз бетінше әрекет етуге жетелейді, психомоторикалық бұзылуын түзетеді.
Ойындар мен жаттығулар балалардың демалуына, олардың мүсіндерінің дұрыс дамуына, сабаққа деген ынталарын тудыруға, белсенділігін арттыруға деген көптеген қажеттіліктерін қанағаттандыра отырып, ұсынылатын білімді меңгеруге қажетті дайындыққа көмектеседі.
Тірек қимыл ойындары:


ЖЕР. СУ. АУА
Мақсаты: Зейінді дамыту
Ойынның шарты: Ойыншылар шеңбер болып тұрады. Ойынды бастаушы сөздерді айтады:
ЖЕР”- ойыншылар қолдарын жандарына созады;
АУА”- Ойыншылар қолдарымен шеңбер жасап артқа қояды;
СУ”- Толқындарды бейнелейтін қимылдарды қолдарымен жасайды.
Ойынды бұзған ойыншы ойыннан шығады. Шеңберде соңынан қалған ойыншы жеңіске жетеді.
Әдістемелік нұсқау: Ойын кезінде ойын бастаушы сөздік тапсырмаларды әртүрлі мүмкіндікте береді.
Екінші нұсқасы:
Мақсаты: Қимыл әрекеттің шапшаңдығын, зейінді және ойлау қабілетін дамыту
Нұсқау: Ойын алаңы үшке бөлінеді- “ЖЕР”, “СУ”, “АУА”.
Ойын бастаушы затты атайды (мысалы: ұшақ), ойыншылар “АУА” алаңына қарай жүгіреді.
“Кеме”- Ойыншылар “СУ” алаңына қарай жүгіреді.
“Ағаш”- Ойыншылар “ЖЕР” алаңына қарай жүгереді.
«БАСПА МАШИНКАЛАР»
Мақсаты: Сөздік қорларын дамыту
Ойыншылар саны шектелмейді.
Нұсқау. Топтарға және ойыншыларға сөз беріледі. Ойыншылар сол сөзден бірнеше сөздер ойлап табуы қажет.Кім немесе қай топ көп сөздер ойлап жазады солар жеңіске жетеді.
Әдістемелік нұсқау.Ойынды кешкі уақытта немесе жаңбырлы күндері ұйымдастыруға болады.
ТҮСТЕР”
Мақсаты:Тірек қимыл әрекеттің шапшаңдығын, зейінді, санау дағдысы және сөйлеуін, геометриялық пішіндердің түсін ажыратуын дамыту.
Ойыншылар саны: 6-8.
Ойынға қажетті заттар: 30-40 түрлі түсті геометриялық пішіндер.
Нұсқау: Ойын алаңына геометриялық пішіндер тасталады. Ойынды бастаушы түсті айтады (мысалы: қызыл). Бұйрық бойынша ойыншылар сондай түсті пішіндерді жинап шығулары қажет. Кім көп пішін жинайды сол жеңеді.
ЕКІНШІ НҰСҚАСЫ:
1.Тек ғана дөңгелектерді жинау
2.Қызыл түсті үшбұрыштарды жинау
3.Жасыл түстен басқа пішіндерді жинау
Әдістемелік нұсқау: Жеңіске жеткен ойыншы өзінің қорытындысын геометриялық пішіндерді атап санайды. Түстерін айтады.
*Ойын алаңы кең болуы керек, балалар пішіндерді жинап жүгірген уақытта бір-біріне соғып кетпеуі қажет.
«АЙНА»
Мақсаты: Зейінді және қиялдауды дамыту, іс әркеттің реттілігін есте сақтап жаттықтыру
Ойыншылар саны шектелмейді.
Нұсқау. Ойыншылар ойын алаңында еркін жүріп, төмендегідей тапсырмаларды орындайды:

  • Нұсқаушының бір ғана әрекетін қайталайды.

  • Нұсқаушыдан кейін бірнеше қимылдарды ретімен қайталайды.

  • Нұсқаушы аңның, құстың, жәндіктің немесе балықтың атауын айтады, ойыншылар атауға сәйкес қимылын көрсетеді.

Әдістемелік нұсқау: Ең жақсы ойыншы анықталып, жүлде беріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   288   289   290   291   292   293   294   295   ...   679




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет