Ортаңғы топқа арналған Ұйымдастырылған оқу-іс әрекетінің Технологиялық картасы Білім беру саласы



бет19/26
Дата17.06.2018
өлшемі309,78 Kb.
#42970
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   26

Күтілетін нәтижелер:

біледі: құрылыс материалдарынан көпір құрастыруды;

игереді: құрылыс материалдарының көлемі, түсі, пішінін ажыратуды;

меңгереді: құрылыс материалдарын кеңістікте құрып, орналастыра білуді.

18 технологиялық карта



Білім беру саласы: Шығармашылық, әлеуметтік орта.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: қағазбен жұмыс.

Тақырыбы: Құс.

Мақсаты: балаларға қағазды умаждау арқылы құстың бейнесін жасай білуге, умаждалған қағазды белгілінген жерге дұрыс орналастыра алуға үйрету, ұқыпты жұмыс істей білуге дағдыландыру, құстарға қамқорлық жасай білуге тәрбиелеу.

Қажетті құрал-жабдықтар: түрлі түсті қағаздар, желім, бұтақтың суреті бар қағаздар және үлгі суреттер.

Сөздік жұмыс: қағазды умаждау, үй құстары, түз құстары.

Оқу іс- әрекетінің кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотива-

циялық-

қозғау-

шылық

Педагог балалардан: «Қандай құстарды білесіңдер, аттарын атаңдаршы», - деп сауал тастайды. Дидак- тикалық ойын: «Бұл қандай құс?»

Балалар үй құстары мен түз құстарын атап айтады.




Педагог суреттерді көрсетеді: бала­лар үй құстарын және түз құстарын атап айтады. Үлгі суретті де көрсетіп, қандай құс екенін сұрайды.

- Осындай құсты жасағыларың келсе, жасап

көрейік.

Ойында

белсенділік

көрсетеді.

Жасағылары

келетінін айта­

ды.

Ұйымдастырушылық – ізденістік

Балаларға бұтақтардың суреті салынған қағаздар таратылады, оған құсты қалай жасау керектігін педагог түсіндіреді:

- Қоңыр түсті, немесе басқа баланың қалауы бойынша таңдап алған қағаздың үлкен бөлігін алып, оны алақан арасына салып умаждаймыз;

- Қағазды қайта жазып екі рет умаждаймыз, бұл - дайын болған құстың дене бөлігі, оны алдарыңдағы қағазға желімдейміз;

- Енді екінші қағазды алып, оны да умаждаймыз, бұл құстың басы. Оның бір шетінен саусақпен созып тұмсығын шығарып аламыз да, дене бөлігіне

біріктіріп желімдейміз.

- Артқы жақ бөлігінен созып

құйрығын шығарамыз;

- Көзі, тұмсығын және қанаттарын фломастермен немесе қарындашпен сызып бейнелейміз, сонда бұтақта қонып отырған құс пайда болады. Педагог балалардың шығармашылықпен және өздігінен дербес әрекет етуіне жағдай жасайды.

Құстың дене

бөлігін бөлек

жасап, басын бір

бөлек қағазды

умаждау

арқылы жасап

алып, оларды

белгіленген

орындарға

желімдейді.

Рефлексиялық - түзетушілік

Ең жақсы жасалған құстар таңдалып, көрме тақтасына қойылады, сапасына қарай, қағазды умаждауда сәтті шыққан жұмыстар мадақталады.

Қандай құс

әдемі болғанын

балалар өздері

таңдайды.

Күтілетін нәтижелер: біледі: құсты жасаудың ерекшелігін;

игереді: үй құстары мен дала құстарын ажыратуды;

меңгереді: қағазды умаждау арқылы құстың бейнесін жасай білуді.

19 технологиялық карта



Білім беру саласы: Таным, әлеуметтік орта.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: қажетсіз заттармен құрастыру.

Тақырыбы: Сылдырмақ.

Мақсаты: дыбыс, музыка, дауыс туралы мағлұмат беру, музыкалық аспаптар жайлы білімдерін бекіту. Музыкалық аспапты жасауда музыканың «сипатына» жуан-жіңішке дыбыстарды дұрыс ажырата алуға үйрету, қалдың материалдарымен ұқыпты жұмыс жасай алуға баулу.

Қажетті құрал-жабдықтар: бос бөтелкелер, түймелер, дәндер, түрлі түсті қағаздар, желім, қылқалам т.б.

Сөздік жұмыс: «сылдырмақ», дыбыс, музыка аспаптары.

Оқу іс- әрекетінің кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық – қозғаушылық

Балаларға сусын, шырындардың бөтелкесінен жасалған екі «музыкалық аспаптарды» көрсетіп, үлгіге талдау жа­сайды. Оны «Сылдырмақ» деп атайтынын

айтып, оның дыбысына назар аудартады.

-Не себептен екі түрлі дыбыс шығады деп

ойлайсыңдар?

Балалар

аспаптарды

қарап көреді,

дыбыстарын

ажыратады.

Ұйымдастырушылық – ізденістік

«Осындай аспаптарды жасау үшін бізге әрқайсымызға бөтелкелер қажет бола­ды», -деп, әр балаға таратып береді.

- Аспап жасау үшін бізге екі түрлі заттар:

біреуі ұсақ түймелер, екіншісі әртүрлі

дәндер керек.

- Өздеріңнің қалауларың бойынша

түймені немесе дөндерді алып, бөтелкенің

ішіне салып, оның қақпағын жауып

қойыңдар.

- Ал енді түрлі түсті қағаздардан

әртүрлі пішіндер қиып алып, аспапты

безендіреміз.

- Дайын болған аспаппен музыка ойнап, дыбыс шығарып көреміз.

Барлық балалардың аспаптарының дайын болуын және қандай дыбыс шығаратынын өздеріне таңдату қажет.

Балалар өздеріне

берілген

бөтелкелерге

түймелерді не­

месе дәндерді

салып, бөтелкенің

қақпағын жауып, оның дыбысын

шығарып ойнап көреді.

Әркім өзінше безендіреді.

Рефлексиялық - түзетушілік

Педагог барлық аспаптарды балалардың қолдарына беріп, өздері кезекпен не­месе шағын топтармен бірлесіп ойнап, қарапайым «оркестр» құрастырады.

Кімнің аспабы

жақсы дыбыс

шығаратынына

қарап, безенді-

рулеріне мән

беріп жақсы

жұмыстар таңдалады.

Каталог: uploads -> doc -> 1024
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
1024 -> Сабақ түрі: кіріктірілген сабақ,жаңа сабақ. Сабақ әдістері: сұрақ-жауап,сын тұрғысынан ойлау стратегиялары,то
1024 -> Сабақтың тақырыбы: Материалдық мәдениет Қатысқандар саны: 22 Қатыспағандар саны


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет