Ортаңғы топқа арналған Ұйымдастырылған оқу-іс әрекетінің Технологиялық картасы Білім беру саласы



бет15/26
Дата17.06.2018
өлшемі309,78 Kb.
#42970
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   26

Күтілетін нәтижелер:

Біледі: теледидарды сіріңке қорабынан жасауға болатынын;

Игереді: теледидар туралы жаңа мәліметтерді;

Меңгереді: қажетсіз заттармен жұмыс жасай алуды.

Ортаңғы топқа арналған

ұйымдастырылған қызметінің

технологиялық картасы
Білім беру саласы: Таным, қоршаған орта.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Табиғи материалдардан құрастыру.

Тақырыбы: Кірпі (жаңғақ, шемішке, ермексаз).

Мақсаты: орман аңдары туралы білімдерін бекіту, өз беттерінше түстерді дұрыс әрі нақты пайдалануға дағдыландыру, ермексазды тиімді пайдалануға және кірпіні ұқыпты жасай білуге үйрету.

Қажетті құрал-жабдықтар: ермексаз, шемішке дәндері, үлгі көрнекіліктер.

Сөздік жұмыс: шемішке дәндері, табиғи материалдар.

Оқу іс- әрекетінің кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті


Балалардың іс-әрекеті



Мотивациялық – қозғаушылық

Педагог кірпі туралы жұмбақ жасырады. Кірпі туралы ертегілерді естеріне түсіреді. Үлгі сурет бойынша талдау жасайды, бүгінгі жасайтын кірпінің ерекшелігі туралы айтады.

Балалар жұмбақтың

шешуін табады. Ертегілерді естеріне түсіреді. Үлгіні қарап

көреді.

Ұйымдастырушылық – ізденістік

Кірпіні табиғи материалдардан жасау

жолдары:

- кірпі жасау үшін қара шекілдеуік, ақ

ермек саз, жүгеріні таңдап аламыз;

- аң ермексазды қолданып кірпінің денесін жасаймыз;

- жасалынған кірпінің денесінің үстінен шемішке дәндерін қадаймыз;

- кірпінің көзі мен тұмсығына жүгері қолданамыз.

Кірпі жасау үшін

өздеріне қажетті

заттарды таңдап

алады, оларды үлгі бойынша ретімен орналастырып, кірпіні жасайды.

Рефлексиялық - түзетушілік

Дайын болған кірпілердің ішінен ең әдемі жасалған кірпіні орманға жіберуге таңдап аламыз деп балалардың қызығушылығын арттырады. Үстел үстінде орман декорациясы жасалады, бірнеше кірпілер орналастырылады.

Әр бала қай кірпіні орманға жіберуге бола­

тынын ойланады, таңдауға көмектеседі.

Күтілетін нәтижелер:

біледі: әртүрлі заттарды пайдаланып, кірпіні жасауға болатынын;

игереді: кірпінің тіршілігі жайында жаңа мәліметтерді;

меңгереді: кірпіні жасағанда ұқыптылық қажет екенін.


Ортаңғы топқа арналған

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің

технологиялық картасы
Білім беру саласы: Таным, әлеуметтік орта.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: құрастыру.

Тақырыбы: Біздің қаладағы көше.

Мақсаты: балалардың қала көшелері туралы білімдерін бекіту, құрылыс материалдарынан қала көшелерін құрастыра білуге үйрету және өзінің тұратын қаласы жайлы мағлұмат беру. Қала көшелерін құрастыруға қажетті зат­тарды дұрыс қолдануға және жол ережелерін сақтай білуге тәрбиелеу.

Қажетті құрал-жабдықтар: құрастыру материалдары, үлгі суреттер, ұсақ ойыншықтар.

Сөздік жұмыс: қала көшесі, адам жүретін жолдар - тро­туар, көлік жүретін жолдар.

Оқу іс-

әрекетінің

кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық – қозғаушылық

Қала көшелері туралы үлгі суретті көрсетіп, талдау жаса­ лады. Көшелердің ерекшелігіне, ағаштардың қалай орналасқанына, көліктер жүретін жолдарға, адамдар жүретін жолдарға балалардың назарын аударады. Қала көшелерін құрастыру үшін қандай құрылыс материалдарын пайдалануға болатынын

таңдап а лады.

Балалар

суреттерді қарап,

құрылыс матери­ал дарын іріктейді.

Ұйымдастырушылық -ізденістік

Алдымен көшені шетінен бастап, бір және көп қабатты үйлерді құрастырып, олардың арасына

ағаштарды орналастырамыз.

Енді адамдар жүретін жолды -кірпіштерді көлденең қою арқылы ұзын жол жасап аламыз.

Ортасынан ашың көлік жүретін жер қалдырып, жолдың екінші жаң бөлігіндегі адамдар жүретін жолды «тротуар» жасау үшін кірпіштерді

көлденең қойып тіземіз. Бұдан кейін қайтадан үйлерді, ағаштарды, шөптерді үлгіге қарай отырып орналастырайық.

Ұсақ ойыншың машиналарды көлік

жүретін бөліктерге, «адамдарды» адамдар жүретін жолдарға орналастырса - қала көшесі дайын болатынын көрсете отырып түсіндіреді.

Көшеде жүргенде жол ережесін сақтау керектігін түсіндіріп өтеді.

Кейбір балаларға жеке нұсқаулар беріледі, жеке көмек көрсетіледі.

Балалардың

әрқайсысы өз алдарындағы

таңдап алған құрылыс материалдарымен

қала көшелерін құрастыруға

кіріседі, құрылыс материалда­рын дұрыс пайдалануға, қала

көшесінің үлгіге сәйкес келуіне қарай отырып

құрастырады.

Рефлексиялық - түзетушілік

Қала көшесінің мазмұнына,

балалардың құрылыс материалдарын

дұрыс пайдаланғанын ескере отырып,

дайын болған құрылыстың сапасына

қарай мадақтаулар жасалады.

Әр бала өздері жасаған

Құрылыстары жайында

әңгімелеп береді.

Күтілетін нәтижелер:

Біледі: қала көшесінің құрылысы жайында және оның ерекшелігін;

Игереді: құрылыс материалдарын құрастыру іс-әрекеті не сәйкес дұрыс пайдалануды;

Меңгереді: қала көшелерінің ерекшеліктеріне сай құрастыруды.


Ортаңғы топқа арналған

ұйымдастырылған қызметінің

технологиялық картасы

Білім беру саласы: Таным, шығармашылық.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: қағазбен құрастыру.

Тақырыбы: Қошақан.

Мақсаты: үй жануарлары жайлы білімдерін толықтыру, қошақанды жолақ қағаздармен жасауға, ұқыпты жұмыс істей білуге үйрету.

Қажетті құрал-жабдықтар: үлестірмелі суреттер, ойыншық қошақан, әр балаға жолаң қағаздарды орайтын қарындаштар, жолаң қағаздар т.б.

Сөздік жұмыс: бұйра жүнді қошақан, орау, ширату т.б.

Оқу іс- әрекетінің кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық – қозғаушылық

Педагог балаларға қошақандар туралы өлең оңып береді. Қошақандарды қайдан көргендерін сұрайды. Ойыншың қошақан қонаққа келеді, ол бір өзіне көңілсіз

болып жүргенін айтып балалардан:

«Сендер басқа қошақандарды көрдіңдер ме?» - деп сұрайды. Біз қошақанға басқа қошақандарды тауып беруге көмектесейік, ол үшін біз оларды өзіміз жасап көрейік деп, үлгі суретті көрсетеді.

Оның жасалу жолдарын түсіндіреді:

- алдымен қошақандардың суреті

салынған қағаздар таратылады, оны

қарап көру ұсынылады, не жетіспейді;

- қошақанның бұйра жүндерін жасау

қажеттігі келісіледі;

- ол үшін жолақ қағаздарды алып

қарындашқа орап, ширатып алады,

оны қошақанның суретіндегі орынға

желімдейді;

- осылайша қошақанның барлық бұйра

жүндерін жасап, шөптер, гүлдермен

толықтырып әшекейлейді;

Өлеңді мұқият

тыңдайды.

Қошақандар

туралы білетіндерін

әңгімелеп береді.

Көмектесуге

келіседі.

- жолақ қағаздар

қияды;

-қиылған қағаздарды

қарындашқа

орайды, оны суретке белгіленген

жеріне жапсырады.

Ұйымдастырушылық – ізденістік

  • балаларға жолаң қағазды қарындашқа орауға көмектеседі, оны желімдеуге бағыт береді;

  • дайын болған қошақандарға шөп беріп, су беріп, оған қалай қамқорлық жасайтындарын сұрап қорытындылайды.




Рефлексиялық - түзетушілік

Қошақандардың жасалған суреттеріне қарап, балалардың жұмыстарын бағалайды, қорытындылайды. Қошақан балаларға ризашылығын білдіріп, рақмет айтады.

Балалар өздері қошақанды қалай жасағанын айтып береді.

Каталог: uploads -> doc -> 1024
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
1024 -> Сабақ түрі: кіріктірілген сабақ,жаңа сабақ. Сабақ әдістері: сұрақ-жауап,сын тұрғысынан ойлау стратегиялары,то
1024 -> Сабақтың тақырыбы: Материалдық мәдениет Қатысқандар саны: 22 Қатыспағандар саны


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет