Ортаңғы топқа арналған Ұйымдастырылған оқу-іс әрекетінің Технологиялық картасы Білім беру саласы



бет17/26
Дата17.06.2018
өлшемі309,78 Kb.
#42970
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   26

Күтілетін нәтижелер:

біледі: саңырауқұлақтарды табиғи материалдан жасау­ды;

игереді: саңырауқұлақтар туралы жаңа мәліметтерді;

меңгереді: саңырауқұлақтың сабағын, қалпағын бір-біріне берік бекітуді.

13 технологиялық карта



Білім беру саласы: Таным, әлеуметтік орта.

Ұйымдастырылған оңу іс-әрекетінің түрі: құрастыру.

Тақырыбы: Жиһаз.

Мақсаты: жиһаз жайлы білімдерін бекіту, жиһаздың түрлерімен, оның пайдасы туралы мағлұмат беру. Жиһаз құрастыруда құрылыс материалдарын пішіндері мен түстеріне сәйкес дұрыс таңдап, пайдалана білуге үйрету, үй жиһаздарын ұқыпты ұстай білуге тәрбиелеу.

Қажетті құрал-жабдықтар: үлгі суреттер, құрылыс материалдары.

Сөздік жұмыс: жиһаз, жиһаз түрлері.

Оқу іс- әрекетінің кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық – қозғаушылық

Педагог үлгі суреттерді көрсете оты­рып талдау жасайды, жиһаздардың ерекшелігіне тоқталады. Балалардың қандай жиһаз жасағысы келетінін

сұрайды. Жиһаз құрастыру жолдарын естеріне түсіреді:

Балалар суреттерді

көреді, үстел,

орындық, диван,

төсек т.б. жасағысы

келетінін айтады.

Ұйымдастырушылық – ізденістік

Әр бала өздеріне берілген құрылыс материалдарымен жұмыс жасау үшін ойланауды және не жасағысы келетінін, оған қандай құрылыс

материалдарын пайдаланатынына бағыт беріледі;

- диван немесе төсекті құрастыру үшін кірпіштерді, текшелерді қалай орналастыру керектігін естеріне түсіреді;

- үстел, орындықтарды қалай құрастыру керектігін түсіндіреді;

- өздері құрастырған жиһазды үлгідегімен салыстырып көруіне және оларды топтап, бірнеше

баланың ұжымдық жұмысы ретінде орналастырып қоюына мүмкіндік жасайды;

  • бірнеше шағын топтың ұжымдық жұмыстарының нәтижесін көрсететіндей етіп ұйымдастырылады;

  • балалардың құрылыс материалда­рын дұрыс пайдалануына баса көңіл бөліп, іс-әрекетті бекітеді.

Балалар өз еріктерімен

өздеріне ұнаған жиһазды

құрастырады, оны шағын топтарға біріге отырып

орналастырады.

Құрылыс материалдарынан жиһаз

құрастыруда оны кеңістікте қалай қою керек, қалай орналасты­

ру қажеттілігін естеріне түсіреді, құрылыстың беріктігіне, сапасына

және орналасуына

мән береді.

Рефлексиялық - түзетушілік

Педагог ұжымдық жұмыстарды

балалармен бірге талдау жасайды,

жиһаздардың жасалу сапасына қарай

мадақталып, қорытынды жасалады.


Қай топтың

жиһаздары әдемі

болғанын бірлесе

отырып таңдайды.

Күтілетін нәтижелер:

біледі: құрылыс материалдарынан жиһаздар жасауды;

игереді: жиһаздардың үй мүліктері екенін және оны қалай орналастыруға болатыны туралы түсініктерді;

меңгереді: құрылыс материалдарымен жұмыс жасай білуді.

14 технологиялық карта



Білім беру саласы: Таным, әлеуметтік орта.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Қағазбен құрастыру.

Тақырыбы: Мерекелік ашық хаттар.

Мақсаты: балалардың қағазбен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру, қағазды қос бүктеу, пішініне сәйкес әшекейлей білуге және аналарына сыйлың жасау арқылы анаға құрмет көрсете білуге тәрбиелеу.

Қажетті құрал-жабдықтар: үлгі көрнекіліктер, түрлі түсті қатты және жұқа қағаздар, пішіндері әртүрлі: тіктөртбұрыш, дөңгелек, үшбұрыш, желім, қайшы.

Сөздік жұмыс: ашық хат, қос бүктеу, «саусақпен сындыру»-

Оқу іс- әрекетінің кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық – қозғаушылық

Балалардан аналар мерекесі қарсаңында аналарына қандай сыйлықтар жасағысы келетінін сұрау,

үлгі суреттерді көрсетіп, кім қандай түсті, қандай пішінді таңдағысы келетінін сұрау.

Балалар өздеріне

ұнаған түсті қағаздар мен

пішіндерді таңдап алады.

Үйымдастырушылық-ізденістік

Педагог балаларға аналарына арнап ашық хат жасаудың жолдарын түсіндіреді. Өздері таңдап алған қағаздарды ортасынан қос бүктеп, оны саусақпен бастырып, сындырып алуды ұсынады. Бүктелген тіктөртбұрыш, үшбұрыш, дөңгелектерді алдын ала дайындап, қиылған әртүрлі өрнектермен әшекейлейді. Оны жолақ қағаздармен безендіруге болады. Өрнектердің түстерін балалар өздерінің қалауы бойынша таңдайды және өздігінен дербес әшекейлейді.

Балалар қағаздарды

бүктейді, ою

өрнектерді таңдайды, жіңішке

жолақтар қиып алады, оны ашық-

хаттың бүктелген

түп жағына тігінен жапсырады.

Рефлексиялық - түзетушілік

Педагог балалардың жасаған ашық хаттарын қарап көріп, әдемі жасалғандарын мадақтайды.

Кейбіреулеріне жақсырақ жасау мақсатында кеңес береді.

Әр бала өзінің

ашық хатын

көрсетіп, қалай безендіргенін айтып береді.

Күтілетін нәтижелер:

біледі: ата-ананы сыйлауды, құрметтеуді үйренеді;

игереді: ашың хат жасаудың бірнеше түрлерімен танысады;

меңгереді: қағазбен құрастыру дағдыларын.

15 технологиялық карта



Білім беру саласы: Таным, әлеуметтік орта.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: қалдық материалдармен жұмыс.

Тақырыбы: Жаңажылдық ойыншықтар.

Мақсаты: қалдық заттарды пайдаланып, Жаңажылдық шырша ойыншықтарын жасауды үйрету, оны әдемі көркем безендіру арқылы көркемдік талғамын дамыту, еңбек нәтижесіне жете білуге тәрбиелеу.

Қажетті құрал-жабдықтар: жарамсыз дискілер, жіптер, кір қыстырғыштар, түрлі түсті қағаздар мен қайшы, желім.

Сөздік жұмыс: дискілер, жіптер, кір қыстырғыштар.

Оқу іс- әрекетінің кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық – қозғаушылық

Педагог Жаңа жылдың қарсаңында шыршаға ілетін ойыншықтардың бірнеше түрлерін көрсетіп,

әңгімелейді. Үйлерінде қандай шырша ойыншықтары бар екенін сұрайды.

Үлестірмелі материалдардағы суретті көрсетіп талдау жасайды. «Бүгін біз ерекше шырша ойыншығын жасаймыз», - деп, оның жасалу жолдарын түсіндіреді.

Балалар өздерінде

қандай шырша

ойыншықтары

барын айтады. Қандай

ойыншың жасағысы

келетінін ойланады.

Ұйымдастырушылық – ізденістік

- Ол үшін бізге: жарамсыз дискілер, жіптер, кір қыстырғыштар, түрлі түсті қағаздар мен қайшы, желім қажет болады. Алдымен дискіні алып,

оның бетіне таңдаған түспен қағаз жапсырып аламыз, шеттеріне айналдыра кір қыстырғыштарды

қыстырамыз, ортасынан жіпті өткізіп ілетін ілгек жасаймыз, әртүрлі пішіндермен оны безендіреміз.

Үлгіге қарай отырып қоянның бейнесін немесе жұлдызшалар т.б. балалардың қалауы, қиялы бойын­ша әртүрлі бейнелерге келтіріледі.

Балалар жұмысына бақылау мен басшылың жасалады.

Балалар дискілерді

алып, өздерінің

қалауы бойынша

әшекейлейді.

Кір қыстырғыштарды

ретімен дискінің

шетіне орналастырып а лады.

Жұлдызшалар,

аңдардың, құстардың

бейнесі не­месе әртүрлі

өрнектермен безендіруге бо­лады.

Рефлексиялық - түзетушілік

Дайын болған ойыншықтарды

шыршаға іліп, әсем шырша жанында

өздері Жаңа жылға арнап дайындаған

өлеңдерін айтып береді. Жақсы

жұмыстар мадақталады.

Өздері жасаған

ойыншықтарын

сипаттап айта

отырып, оларды

шыршаға іледі.

Каталог: uploads -> doc -> 1024
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
1024 -> Сабақ түрі: кіріктірілген сабақ,жаңа сабақ. Сабақ әдістері: сұрақ-жауап,сын тұрғысынан ойлау стратегиялары,то
1024 -> Сабақтың тақырыбы: Материалдық мәдениет Қатысқандар саны: 22 Қатыспағандар саны


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет