Ортаңғы топқа арналған Ұйымдастырылған оқу-іс әрекетінің Технологиялық картасы Білім беру саласы



бет23/26
Дата17.06.2018
өлшемі309,78 Kb.
#42970
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26

Күтілетін нәтижелер:

біледі: құрылыс материалдарынан қайықты қалай құрастыруға болатынын;

игереді: көлік түрлерін ажырата алады, суда жүзетін көліктердің ерекшелігі туралы мәліметтерді;

меңгереді: құрылыс материалдарын пайдаланып, қайықты құрастыра білуді.
28 технологиялық карта

Білім беру саласы: Таным, әлеуметтік орта.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: табиғи материалдан құрастыру.

Тақырыбы: Көбелектер.

Мақсаты: табиғи материалдарды пайдаланып көбелекті құрастыра білуге үйрету, саусақ бұлшық еттерін жетілдіру, ой-қиялын дамыту, ұқыпты жұмыс жасай білуге тәрбиелеу.

Қажетті құрал-жабдықтар: табиғи материалдар, желім, бояу, үлгі суреттер.

Сөздік жұмыс: шемішке дәндері, асбұршақ, ұлу қауашақтары.

Оқу іс- әрекетінің кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық – қозғаушылық

Педагог балаларды бірнеше табиғи

материалдармен таныстырады.

Бұршақ, шемішке дәндері, асбұршақ,

ұлу қауашақтары т.б. Олардан дәмді

тағамдар жасалатынын айтады. -

Бүгін біз бұлардан әдемі көбелектер

жасап үйренеміз, - деп олардың,

қызығушылығын оята отырып, үлгіні көрсетіп талдау жасайды.

Балалар табиғи материалдарды ұстап

көреді, қандай

түрімен жұмыс жасағысы

келетіндерін

өздері таңдайды.

Ұйымдастырушылық – ізденістік

Педагог өр балаға көбелектердің

суреті бар парақтар таратып береді,

мұндағы көбелектерді қалай жасауға

болатынын көрсетіп, түсіндіреді:

- Көбелектердің шеткі сызықтары

бойынша желім жағып алып оның

үстіне өздерің таңдаған: шемішке не­

месе бұршақ дәндерін қатарластырып

орналастырасыңдар;

- Көбелектің бейнесін жасаймыз,

мұрты, өрнектерін қарындашпен бояп

жасаймыз:

- Гүлдерді, шөптерді түрлі түсті

қағаздан қиып жапсырамыз.

Балалар өздері

таңдаған

дәндерді алып,

көбелектерді жа­сайды, бірнеше көбелекті

әртүрлі дәндерден жасайды.

Рефлексиялық - түзетушілік

Дайын болған көбелектерді педа­гог тақтаға іліп, олардың арасына гүлдерді орналастырып, композиция жасап қояды, ең әдемі көбелек

таңдалады.

Балалар өздерінің

көбелектерін

көрсетіп, көбелек тура­лы өлең айтып береді.

Күтілетін нәтижелер:

біледі: көбелектер жайында жаңа мәліметтерді;

игереді: көбелектерді жасаудың әдіс-тәсілдерін; меңгереді: көбелектерді табиғи материалдардан жасау­ды.

29 технологиялық карта



Білім беру саласы: Таным, қатынас.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Құрылыс материалдарымен құрастыру.

Тақырыбы: Біздің балабақшаның ауласы.

Мақсаты: балабақша ауласындағы құралдарды құрылыс материалдарынан жасай алуға үйрету, ауладағы құралдарды құрастыру арқылы ойлау қабілетін дамыту, өздері ойнайтын құрал-жабдықтарға ұқыптылықпен қарауға тәрбиелеу.

Қажетті құрал-жабдықтар: үлгі суреттер, құрылыс материалдары.

Сөздік жұмыс: сырғанақ, әткеншек.

Оқу іс- әрекетінің кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық – қозғаушылық

Педагог балалармен балабақшаның ауласы жайында әңгімелеседі.

Аулада ойнайтын қандай құралдар бар екенін естеріне түсіреді. Үлгі суретті көрсете отырып, балаларға «Ауладағы осындай ойнайтын

құралдарды жасап көреміз бе?» - деп сауал қояды. - Аулада не бар?

Балалар

ауладағы

ойыншықтарды,

құралдарды

атайды.




- Осындай құралдар жасау үшін

бізге құрылыс материалдары

көмекке келеді. Ауладағы сырғанақ,

әткеншек т.б. жасау үшін алдымен

құрылыс материалдарын: түстеріне,

көлеміне, пішініне қарай таңдап

аламыз. Сырғанақ жасау үшін үш

текше, бір үшбұрыш қажет болса,

құм салғышты кірпіштерді көлденең

қатарластырып қою арқылы

құрастырамыз, әткеншек жасау

үшін үшбұрыш және ұзынша кірпіш пайдаланылады.

Орындықтарды жасау үшін екі текше, бір кірпіш қажет. Кірпіштерді көлденең қатарластырып қою арқылы жол жасаймыз. Тігінен кірпіштерді тізіп қою арқылы қақпа, қоршауларды құрастырамыз.

Балалар текшелер мен

кірпіштерді үлгі суреттерге қарай оты­рып, ауладағы құрылыстарды

құрастырады.

Өздері қандай құрылыс жасағысы

келетінін айтады,

құрастырады

Ұйымдастырушылық – ізденістік

Рефлексиялық - түзетушілік

Педагог балалардың жасаған

жұмыстарын белгілі орындарға

жайғастырып, балабақша ауласының

көрінісі болатындай жағдай жасайды.

Балалар

өздерінің

жұмыстарын, не

жасағандарын

айтып береді.

Каталог: uploads -> doc -> 1024
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
1024 -> Сабақ түрі: кіріктірілген сабақ,жаңа сабақ. Сабақ әдістері: сұрақ-жауап,сын тұрғысынан ойлау стратегиялары,то
1024 -> Сабақтың тақырыбы: Материалдық мәдениет Қатысқандар саны: 22 Қатыспағандар саны


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет