Ортаңғы топқа арналған Ұйымдастырылған оқу-іс әрекетінің Технологиялық картасы Білім беру саласы



бет20/26
Дата17.06.2018
өлшемі309,78 Kb.
#42970
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   26

Күтілетін нәтижелер:

біледі: бос бөтелкелерден музыка аспабын жасауға болатынын;

игереді: заттардың көлеміне, сапасына қарай әртүрлі дыбыс шығаратынын ажыратуды;

меңгереді: бос бөтелкелерден музыка аспабын жасауды.
20 технологиялық карта

Білім беру саласы: Таным, әлеуметтік орта.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: табиғи материалдан құрастыру.

Тақырыбы: Пингвиндер.

Мақсаты: табиғи материалдарды пайдаланып, пингвиндерді жасай алуға үйрету, оларды мазмұн бере орналастыру, ой-қиялын дамыту, табиғи материалдармен ұқыпты жұмыс жасай білуге тәрбиелеу.

Қажетті құрал-жабдықтар: әртүрлі көлемдегі шыр­ша бүрлері, ақ және қара түсті ермексаз, көк, қызыл түсті қағаздар, пенопласт.

Алдын ала жұмыс: педагог балаларға пингвиндер ту­ралы мультфильм көрсетеді немесе ертегі, әңгімелер оқып береді.

Сөздік жұмыс: пингвин, суық жақтарда тіршілік ету, пе­нопласт.



Оқу іс-

әрекетінің

кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық – қозғаушылық

Балаларға пингвиндер тура­лы айтылған әңгімені немесе мультфильмді еске түсіреді.

Пингвиндердің суық жақтарда тіршілік ететінін және олардың дене бөліктеріне назар аударып, оны табиғи материалдардан қалай жасау

керектігін үлестірмелі материалдар­дан көрсете отырып түсіндіреді:

Балалар өздері

көргендері, естігендері жай­ында айтады.

Ұйымдастырушылық – ізденістік

- Пингвиннің денесі шырша

бүрлерінен жасалады:

- Басын қара және аң түсті ермексазды алақан арасына салып домалақтау арқылы жасаймыз.

- Қанаттарын ұсақ жапырақтардан ермексазбен бекіту арқылы жасай­мыз.

- Аяқтарын емен жаңғақтарының «қалпақшаларынан» жасаймыз.

- Қызыл түсті қағаздан тұмсығын қиып алып орналастырамыз.

- Көк түсті қағаздың үстіне пенопластан немесе ақ қағаздан мұздарды қиып алып, дайын болған

пингвиндерді оған әдемілеп мазмұн бере орналастырамыз.

Балалардың табиғи материалдармен жұмыс жасау барысына басшылық жасалып, көмек көрсетіледі.

Балалар табиғи материалдарды пингвиннің дене мүшелеріне сәйкес таңдап алады, оны

педагогтің көрсеткен үлгісіне сәйкес бір-біріне біріктіреді.

Дайын болған пингвиндерін қағаздың неме­се пенопластың

үстіне орна­ластырып, ол

туралы өздері білетіндерін әңгімелеп береді.

Рефлексиялық - түзетушілік

Дайын болған жұмыстарды ретімен орналастырып, жақсы жасалған пингвиндерді таңдап алып мадақтаулар жасайды, олардың

дене бөліктерінің және жасалу жоларының сапасына педагог көңіл аударады.

Балалар өздерінің

пингвиндерін

салыстырып

көреді, қайсысы

үлкен, қайсысы

кішкентай екенін

айтады.

Күтілетін нәтижелер:

біледі: пингвиндер туралы жаңа мәліметтерді;

игереді: пингвиндерді табиғи материалдардан жасауда оның дене бөліктерін дұрыс орналастыруды; меңгереді: табиғи материалдармен жұмыс жасаудың әдіс-тәсілдерін.

21 технологиялық карта



Білім беру саласы: Таным, әлеуметтік орта.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: құрастыру.

Тақырыбы: Ұшақ.

Мақсаты: көлік және оның түрлері туралы түсініктерін бекіту; өз беттерінше құрастырудың жеке жолдарын ойлап табу дағдыларын қалыптастыру. Ұшақты құрастыруда материалдарды оның бөліктеріне сәйкес таңдап, жасалу ретіне қарай дұрыс құрастыра білуге үйрету.

Қажетті құрал-жабдықтар: Әртүрлі пішіндегі құрастыруға арналған құрылыс материалдары.

Сөздік жұмыс: пластина, үшбұрыш тақтайша.

Оқу іс- әрекетінің кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық-

қозғаушылық

«Ұшады, жүреді» дидактикалық ойыны. Бір бала теріс қарап тұрады, ал қалған балаларға педагог көліктің бір түрін көрсетеді, балалар сол көлікті қимыл-қозғалыспен көрсетеді. Теріс қарап тұрған бала олардың жасырған қимылына қарап көліктің қай түрі екенін айтады.

- Ол ұша ма, жүре ме, жүзе ме.

  • Машина жүреді.

  • Кеме жүзеді.

  • Ұшақ ұшады.

Үйымдастырушылық-

ізденістік

- Үлгіні қарайық. Негізгі бөліктерін атаңдар. Мұқият қарап, ұшақтың әр бөлігіне қандай материалдарды қолданатынымызды айтайық.

Орындалу барысын көрсету:

  • алдымен екі дөңгелек қойылады;

  • дөңгелектің үстіне пластина (жұқа тақтайша) орналастырылады;

-тігінен қойылған тақтайшаның үстіне ұшақтың қанаты ретінде көлденең тағы тақтайша қойылады.

-ұшақтың артқы бөлігі жіңішке қысқа тақтайдан және үшбұрыш тақтайдан құрастырылады. Жіңішке тақтайдың үстіне үшбұрыш тақтайшаны қоямыз.

Өз бетінше жұмысты орындау барысында педагог құрастыру жұмысының дұрыс орындалуына бақылау жасай­ды, керек жерінде көмек береді.

Балалар ұшақ

бөліктерін қарастырады.

Балалар педагогтің айтуы бойынша құрылыс матери- алдарын тиімді пайдаланып, үлгі суреттерді қарай отырып құрастырады.

Рефлексиялық - түзетушілік

Балалар жұмысын қорытындылауда ұшақтардың құрылымы, кірпіштердің дұрыс қойылуы қарастырылады.

Ең жақсы жасалған ұшақтар мадақталады.

Күтілетін нәтиже:

біледі: ұшақ түрлері туралы түсініктерді;

игереді: ұшақ түрлерін бір-бірінен ажыратуды;

меңгереді: ұшақ бөліктерін өз беттерінше құрастыруды.

22 технологиялық карта



Білім беру саласы: Таным, әлеуметтік орта.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Қағазбен құрастыру.

Тақырыбы: Қар және аққала.

Мақсаты: қағазды умаждау арқылы қар кесегін және аққаланы жасай білуге үйрету, қоршаған ортамен таныстыру, кеңістікте бейнені дұрыс орналастыра білуге үйрету, ұқыпты жұмыс жасай білуге тәрбиелеу.

Қажетті құрал-жабдықтар: аң қағаздар, желім, қылқалам, үлгі суреттер.

Сөздік жұмыс: қар кесегі, ұсақ қағаз қиындылары.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық – қозғаушылық

Балаларға үлгі сурет бойынша әңгімелеу ұсынылады. Қардан не жасауға болатынын сұрайды. Үлгі бой­ынша талдау жасап, қар кесектері мен

аққаланы қалай жасауға болатынын түсіндіреді.


Балалар қардан

өздері жасаған

бейнелерді атайды, аққала жасауға дайындалады.

Үйымдастырушылық-

ізденістік

Педагог қала көрінісі салынған суреті бар қағаздарды таратады да, балаларға не істеу керектігін түсіндіреді:

- Қағаздың астыңғы жақ бөлігіне қар кесектерін орналастырамыз;

- Аққаланы жасау үшін аң қағазды үш бөлікке: үлкен, кіші, одан кіші бөліктерге бөліп аламыз;

- Оларды ретімен алып алақан арасына салып умаждаймыз;

- Дайын болған бөліктерді (үш бөлікті) қала көрінісінің төменгі жаң бөлігіне орналастырып желімдейміз;

- Бас киімін, көздерін, қолын т.б. бөлшектерін қарындашпен немесе фломастермен толықтырып әшекейлейміз;

- Ұсақ қиындылардан ұсақ қар кесектерін жасап, оны да қар жауып тұрған тәрізді етіп орналастыруға болады.

Педагог балалардың іс-әрекетінде шығармашылықпен өздігінен жұмыс жасауларына бағыт береді.

Балалар қар кесектерін және аққаланың дене бөліктерін қағазды умаждау тәсілі арқылы жасап, оны біріктіріп,

белгілігі бір мазмұн бере бейнелеуге талаптанады.

Рефлексиялық - түзетушілік

Педагог қар кесегінің және аққаланың қағаздан қалай жасалғанына және оны балалардың қалай орналастырғанына қарай отырып, іс-әрекетті

қорытындылайды.

Балалар жасаған

аққалаларын

және қар

кесектерін бір-

біріне көрсетіп,

еңбектерін өздері

бағалайды.

Каталог: uploads -> doc -> 1024
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
1024 -> Сабақ түрі: кіріктірілген сабақ,жаңа сабақ. Сабақ әдістері: сұрақ-жауап,сын тұрғысынан ойлау стратегиялары,то
1024 -> Сабақтың тақырыбы: Материалдық мәдениет Қатысқандар саны: 22 Қатыспағандар саны


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет