Ортаңғы топқа арналған Ұйымдастырылған оқу-іс әрекетінің Технологиялық картасы Білім беру саласы



бет26/26
Дата17.06.2018
өлшемі309,78 Kb.
#42970
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26

Күтілетін нәтижелер:

біледі: құрылыс материалдарынан хайуанаттар бағын құрастыруды;

игереді: аңдардың дене бітіміне сәйкес құрылыстарды дұрыс құрастыруды;

меңгереді: ұйымдасып істеген жұмыстың нәтижелі болатынын.

Естияр тобына арналған

ұйымдастырылған қызметінің

технологиялық картасы

Білім беру саласы: Әлеуметтік орта.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: қағазбен құрастыру.

Тақырыбы: Саябақта.

Мақсаты: жолаң қағаздардан саябақтағы құралдарды жасай алуға үйрету, қағазбен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру, саябақта тәртіп сақтауға, дұрыс дем алуға, тазалық сақтай білуге тәрбиелеу.

Қажетті құрал-жабдықтар: түрлі түсті қатты қағаздан қиылған жолақ қағаздар, желім, қылқалам, қағаздан жасалған балалардың бейнелері және үлгі суреттер.

Сөздік жұмыс: саябақтағы құрал-жабдықтар, жолаң қағаздар.



Оқу іс- әрекетінің кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық – қозғаушылық

Педагог балалармен саябақта көргендері жайында әңгімелеседі. Онда қандай ойнайтын құралдар бар екенін естеріне түсіреді. Үлгі суретті көрсете отырып ойнайтын құралдарды жасайтындарын айтады.

Балалар ауладағы ойыншықтарды, құралдарды атайды.

Үйымдастырушылық-

ізденістік

Осындай құралдар жасау үшін бізге түрлі түсті қағаздар көмекке келеді.

- Өткеншек жасау үшін жолақ қағазды

доға тәрізді иіп, оның екі шетін бүктеп,

желімдейміз, ортасына екінші кіші

жолақтың ұштарын сәл ғана бүктеп,

оны доға тәрізді жолақтың ішкі

бөлігіне желімдейміз, әткеншек дайын

болады.

-Айналатын әткеншекті жасау

үшін екі көк түсті, ұзындығы бірдей

қағаздар қажет. Олардың екі шеттерін

бүктейміз, бір-біріне айқастырып

желімдейміз. Оның астыңғы бөлігіне

қысқа қоңыр жолақ қағаздан домалақ

жасап, көк жолақтарды оның үстіне

орналастырамыз. Сары түс пен басқа

түстерді таңдай отырып әткеншекке баратын жолдарды жасаймыз және оны әшекейлейміз.

Балалар жолақ қағаздардың шеттерін бүктеп

сындырады, көк

жолақтарды

бір-біріне

айқастырып

қойып

желімдейді,

оның шеттерін

бүктейді.

Қағазбен ұқыпты

жұмыс

жасауға

жаттығады.

Рефлексиялық - түзетушілік

Педагог балалардың жасаған жұмыстарын белгілі орындарға жайғастырып, саябақтың көрінісін

Балалар өздерінің жұмыстарын әңгімелеп айтып

жасайды.

береді.

Күтілетін нәтижелер:

біледі: жолаң қағаздарды қиюды, оның шеттерін бүктеуді, желімдеуді;

игереді: жолаң қағаздардың түстерін таңдай алуды, өздері қалаған заттарды жасаудың әдіс-тәсілдерін;

меңгереді: қағазбен ұқыпты жұмыс жасауды.

Естияр тобына арналған

ұйымдастырылған қызметінің

технологиялық картасы


Білім беру саласы: Таным, әлеуметтік орта.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: қалдық заттармен құрастыру.

Тақырыбы: Ертегі.

Мақсаты: балалардың ертегі мазмұнын естеріне түсіре отырып ертегі кейіпкерлерін бейнелей білуге үйрету, қалдық материалдармен жұмыс жасауға дағдыландыру, үш дос ертегісін әңгімелеу арқылы бір-бірімен дос болуға тәрбиелеу.

Қажетті құрал-жабдықтар: йогурт құтылары, желім, қылқалам және ертегі кейіпкерлерінің суреттері.

Сөздік жұмыс: ертегі кейіпкерлері, достың.

Оқу іс- әрекетінің

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

кезеңдері




Мотивациялық – қозғаушылық

Педагог балалардың қандай ертегі білетіндерін сұрайды. Қандай ертегі ұнайтынын айтады. Ертегі

кейіпкерлерінің қайсысы жағымды-жағымсыз кейіпкерлер екенін талдайды. Бүгін біз осы ертегі кейіпкерлерін қажетсіз заттардан жасаймыз деп үлгіге талдау жасайды, көрнекіліктерді көрсетеді.

Балалар

ертегілердің аттарын атайды.

Үйымдастырушылық-

ізденістік

Педагог алдымен балаларға йогурт құтыларын таратады:

- оны төңкеріп қойып, қандай ертегі кейіпкерін жасағысы келетінін көздерін жұмып, көз алдыларына

елестетуді ұсынады;

- енді алдарындағы суреттерден өздері таңдаған ертегі кейіпкерлерін таңдап алып, оны қайшымен шетінен айналдырып қиып алады;

- қиылған кейіпкердің бейнесін йогурт құтысына жапсырады.

Бірнеше жұмыстар дайын болған соң, балаларға өздері жасаған кейіпкерлерімен ертегі құрастырып айтып беруді өтінеді.

Үш дос, қу түлкі т.б. ертегілерді өздері ойлап тауып әңгімелейді.

Балалар ертегі

кейіпкерлерін

таңдап алып оны

қиып алады, йо­гурт құтыларына

жапсырады, бірнеше бала бірігіп ертегі құрастырып айтып

береді.

Рефлексиялық - түзетушілік

Балалардың жасаған жұмыстарының сапасы тексеріліп, ертегіні шағын топпен құрастырып әңгімелеп айтып беуімен жұмыс нәтижесі

қорытындыланады.

Балалар өздері

таңдаған

кейіпкерлерінің

рөлдеріне еніп,

әңгімелеп береді.

Күтілетін нәтижелер: біледі: ертегілерді әңгімелеп айтуды;

игереді: ертегінің жағымды-жағымсыз кейіпкерлерін ажыратуды;

меңгереді: йогурт құтыларынан ертегі кейіпкерлерін жасауды.

36 технологиялық карта



Білім беру саласы: Таным, қатынас.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: ұлу қауашақтарымен жұмыс.

Тақырыбы: Ұлу қабыршағынан жасалған балықтар.

Мақсаты: ұлу қауашақтарын пайдаланып балықтарды жасай білуге үйрету, балықтардың түрлері туралы түсініктерін дамыту, оларға қамқорлық жасауға, ұқыпты жұмыс істей білуге тәрбиелеу.

Қажетті құрал-жабдықтар: ұлу қауашақтары, жемістердің дәндері немесе жапырақтардың бөліктері, аң түсті ермексаз, көгілдір түсті қағаз.



Сөздік жұмыс: ұлу қауашақтары, жемістердің дәндері, мұхит аралы.

Оқу іс- әрекетінің кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық – қозғаушылық

Педагог аквариумдағы балықтарды

қалай күтіп, баптағандары, тамақ

бергендері жайлы балалармен

әңгімелеседі. Балықтардың түрлерін

сұрайды. Бірнеше суреттер көрсетеді.

Үлгі суреттер көрсетіп, осындай

балықтарды ұлу қауашақтарынан

жасайтындықтарын айтады.

Балалар

аквариумдағы

балықтар туралы

әңгімелейді. Ұлу

қауашақтарын

таңдап алады.







Үйымдастырушылық-ізденістік

Ол үшін: балықты жасайтын ермексаз және ұлу қауашақтарын таңдап алу керек.

  • Ермексаздан үзіп алып балықтың денесін жасап алу қажет, оның екі қанатына екі ұлу қауашағын орналастырамыз; денесіне тағы біреуін бастырып, құйрығына тағы бір қауашақты - ермексаздың үстіне қойып бастырамыз; басы мен көзіне жемістерді, жапырақтардың, түптерін немесе таяқшамен бастырып жасауға да болады.

Ұсақ бөліктерін жасау педагог пен балалардың бірлескен шығармашылық әрекетінің, жемісі болмақ.

  • Балықты көк түсті қағазға орналастырып, шөптерді басқа бейнелермен толықтыруға болады.

Педагог балалардың бұрын ұлу қауашақтарымен жұмыс жасамағанын ескеріп, оларға көмек көрсетеді, бағыт береді.

Балықтарды жа­сау үшін алдымен ермексаздан дене бөлігін алақан арасына салып, есіп а лады, оған ұлу қауашақтарын үлгіге қарай оты­рып, педагогтің көрсетуімен тапсырманы орындайды. Балалардың өздігінен дербес әрекет етуіне басым көңіл бөлінеді.

Рефлексиялық - түзетушілік

Жасалған балықтарды тұтас көк түсті қағазға орналастырып, «Теңіз әлемі», «Мұхит аралы» тақырыптарында көрме ұйымдастырылады.

Көрмеге бала­лар ең жақсы жасалған балықтарды таңдайды.

Күтілетін нәтижелер:

біледі: балықтарды ұлу қауашақтарынан жасауды:

игереді: балықтардың түрлері және оны күтіп баптау ту­ралы, дене бөліктерінің ерекшеліктері туралы түсініктерді;

меңгереді: ермексазды, ұлу қауашақтары
Каталог: uploads -> doc -> 1024
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
1024 -> Сабақ түрі: кіріктірілген сабақ,жаңа сабақ. Сабақ әдістері: сұрақ-жауап,сын тұрғысынан ойлау стратегиялары,то
1024 -> Сабақтың тақырыбы: Материалдық мәдениет Қатысқандар саны: 22 Қатыспағандар саны


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет