66
3. ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ
3.1 Сүт қышқылды бактериялардың өндірістік штаммдарының
сипаттамалары
Сүт қышқылды өнімдер мен пробиотикалық препараттар өндіруде
қолдануға ұсынылған негізгі 24 штаммдардың
өсінділік-морфологиялық
ерекшеліктері осы бөлімде қысқаша сипатталған.
Lactobacillus helveticus
5-2M
– шұбаттан бөлініп алынған. Клеткалары
грамм оң,
қозғалмайтын, дөңгелек жиекті ұзын таяқшалармен сипатталады.
Тізбек тәрізді ірі клеткалар түрінде орналасқан. Агарлы ортаның беткейінде
жұмыр, жиектері тегіс ақшыл түсті, тұтқыр консистенциялы, дөңес, беті – тегіс,
жылтыр колониялар. Пигменттер түзбейді, диаметрі 3-4 мм. Сұйық қоректік
орталарда балғын сүт қышқылды иіске ие, сорпаның бұлыңғырлануы
байқалады, ақ түсті тұнба түзіледі.
МРС-1 қоректік ортасында балғын сүт қышқылды иісі бар,
сорпа
бағанасы бұлыңғыр, ақ түсті тұнба түседі. Глюкозаны, галактозаны,
сахарозаны, маннозаны ферменттейді. Сірке суы және L(+) сүт
қышқылын
өндіреді. pН 5,5-5,8 оңтайлы мәні, pН 4,5-6,2 кең диапазонында өседі, pН-8,3
кезінде өсу байқалмайды. Өсіру уақыты: 48 сағат.
Өсудің оптималды
температурасы – 40-45
0
С. Оттегіге қатынасы: факультативті анаэроб. 0,4%
фенол қосылған қоректік ортада өсу байқалды, сүтте өсуі бойынша 15
0
С кезінде
нәтиже көрсетпеді. Қышқыл түзу белсенділігі – 6-8 сағат, шекті қышқылдығы
300
0
Т. 30 мин ішінді 60
0
С температурада қыздыруға төзімді.
Штаммның ең жоғары көрсеткіш өміршеңдігі 6,6×10
7
КТБ/мл құрайды.
Қышқыл түзуші, антагонистік және протеолитикалық белсенділікке ие. Орташа
көрсеткіші 1,62 тең адгезияның жоғары дәрежесін көрсетеді. Қышқыл мен
өттің дәйекті әсері кезінде өміршеңдігін (10
4
КТБ/мл) сақтайды. Кейінге
қалдырылған антагонизм әдісімен зерттелген
антагонистік белсенділік, мм:
Staphylococcus aureus
-16,
E.coli
– 24 құрайды.
Lb. pontis
Достарыңызбен бөлісу: