ОҚытудағы инновациялық технология – білім берудің жаңа сапасымен қамтамасыз етудің кепілі



бет10/56
Дата25.12.2016
өлшемі27,72 Mb.
#5082
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   56

Әдебиеттер

  1. Бидосов Ә. Математиканы оқыту методикасы.Алматы, «Мектеп» 1989. 7-9 б.б.

  2. С.Елубаев, Н.Шәкуов. Математикалық кеш. Алматы, «Мектеп» 1989. 78-79 б.б.

  3. Садықов А.Математика пәндеріндегі схемалар. Репетитор көмекші. Мектеп оқушыларына арналған журнал. 2009. 17б.

  4. Тоқтамысова Қ. «Бинго» ойыны сабақта. Математика және Физика (ғылыми-әдістемелік журнал) №3, 2009. 49б.

  5. М.М.Жанпеисова. модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде /Аударған Д.А.Қайшыбекова/ – Алматы, 2006. 10б.



ТАРИХИ ОҚИҒАЛАРДЫ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖҮЙЕСІМЕН ҮЙРЕТУ
Жанғалиева Г. Ш. (Ақтөбе)
Соңғы жылдары жаңа ақпараттық технологияларды қолдану туралы жиі сөз болып жүр. Бұл жаңа техникалық құралдар ғана емес, сонымен қатар оқытудың жаңа формалары мен әдістері, оқыту үрдісіне жаңаша қарау деген сөз. Қазіргі кезде компьютерлік, телекоммуникациялық техника мен технологиялардың қоғам өміріндегі рөлі қарқынды түрде артып келеді. Ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды игеру қазіргі заманда оқу және жазу қабілеті болуы керек сияқты әрбір адам үшін қажетті шартқа айналды. Білім берудің және оқытудың ақпараттық технологиялары дегеніміз – ақпаратпен жұмыс істеуге арналған (аудио - видеотехниканы, компьютерді, телекоммуникациялық желіні) қолдануға негізделген педагогикалық технология.

Қазіргі заман мұғалімінен тек өз пәнінің терең білгірі болуы емес, тарихи - танымдық, педагогикалық - психологиялық сауаттылық және ақпараттық сауаттылық талап етіледі. Ендеше кез келген мұғалімнің бойында ақпараттық құзыреттілік қалыптасуы тиіс.

Ақпараттық құзыреттілік - ақпараттық мультимедиялық технологияларды пайдалана отырып, түрлі ақпаратпен теориялық білім мен тәжірибені ұштастыра отырып қолдана алу деген ұғымды білдіреді. Ақпаратты технологияларды пайдалану арқылы мектептегі сабақтарды жаңаша ұйымдастыру, мұғалімнің рөлі мен қызметінің артуына жағдай жасау, теориялық, ғылыми – педагогикалық және психологиялық зерттеулерге сүйене отырып, оқушылардың құзыреттілігін қалыптастыру, ақпараттық технологиялар мен инновациялық оқыту әдістері арқылы оқушыларды ізгілікке, елжандылыққа, саналыққа, адамгершілікке, имандылыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Инновациялық әдістерді баланың білім деңгейіне және жас ерекшелігіне қарай оқу үрдісінде пайдалану негізгі міндет болып табылады.

«Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» – деген бүгінгі тәуелсіз мемлекетіміздің ертеңі біз тәрбиелеп отырған жас ұрпақтың меңгерген біліміне, алған тәжірибесіне байланысты екеніне еш күмәнім жоқ. Оқушылардың танымдық көзқарасын байыту ақыл - ой қабілетін жетілдіру, өзіндік ойлау және өмірлік ұстанымын қалыптастыру мұғалімнің шеберлігіне, шығармашылық қабілетіне байланысты.

Ақпараттық технологияларды пайдаланудың негізгі артықшылықтары мынадай:

1. Олар оқушыларға тақырып шеңберінде немесе белгілі бір уақыт аралығында айтылуға тиіс мәліметтер көлемін ұлғайтады.

2. Білімге бір - бірінен үлкен ара қашықтықта орналасқан әр түрлі оқу орнында отырып қол жеткізуге болады.

3. Оқыту жүйесінің көп деңгейлі жетілдіру

Инновациялық әдісті, оқытудың ақпараттық технологияларын тәжірибеде қолдану барысында өзінің тежеуші жақтары, кемшіліктері, қарама - қайшылық жақтары да кездеседі. Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс - әрекетінің ғылыми - педагогикалық негіздерін меңгеруі маңызды мәселелердің бірі.

Педагогика ғылымында баланы оқыту мен тәрбиелеудің мақсаты – жан - жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылғандықтан, бұл жерде де, жаңа технология бойынша – оқыту мақсаты болып табылады.

Мақсат - өздігімен дамуға ұмтылған жеке тұлғаны қалыптастыру, сондықтан оның өзіндік танымдылық іс - әрекеті белгілі бір дәрежеде белсендірілуі қажет.

Барлық жаңа технологияның мақсаты - пәнді оқытуда оқушының жеке басының дара және дербес ерекшеліктерін басқарып, олардың өз бетінше ізденуін арттырып, шығармашылығын қалыптастырып, пәнге деген қызығушылығын арттыру. Заман талабына сай, электронды оқулық, интернет, web сайтты қолданудағы жаңа ақпаратты технологияларды пайдалану тарих пәні үшін маңызы зор.

Жалпы мектеп мұғалімдерінің педагогикалық шеберлігінің мазмұны көптеген ауқымды талаптарды қамтиды. Біріншіден мектеп мұғалілімінің шеберлігі өз қызметіндегі педагогикалық іс-әрекеттердің белсенділігі арқылы іске асырылатыны белгілі. Демек мектеп өмірімен тығыз байланысты, ал осы міндеттерді жүзеге асыратын басты тұлға ~ Ұстаз. Тек мықты ұстаз ғана осындай ауыр жүкті алып жүре алады. Халқымыз әрқашанда ұстаз мәртебесін жоғары көтеріп, қастерлеп, бағалап отырған. "Ұстаздық еткен жалықпас, Үйретуден балаға", "Адамның адамшылығы жақсы ұстаздан болады", деп қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбаев айтып кеткен болса, ал чех халқының ұлы педагогі Я.А.Коменский: "Мұғалім мәңгі нұрдың кызметшісі, ол барлық ой мен қимыл әрекетіне ақылдың дәнін сеуіп, нұр құятын тынымсыз жалын иесі", — деп, ұстаздар қауымын жоғары бағалағандығын атап көрсетеді.

Тарих пәнінен білім берудің сапасын жетілдіруде әр түрлі тапсырмаларды қолданудың маңыздылығын айтсақ...

Жас ұрпақты тәрбиелеу мен білім беруде мұғалімдер қауымына ерекше жауапкершілік пен міндет жүктеліп отыр. Соның бірі патриоттық тәрбие беру мен дүниетаным қалыптастыруда тарихшы мұғалімдердің орны ерекше.

Тарих – мектептегі оқу пәні ретінде жалпы негізгі білім беретін барлық гуманитарлық және қоғамтанушылық курстардың негізін құрайды. Тарих ұлттық өзіндік сана-сезімді және адамгершілік-этикалық нормаларды қалыптастыра отырып, оқытудың дүниетанымдық негізін қалыптастырады. Тарихтың басқа пәндермен өзара байланысы талдау, жинақтау сияқты ортақ логикалық таным әдістерін қолдануға мүмкіндік береді. Мысалы, гуманитарлық циклдағы пәндермен байланысы картамен, мәтінмен жұмыс істеу, оқиғалар мен құбылыстардың ерекшеліктерін айқындау сияқты ортақ әдіс-тәсілдері негізінде іске асады. Тарихи білім берудің басты мақсаты мен міндеттері мынадай:


  • оқушылардың адамзат қоғамының ежелгі заманынан бүгінгі күнге дейінгі даму тарихынан жүйелі білім негіздерін қалыптастыру;

  • бүкіл адамзат жасаған құндылықтарды, мәдени тарихи тәжірибенің негізін оқытып, меңгерту;

  • оқушылардың дүниеге ғылыми көзқарасын қалыптастыру, оларға адамзат жинаған әлеуметтік рухани, адамгершілік тәжірибесін меңгерту;

  • оқушыларды өз халқы мен басқа халықтардың мәдениеті мен тарихын, бүкіл адамзаттың мәдени мұрасын сақтауға тәрбиелеу;

  • оқушылардың бойында Қазақстандық патриотизм мен азаматтық сезімді қалыптастыру;

  • эстетикалық, экономикалық тәрбие беру, діннің тарихтағы қызметін дұрыс түсіне білуге тәрбиелеу.

Осы міндеттер мен мақсаттарды орындау үшін қазіргі педагогиканың жаңалықтарын, оқу әдістемелік тәсілдің тиімді жолдарын таңдау, үздіксіз ізденіс пен білім сапасын жақсарту қажет. Тарихқа деген қызығушылығын арттыру үшін сапалы білім берудің тиімді жолдарын таңдау, тарихи және мәдени мұралармен таныстыру, қосымша элементтерді пайдалану мен тарихи деректерді оқып үйренуге дағдыландыру, баяндама, рефераттар, хабарлама жасату, өз бетінше оқып білім алып шығармашылықпен айналысуына жағдай жасау сияқты жаңа педагогикалық технологиялар мен инновациялық бағыттарды, әдістер мен тәсілдерді енгізу және т.б. Осыған орай, біз яғни мұғалімдер қауымы орыстың ұлы педагогі К.Ушинскийдің «Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, оқуды ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады» деген сөзін әр уақытта естен шығармауымыз қажет.

Бүгінгі таңда сабақ өткізудің түрлері көбеюде. Түрлі әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, сапалы білім, саналы тәрбие беруде сабақтың тиімді түрлерін қолданып келемін. Осы мақсатта оқушылардың танымдық қызығушылығын, белсенділігін арттыру үшін өз сабағымда пайдаланып жүрген әдіс-тәсілдерден мысалдар келтіріп кетуді жөн көрдім. 5-6 сыныптарда ойын сабақтары, 8-10 сыныптарда сын тұрғысынан дамыту, ұжымдық оқыту, пікірталас, семинар, сынақ, жарыс, өзіндік жұмыс, мәнерлеп оқыту т.б. тәсілдерді қолданамын. Сурет-иллюстрациялар бойынша әңгіме құрастыру, тірек сигналдар, тірек-сызбалар, кластерлер, хронологиялық таблицалар құрастыру, тірек-конспектілер, Венн диаграммасы арқылы жұмыс істеу әдістері де қолданылады. Тағы бір ерекшелік, күнделікті сабақпен салыстырғанда қайталау сабақтарында оқушылардың өз беттерінше ойланып жұмыс істеуіне едәуір мүмкіндік туады. Тарихи оқиғалар мен құбылыстарды өз бетінше талдайды, салыстырады, қорытынды жасайды, баға береді.

Мысалы: 1. «Қазақ жүздеріне сипаттама бер»

жүздер

территориясы

ұраны

Жүздерге енетін тайпалар

Ұлы жүз










Орта жүз










Кіші жүз










2. «Алтын Орда мемлекетіне мінездеме бер»

1. Территориясы______________________________

2. Қоғамдық құрылысы ________________________

3. Ішкі саясаты _______________________________

4. Сыртқы саясаты ____________________________

5. Құлау себебі _______________________________

6. Қорытынды _______________________________

3. Венн диаграммасын толтыру:

1783-1797 жж. Сырым Датұлы бастаған көтерілістің ерекшеліктері

Көтерілістің ортақ белгілері

1837-1838 жж. Ішкі Ордадағы шаруалар көтерілісінің ерекшеліктері

4. «Портреттер сөйлейді» (көрсетілген фотосуреттегі адамның аты-жөнін атап, өмірбаянына тоқталу) Қабанбай Бөгенбай

5. «Бұл кімнің сөзі?» (мәнерлеп оқи отырып, карточкада берілген жырдың кімнің сөзі екенін анықтау) т.с.с.

Міне, осы тәрізді әдіс-тәсілдерді білім сапасын арттыру мақсатында түрлендіре отырып қолданамын. Бұл жұмыстар оқушылармен тығыз байланыста болуға, оқушы бойындағы табиғи мүмкіндіктерді ашуға, оқушының танымдық іс-әрекеттерін қалыптастыруға, оқушы тарапынан белсенділік танытып, дербестік көрсетуіне, өзіне деген сенімділігін қалыптастыруға көмектеседі. Оқушылардың алған білімдерін кеңейтіп, логикалық ойлау жүйесін дамытып, тиянақты білім алуына жол ашады. Сабақта оқушының жеткен жетістігін баса көрсетіп, оның пәнге деген қызығушылығын арттырып отырамын. Оқушыларды өз бетімен ізденіп жұмыс істеуге баули отырып, шығармашылық қабілеттерін шыңдаймын. Бірақ шамадан тыс тапсырмалар беруден сақтану керек, ең басты оқиғалар мен фактілерді ғана білуі керектігін ескеріп, нақты тапсырмалар берген жөн. Сондай-ақ, күнделікті сабақта оқушылардың білімін бағалауға да тигізер көмегі көп.

Мұғалімнің ой-өрісі кең, жан-жақты білімді, ізденімпаз ғалым, тынымсыз еңбекқор, кез-келген ортаның ұйтқысы, оқушылары алдында беделді, ұжым мүшелері мен ата-аналар арасында сыйлы болуы керектігін ескере отырып, Отаны мен халқы алдындағы жауапкершілігін сезіне алатын жас ұрпақтың азаматтық ұстанымын қалыптастыруға өз үлесімізді қоса білейік.

Қорыта келгенде оқу процесінің жаңаруына қажетті шарт кез-келген педагогикалық жүйенің басты тұлғасы болып табылатын мектеп мұғалімдерінің педагогикалық шеберлігін арттыру арқылы үлкен нәтижелерге қол жеткізуге болады.



Әдебиеттер

  1. Бұзаубақова Қ. Ж. Жаңа педагогикалық технология. – Тараз, 2003

  2. Бабаев C.Б. Кемел адам-тұлға қалыптасуы. «Педагогикалық теория негіздері) Монография. Түркістан.

  3. Қазіргі заманғы мұғалім.// Қазақстан мектебі. 2010 ж. №6.



ТАРИХ ПӘНІНДЕ ЖОБАЛАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ БОЙЫНШАЖҰМЫСТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ТӘСІЛДЕРІ
Жангелдина А.Н.,Шупанова Г.С. (Ақтөбе)
Жобалау технологиясын білім беру жүйесінің маңыздылығы оқушылардың белсенділігін арттыру, топта жұмыс істеу білігін дамыту, ізденімпаздыққа жетелеу т.б. болып табылады.

Жобалау технологиясына түсіндірме сөздікте: «Оқушылардың жоспарлау және күрделене беретін тапсырмаларды орындау арқылы меңгеретін білімі»,- деген анықтама берілсе, ағылшын тілінен аударғанда «cooperative learning» – бірге үйрену деген мағынаны білдіреді.

Жобалау технологиясын қолданудағы негізгі мақсат – оқушылардың қызығушылық ынтасын дамыту, өз бетімен жұмыстарын жүргізу арқылы білімдерін жетілдіру, ақпараттық бағдарлау біліктілігін қалыптастыру және сыни тұрғыдан ойлау қабілетін арттыру арқылы оқушыны болашақта әр түрлі жағдаяттарда, әр түрлі қоғамдық ортада өзін-өзі көрсете білуге бейімдеу.

Технологиялық оқуда мұғалім мен оқушының атқаратын іс-әрекеттері төмендегі 1-кестеде келтірілген.

Кесте 1.

Оқушының әрекеті

Мұғалімнің әрекеті:

Оқушы-оқыту субъектісі.

Жеке тұлғаға қарай бағытталған ұсынушы, нақты мақсат қоюшы.

Мақсатқа дербес өз іс-әрекетімен жетуші белсенді субъект.

Бағыт-бағдар беруші, кеңесші.

Өзін-өзі және бір-бірін оқытушы.

Оқушының жетістігін құптаушы.

Өнерпаз, жасампаз еңбектің иесі.

Ынталандырушы, мақсат қоюшы.

Өз ізденісімен табысқа жетуші шығармашылық тұлға.

Мақсаттарға жетелеуші.

Жобаның тиімділігі – көзбен көріп, құлақпен естіп, есте сақтай отырып, оқушыны ізденіске, іскерлік пен танымдыққа, ынтаға, шығармашылық қабілетті жетілдіру арқылы түрлі мәселелерді шеше білуге, тапқырлыққа, жаңа ғылыми ізденіске жетелейді. Жобалау технологиясының негізінде оқушының жұппен, топпен бірігіп шығармашылық жұмыстарды орындауы жатыр, ал бұл ерекшелік оқушының қоғаммен жұмыс істеуіне септігін тигізеді.

Жұмыс зерттеу мақсаты: тарих сабақтарында және сабақтан тыс уақытта оқушылардың жоба жұмыстарын ұйымдастыру тәжірбиесін талдау, оның тиімділігін анықтау.

Зерттеу міндеттері:


  • Тақырып бойынша ғылыми жұмыстармен танысу.

  • Жұмыстың теориялық бөлімін жасау.

  • Оқушылардың жоба жұмыстарына талдау жасау.

  • Тақырып бойынша қорытынды жұмыстарды рәсімдеу.

Зерттеу әдістері:

  • Әдебиетке теориялық анализ жасау.

  • Сауалнама өткізу.

  • Жоспарлау.

Жеке оқушылармен және топ мүшелерімен сұхбат өткізу.

Модельдеу.



Күтілетін нәтиже:

  • Оқушылардың тілге деген қызығушылығының, ынтасының артуы.

  • Жасампаз және өнерпаз тұлғаның қалыптасуы.

  • Тілдік қорының кеңеюі.

  • Еңбекті бағалай білетін тұлға.

Жобалау технологиясы бойынша жасалатын жұмыстардың мазмұны мен орындау сатылары,, жұмыс барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті өзіндік ерекшеліктерге ие (кесте 2)

Кесте 2




Жұмыстыңмазмұны мен орындалу сатылары

Мұғалімнің қызметі

Оқушының қызметі

1

Тақырып таңдау

Тақырып таңдау, оқушыға ұсыну. Тақырыпты талқылауға қатысу.

Талқылайды, тақырып бойынша бір шешімге келеді.

2

Жоба тақырыбын тақырыпшаларға бөлу.



Алдын-ала тақырыпшаларға бөлу, оқушыларға ұсыну. Оқушылармен бірге жоба тақырыпшаларын талқылауға қатысу.

Әр оқушы өзіне тақырыпша таңдайды немесе басқа түрін ұсынады. Тақырыпшаны талқылайды.

3

Шығармашылық топ қалыптастыру.

Нақты тақырыпшалар таңдап алған қызметі бар оқушылардың біріге жұмыс істеуін ұйымдастыру.

Оқушылар өз рөлдерін анықтап алады, топқа бөлініп, шағын команда құрады.

4

Зерттеу жұмысына байланысты материал дайындау

Жауап беретін сұраққа тұжырымдама жасау, командаға тапсырма беру, керекті әдебиеттерді таңдау. Жоба көлемді болса, алдын ала тапсырма даярлау. Іздену жұмысына сұрақтар және әдебиеттер дайындау.

Тапсырмалар дайындауға қатысады. Сұрақтарға жауап ізденуге кіріседі.

5

Жоба қызметінің қорытындысын анықтау.

Талқыға қатысады. Топтағы оқушылар зерттеу жұмысының қорытындысы туралыталқыға салады.

Қалай көрсетуге мүмкіндігін ойластырады.

6

Жобаны даярлау, талдап жазу.



Консультация береді, жұмысты үйлестіреді.

Ізденіс қызметін атқаратын оқушылар орындайды.

7

Нәтижені хаттау, көркемдеу.

Консультация береді, жұмысты үйлестіреді.

топ бойынша басқа топтардың қатысуымен нәтижені хаттайды, көркемдейді, қабылданған ережеге сәйкес жұмыс орындайды.

8

Презентация.

Эксперементтерді ұйымдастырады.

Алынған нәтиже туралы есеп береді. Бір-бірін мұқият тыңдайды, сөйлеумәдениетін ескере отырып бір-бірінің ойларын жалғастырып отырады.

9

Рефлексия

Оқушылардың қызметі арқылы өз қызметіне баға береді. Өзгелердің бағасын есепке ала отырып, жұмыс жасалады.

Ұжымды талқылай отырып бір-біріне, өздеріне баға береді, алдағы жұмыс құрайды

Зерттеу жұмысының жалпы құрылымына Блум таксономиясы бойынша былайша сипаттама беруге болады (3-кесте):

Кесте 3




Шарты

Көрсеткіш

Өлшеуіш

1

Білу

Зерттеудің ғылыми аппаратын айта алды.

Мақсат, міндет, болжам дегеніміз не? Күтілетін нәтиже дегеніміз не?

2

Түсіну

Дайын зерттеу жұмысының ғылыми аппараттарын талдай алады

Мақсаттың міндеттен айырмашылығы қандай? Мына зерттеуде өзекттілік қалай анықталған? Мақсатымен байланысы қандай?

3

Қолдану

Көрсетілген мәселенің өзектілігін, оны зерттеуде мақсатын, міндетін, оған болжам жасай алады. Күтілетін нәтижесін айқындай алады.

Аталған мәселені зерттеудің ғылыми аппараттары қандай болады? Көрсетілген мәселені шешу жолдары қандай?

4

Талдау

Зерттеудің ғылыми аппараттарының арасындағы сабақтастықты айта алады.

Зерттеудің мақсаты қалай анықталады? Күтілетін нәтиже қалай құрылады? Зерттеудің ғылыми аппаратында қандай сәйкессіздіктер болуы мүмкін

5

Топтау

Өз бетімен проблемалық тақырып алып, өнімді жоба жаза алады.

Таңдап алынған тақырыптың мәселесін шешуде қандай пікірлер қостың? Мәселені шешу жолдары қандай?

6

Бағалау

Ғылыми жобалар жасай алады.

Таңдап алынған тақырыпқа байланысты қандай жаңалықтар алдың? Бұл жаңалықтардың пайда болу себептері қандай?

Жоба жұмысының нәтижесі төмендігі критерийлер бойынша анықталады (кесте 3):



Кесте 4



Бағалау критерийі

Ұпайы

1

Ақпаратпен жұмыс істеуі, зерттеу жұмыстарында дұрыс пайдалануы




2

Зерттеу жұмысының жазылу тәртібі




3

Өмірмен байланыстылығы




4

Зерттеу жұмысын қорғай білуі




5

Сөйлеу мәдениеті




6

Өз көзқарасын дәлелдей алуы




Қорыта айтқанда, жаңа оқыту технологиялардың көмегімен оқушылардың білімін жетілдіру мен оқу сапасын арттыруға, оқушылардың дайын өнімді қабылдайтыны ғана емес, өз бетімен ізденіп, дербес іс-әрекет жасай алатын тұлға ретінде қарау – жоғарыда аталған технологиялардың негізі болып табылады. Нақты тақырып төңірегінде оқушының алдына әр кезеңде мақсат қоя біліп, сол мақсатқа қол жеткізудегі іс-әрекеті алдын-ала нақтылы жоспарлануы керек.

Әдебиеттер

  1. Сатарова Е.Г. «Метод проектов в трудовой школе» (1926) – цит. по «Педагогическая лоция. 2003/04 учебный год. Метод проектов в школе» / Спец. прилож. к журналу «Лицейское и гимназическое образование», вып. четвертый, 2003 – с. 12.

  2. Килпатрик У.Х. «Метод проектов. Применение целевой установки в педагогическом процессе» (1928) – цит. по «Педагогическая лоция. 2003/04 учебный год. Метод проектов в школе» / Спец. прилож. к журналу «Лицейское и гимназическое образование», вып. четвертый, 2003 – с. 6.

  3. Новые педагогические и информационные технологии в системе образования / под ред. Е.С. Полат – М.:2000.

  4. Пахомова Н.Ю. Проектное обучение – что это? // Методист, №1, 2004 – с. 42.



ФИЗИКА ПӘНІН ОҚЫТУДА ЖАҢАША БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ
Жарменова Ұ. (Қызылорда)
Еліміз мәртебесінің биік болуы қоғам мүшелерінің, келешек ел болашағы-жас ұрпақтың белсенділігі мен іскерлігіне тікелей байланысты болмақ. Ендеше саналы, салауатты, халқымыздың барлық дәстүріне де,әлем мәдениетіне де қанық ел тізгінін ұстай білетін ұрпақ тәрбиелеу ұстаздар қауымына сеніп тапсырылып отыр. Қазіргі заманғы білім беруге қойылатын басты талап-оның сапасын арттыру. Ал, берілген білім сапалы болуы үшін:

1.Мұғалім теоретик болып қана қоймай,ол баланың психологиялқ ерекшеліктерін жете білуі және бейімділік қабілетін анықтай білуі керек. Білім беру процесі тәрбиемен үнемі ұштастырыла жүргізілуі тиіс.

2.Білім беру процесінде баланың іскерлік қабілетін қалыптастыру үшін ата-анамен байланыс ұдайы жүргізіліп отыруы керек. Ата-анамен кездесу барысында баланың үйде қанша уақытын және қалай сабақ оқуға арнайтынын біліп отыру және ол жөнінде ата-анаман ашық пікірлесіп отыруы қажет.

3.Мұғалім өз пәнін қызықты етуі үшін түрлі әдіс-тәсілдерді жетік меңгеруі және оларды тиімді қолдана білуі қажет.

Білім берудің мақсаты-жедел дамып келе жатқан әлем жағдайында алынған терең білімнің кәсіби дағдыларының негізінде өз бағытын еркін анықтайтын, өз мүмкіндіктерін іске асыра алатын, өзін-өзі дамыта алатын жеке тұлғаны қалыптастыру.

Жеке тұлғаны қалыптастыруда баланы оқыта отырып, оның еркіндігі мен белсенділігін қалыптастыра отырып, оның шығармашылық қабілетін аша білу-әрбір ұстаздың міндеті болып қала бермек. Мұндай бағыттағы шараларды жүзеге асыру үшін бүгінгі күн талабы-оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру қажет.

Қазіргі білім беру саласында оқытудың жаңа технологияларын зерттеп,оқып-үйреніп,оларды меңгермейінше сауатты жан-жақты маман болуы мүмкін емес.

Қазіргі заманғы оқыту технологияларына келесі талаптар қойылады:

- оқыту мақсатының нақты қойылуы мен оның ғылыми негізделуі,оқу іс-әрекетінің нәтижесінің жоғары сапалы болуы;

- оқу процесінде қарым-қатынастың еркін болуы;

- оны үнемі жетілдіріп, толықтырып отыру мүмкіндігінің болуы.

Осы орайда өз тәжірибемнің негізінде оң нәтижеге қол жеткізу үшін алдыма мынадай мақсат қойдым: дүниетанымы кең, жаңалыққа жаны құмар, ізденімпаз, шығармашылық қабілеті дамыған жеке тұлға қалыптастыру.

Осы мақсат негізінде алдыма мынадай міндеттер қойдым:

- жас ұрпақтың қабілеті мен талантын ашу;

- шығармашылық,логикалық ойлау қабілеттерін жетілдіру;

- өз әрекеттеріне сыни тұрғыдан қарауға баулу.

Мұғалімнің шығармашылық жұмысы ең бірінші сабаққа даярлықтан басталады,яғни өтілетін сабақтың жоспарын құру, оны өткізу әдістемесі,оқушылардың қабілеттерін,жас ерекшеліктерін ескере отырып, иллюстрациялық, техникалық құралдарды, дидактикалық материалдарды пайдалану. Мұғалімнің осы шығармашылық әрекеті арқылы оқушының шығармашылық қабілеті қалыптасады. Оқушыны шығармашылық ойлауға, шапшаңдыққа, икемділікке, тапқырлыққа баулу ол мұғалімнің әр сабағында қалыптасып отыруы тиіс.

Оқушы шығармашылығы үнемі сынып ұжымы,ата-аналар тарапынан қолдау тауып отыруы тиіс. Мұғалімнің ең үлкен міндеті-шығармашылық бағыт-бағдар беріп отыруы. Шығармашылықпен айналысуы үшін жеке дара оқушы емес, сыныптың, мектептің бүкіл балалары ойласуы үшін мүмкіндік туғызу,өзара шығармашылық қарым-қатынас, шығармашылық ахуал орнату қажет. Оқушының шығармашылық қабілеті оның ойлауы мен іс жүзіндік әрекеттері арқылы арқылы дамиды. Ойлауға үйрететін сабақтарды жүргізуде, алдымен, мұғалім мен оқушы арасында ынтымақтастықты қалыптастыру қажет. Мұғалім бұл жағдайда дайын білімді түсіндіріп қоюшы, бақылаушы, бағалаушы емес, танымдық іс-әрекетін ұйымдастыратын ұжымдық істердің ұйтқысы болуы тиіс.

Оқушылардың пәнге қызығушылығы:

1. Жақсы ұйымдастырылғын сабаққа байланысты.Әр сабақ алдыңғы сабақты қайталамайтындай етіп ұйымдастырылуы керек,яғни әдіс-тәсілдерді түрлендіріп отыру қажет.

2. Сабақта мәселелік жағдай туғызып отыруға да байланысты. Мәселенің шешімін табу арқылы оқушылардың ойлау қабілеті нығайып,кез-келген мәселені шешуге үйренеді.

3. Сыныпта тек жақсы оқитын оқушылармен жұмыс істеп қана қоймай,барлық баланың дамуына қолайлы жағдай туғызып,қабілеті жеткен жерге дейін еңбек етуінің ойластырылуына да байланысты.

Оқушыны оқыта отырып,қабілетсіз оқушы болмайтынын,оқушылардың дара қасиеттерін аша білуге болатынын жаңашыл ұстаз түсінеді және өзінің жас ұрпақ бағбаны болатындығын сезінеді.

Жаңа әлем болашағын даярлайтын жаңашыл ұстаз атану үшін,әрбір мұғалім:

- өз білімін ұдайы, табандылықпен жетілдіріп отыруы;

- тапсырылған іске жоғары жауапкершілікпен, сүйіспеншілікпен қарауы;

- өз мәдениетін жетілдіріп отыруы;

- педагогтік, психологиялық білімін жетілдірумен қатар,сол білімін күнделікті ісінде шебер пайдалана білуі керек.

Дүние жүзінде ғаламдану үрдісі жүріп жатқандықтан,ақпараттар ағыны көбейеді. Мұғалім қай пәннен сабақ бермесін,ол баланың өмірдің әр саласына қатысты кез келген сұрағына жауап беруге даяр болуы керек.

Жаңа әлемдегі әрбір мұғалімнің алдында білім негіздерін өз бетінше оқып үйренуге оқушыны баулу міндеті тұр. Өзінің оқушысын өз бетінше білім алуға үйретпеген мұғалім түпкі нәтижеге қол жеткізе алмайды. Жан жақты даму үшін балаға мұғалім ғана көмектесе алады.

Физика-оқушылардың ойлау қабілетін қалыптастыратын және дамытатын негізгі буын. Ол оқушылардың интеллектін, логикалық ойлауын және шығармашылық қабілеттерін дамытуға, табиғат заңдылықтарын толығымен түсінуге ықпал жасайды. Оның мақсаты: жаңа ақпараттық дамыған қоғамда оқушыларды белсенді шығармашылық іс-әрекетке дайындау. Бұл мақсатқа жету үшін жаңа ақпараттық технологияларды сабақ беру процесіне пайдалану қажет.

Сондай-ақ түрлі инновациялық технологияларды тиімді пайдалану да физика пәнін оқытуда өз жемісін бермек. Менің өзім оқушылардың белсенділігі мен шығармашылығын қалыптастыруда СТО элементтерін жиі пайдаланып жүрмін. Соның нәтижесінде жыл өткен сайын оқушылардың физика пәніне деген қызығушылықтары артып, пәнді таңдайтын оқушылар саны артып келеді. Бұрын қиын пән ретінде қарастырылып келген физика пәні оқушылар үшін қызықты бола түсуде, олардың белсенділігі артып,өз ойларын ашық айтатын, білуге құштар және техникалық мамандықтар жөнінде көбірек білгісі келетін жастар көбеюде. Бұл нәрсе мені қуантады, әрі маған үлкен міндеттер жүктейді.

Бұл технология оқушыны ең алдымен ұжымдық іс-әрекетке баулиды және өз беттерінше ізденуге кең жол ашады. Мысалы, «сиқырлы қалам» оқушыны тез жауап беруге үйретеді, яғни ой шапшаңдығын арттыруға көмектеседі. Сыныптағы барлық оқушының қамтылуына кеңінен жол ашады. «Сен-маған, мен-саған» әдісі оқушылардың алға ұмтылуына,топты ұятқа қалдырмауға күреске ұмтылдырады.

Жалпы СТО элементтері бұрыннан қалыптасқан оқыту процесін оқып үйренумен алмастырады. Сөйтіп оқушы ізденушіге, мұғалім бағыт берушіге айналып, оқушылардың жеке тұлға ретіндегі өзіндік іс-әрекеттері, өзіндік көзқарастары сабақ процесінде қалыптасып отырады. Оқушылардың сұрақ бере білуі және оған дер кезінде жауап бере білуі олардың ой белсенділіктерін қалыптастырады.

Оқулықпен жұмыс істей білу, бұл да оқушылардың есте сақтау, ой белсенділіктерін арттырудың бірден-бір жолы болып табылады. «Түртіп алу» әдісінде оқушы белгіліден белгісізге қарай көше отырып, сол белгісізді өз бетінше табуға ұмтылады. Өз бетінше өз ойларымен жасалған еңбек оқушыны шыңдайды, есте сақтау қабілетін арттырады.

«Венн диаграммасын» қолдана отырып, оқушы бір нәрсені екінші нәрсемен салыстыруға, олардың өзіндік ерекшеліктерін айқындай білуге дағдыланады. Мысалы, электромагниттік толқындарды механикалық толқындармен салыстырғанда, олардың ортақ қасиеті ретінде олардың энергия тасымалдауы алынса,ал ерекшеліктеріне, электромагниттік толқынның вакуумде де тарала алатыны және әлемдегі ең үлкен жылдамдықпен тарала алатыны айтылады.

«Бес жолдық өлеңді» қолдану бір нәрсе жайлы, қысқа да нақты ақпарат беруге мүмкіндік береді.

Мысалы, электромагниттік толқын-

- көлденең;

- энергия тасымалдайды;

- зарядталған бөлшектердің үдемелі қозғалысы кезінде пайда болады;

- айнымалы электр және магнит өрістерінің кеңістікке таралуы.

Физикада формулаларды есте сақтауда сәйкестік кестесін қолданудың маңызы зор. Кестені толтыруда оқушылар, формулалардағы шамаларды олардың аттарымен сәйкестендіре отырып табуда формулаларды ұзақ есте сақтауға мүмкіндік алады.

«Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет»-деп Елбасы атап көрсеткендей, жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны оқу үрдісіне оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор.

Ең алдымен, интерактивті тақтаны қолдану тиімділігін атап өтер болсақ:

- мұғалімнің жұмысын жеңілдетіп, оқушылардың қызығушылығын тудырады;

- уақытты тиімді қолдануға мүмкіндік береді: бір бетті жазып біткен соң келесі бетке көшуге және оны сақтап қойып, келесі сабақта қолдануға мүмкіндік бар.

- түрлі сызба жұмыстарын ондағы құралдарды тез алып,орындай қоюға болады.

Слайд-фильмдерді, буклеттерді, сабаққа арналған электрондық қосымшаны жасау-мұғалімнің кәсіби шеберлігін арттыратын шығармашылық процесс. Әрине, қазіргі заманғы ақпараттық технологияны қолдану арқылы сабаққа дайындық ізденіске, ақпаратты безендіруге және жүйелеуге көп уақытты талап етеді. Дегенмен, осы атқарылған еңбектер толық сабақтар циклдары түрінде жинақталады және мұғалімнің интеллектуалды байлығы ретінде оқушыларға беріледі.

Физика сабақтарында ақпараттық технологияны тәжірибеде қолданудың үш бағытын айқындауға болады.

1. Жаңа тақырыпты өту барысында.

Әсіресе, ешқандай жағдайда өткізуге мүмкін емес демонстрацияларды, оқушыларға кейбір процестерді, құбылыстарды, олардың өзара қатынастарын түсіндіретін модельдерді жобалауды айта кетуге болады. Мысалы, электр өрісі мен магнит өрісінің графикалық бейнеленуін көрсету.

2. Орындалған тапсырманың дұрыстығын тексеру.

Мысалы, игерілген білім мен дағдылар негізінде физикалық шамалардың бір-біріне тәуелділігін анықтау, сосын орындалған тапсырманы компьютер арқылы тексеру.

3. Оушылардың тарау бойынша алған білімдерін тест арқылы жүйелеу,нақтылау.

XXI ғасырда әлем “ашық ақпараттық» қоғамға айналып отыр. Болашақ білім ошағы-бұл «ақпараттық ғасыр» ордасы.Оның негізі-өз бетінше жетіле алуға қабілетті, жалпы және кәсіби мәдениетті меңгерген бәсекеге қабілетті маман. Жаңа ақпараттық технологиялар, мультимедиалық өнімдер-бұл оқытудың сапасын көтеруге жауапты, білімді жаңа шешімдер таба алатын жаңа тұлғаны тәрбиелеудің бірден-бір жолы.



БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУДА: МАҚСАТ ЖӘНЕ НӘТИЖЕ
Жаукеева М. Б. (Қызылорда)
Білім – құндылық, білім – жүйе,

білім – процесс, білім – нәтиже
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында білім беру жүйесінің басты міндеті ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде және адамды қалыптастыруға және кәсіби шеберлігін шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпаратттандыру, халықаралық, ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көзделген. Бұл міндеттерді шешу үшін мектеп ұжымының, әр мұғалімнің күнделікті ізденісі арқылы барлық жаңалықтармен қайта құру, өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа тәжірибеге, жаңа қарым-қатынасқа өту қажеттілігі туындауда. Білім стандартының жасалынуы, мектептерді жаппай компьютерлендіру, білім мазмұнын байыту жұмыстары сол өзгерістердің куәсі.

Білім дегеніміз – тұлға жетістігі. Мұғалімнің білімін жетілдіру жұмыс жүйесі – нәтижеге бағытталған білім беру кепілі болып табылады.

Қазіргі таңда пәндік білім берудегі нәтижеге бағытталған білім жүйесіне дайындық жасалуда. Нәтижеге бағытталған білім беру сапаны қамтамасыз етудің негізгі факторы болып табылады.

Білім беру сапасын артттыру үшін үнемі ізденісте болу керек, үлкен нәтижеге жетіп отыру қажет.

Білім сапасы дегеніміз – мақсат пен нәтиженің қатынасы. Қазіргі таңда адамзаттың ақпаратты қоғамға қарқынды түрде өтуіне байланысты білім берудің мақсаты – алған білімнің кәсіби дағдылардың негізінде өмірдің өзгермелі жағдайларында еркін бағдарлай алатын, өзінің алған білімін өз өмірінде қолдануға, өзін-өзі дамытуға және адамгершілік тұрғыда өз бетінше дұрыс, жауапты шешім қабылдауға қабілетті тұлға қалыптастыру болып отыр. Соған сәйкес білім сапасы оның төрт сипатының білім – құндылық, білім – жүйе, білім – процесс, білім – нәтиже біртұтастығын ескере отырып, олардың ішінде білімнің құндылық ретіндегі және білімнің нәтиже ретіндегі сипатына мән берумен тікелей байланыста қарастырылады.

XXI ғасырдағы әлемдік және қазақстандық білім беру жүйесі дамуының негізгі басымдықтары мынадай болып табылады:



біріншіден – білім сапасын арттыру; мемлекеттік тіл, жаратылыстану – математикалық техникалық пәндерді, шет тілдерді оқыту сапасын жақсарту

екіншіден – білімді ақпараттық-коммуникациялық технологияларды тиімді қолдану, жаңа технологияларды жасау және тарату, инновацияларды өрістету және ынталандыру

үшіншіден – оқыту, жұмыс орнын дайындау

төртіншіден – оқытушылардың білімі мен біліктілігін жетілдіру

бесіншіден – қоғамдық ресурстарды, сондай-ақ білімдегі инвестицияларды біріктіретін сектор аралық қатынастарды тиімді қолдану және т.б. Мұғалімдердің үздіксіз білімділігін арттыру жолдары бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Себебі жеке тұлғаға әлемдік деңгейде білім беру, білім, білік, дағды қағидасын басшылыққа ала отырып, бәсекеге қабілетті тұлға даярлап, нәтижеге бағытталған білім беру – ұстаздар құзырлығының негізгі көзі.

Қай заманда, қай дәуірде болмасын білім мен ғылым – қоғамның қозғаушы дамытушы күші.

Әсіресе, тәуелсіздік жылдарында білім мен ғылым сапасы өркендеу үстінде екені анық. Осы орайда Ел Президентінің өз Жолдауында «Білім беру жүйесін реформалаудың негізгі мақсаты білім сапасын жаңарту мен ұлттық білім беру жүесінің бәсекегеқабілеттілігін арттыру» деп нақты көрсетуі сондықтан.Бүгінде осы қағидаларды жүзеге асыру мақсатындағы жұмыста- рымыз білімнің тиімді әрі бәсекеге қабілетті жүйесін қалыптастыруға бағытталуға тиіс.

Сапалы білім беру мына бағыттар арқылы жүреді:



  1. Сапалы білім мазмұнын қамтамасыз ету. Оқу жоспары мен оқу-әдістемелік материалдардың сәйкестігін сақтау.

  2. Білім беру үрдісін сапалы ұйымдастыру. Білім беру сапасын арттыру мақсатында оқытудың түрлі әдістерін тиімді қолдану .

Осы аталған бағыттар бойынша білім беруді оқушылардың білу, орындай алу, бірігіп жұмыс жасау, жеке тұлға ретінде өзін сезіну, өзін және қоғамды өзгертуге негіздеу. Білім беру үрдісін дәстүрлі пәндер шеңберінен тысқары, оқушылардың сұранысына,олардың ерекшелігіне, жеке басына бағыттау.

  1. Кәсіби білікті, білім беруге, нәтижеге жетуге ынтасы мол, қызығушылығы бар педагогтар қауымын қалыптастыру, мұғалімдерді әлеуметтік қорғау, кәсіби өсуіне жағдай жасау, мүмкіндік тудыру.

Қазіргі қоғамға қажетті адамдар салалары:

– алған білімді пайдаланып, проблеманы шеше алатын, оның шешу жолдарын іздестіретін,



  • шығармашылықпен ойлап өзіне-өзі сын көзбен қарайтын,

  • ақпарат көзімен жұмыс істей отырып, қажеттіліктерін пайдалана алатын,

  • өмір өзгерістеріне оңай бейімделіп, қоғамнан өмір бойы өз орнын таба алатын мектеп - өз түлегін осы салаларды бойына игерілетіндей етіп дайындауы тиіс.

Сабақтың сапасы жоғары әрі оның нәтижесінің жақсы болуы – сабақтың ғылыми тұрғыдан, теориялық жағынан жоғары дәрежеде өтуіне тығыз байланысты.

Тиімді әдіс-тісілдерді қолдану арқылы сабақтың сапасын арттыруға көңіл бөлу керек. Жаңа технология үрдістерінің талабы – оқушыға білім беруде мақсатқа жету, оқушының іс-әрекеті арқылы ойлау дағдыларын, таным белсенділігін арттыра отырып, сабақтағы үш біріккен мақсатты жүзеге асыруға қол жеткізу. Оқушыларға сапалы білім беру жолында оқыту әдісін жетілдіру – мұғалімнің басты міндетінің бірі.

Оқушылар дүниетанымының қалыптасуы мен ақыл ойының дамуы өтілген сабақтың сапасына тікелей байланысты.

- Қазіргі таңда білім саласында жүргізіліп жатқан реформаның басты мақсаты ой-өрісі кең, шығармашылықпен жұмыс істей алатын, дүние танымы жоғары жеке тұлға тәрбиелеу. Сонымен уақыт талабы – шәкірт білімінің тереңдігі.

Білім беруде нәтижеге бағыттауға көшу қазіргі өмірдің талабынан туындап отыр. Өйткені, еліміздегі саяси, мәдени, экономикалық жағдайлардың өсуіне байланысты көптеген мамандықтардың заманға сай компьютерлік технология мен жалпы технологияландыру үрдісі арқылы оларды даярлау қаралуда. Нәтижеге бағытталған білім беру – жаңа үрдіс ретінде түрліше сипатталуы мүмкін. Себебі оның көпқырлы және зерттеудің әдіснамалық бағыт-бағдары іс-әрекеттік, әрі жеке тұлғалық көзқарас тұрғысынан негіздеуді қажет етеді. Нәтижеге бағыттталған білім беру оқытудың мақсатын мүдделі түрде анықтайды.

Мұғалім мүдделі мақсат бойынша білім беруді шығармашылықпен іске асыруы керек, ал оқушының іс-әрекеті құзырлы болуы қажет.

Еңбек процесінде технологиялық әдістер мен жұмыс жасайтын мамандықтарға қажеттіліктің өсуі себебінен мектептегі математикалық білім берудің мазмұны мен оны оқыту әдістерін нәтижеге бағыттаудың маңызы зор. Нәтижеге бағытталған математикалық білім беру оқытудың мақсатын мүдделі түрде анықтайды.

Мемлекеттің қазіргі таңда білім беру сапасына қойып отырған талаптарының бірі – білімді нәтижеге бағыттау. Осыған орай математикалық білім беруді шығармашылықпен іске асыру керек.

Оқу процесінің төзімділігі ең алдымен оқушылардың белсенділігі мен танымдық ізденісіне қатысты. Сондықтан мен өзімнің педагогикалық жұмысымда сабақ жүргізудің негізгі тәсілі оқушылардың тікелей өзара қатынасынан туатын интерактивті әдістерді және профессор Ж.А.Қараев насихаттап жүрген жаңа оқыту технологиясын іс-тәжірибеме енгізіп жүрмін.

Бұл технологияның ерекшелігі – терең білім алу арқылы баланың дамуын қолдау болып табылады. Саралап деңгейлеп оқыту педагогикалық технологиясы мен оқушының белсенділігін арттыру әдісін қатар жүргізу арқылы әр оқушының өз бетінше жұмыс жасауына толық мүмкіндік беруге болады.

Деңгейлеп саралау – оқушылардың бір сыныпта, бір бағдарлама және бір оқулықпен оқу материалын түрлі деңгейде меңгеруі. 1-деңгейдің тапсырмаларын орындап, үлгерген оқушыларға қалауы бойынша 2-3 деңгейлік тапсырмаларды орындау тапсырылады.

Нәтжесінде, оқушылардың табиғи қабілеттері мен дарындылық қасиеттерінің ашылуына және оқытудағы әртүрлі проблемалардың шешілуіне жақсы жағдай жасалады.

Мұғалім шеберлігін шыңдауда әртүрлі әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалануға болады. Осы мақсаттарды жүзеге асырғанда оқушының пәнге деген қызығушылығы артады. Сөйтіп, оқушылардың танымдық белсенділігін жетілдіруге болады.

С.Д.Пуассон: «Екі нәрсе ғана өмірдің сәнін келтіреді: бірі – математикамен шұғылдану, екіншісі – одан сабақ беру» дегендей, сабақтың басты белгісі жоспар құру, жоспарды жүзеге асыру, жақсы нәтижелерге жету.

Мен өзім сабақ беретін сыныптарда математикадан деңгейлеп саралап оқыту технологиясын, көбінесе оқушылардың қызығушылығын арттыру, білім деңгейінің көтерілуіне ықпал жасау мақсатында сабақтарымды ойын түрінде интерактивті тақтамен өткіземін.

Менің негізгі мақсатым – оқушылардың ойлау қабілетін, ой-өрісін дамытып өздігінен шығармашылықпен жұмыс істеуге баулу.

Нәтижеге бағытталған тиімді оқытудың басты бағыты – оқушыға және оның өміріне тікелей қатысты және сұранысына өте мәнді құндылыққа бағдарлауды қалыптастыратын білім мен білікті іріктейді.

Оқыту үрдісінде жаңа технология түрлерін кеңінен ендіру немесе элементтерін пайдалану әрбір мұғалімнің нәтижеге жетуінің бірден-бір себебі болып табылады.

Егемен Қазақстанның келешегі бүгінгі оқушылар, дүние жүзінде білім деңгейінде қалыптасқан азамат, білімді жан-жақты тұлға – біздің болашағымыздың жарқын кепілі.


  • Білім теңдессіз қазына.

  • Білімдінің қолында – алтын шырақ.

  • Білім сапасы – бәсекелестік кепілі.

  • Әлемдік білім: талап пен тағылым деген теңеу сөздердің мәні зор.

Әдебиеттер

  1. Ж. Қараев Білім беру процесіндег танымдық әрекеттің белсенділігі.

  2. Қазақстан мектебі журналы №11 №2009ж

  3. Математика және физика №2 2005ж

  4. Қазақстан Республикасының Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы



АЛЛЮЗИИ ВОСТОКА В РУССКОЙ ЛИТЕРАТУРЕ КАК ПРИМЕРДУХОВНОГО ВЗАИМОПРОНИКНОВЕНИЯ РАЗНЫХ ЭТНОКУЛЬТУР
Жиенгазина А.О. (Актобе)
Исследователи в области теории интертекстуальности уделяют значительное внимание роли текстовых включений-интертекстов (аллюзий), способствующих построению вертикального контекста.

Аллюзии, несущие информацию о предшествующем тексте, предполагают двойную дешифровку: декодирование их как кванта информации и как вида скрытого смысла.

Аллюзия является формой реализации культурной памяти человечества и играет важную роль в стилистическом и эстетическом восприятии текста. Она неизменно несет в себе некий скрытый смысл, который должен быть декодирован читателем. Этот зашифрованный в аллюзии скрытый смысл заключает в себе информацию о текстах или событиях, хронологически предшествующих данному тексту и является его хронотипом.

Таким образом, аллюзия одновременно является видом скрытого смысла и маркером интертекстуальности, а также подразумевает разные виды скрытого смысла: импликации, пресуппозиции, подтекста, намека и умолчания. Декодирование аллюзивного скрытого смысла заставляет читателя не только выявить наличие связи двух текстов, но и определить объем подразумеваемой информации, заложенной в аллюзии [1].

Интертекстуальные включения восточных мотивов можно наблюдать еще у В.А. Жуковского, который проявлял большой интерес к классической литературе Востока. Интерес поэта к Востоку эволюционировал от восхищения «безобразным», по выражению Пушкина, восточным слогом Мура к реализации таких сложных в художественном смысле задач, как создание русских вариантов известных эпических произведений Востока «Наль и Дамаянти» и «Рустем и Зораб». Обращаясь к последнему Жуковский В.А. поэт завершает его в 1848 году. Это один из его обширных трудов — перевод эпической поэмы Рустема и Зораба.

А ранее, в начале 1842 г. он оканчивает перевод поэмы «Наль и Дамаянти», начатой еще в предыдущем году по немецким переводам Рюккерта и Боппа. Наль и Дамаянти - один из популярнейших индийских сюжетов, многократно подвергавшийся литературной переработке в Европе, в том числе и в России. Самое же известное переложение принадлежит В. А. Жуковскому [2].

Согласно сюжету Дамаянти (в индуистской мифологии персонаж «Махабхараты», царевна Видарбхи) и Наль (Нала) впервые встретившиеся во время сваямвары (один из брачных обрядов древней Индии, при котором девушка сама выбирает жениха) и полюбившие друг друга, проходят через жизненное испытание - через несколько лет счастливого супружества Наль проиграл жену в кости Юдхиштхире (в индуистской мифологии герой «Махабхараты» идеальный воин, старший брат из семьиПандавов) и нищим уходит в изгнание.Дамаянти следует за ним, но Наль бросает ее в лесу, чтобы она не терпела лишения. Змеиный укус превращает Наля в уродливого карлика и в таком виде он поступает на службу к царю Ритупарне, который обучает Наля игре в кости. Дамаянти возвращается домой и свято хранит верность мужу, несмотря на все обиды. Надеясь на встречу с ним, назначает вторую сваямвару, на которой узнает мужа в новом облике и выбирает его. Наль принимает прежний облик, а затем отыгрывает свое царство [3].

Среди интертекстуальных включений Востока в русской литературе разных периодов опять встречаем обращение к образу божественной возлюбленной Дамаянти уже в ХХ веке в стихотворении Н. Гумилева «Ислам (О.Н. Высотской)». Здесь этот образ, по всей видимости, функционирует как противопоставление «истинного» «ложному» в контексте веры:

В ночном кафе мы молча пили кьянти,

Когда вошел, спросивши шерри-бренди,

Высокий и седеющий эффенди,

Враг злейший христиан на всем Леванте.

И я ему заметил: — «Перестаньте,

Мой друг, презрительного корчить денди,

В тот час, когда быть может, по легенде

В зеленый сумрак входит Дамаянти»… [4]

Интерес русских авторов привлекают и религии, в частности — христианство и ислам, причем не как конфессиональные образования, а как универсальная форма мысли и исток поэтического вдохновения. Тенденция к увеличению переведенного «восточного» материала, кор­респондирующего с исламом в русской литературе стала заметна уже в XVIII веке, когда появились первые переводы Саади (умеющего «развлекать наставляя и наставлять развлекая»).

И хотя стремление к осмыслению мусульманской культуры в литературе этого периода не носит устойчивый характер, а является редким «прозрением» некоторых авторов, тем не менее, внимание читателя заслуживают некоторые произведения русских авторов, как, например, турецкая сказка М.Ю.Лермонтова «Ашик-Кериб», написанная в контексте мусульманской эзотерической традиции, подтверждает истину о Лермонтове мыслящим себя на стыке разнородных языковых потоков и культурных традиций»[1].

Мусульманские мотивы в творчества М.Ю. Лермонтова следует поместить в комплекс философско-символических, имеющих особую «структурно-содержательную градацию»: с одной стороны, обобщенно-мировоззренческий смысл задан самим опорным понятием (странничество, восток, судьба, книга); философско-символическая репрезентативность других, как конкретных элементов поэтики или поэтического иносказания; общие для всего творчества Лермонтова мотивы земли и неба, сна, игры и пути (например, в связи с этим:«Жалобы турка», «Испанцы», «Кинжал», «Спор», «Измаил-Бей», «Выхожу один я на дорогу», «Небо и звезды», «Мой дом», «Аул Бастунджи», «Хаджи Абрек», «Две невольницы», «Дары Терека», «Три пальмы», «Валерик»).

Лермонтовский перевод турецкой сказки «Ашик-Кериб» датируется 1837 годом. В основу произведения легла традиционная для Средней Азии, Ближнего Востока и Закавказья композиционная схема, включающая мотивы обещания вечной любви, его нарушения вследствие трагического стечения обстоятельств, странствия, волшебства, возвращения, переодевания и узнавания, а также частично — мотив соединения влюбленных, преодолевающих все опасности на пути друг к другу.

Услышанная в 1837 году от М.Ф. Ахундова, дававшего Лермонтову уроки «татарского» (азербайджанского) языка, эта сказка функционирует как стилизованное «под Восток» произведение, со свойственной восточной стилистикой, именами и понятиями: ага (господин), ана (мать), сааз (балалайка), гёрурсез (узнаете), восклицаниями «о всемогущий аллах!» и т.п.

Здесь восточные элементы не создают самостоятельную систему элементов, через которую осуществляется выход в символическое и философское пространство. Но если допустить самостоятельную ценность текста Лермонтова и причастность его к осмыслению художественного мира сказки, ее образно-символической системы, то осуществленная проекция данного текста на традицию поэтики персидской и тюркской суфийской литературы заставляет по-новому оценить некоторые текстовые данности. В частности, это касается имени главного героя — Ашик-Кериба, образа всадника на белом коне — Хадерилиаза, и мотивов судьбы и чудесного прозрения.

Декодирование аллюзивного скрытого смысла и, в частности, аллюзивного антропонима передает не весь объем возможных ассоциаций с прецедентным текстом, но только те из них, которые являются контекстуально обусловленными. В данном произведении имя «Ашик-Кериб» восходит к двум арабским словам: «ашик» означает «влюбленный», второе именование любого дервиша, а «кериб» — «чужестранец», «гарип», каким именовал себя Афанасий Никитин в мусульманской Индии.

Получившееся таким образом сочетание отнюдь не сводится к невнятному «влюбленный чужестранец»: согласно приемам суфийской поэтики имя центрального персонажа «турецкой сказки» является лишь способом введения в символический подтекст произведения.

Центральная сюжетная линия сказки - любовь Ашик-Кериба и Магуль-Мегери, которая разворачивается в соответствие с нарративной стратегией суфийской поэтики.

Интересно отметить, что композиционные схемы подобного рода в западной литературоведческой традиции воспринимались как «примитивные», поскольку «здесь нет описания любовного томления, нет акцента на сознательном усилии воображения, оживляющем образ возлюбленной в мыслях влюбленного». Такой взгляд на данное произведение, действительно, делает любовную линию слишком упрощенной: Ашик-Кериб отправляется в дальние края заработать денег на свадьбу со своей возлюбленной Магуль-Мегери. На прощание они условливаются, что если в назначенный срок Ашик не вернется, она выйдет за другого. Разбогатев на чужбине, Ашик забывает о своем слове, и только напоминание самой Магуль-Мегери при помощи золотого блюда и чудесная помощь всадника на белом коне помогают ему воссоединиться с любимой. Понятно, что не только факт, но время этого события были очевидны заранее.

Каким же образом имя «Ашик-Кериб» и сюжетная линия текста создают возможность выхода в символический подтекст? Прежде всего, наличествует любовь, связанная с ситуацией разлуки: это один из главных моментов почти любого суфийского текста. Любовь трактуется как «судьба»: мотивы фатализма объясняют не только сюжетный конфликт (вынужденная разлука), но и его счастливое разрешение. Любовь - основная движущая сила сюжета и основная движущая сила жизни — ради нее совершается всякий поступок персонажей.

В сказке Ашик-Кериб уходит в мир «чужих» и является там «гарипом» до тех пор, пока не наступает предрешенный момент реализации обещания (завета): так всякий человек, в соответствие с концепцией человека в исламе, является «гарипом» в этой жизни, «гарипство» во многом обуславливает человеческое поведение: ожидание возвращения, которое произойдет не просто так, а с «почестями», соответствующими тому, кто сохранил «завет» (код «праведника» в христианстве, иудаизме и исламе).

Чудесные перемещения Ашик-Кериба в пространстве, исцеление слепоты (естественный выход в подтекст — «духовной слепоты») матери героя, ряд «восточных» трансформаций в мотиве «летающего намазлыка» (коврика), а также совершение намаза, приравненное к «духовному путешествию» и полеты «с горы в ущелья, из ущелья на гору» следует трактовать в психологическом ключе как динамику состояний «удаления — приближения», «опьянение — отрезвление», а мотив «плясуна на канате» - проекция на образ Аль-Сирата - тончайшего моста над пропастью, через который попытается пройти всякий, желающий попасть в рай.

Разумеется, в пути человек не оставлен в полном одиночестве (в этом смысле абсолютное одиночество героев Лермонтова прочитывается как ожидание разрушения этого одиночества некоей неведомой силой): «Высший судия» расставляет на пути знаки, способствующие припоминанию (золотое блюдо), посылает пророков и наделяет прозрением бытия поэтов (музыкантов). То, что человек действительно вспомнил («вернулся душой») требует дополнительных испытаний и чудес (прозрение матери Ашика).

Сверхъестественное поведение персонажа объясняется чудесной встречей с таинственным всадником на белом коне Хадерилиязом. Фраза же героя: «Дай бог, чтобы я стал жертвою белого коня», на первый взгляд, - реализация мироощущения многих рефлектирующих лермонтовских персонажей, обреченных на смерть или безумие, как свидетельство слабости, шаткости жизненного положения и абсолютизированного одиночества. Но может имеет место и нечто противоположное: «стать жертвой белого коня» значит испытать насильственную, но благую трансформацию (ср. «Пророк» А.С. Пушкина), в результате которой через новый взгляд формируется новое ощущение бытия.

Значение этого произведения для русской литературы велико в том плане, что многие мотивы творчества М.Ю.Лермонтова эксплицитно связываются, с одной стороны, с мусульманской философией (неотвратимость судьбы, прозрение бытия, странничество, демоническая тема, любовь), а с другой - с самой семиосферой русской культуры, со времен Средневековья содержащей большое количество мусульманских кодов [5].

В заключение процитируем слова русского мыслителя и публициста Чаадаева П.Я, который признавая огромное духовное значение европейской традиции и высочайшую ценность культурного творчества народов Запада, тем не менее, обращает свое внимание на Восток, как историческую память и исток русской культуры: "Мы принадлежим к нациям, которые, кажется, не составляют еще необходимой части человечества, а существуют для того, чтобы со временем преподать какой-либо великий урок миру... Все народы Европы выработали определенные идеи. Это — идеи долга, закона, правды, порядка, И они составляют не только историю Европы, но ее атмосферу. Это более, чем история, более психология: это физиология европейца. Чем вы замените все это?.. Силлогизм Запада нам неизвестен. В наших лучших головах есть что-то большее, чем неосновательность. Лучшие идеи, от недостатка связи и последовательности, как бесплодные призраки цепенеют в нашем мозгу... По нашему местному положению между Востоком и Западом, опираясь одним локтем на Китай, другим на Германию, мы должны бы соединять в себе два великие начала разумения: воображение и рассудок, должны бы совмещать в нашем гражданственном образовании историю всего мира. Но не таково предназначение, павшее на нашу долю... Чему нам завидовать на Западе? Его религиозным войнам, его папе, его рыцарству, его инквизиции? Хорошие все это вещи, — нечего сказать! И разве, в самом деле, Запад является родиной науки и глубокой мудрости? Всякий знает, что родина всего этого — Восток. Возвратимся же к этому Востоку, с которым мы соприкасаемся повсеместно, откуда мы восприняли некогда наши верования, наши законы, наши добродетели, словом, все, что сделало нас могущественнейшим народом на земле. Старый Восток отходит в вечность, и разве не мы его законные наследники? Среди нас должны жить всегда его чудесные традиции, осуществляться все его великие и таинственные истины, хранение которых ему было завещано от начала веков..." [6].

Литература

1. Лингвистическая энциклопедия (Аллюзии.Интертекст. Гипертекст).

2.Архангельский А. С. Жуковский (Статья). Энциклопедический словарь Брокгауза и Ефрона» (1890 –1907).

3. Махабхарата - эпос народов Индии. Москва. Провсещение, 1982.

4. Н.Гумилева «Ислам" (посв.О.Н.Высотской). Статья. www. ej-deja-vu

5. Алексеев П.В. Турецкая сказка М.Ю. Лермонтова «Ашик-Кериб» в контексте мусульманской эзотерической традиции. Статья. www. ej-deja-vu

6. Богучарский В. Чаадаев П.Я. (Статья). Энциклопедический словарь Брокгауза и Ефрона» (1890 –1907).

МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУДА ИНТЕРАКТИВТІ ТАҚТАНЫ ҚОЛДАНУ ТӘСІЛДЕРІ
Жұмағалиева А. Т.(Ақтөбе)
ХХІ ғасыр - қатаң бәсеке ғасыры. Елбасымыз халыққа арналған жолдауында «ХХІ ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық» деген болатын. [1]

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және азаматтық құндылықтар мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желіге шығу» - делінген [2].

Қашан да білімді ұрпақ - болашағымыздың кепілі. Егеменді еліміздің тағдыры - жас ұрпақтың тағдыры - бүгінгі ұстаздардың қолында. Қазіргі мектепте шығармашылық ізденіс қабілеті дамыған, жаңа педагогикалық технологияларды жете меңгерген мамандық шеберлігі қалыптасқан мұғалім қажет. Ол бір мезгілде әрі педагог, әрі психолог және оқу үрдісін ұйымдастырушы технолог бола білуі тиіс.

ХХІ ғасыр - бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі, айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне мұқият қарайтын дәуір.

БҰҰ ның шешімімен «ХХІ ғасыр - ақпараттандыру ғасыры» деп аталды. ҚР ғылыми - техникалық прогрестің негізгі белгісі - қоғамды ақпараттандыру болатын жаңа кезеңге енді.

Бүгінгі күні инновациялық тәсілдер мен ақпараттық технологияларды қолдану арқылы оқушының ойлау қабілетін, ізденушілігін дамытып, қызығуын тудыру, белсенділігін арттыру - ең негізгі мақсат болып табылады.



Математиканы оқытуда интерактивті тақтаны қолдану тәсілдері

Мақсаты:Мұғалімнің сабақ беру барысында оқыту тәсілдері мен дағды қалыптастыру жолдары, интерактивті тақтамен оқушылардың жұмыс жүргізуі және интерактивті тақтаның тиімділігі мен артықшылық мүмкіндіктеріне көз жеткізу.

ҚР білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының басым бағыттарының бірі - білім беру ұйымдарын электрондық оқыту жүйесіне енгізу. /e-learning/. «Оқушы автоматтандырылған жүйеде жеке портфолиосын, күнтізбесін, күнделігін» жүргізеді. Мұғалім күнтізбелік –тақырыптық жоспары бар электрондық дәптерді, сынып журналын, хабарландыруларды т с с бар мәліметтер, ДК арқылы енгізіледі. Электрондық оқыту жүйесінің негізгі мақсаты білім беру ұйымдары қызметкерлеріне үздік білім беру ресурстары мен технологияларына қол жеткізуді қамтамасыз етуге негізделген болса, міндеті – оқу-тәрбие үрдісін автоматтандыру болып табылады. Аталған міндетті шешу үшін оқу –тәрбие үдерісіне қатысушылардың қызметін автоматтандыру қажет. Білім беруді ақпараттандырудың негізгі мақсаты ҚР біртұтас білімдік ақпараттық ортаны құру болып табылады. [3]

Ақпараттық технологиялардың бірі – интерактивтік тақта, мультимедиялық және он-лайн сабақтары.

Жаңа ақпараттық технологияның негізгі ерекшелігі – бұл оқушыларға өз бетімен немесе бірлескен түрде шығармашылық жұмыспен шұғылдануға, ізденуге, өз жұмысының нәтижесін көріп, өз өзіне сын көзбен қарауына және жеткен жетістігінен ләззат алуға мүмкіндік береді. Ол үшін мұғалім өткізетін сабағының түрін дұрыс таңдай білуі қажет [4].

Математика сабағындатақтаныңкейбірқолдануәдістері:

•Мультимедиа презентацияларынұсыну;

•Ауызшаесептеулердіжүргізу;

•Ақпараттыбіртіндепберілуі;

•Формула, мәтін, тапсырмалардағы бос орындарытолтырылуы;

•Цифр, сөз, сан немесесуретті жылжытуарқылыкеректіобъекттерменөзараәрекеттесу, байланыстыру;

•Дайынколлекциядағысуреттеркадрларынқиыстыру(кесте, графика, сызықтықағаз, нышандар, иллюстрация, координаталаржүйесi, сызғыш, схема және т. б.) ;

Интерактивті тақтамен жұмыс жасау тәжірибесі стереометрия сабақтарында функциялар мен олардың графиктеріне арналған алгебра сабақтарында, сонымен қатар, мектеп оқулықтарынан тыс (мысалы, «Параметрлі теңдеулер мен теңсіздіктерді шешу», «Модулі бар теңдеулер мен теңсіздіктерді шешу», «Жоғары дәрежелі теңдеулерді шешу») сабақтарда техникалық құралдарды қолдану анағұрлым сапалы екенін көрсетті. 7-9 сыныптарда геометрияны оқытуда интерактивті тақтаны пайдалану сабақтың сапасын арттыруға ықпалын тигізеді. Бірнеше тақырыпты мысал ете отырып, сабақтың сапасын арттыруға ықпал ететін жағдайларды қарастырайық.

Алгебра. Тақырыбы: «Иррационал теңдеулер мен теңсіздіктерді шешу»


  1. Үй жұмысын тексеру.

Үй жұмысын сканер арқылы тексереді, оқушы жұмысы сканерден өткізіліп, тақтаға шығарылады, оқушы өз жауабын түсіндіреді.

  1. Жаңа сабақты түсіндіру. Бұл тақырып Ә.Н.Шыныбековтың «Алгебра», «Атамұра», 2003 ж оқулығында берілген тақырып толық қамтылмағандықтан, конспект түрінде беру керек.

Берілген материал оқушыларға баспа түрінде беріледі (оқушы анықтамалығы құрылады, негізгі формулалар, шешу тәсілдері, түсіндірме мысалдар құрастырылады). Мұғалім тақтаға үлестірілетін материалдарды түсіндіреді, оқушы назарын негізгі маңызды кезеңдерге аударып, оқушылар сұрақтарына жауап береді. (Басылған материал тақтаға түсіріледі).

  1. Материалды алғашқы қолдану.

Материалды пысықтау үшін түрлі мысалдарды қолдану керек. Бұл үшін мысалдарды іріктеп, басып шығарып, тақтаға алдын-ала дайын шартын ұсынуға болады.

  1. Материалды бекіту, оқушының өз бетімен жұмыстары.

  2. Үй тапсырмасын беру

Оқушыларға ортақ тапсырма ғана емес, жекелеген тапсырмалар беріледі.

Сонымен қатар, компьютерде Excel бағдарламасында дайындалған тест тапсырмаларын орындау. Тест аяқталған соң бағдарламаның өзі оқушының білімін бағалайды және нәтижені экран бетіне шығарады.[6]



Қорытынды

Сонымен, интерактивті тақта оқушылардың ойын бір ортаға жинақтап, қажет ақпаратты өңдеу арқылы жалпыланған ақпараттық біліктілікті қалыптастыратын тиімді құрал болып табылады.

«Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деп, Елбасы атап көрсеткендей жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны оқу үрдісінде оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы өте зор.

ҚАЗІРГІ МЕКТЕПТЕ ЖАҢА ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ПАТРИОТИЗМ ТӘРБИЕЛЕУ

МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН МҮМКІНДІКТЕРІ
Жумашева Қ.Қ. (Ақтөбе)
Патриоттық тәрбие –барлық тәрбие бастауы. Отан дегеніміз - халық. Халық дегеніміз - адам. Патриоттық сезімнің нысаны мен қайнар көзі — Отан.

Патриоттық сезім отбасынан басталады. Өкінішке орай нарықтық қатынастардың кеңінен орын алуы, ересектердің тәрбиеге жеткіліксіз көңіл бөлуі ата-аналардың уақытының жетіспеушілігі мен қолдарының тимеуі отбасындағы балалар тәрбиесінің рөлін түсірді. Әрине мұндай жағдайларды өзінің ескі арнасын жоғалтқан патриоттық отансүйгіштік сезімдерді қалыптастыру мен тәрбиелеудің жаңа жолға оңайлықпен түсіп кете алмауы анық. Одан шығудың басты жолы-қазіргі білім беріп отырған мектептерде білім мен тәрбие беруге ерекше көңіл бөлу керек.

Қазіргі мектепте патриоттық сананы қоғамдық өмірде бекітетін - білім ордасы. Мектептің көмегімен патриоттық сана қоғамдық өмірге бекітіліп, мемлекет тарапынан қолдауға және бағдарлауға ие болады. Балалар қоғамның әлеуметтік құрылымында ерекше орын алады. Ендеше, қазіргі мектеп оқушылары өздерінің тұлғалық кәсіби нығаюға бет алуының жоғары деңгейі мен шығармашылық потенциалы мен Қазақстанның әлеуметтік жаңғыру процесіне шынайы іс жүзінде қатысуға деген белсенді қызығушылығымен ерекшеленуі тиіс. Олар еліміздің әлеуметтік саяси, экономикалық және мәдени дамуының анықтаушы күші де болып табылады. Олай болса мектеп оқушыларының тұрмысы мен болмысына, тәлімі мен тағылымына үстірт қарауға болмайды

Бұл туралы Президент Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуына қатысты жақында жазылған Бағдарламалық тапсырмалық мақаласында ерекше ескерте келіп: «Мен жас ұрпақтың ел болашағы үшін маңызын атап көрсетіп келдім және атап көрсете беремін деген болатын. Мемлекет әрбір жас адамның өз еліне міндетті түрде қажет болу үшін бәрін де жасайды»-деген болатын. Осы ұстанымды басшылыққа алатын болсақ, бізге, мектептер ұстаздарына, тек оқу және оқыту процестерін төңіректемей, оқушылар болмысына әсер ететін құбылыстарды тұтастыра қарағанымыз жөн. Мектеп оқушыларын азаматтылық патриотизм, еліміздің қарқынды сатылап дамуы идеяларының рухында тәрбиелеу. Қазіргі кезеңде патриотизм тақырыбы, оның ішінде қазақстандық патриотизм мәселесі қоғамдық мемлекеттік, саяси, рухани тақырыптардың өзегіне айналуда. Қазақстан Республикасының президенті Қазақстан халқына жолдауында «Оқыту үрдісінің тәрбиелік құрамдасын күшейту қажеттілігін ерекше ескерткен».

Олардың ең бастыларының қатарында «патриотизм, мораль мен парасаттылық нормалары, ұлтаралық келісім тәннің де, жанның дамуы, заңға мойынұсынушылық» аталып өткен. Қазіргі мектепте жаңа қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу идеясы мектеп оқушыларына білім мен тәрбие берудің барлық бағдарламаларынан көрініс табуы тиіс. Мектепте патриотизмге тәрбиелеудің ұзақ мерзімді мақсаты-балаларды біріктіру, оқушыларға тәуелсіздіктің құндылықтары мен жетістіктерін ұғындыру. Оларды мемлекеттік рәміздер мен идеология төңірегінде топтастыру. Бұл ұзақ мерзімді мақсат. Оған қол жеткізудің басты жолы – бірлік, өзара көмек, қайырымдылық. Салмақтылық, орнықтылық, қарапайымдылық, еңбекке қабілеттілік, жауапкершілік патриоттық тәрбиелеу ағымындағы қазіргі заманғы мектептегі шаралардың басты сипаттары. Сондықтан қазақстандық патриотизм мен елдің экономикалың әлеуметімен тығыз байланысты.Әр заманның өзіне тән экономикалық, саяси идеологиялық ерекшелігі болатыны айқын. Сол сияқты бүгінгі күннің мектеп оқушыларының өз талабы, өз ерекшелігі бар.

Елбасы Н.Назарбаевтың 2030 жылға дейінгі стратегиясында Қазақстан азаматтарының денсаулығына білімі мен әлқуатын арттыруға аса көп мән беру керектігі айтылған.

Ел Президентінің жолдауында егер біз ниетімізді байсалды ұстасақ пайымды да, парасатты болсақ өз дамуымыздың ішкі және сыртқы факторларын талдап, таразылай білсек, онда біздің дұрыс жолды таңдап алу мүмкіндігіміз бар делінген. Осы біз қозғап отырған ел қорғайтын саналы да салауатты азамат тәрбиелеу- тек бүгінгі күннің тәрбие мақсаты емес.

Тәуелсіз еліміздің биікте қасиетті ұғымдарының бірі – отансүйгіштік біздің халықты біріктіретін Қазақстанның бірлігі мен жалпы ұлттық идеясының негізі болып табылады. Себебі, азамат, патриот болу үшін батыр немесе асқан ерекше адам болудың қажеті жоқ. Тек өз Отаныңды жеткілікті дәрежеде сүюін, ол үшін, қам жеуің, оның барлық қиындығы мен қуанышын бірге бөлісуін қажет.

Қазіргі мектепте жаңа қазақстандық париотизмге тәрбиелеудің бағыттары мынадай басты мәселелерді көздейді:


  1. Біртұтас түрде оқушының жеке тұлғасына ықпал етудің жүйесін жасау;

  2. Педагогикалық тәжірибедегі мүмкіндіктерді барынша толық қамту;

  3. Әртүрлі пәндерде оқытуда отан үшін мақтаныш сезімін қалыптастыру;

  4. Қоғамдық өмір нормаларын қастерлеу;

  5. Білім алуға деген жауапкершілікті күшейту.

Республика көлемінде де, жекелеген оқу-тәрбие мекемелерін алсақ та патриоттық тақырыпқа байланысты іс-шаралар қазақстандық патриотизмнің заманауи болашағын кешенді түрде қарастыруды талап етеді. Алайда, нақты мақсаттарсыз, жоспарларсыз, жүйеленген міндеттерсіз бүған қол жеткізу мүмкін емес.

Біздің мектептің тәрбие жұмыстарының негізгі мақсаты: рухани дүниесі бай, денсаулығы мықты, жоғары азаматтылығы гуманизммен ұштасқан, әлеуметтік тұрғыда белсенді, бастамашыл, шығармашылықты, инновациялық, әлеуметтік-мәдени өзгерістерге қабілетті XXI ғасырға лайықты, елін сүйген патриот тұлға қалыптастыру мен дамытуға жағдайлар жасау. Тәрбие қызметіміздің басты міндеті: оқушылардың рухын көтеруге бағытталған, жеке тұлғаның рухани және шығармашылықты үздіксіз дамуына, өзін-өзі дамытуына, кәсібилік, бәсекеге қабілеттілік, сыни көзқарас пен ойлаудың стандартты емес үлгілерінің болуына, белсенді жасампаздық бастау, тағы да басқа адами ұстанымдарды қалыптастыратын тәрбие беру жүйесі мен тәрбиелік ортаны құру мен қолдау. Аталған міндеттер мен мақсаттар болашақ оқушылар бойында рухты қалыптастыруға; мектептік қауымдастықпен бірлесу сезіміне тэрбиелеуге; мектептің дәстүрлерін құрметтеуге, сақтау мен молайтуға; білім алуға деген жауапкершілікті күшейтуге; азаматтық және патриоттық кұндылықтарды, көзқарастар мен сенімдерді қалыптастыруға; мемлекеттің Рәміздері - Қазақстан Республикасының Елтаңбасын, Туын, Гимнін мақтаныш етіп, оларға құрметпен және қастерлеп қарауға; қоғамдық-саяси сауаттылық негіздерін қалыптастыруға; оқушыларды заңдылықтарды, қоғамдық және ұжым өмірінің нормаларын құрметтеу рухында тәрбиелеуге; ұлтымыздың өткені мен мәдени мұрасына құрмет көрсетуге; Қазақстанда тұратын барлық ұлт өкілдерінің мәдениетіне қарауға; әр түрлі әлеуметтік мәселелерді шешуге және үн қосуға даяр болу сияқты қалыптастырады деген ойдамыз.

Осылардың ішінде біз патриоттық тәрбие мен қоғамдық-саяси сауаттылықты қалыптастыруға басымдылық береміз. Өйткені патриотизм оқушылармен қоғамдық сана негізінде ұғынылуы керек. Оқушылар бойында қоғамдық-саяси сауаттылықтың негіздерін қалыптастыру, олардың заңдылықты, қоғамдық өмір нормаларын қастерлеуге, біздің халқымыздың тарихи өткені мен мәдени мұрасына құрмет көрсету рухында тәрбиелеу егемен, тәуелсіз ел үшін — қажеттілік.

Біздің мектебіміз барлық күш—жігерін әрбір оқушының бойында өз отаны үшін мақтаныш сезімін қалыптастырудың тиімді тәлім-тағылымдық жолдарын қарастыру бағытындағы ізденістерін жалғастыра береді.


Бүгінгі таңдағы ақпараттық қоғам аймағындағы оқушылардың ойлау қабілетін қалыптастыратын және компьютерлік оқыту ісін дамытатын жалпы заңдылықтардан тарайтын педагогикалық технологиялардың тиімділігі жоғары деп есептеймін [5].



Әдебиеттер

  1. ҚР Президентінің жолдауы

  2. Білімзаңы. Алматы, 2007 ж

  3. ҚР білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

  4. С.Т.Мұхаметжанова, Ж.Ә.Жартынова, Интерактивті жабдықтармен жұмыс жасаудың әдіс-тәсілдері. Алматы, 2008ж.

  5. А.Иманбаева, Оқу-тәрбие үрдісін ақпараттандыру ділгірлігі. Қазақстанмектебі, №2, 2000

  6. «Математика және логика» ғылыми әдістемелік журнал. №3-2010 ж.



ДИФФЕРЕНЦИРОВАННЫЙ ПОДХОДВ ОБУЧЕНИИ МАТЕМАТИКИ
Зарыкпанова Б.К.(Актобе)
Дифференцированное обучение по своей структуре понятие многогранное, поэтому мы, на своих уроках вводя элементы дифференцированностипридерживались в основном одной цели обеспечить одинаковый темп продвижения каждого ученика при выполнений самостоятельной работы, т.е. мы исходили из того, чтобы каждый ученик работал в полную меру своих творческих сил, чувствовал уверенность в себе ощущал радость труда, прочно и более сознательно усваивал программный материал.

В учебном процессе индивидуализация обучение – говориться в педагогических энциклопедиях – это организм учебного процесса, при которых выбор способов, приемов, темпа обучения учитывает индивидуальное различие учащихся уровень развития их способность к учению.

Дифференциация учащихся в учебном процессе носит чисто условный характер. Она должна быть гибкой и подвижной, позволяющей учителю в процессе обучения подходить индивидуально каждому ученику и способствовать активизации класса.

Постоянное осуществление на всех этапах учебного процесса, единства требовании ко всем учащимся без учета особенности их индивидуально-психологического развития тормозит их нормальное обучение становится причиной отсутствия учебных интересов и основой для повышения неуспеваемости.

Чтобы организовать продуктивную деятельность учащихся необходимо осуществлять на отдельных этапах уроках дифференцированное обучение. Дифференцированная форма деятельности предлагает деятельность ученика по выполнении общих для всего класса задании без контакта с другими способностями, но в едином темпе для всех.


  1. Дифференцированный подход ко всей группе учащихся, отстающих по предмету, основанный на знание типичных черт учебно – познавательной деятельности группы слабоуспевающих учеников. (Наличие пробелов в знание, умениях, навыках, слабая воля, неуверенность в своих силах, потребность в получении помощи и т.д.)

  2. Дифференцированный подход к подгруппам слабоуспевающих школьников, имеющий единый комплекс доминирующих причин отставание в учении.

Такими доминантами являются в большинстве случаев пробелы в навыках учебной деятельности.

Положительный эффект индивидуальных заданий несомненно. Ведь в нем нужно учесть особенности каждого ученика.

Используя в учебном процессе элементы новых педагогических технологий, успешно сочетать старые традиционные методы и формы занятий с современными. Умственная деятельность всегда ведет к усталости и падению работоспособности. А это влияет на качество усвоения изучаемого материала и вообще на способность воспринимать какую – то либо информацию. Но можно разнообразить работу и в помощь учащемуся предложить разного вида карточки: как карточка-образец, карточка-памятка, карточки-консультации.

Так например: в карточке-консультации содержаться все узловые моменты изучаемой темы, дается алгоритм решения задании. В процессе работы учащиеся приобретают ряд полезных навыков, учатся выделять узловые вопросы.

Далеко не всем учащимся легко дается математика, поэтому необходимо проводить работу в парах, в группах, как на местах, так и у доски, где ведомый более «слабый» ученик чувствует поддержку одноклассника.

Некоторым ученикам трудно запомнить даже хорошо понятный материал. Для этого очень полезно развивать зрительную память, использовать различные формы выделения наиболее важного материала (подчеркнуть , обвести, записать более крупно, изменить цвет), а также использовать карточки-памятки.

Хорошие результаты во всех классах дает хоровое проговаривание иногда целых правил, иногда только отдельных терминов.

Часто ученик, много раз слышавший сложный термин, понимающий его смысл, не может его произнести, что ставит его в неловкое положение перед одноклассниками.

При необходимости, чтобы восстановить в памяти (вспомнить) те или иные определения выписываю ключевые слова, термины для учащихся.

Например: равнобедренный треугольник, высота, медиана, биссектриса, 2 стороны, основание.

В ходе обобщенного типа урока, когда класс разделен на группы, после выполнения каждого задания, чтобы подтвердить правильность решения, на доске показывается образец решения задач на слайдах.

Так можно сочетать индивидуальную форму обучения , особенно в тех классах, где отчетливо проявляются индивидуальные различия учеников.



Карточка – образец.

Задание: Представив натуральные числа в виде смешанного числа, запиши их с одинаковым знаменателем:



Образец: 4 и Решение: 4=3+ ; 3 и а)7 и
Карточка – образец.

Приведите дроби к общему знаменателю:



Образец: НОК (5,3)=15; ; 15:3=5, тогда =

Задание: Приведите дроби к общему знаменателю


Карточка – памятка

Помни!


Чтобы из одного числа вычесть другое, надо к уменьшаемому прибавить число, противоположное к вычитаемому. a-b=a+(-b)

Например: а) 6-(-2)=6+2=8, б) 3-(-6)=3+6=9

Вычисли: -9-2=…, 7-(-1)=…, -5-(-5)=…

Карточка – консультант.

Расстояние между городами А и В 180 км. Скорость поезда 60 км/час. Сколько времени потребуется поезду?

S -расстояние,V -скорость,t - время

Чтобынайти 1.)S=V*t 2) V=S/t 3) t=S/V

S(км, м), V(км/час, м/мин), t (час, мин, сек.) найди: t – время

САПАЛЫ БІЛІМ БЕРУДІҢ ЖОЛДАРЫ: ІЗДЕНІС, ЗЕРТТЕУ, НӘТИЖЕ
Ибраева А. (Қызылорда)
Еліміздің ертеңгі болашағы - бүгінгі мектеп қабырғасынан алған білім нәрімен сусындаған оқушы жастар. Сондықтан да оқушыларға сапалы білім берудің тиімді жолдарын іздестіру өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Мысалы, қазіргі кезде бастауыш мектепте оқыту мазмұнын жаңарту жұмыстары жүргізіліп, оқыту, тәрбиелеу, дамытудың жаңа мүмкіндіктері ашылуда. Жаңа технологияны меңгеру,азаматтық және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып,оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.Бір технологияның өзі атқарушылардың шеберлігіне байланысты әр қилы жүзеге асырылуы мүмкін.Белгілі психолог Выготский: «Дұрыс ұйымдастырылған оқыту процесі ғана баланың жеке басының дамуын ілестіре алады» - дейді.

Қазіргі білім беру үрдісі қиын да,күрделі педагогикалық үрдіс екеніне ешкімнің таласы жоқ. Оқушының нәтижелі, сапалы білім алуы көп жағдайда мұғалімге байланысты.

Мұғалім өз жұмысын жауапкершілікпен, ізденістермен, тәжірибе жинақтарымен толықтырып отыруы керек.

Қазақ халқының көрнекті педагогы Ы.Алтынсарин: «Халық мүдделері үшін ең керектісі-оқытушы.Тамаша жақсы педагогика құралдары да, ең жақсы үкімет бұйрықтары да,әбден мұқият түрде жүргізілген инспекторлар бақылауы да оқытушыға тең келе алмайды»-деп мұғалімнің баланы оқыту мен тәрбиелеу ісіндегі жауапкершілік міндетін жоғары бағалаған. Қазір бұл міндет төмендеген жоқ,қайта ғылыми-техникалық прогреске сәйкес оқушыларға терең білім беру , ізденістер мен нәтижеге бағытталған педагогикалық іс-әрекеттің жетістігін көрсету қолға алынып жатыр.

Оқушыға сапалы білім беру үшін ең алдымен оқушының жан дүниесін түсініп , оның қасиетін анықтап алып, икем дағдысына қарай, қабылдау, түсіну,ұғыну деңгейіне қарай отырып оқыту процесін жан-жақты жүйелі түрде жүргізуі керек.

Әр оқушының бойында тек өзіне ғана тән таным әрекетінің ,эмоциялық өмірінің , жігері мен мінезінің ерекшеліктері болғандықтан, әрбір бала өзіне жеке –дара қатынасты талап етеді.Сол себепті алдымен оқушының ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін зерттеп алу қажет. Отбасындағы ата-аналар тәрбиесі мен бала арасындағы қарым-қатынасты да зерттеп барып жүргізілген білім сапасы нәтижелі болмақ.

Мен өз тәжірибемнен нәтижелі білім алу үшін жүргізген жұмыстарымды, кездескен прблемаларды , оны шешу жолдарын қалай ұйымдастырғаным жайлы таныстырмақпын.

Қазіргі менің сыныбым бірінші сынып. Әрине бәрімізге де белгілі бірінші сыныптан бастап сауатын дұрыс аша білсек, дұрыс бағыт берсек сапалы білім алудың бастамасы болады. Жақсы жүргізіп оқып кету үшін нәтижелі де жүйелі жұмысты алдымен әріп танытудан бастап көрейік.

Бірінші сынып оқушыларының қабылдау деңгейі әртүрлі, тез ұғып, қабылдайтын бала бір сыныпта үш-төртеуден аспайды. Көптеген оқушыларға қайталау, жеке-дара қарым-қатынас жасау, көрсету, ұғындыру арқылы ғана ойымызды іске асыра аламыз

Мысалы: Буындарды әріптен ажырату кезінде көптеген қиыншылықтар кездеседі. Бірінші сыныптың баласы әріпті жақсы танығанымен буын оқу кезінде жаңылысу әрекеттері басталады. «ТАМАША » деген сияқты буындарды таныстыру басталған кезде әріппен қатар салыстыра отырып үйреткен дұрыс. Т-ТАМ-МАШ-ША С-СА. Әріп пен буынның дыбысталу ерекшелігін, жазылу ерекшелігін көзбен көріп салыстыра қарап ұғынса буынның не екеніне, жеке әріптен қандай айырмашылығы бар екеніне көздері жетеді.

Барлық әріптерді жаттап болғанша буын түрлерімен салыстыра таныстыру қатар жүріп отырады. Буынның жазылуын көзбен көріп жаттыққаннан кейін буын диктантын алу керек. Алғашқы екі-үш дыбыстың әріп таңбасын өткен кзден бастап –ақ салыстыра таныстыру, буын диктантын алып отыру керек.Сонда ғана оқушы буынды жақсы жазып , оқу деңгейі көтеріледі.

Сонымен қатар бірінші сынып баласында әліппедегі бағандағы сөздерді жаттап алып оқулары көп кездеседі. Оны оқып жатыр деген оймен тексермей кете берсек, сауатсыз бала, оқуда көп қиындық келтіретін проблемалар шыға келеді. Міне осындай проблемаларға кездеспес үшін алдын ала оқушымен жеке жұмыс жүргізіп тексеріп отыру керек.Ол үшін бағандағы сөзді оқытып болған соң бірінші , екінші буыны қайсы, көрсет,

Бірінші буыны қандай әріптерден құралған, тақтаға жазып көрші деген сияқты тексерулер, пысықтау жұмыстарын жүргізген дұрыс деп ойлаймын.

Және де дыбыс пен әріптің екінші сағатында оқулықта жазылған бағандағы сөздерді тақтаға параққа жазып іліп топқа тапсырма беруге болады.Әр топтың басшылары барып парақтағы сөздерді оқып орнына келіп топтағы оқушыларға есіне сақтаған бойы айтып жаздыртады.Кезек-кезек барып оқып бір-біріне жаздыртуға болады. Бұл «Эстафета» түрінде жүреді.Мен осылай жүргізіп көргенімде оқу,жазу сауаттылығында жылдам ілгерілеу бар екенін түсіндім.

Суретпен әңгіме құрау жұмыстарын көбірек жүргізу керек. Бір суретке әңгімені барлық оқушы құрауға да болады. Бірінші баланың айтқан сөйлемін қайталамау керек. Осы шартты қатаң ұстаса бала өз сөйлемін құрастыруға талпынады. Сонымен қатар бала байқампаздыққа, шеберлікке үйренеді. Ана тілі пәнінен мазмұн айту дағдысы қалыптасады. Мазмұн айта білу дағдысын қалыптастыруға қосымша ертек, әңгіме оқып бере отырып жүргізілген жұмыстарда пайдалы. Ол үшін шағын қызықты әңгімені оқып беріп болған соң, Суретін көрсете отырып сұрақ қойып ,балалардан толық жауапты талап ету керек. Сол әңгіме мазмұны бойынша тақтаға сызба сурет салғызуына болады. Өте кеш қабылдайтын балалар сол суретке қарап әңгімені өз ойымен айтып беруге болады.

Осылайша ана тілі пәніне дайындық жүреді. Әрбір өлеңді оқып берген соң әр шумағын, әрбір жолын талдап қара сөзбен өрнектеп айтып беріп отырса, бала оқығандарын түсінуге қалыптасады. Сөйлемнің, өлеңнің әрбір сөздерін анықтап, астарына қарап түсінуге талпыныс пайда болады, Келе-келе оқығандарын бірден ұғып отыратын дәрежеге жетеді. Бұндай тиянақты, жүйелі жүргізілген жұмыс мазмұндарын еркін айта білу дағдысын қалыптастырады.

Мұғалім әр сабағын түсіндірген кезде, оқушыға қиындық тудырып тұрған жайттарды ойға түйіп қою керек.Келесі сабағында сол қиындықты қалай жеңуге болады деген оймен, ізденіспен жұмыс жүргізу керек. Жеке тапсырманы әр баланың қабылдау деңгейіне қарай жүргізу керек. Жұмыстың нәтижелілігі мұғалім мен оқушының бірлескен әрекеті негізінде ғана жүзеге асады.

Алаш ардагері Ахмет Байтұрсынов «Бала тәрбиесін, оқытуын жақсы білейін деген адам әуелі балаларға үйрететін нәрселерді өзі жақсы білуі керек,екінші баланың табиғатын біліп, көңіл сарайын танитын адам боларға керек. Оны білуге баланың туғаннан бастап өсіп жеткенше тәнімен қатар ақылы қалай кіретін жолын іздеу керек.» дейді.

Ахмет Байтұрсыновтың бұл пікірі дәл бүгінгі, ертеңгі күннің талап-мақсатымен үндес,өмір бойы өшпейтін, ескірмейтін өсиет.Бұлай дейтініміз-болашақ ұрпақты жан-жақты тәрбиелеу, білім сапасын нәтижелі ету үшін іздену мұғалімге міндет.

Білім сапасында мұғалім нәтижеге жету үшін, әрбір кездескен проблемалық қиындықтарды шешу жолдарын іздестіріп таба білу керек.

Осы орайда сөзімді «Шеберлік-жетуге болатын нәрсе, шебер ұста,шебер зергер сияқты шебер педагог та бола алады, ол үшін көп ізденіп,тынымсыз еңбектену керек.» деген А.С.Макаренконың ойымен қорытқым келеді.

Әдебиеттер


    1. М.Қ.Құрсабаевтың ғылыми –практикалық конференция материалдары.

2 «.Бүгінгі біліктілік-кемел келешек кепілі» Дүйсенбаев Е.Ә. Маханбетов О.М.

3. «Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар» журналы №11 2008 жыл

4. «Мектеп» журналы мамыр 2008 №5

БАЛАБАҚША ЖҰМЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН

ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР
Измаева Ж. Ж. (Ақтөбе)
Бүгінгі таңда білім, ғылым саласына инновациялық педагогикалық технологияларды енгізудің маңызы білім әлемінде зор болса, мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеуде педагогикалық технологиялар түсінігі кеңінен қолданылатын ұғымдардың біріне айналып отыр.

Мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту, тәрбиелеу, дамыту мәселесі қашан да өзекті сәселелер қатарынан түспек емес. Сондықтан мектепке дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеудің негізгі мақсаты – баланың жеке басының қалыптасуы мен дамуыбасты назарға алынады.

Білім берудің бастапқы сатылар балабақша табалдырығынан басталатындығы баршамызға ежелден мәлім. Оның мақсаты - мектепке дейінгі білім мектеп жасына дейінгі тәрбиеленушілердің білім алуына бірдей бастапқы мүмкіндіктерді қамтамасыз ету болып табылады. Кез келген оқыту технологиясы тәрбиешіден терең теориялық, психологиялық, педагогикалық әдістемелік білімді, педагогикалық шеберлікті, балалардың жан дүниесіне терең үңіліп, ұғына білуді талап етеді. Осы орайда балабақшада қолданылатын бірнеше технологияларға қысқаша тоқталып өткен жөн.

Педагогикалық технология – бұл формалар, әдістер, тәсілдер мен оқыту әдістері және тәрбиелеу тәсілдерінің айқындалған арнаулы педагогикалық, психологиялық кешені; ол – педагогикалық процесті ұйымдастырушы әдістемелік инструментарий.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет