Ортаңғы топқа арналған Ұйымдастырылған оқу-іс әрекетінің Технологиялық картасы Білім беру саласы



бет2/26
Дата17.06.2018
өлшемі309,78 Kb.
#42970
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26

 

 

Күтілетін нәтиже.



Білу: Ертегінің мазмұнын, не туралы екенін білу керек.

Болу: Дос болуға, бірін – бірі сыйлауға, құрметтеуге, түсінігі болу керек. Кейіпкерлерді сахналау туралы түсініктері болу керек.

Істей білу: Сұраққа толық жауап беруге, ертегідегі кейіпкерлердің іс әрекетін істей білу керек.
Сәбилер  тобы    «__» _________________________ 201__  ж

Тәрбиеші:   Даметова Г.Ш.

Білім  беру  саласы:  «Қатынас»

Бөлімдері:   Көркем  әдебиет

Тақырыбы:   Орыс  халық  ертегісі: «Шұбар  ала  тауық»

Мақсаты: 

— Балаларды  «Шұбар  ала  тауық»  ертегісімен  таныстыру.

— Ертегіні  мұқият  тыңдауға,  онда  болып  жатқан  оқиғаларға  сезімталдықпен  үн  қосуға  үйрету.

— Зейінін, есте  сақтау  қабылетін  дамыту.

— Ыждағаттылыққа   және  кітапқа  қатты  қызығушылығын  танытуға  тәрбиелеу.

Көрнекіліктер:  Осы  ергегі  бар  және  әдемі  суреттері  бар  балалар  кітабы,  жұмсақ  ойыншық  тауық, жұмыртқа.

с-әрекет  кезендері

Тәрбиеші  әрекеті

Балалардың   іс — әрекеті

       

 

 



 

 

 



 

Тәрбиеші  балаларға  жұмыртқаны  көрсетеді.- Қарандаршы, мен  сендерге  не  әкелдім. Бұл  жай  жұмыртқа  емес, алтын  жұмыртқа.Мұндай  әдемі  жұмыртқаны  тапқан  не?Тауықтың  аты  қалай?Келіңдер  бәріміз  бірге  тауықты  шақырайық: «Шұбар  ала  тауық», сен  бізге  кел.Тәрбиеші  теппектердің  көмегі  арқылы  ертегінің  мазмұның  естеріне  салады.

Балалар ертегінің  мазмұның және  онда  болып жатқан  оқиғалардың  ретін естеріне  түсірді.

Ұйымдастыру  іздестіру       

 

 



 

 

 



 

 


Мен  балалардан  тауықтың  қалай  жүретінің, оның  дәнді  қалай  шоқып  жейтінің  көрсетуді  сұраймын.  Балалар  әже  мен  атаның  алтын  жұмыртқаны  көргенде  қалай  таңғалып,  қуанғаның  көрсетеді. Бұдан  соң  ата  мен  әженің  жұмыртқаны  алғашында  ақырындап, одан  кейін  қаттырақ  соғып, тіптен  күштеп  жарып  көргілері  келгенің  көрсетеді. Таң – тамаша  қалады – бұл  неге  жарылмайды?- Тышқан  жүгіріп  келеді. Оның  қалай  жүгіріп  келе  жатқаның  көрсетіндер, біреу  көріп  қалар  ма  екен  деп  артына  қарап  қояды.Рөлдерді  бөліп  беріп, оларды  ойнап  көрсетуге  көмектесем.

Балалар  барлық  қимылдарды  тәрбиешіге  қарап, қайталайды.

 Рефлексивті — түзетушілік 

Қуыр, қуыр, қуырмаш,Тауықтарға  бидай  шаш.Әй – әй  балақай,Жамандықтан  қаш!Аппақ  доп  тауып,Шақырады  ақ ……  (тауық)

Бүгінгі сабақта «Шұбар  ала  тауық» деген ертегіні  сахналадық. Әр  бала  өз алдына ерекше орындады.

Күтілетін   нәтиже: 

Білу: Ертегінің  мазмұның  толық  есте  сақтады.

Өзіне үйренгені:  Дауыс  ырғағын, артистік  қабылеттерін  дамытты.

Үйрену:  Сұрақтарға толық жауап беруге  үйрену.

Білім беру саласы: «Таным»

Тақырыбы: саны 3-ке, 4-ке тең заттарды салыстыру, заттарды санау. Жыл мезгілдері (күз). Оң жақта, сол жақта.

Бөлімі: ҚМТҚ.

Мақсаты: 4 көлеміндегі заттарды санауға үйрету; үлгі бойынша санау, екі топтағы заттарды теңестіру, жыл мезгілдері (күз) туралы түсінігін нығайту; заттың орналасу ретін сөзбен баяндай алу қабілетін нығайту; қағаз бетінде бағдарлай алу.

Үлестірмелі материал: әр балаға бос 2 жолағы бар карточка мен фигуралары (2 шаршы, 3 үшбұрыш, 4 шеңбер) бар тәрелке беріледі.

Әдіс-тәсілдер: демонстрациялық, сұрақ-жауап, түсіндіру, практикалық.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық – қозғаушылық

Педагог үстелдің бетіндегі 2, 3, 4-тен топтастырылған заттарды санатады. Олардың заттың санын сан атауымен сәйкестендіріп айта білуін қадағалайды. Сандар туралы өлең оқып беріңдер.

Заттың атауы мен санын сәйкестендіре отырып санайды.

Ұйымдастырушылық – ізденістік

Дәптермен жұмыс. 1-тапсырма. Педагог балаларға мынадай тапсырмалар береді:

- Жоғарғы қоршаудың ішіндегі шарларды санап шығыңдар және төменде көрсетілген орынға сонша шар салыңдар.

- Доптарды санаңдар және сендер де бос орынға сонша доптың суретін салыңдар.

- Кәне, неше шар (үш), неше доп (төрт) салдыңдар?

- Доп көп пе, әлде, шар көп пе?

Суреттерді салыстырады.



Жұмбақ шешу.

Төрт аяқты, тағанды

Тасиды ол адамды.

Жанармайды құйып ап,

Тез жүріп ол зулайды. (Автокөлік)


Мүйізінен ұстап ап,

Айдайды адам абайлап.

Қане, балалар, ойланып,

Табыңдаршы, бұл қандай ат?

(Велосипед)

Педагог балаларға 2-тапсырманың суретінен велосипед пен автокөлікті тауып, олардың неше дөңгелегі болса, сонша дөңгелекті бояуды тапсырады.

- Велосипедтің дөңгелегі көп пе әлде автокөліктің бе?



«Екі шапалақ» ойыны.

Жоғары екі шапалақ,

Алға екі шапалақ.

Енді қолды артқа ұстап,

қос аяқтап секіреді.

3-тапсырма.

Алдымен педагог күз туралы өлеңді балаларға оқып береді:



Жапырақтар сарғайып,

Жерге ағылып төгілсе,

Құстарымыз жиналып,

Жылы жақты көздесе,

Күз дегенің осы ғой,

Жауын жауар жер тесе.

Күз мезгіліне тән белгілерді естеріне түсіргеннен кейін, дәптердегі суреттердің арасынан күз көрінісін тауып, бояйды. Күз көрінісін бояу үшін қандай түстерді пайдаланатынын айтады. - Суретте бұдан басқа тағы қандай жыл мезгілдері суреттелген?



4-тапсырма.

Педагог балалардан оң жақтағы суретті мұқият қарап, ондағы заттардың қалай орналасқанын айтып беруді сұрайды. Содан соң педагог балаларға мынадай тапсырма береді:

- Енді екінші суретте күнді киіз үйдің оң жақ жоғарғы бұрышына, шыршаны сол жақ төменгі бұрышына салыңдар.

- Екі суретті салыстырыңдар. Олардың бір-бірінен қандай айырмашылығы бар?



Санап, 3 шардың суретін салады.

Санап, 4 доптың суретін салады.

Шеңберге қарағанда доптың біреуі артық, ал шардың допқа қарағанда біреуі кем.


Жұмбақты шешіп, жауабын айтады.

Балалар тапсырманы орындап, сұрақтарға жауап береді.

Тақпақтың мәтіні бойынша жаттығулар жасайды.

Өлең мазмұны бойынша қойылған сұрақтарға жауап береді

Жапырақтарды сары, сарғылт, жасыл түстермен бояйды.

Қыс, көктем, жаз.

Күн жоғарғы сол жақ бұрышында, киіз үй ортасында, шырша оң жағында.

Тапсырма бойынша күн мен

шыршаның орнын

тауып салады.

Екі суретті салыстырып айырмашылығын

айтады.


Рефлексиялық - түзетушілік

Өзін-өзі бақылау және өзі атқарған жұмысқа баға беру. Педагог тапсырманы орындағаны үшін балаларға мақтау айтады.

өз жұмысын педагогтің қолындағы үлгімен салыстырады. Бағдаршам көздерін бояу арқылы өз білімдерін бағалайды.

Күтілетін нәтиже:

біледі: заттарды санауды, жыл мезгілдерін (күз);

игереді: үлгі бойынша санауды, екі топтағы заттарды теңестіруді, заттың орналасқан орнын анықтап, сөзбен баяндауды;

меңгереді: заттың атауы мен оның санын сәйкестендіру туралы түсінікті, қағаз бетінде бағдарлауды.

Ортаңғы топқа арналған

Ұйымдастырылған оқу-іс әрекетінің

Технологиялық картасы
Білім беру саласы: «Таным».

Тақырыбы: Сан мен заттың саны арасындағы сәйкестікті анықтау. Үлкен, кіші, кішкентай. Шаршыны көптеген фигуралардың арасынан табу.

Бөлімі: ҚМТҚ.

Мақсаты: сан мен заттың санының арасындағы сәйкестікті анықтау; заттарды санау қабілетін нығайту (5 саны көлемінде); заттарды көлеміне қарай (үлкен, кішірек, кішкентай) салыстыруға және сол сөздерді сөйлеу барысында қолдануға үйретуді жалғастыру; заттардың ұқсас белгілерін (көлемі) анықтап, оларды сол белгілері арқылы біріктіруге үйрету; геометриялық фигура - шаршы туралы өткенді пысықтау; шаршының көлемі әртүрлі болатынын түсіндіру.

Қажетті көрнекіліктер: санау материалдары, шаршы пішіндегі заттардың суреті, карточкалар.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық – қозғаушылық

Педагог балаларды тақтаның алдына шақырады:

- Балалар, үстелдің үстінде

геометриялық фигуралар жатыр.

Олардың арасынан шаршыны

тауып, маған сол туралы айтып

беріңдерші.



Дәптермен жұмыс. 1-тапсырма.

Педагог балаларға дәптердегі

суретті мұқият қарап шығып,

төмендегі сұрақтарға жауап

беруді сұрайды:

- Сәбіз қанша?

- Шие нешеу?

- Шалқан нешеу?

- Қияр нешеу?

Мынадай тапсырма беріледі:

«Дөңгелегі бар карточкалар мен

басқа заттар бейнеленген карточкаларды заттар мен дөңгелектер саны бірдей болатындай етіп, сызық арқылы қосыңдар».



2-тапсырма.

Педагог балалармен бірге суретпен танысады және сұрақ қояды:

- Тәрелкелердің көлемі қандай?

- Алмалардың көлемі қандай? Тапсырма: әр алманы өзінің тәрелкесіне сал, ол үшін көлемі




Балалар шаршыны тауып, ол туралы әңгімелей бастайды:

Шаршының барлық 4

қабырғасы бірдей болады.

Балалар суреттерді қарап

шығады және сұрақтарға

жауап береді.

Үш

Екі


Бес

Төрт


Балалар карточкаларды

бір-біріне қосады.

Балалар суретпен

танысқаннан кейін

сұрақтарға жауап береді:

Үлкен, кіші, кішкентай. Үлкен, кіші, кішкентай.

Балалар алмалар мен тәрелкелерді сызы арқылы қосады.

Балалар күшік бейнесіне еніп, түрлі қимылдар жасайды.

Шаршы туралы. Оның барлық қабырғалары бірдей.

Тіктөртбұрыш, үшбұрыш, шаршы, сопақша. Оның ішінде 3 шаршы бар. Үлкен, кіші, кішкентай.

Балалар тапсырманы орындап, сұрақтарға жауап береді. Бес аң отыр.


Ұйымдастырушылық – ізденістік

жағынан бірдей алмалар мен тәрелкелерді бір-біріне сызық арқылы қосыңдар.

«Күшік». Сергіту минуты.

Мен - күшік, саққұлақ,

Ойнаймын шапқылап.

Серікпін қашан да

Малшыға, шопанға.

3-тапсырма

Педагог балаларға тақпақ оқып береді:

Ал, балақай, қарашы,

Мынау - біздің шаршы.

Теңестірген төрт қабырғасын

Бар оның төрт бұрышы.

- Балалар, тақпақта қандай геометриялық фигура туралы айтылған? Оның тіктөртбұрыштан қандай ерекшелігі бар?

- Суретте қандай фигуралар берілген. Олардың ішінде неше шаршы бар?

- Шаршылардың көлемі қандай?

4-тапсырма.

Педагог балалардың жоғарыдағы орындық пен төменгі орындықта отырған аңдарды мұқият қарап шығуын өтінеді.

- Жоғарыдағы орындықта неше аң отыр?

- Аттарын атап беріңдерші.



Қоян, түлкі, кірпі, қасқыр, тиін. Қасқыр мен тиін кетіп қалды.

Балалар екі дөңгелекті бояйды.

Қасқыр.





- Ал енді балалар, жоғарыдағы орындық пен төмендегі орындықта отырған аңдарды сан жағынан салыстырыңдар. Қайсы ан кетіп қалды?

- Қанша ан кетіп қалған болса, суреттің астындағы жолақ ішіндегі сонша дөңгелекті бояңдар.



Жұмбақ шешу.

Бейқам жатқан ел іздейді

Малдан күдер үзбейді.

Қорадағы қойға шабады,

Кәне, жауабын кім табады?

Жаңғақ толы орманда,

Күндіз тамақ айырып.

Жатады кеш болғанда,

Өз құйрығын жамылып. Бұл не?


Тиін.

Қасқыр.

Тиін.


Рефлексиялық - түзетушілік

Өзін-өзі бағалау және өзі атқарған жұмысқа баға беру.

- Сендер шиені қандай карточкамен қостыңдар? Неліктен?

- Ал алмұрты ше?

Педагог балаларды мақтайды.



Балалар өз жұмыстарын педагогтің қолындағы үлгімен салыстырады. Шиені 2 нүктесі бар карточкамен қостық, өйткені шиенің саны да- 2.

Алмұртты 4 нүктесі бар карточкамен қостық.



Күтілетін нәтиже:

біледі: үлкен, кіші, кішкентай деген сөздердің мәнін түсініп, оларды сөз арасында қолдануды; заттардың ұқсас белгілерін (көлемі) тауып, оларды сол белгілеріне қарай біріктіруді;

игереді: 5 көлеміндегі сандарды санауды, заттарды көлеміне қарай салыстыруды;

меңгереді: шаршының көлемі жағынан әртүрлі б

Ортаңғы топқа арналған

Ұйымдастырылған оқу-іс әрекетінің

Технологиялық картасы

Білім беру саласы: «Таным».

Тақырыбы: Үлгі бойынша санау, сандарды салыстыру (4 және 5). Тәулік бөліктері. Сол жақта, ортада, оң жақта.

Бөлімі: ҚМТҚ.

Мақсаты: заттарды дұрыс санауға үйретуді әрі қарай жалғастыру (5 саны көлемінде); екі топтағы заттарды салыстыруға үйрету; саны жағынан аз топқа жетпей тұрған затты қосуды үйрету; саны жағынан бірдей, бірақ әртүрлі заттардан құралған топтар арасындағы теңдікті анықтау; тәулік бөліктері туралы білімін нығайту; заттардың орналасуын сөзбен баяндауға үйрету (сол жақта, ортада, оң жақта).

Қажетті көрнекі құралдар: санау материалдары, салыстыруға арналған заттар тобы, тәулік бөліктерін бейнелейтін суреттер.

Әдіс-тәсілдер: практикалық, сұрақ-жауап, демонстрациялық.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялыққозғаушылық

Педагог балаларды тақтадағы суреттермен жұмыс істеуге шақырады:

- Балалар, суреттерді мұқият қарап шығыңдар. Содан соң суретшінің қай суретте таңертеңгі уақытты, қайсысында күндізгі уақытты, қайсысында кешті суреттегенін табыңдар. Неліктен?



Балалар суреттермен жұмыс істейді. Мынау - таңертең, өйткені...

Ұйымдастырушылық – ізденістік

Педагог төменгі сөреге 4 аю, ал жоғарғы сөреге 5 тиін қояды. Балаларға мынадай сұрақ қояды: «Аю қанша? Тиін нешеу? Қайсысы көп (аз): аю ма, әлде тиін бе? 5 аз ба, әлде 4 аз ба? Олардың саны тең болуы үшін не істеу керек?» Педагог балалардың айтқан ұсынысын орындайды. 1 тиінді алып тастайды, олардың теңескенін 1 аюдың астына 1 тиінді қою

арқылы суреттердің теңескенін көрсетеді. Содан соң 1 аю қосу арқылы теңестіру тәсілін көрсетеді. «Аю қанша болса, тиін сонша» деген сөзді қолдануға үйретеді.



1-тапсырма.

Педагог балаларға тақия мен етіктерді санап шығуды тапсырады.

- Тақия нешеу? Етік ше?

- Қайсысы артық, қайсысы кем? («Артық», «кем» сөздерін қолдануға үйрету).

- Тақия мен етікті саны жағынан теңестіру үшін не істеу керек? Балалар етіктің суретін салып болғаннан кейін, педагог етік пен тақияның теңескенін, яғни: 5 етік, 5 тақия болғанын түсіндіреді.

Педагог балалардан төмендегі сөйлемді аяқтауын өтінеді:

- Біз түнде ұйықтаймыз, ал жаттығуды ... жасаймыз.

- Таңғы асты таңертең, ал түскі асты ... ішеміз.

- Түскі асты күндіз ішеміз, ал кешкі асты ... ішеміз.

- Кешке тамақ ішеміз, ал ... ұйықтаймыз.

- Енді тәулік бөліктерін рет-ретімен атап беріңдерші.

2-тапсырма.

- Балалар, дөңгелек ішіндегі суреттерге қараңдаршы. Суретші қай жерде қателесіпті?

Педагог балаларға дөңгелек ішіндегі суретті төменгі шаршылардың ішіндегі суреттің тиістісіне қосуды тапсырады (таңертең, күндіз, кеш, түн).


Балалар ойыншықтарды

санайды.


Аюлар мен тиіндерді, 4 пен 5 сандарын салыстырады.

Содан соң екеуін теңестіру үшін жоғарғы сөреге 1 аю қосу керектігін немесе тиіннің 1-еуін алып тастау керектігін анықтайды.

Балалар заттарды санап шығады.

Бес тақия, төрт етік. Етікке қарағанда тақия артық, ал етік тақиядан кем.

Тенестіру үшін тағы бір етіктің суретін салу керек. Балалар сөйлемді аяқтайды. Таңертең.

Суретші суреттердің орнын ауыстырып алған. Бірінші суретте - күндіз, екіншісінде - кеш, үшіншісінде - таңертең, ал төртіншісінде - түн бейнеленген. Бірінші таңертең, екінші күндіз, үшінші кеш, төртінші түн тұру керек. Содан соң балалар суреттерді осы тәулік бөліктерімен қосады.






«Қарғалар». Сергіту минуты.

Қарға қарға қарғалар,

Кар үстінде жорғалар,

Боран соқса долданып

Бұтаға келіп қорғанар.

1-тапсырма.

Педагог балаларға өлең оқып береді.

Санауды біз білеміз,

Сандарды да білеміз,

Сондықтан да атамның

Құстарын санап береміз,

Бір, екі, үш, төрт, бес,

Бірден санап шеш!

Содан соң балаларға сұрақ қойып, тапсырма береді.

- Тордың ішінде неше құс бар?

- Ағашқа неше құс қонып тұр?

- Қайсысы артық, қайсысы кем?

- Тордың астындағы жолаққа торда қанша құс болса, сонша дөңгелек салыңдар.

- Ағашта қанша құс болса, төменгі жолаққа сонша дөңгелек салыңдар.

- Енді жолақтың ішіндегі дөңгелектерді салыстырыңдар. Олардың саны қанша? Бұл жайлы не айта аласыңдар?

4-тапсырма.

Педагог өлең оқиды:

Азамат, Марат, Айдар,

Келді аралап базар.

Әрқайсысы өлшеп,

Сатып алды көйлек.

Азамат жасыл жейде сатып алды. Азаматтың оң жағында сары жейде киген Марат тұр, ал сол жағында қызыл жейделі Айдар тұр.


Төрт

Бес


Ағаштағы құс артық, ал тордағы құс ағаштағыдан кем.

Балалар енді

дөнгелектердің саны бойынша салыстырады.

Балалар өлең мен тапсырманы мұқият тыңдайды.

Балалардың жейделерін бояйды.

Сол жақта - қызыл жейде, оң жақта - сары жейде, ортада - жасыл жейде.



Рефлексиялық - түзетушілік

Өзін-өзі бақылау және өзі атқарған жұмысқа баға беру.

- Тақия нешеу?

- Ал етік ше?

- Тақия мен етіктің санын теңестіру үшін не істедіңдер?

- Тәулікте неше бөлік бар екен?

Педагог балаларды мақтайды.



Балалар өздері жасаған

жұмыстарын педагогтің

қолындағы үлгімен салыстырады.

Бес.


Төрт.

Тағы бір етіктің суретін салдық.

Төрт бөлігі бар: таңертең, күндіз, кеш, түн.


Каталог: uploads -> doc -> 1024
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
1024 -> Сабақ түрі: кіріктірілген сабақ,жаңа сабақ. Сабақ әдістері: сұрақ-жауап,сын тұрғысынан ойлау стратегиялары,то
1024 -> Сабақтың тақырыбы: Материалдық мәдениет Қатысқандар саны: 22 Қатыспағандар саны


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет